Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





лпа және периодонт қабынуының қабынуы-түсінік, жіктелуі.Этиологиясы, патогенезі, патологиялық анатомиясы, патологиялық физиологиясы.



*Ұлпа және периодонт қабынуының қабынуы-түсінік, жіктелуі.Этиологиясы, патогенезі, патологиялық анатомиясы, патологиялық физиологиясы.

#230

*!Халықаралық аурулар жүйесі бойынша ұлпаның жедел қабынуы қандай кодпен белгіленеді?

 

*К02.00

*+К04.01

*К04.1

*К04.05

*К04.08

 

#231

*!Халықаралық аурулар жүйесі бойынша ұлпаның созылмалы қабынуы қандай кодпен белгіленеді?

 

*К02.00

*+К04.03

*К04.1

*К04.05

*К04.08

 

#232

*!Ұлпаның қабынуы кезінде қандай микроорганизмдер басым болады:

 

*+стрептококктар

*фузоспирохеттер

*лактобактериялар

*стафилокктар

*қарапайымдар

 

#233

*!Ұлпа қабынуы кезінде ең басты орын алатын этиологиялық фактор:

 

*+микроорганизмдер

*жарақаттаушы

*химиялық

*температуралық

*механикалық

 

#234

*!Ұлпа қабынуы кезінде ең басты орын алатын компонент:

 

*+альтерация

*эксудация

*пролиферация

*гипертрофия

*гиперфункция

#235

*!Ұлпаның негізгі затында көптеген микроорганизмдер орын алған, клеткалар органойдтары еркін жатыр, нейтрофильдік лейкоциттер. Эритроциттер және макрофагтар аумақты аймаққа шоғырланған. Дентинобластар біраз жерде жойылған. Сақталғандары жасушаішілік дистрофиялануға ұшыраған. Сипатталған патогистологиялық өзгеріс ұлпа қабынуының қай түріне НЕҒҰРЛЫМ тән:

 

*ұлпаның жедел іріңді қабынуы

*+ұлпаның жедел толық қабынуы

*ұлпаның жедел жартылай қабынуы

*ұлпаның жедел жарақаттан қабынуы

*ұлпаның созылмалы жай қабынуының өршуі

 

#236

*!Ұлпа тінінде талшықты құрылымдардың көбейіп клеткалық құрылымдардың , олардың ішінде дентинобластардың азайғаны орын алған: Қан тамырлары тарылып, ұлпа петрификаттануға ұшыраған, ұсақ микроабцестер төңірегінде грануляциялық жас дәнекер тін өсіп, фиброзды қабықпен қоршала бастаған. Сипатталған патогистологиялық өзгеріс ұлпа қабынуының қай түріне НЕҒҰРЛЫМ тән:

 

*ұлпаның жедел іріңді қабынуы

*ұлпаның созылмалы жай қабынуы

*+ұлпаның жедел жартылай қабынуы

*ұлпаның созылмалы шіри қабынуы

*ұлпаның созылмалы шіри қабынуының өршуі

 

#237

*!Қабыну ошағында жасушалық белбеу, микроорганизмдердің шоғырлануы, негізгі заттарда көп мөлшерде денешік қалдықтары анықталады.Жасушалық элементтер қатты бұзылысқа ұшыраған, коллагенді фибрилді ісіну, макрофагоциттер мен плазмоциттер саны көбейген. Одонтобластар қабатында жасушаішілік және жасушааралық ісіну әсерінен жасушалар бір-бірінен алшақ орналасқан. Сипатталған патоморфологиялық өзгеріс ұлпа қабынуының қай түріне НЕҒҰРЛЫМ тән:

 

*ұлпаның жедел іріңді қабынуы

*ұлпаның созылмалы жай қабынуы

*+ұлпаның жедел жартылай қабынуы

*ұлпаның созылмалы шіри қабынуы

*ұлпаның созылмалы шіри қабынуының өршуі

 

#238

*!Ұлпа тіні қызара /гипермиялана / домбыққан, лейкоциттердің жиектей орналасуы және ұсақ қан құйылу ошақтары байқалады. Қабыну ошағында лейкоциттер мен домалақ клеткалардың шағын шоғырлары орын алған. Дентинобластар қабатында жасушааралық және жасушаішілік домбығу митохондриялардың ісінуі байқалады. Бұл өзгерістер сауыт ұлпасы аймағында орналасқан. Сипатталған патогистологиялық өзгерістер ұлпа қабынуының қай түріне НЕҒҰРЛЫМ тән:

 

*ұлпаның жедел іріңді қабынуы

*+ұлпаның созылмалы жай қабынуы

*ұлпаның жедел жартылай қабынуы

*ұлпаның жедел жарақаттан қабынуы

*ұлпаның созылмалы жай қабынуының өршуі

 

#239

*!Ұлпадағы заттық өзгерістің басым болуы, талшықты элементтердің белсенді өсуі, жасушалар мен одонтобласттардың санының азаюы, ұлпаның петрификациясы және қан тамырларының облитерациясы анықталады. Микроабцесстер төңірегінде фиброзды капсула құрайтын лимфомакрофагалды инфильтрат құрайтын тығыздалған грануляциялық тін пайда болады. Сипатталған патогистологиялық өзгеріс ұлпа қабынуының қай түріне НЕҒҰРЛЫМ тән:

 

*ұлпаның жедел іріңді қабынуы

*+ұлпаның созылмалы жай қабынуы

*ұлпаның созылмалы өсе қабынуы

*ұлпаның созылмалы шіри қабынуы

*ұлпаның созылмалы шіри қабынуының өршуі

 

#240

*!Ұлпа тінінде микроорганизмдерге бай белгілі бір құрылымсыз аймақтар орын алған, май қышқылдары , кристалдары, қан пигменттері кездеседі. Құрылымы сақталған ұлпа тіні демаркациялық білікпен оқшауланған. Білік аймағында серрозды қабыну белгілері және грануляциялық тіннің өсуі байқалады. Сипатталған патогистологиялық өзгеріс ұлпа қабынуының қай түріне НЕҒҰРЛЫМ тән:

 

*ұлпаның жедел іріңді қабынуы

*ұлпаның созылмалы жай қабынуы

*ұлпаның созылмалы өсе қабынуы

*+ұлпаның созылмалы шіри қабынуы

*ұлпаның созылмалы шіри қабынуының өршуі

 

#241

*!Тіс ұлпасында жасушаларға дамып жетілмеген талшықты құрылымдарға бай жас грануляциялық тіннен тұратын өсікті құрылым байқалады. Біртіндеп оның бетін эпителилі құрылым жауып, белгілі бір пішінге ие болады. Сипатталған патогистологиялық өзгеріс ұлпа қабынуының қай түріне НЕҒҰРЛЫМ тән:

 

*+ұлпаның созылмалы өсе қабынуы

*ұлпаның созылмалы жай қабынуы

*ұлпаның созылмалы шіри қабынуы

*ұлпаның жарақаттан қабынуы

*ұлпаның созылмалы шіри қабынуының өршуі

 

 #242

*!Ұлпа тінін патогистологиялық зерттеу кезінде дентиклдер немесе петрификаттар, одонтобласттардың вакуолизациясы, ұлпаның торлы дистрофиясы, гиалиноз және созылмалы қабыну ошағы анықталады. Бұл көрініс қандай ауруға тән?

 

*ұлпаның созылмалы жай қабынуы

*ұлпаның созылмалы шіри қабынуы

*+ұлпаның конкременттік қабынуы

*ұлпаның жедел жартылай қабынуы

*ұлпаның созылмалы жай қабынуының өршуі

 

 

#243

*! Жаңа нейтрофилдердің қосылуы нәтижесінде хематаксисті белсенділік артады.Жедел қабынудың патоморфологиялық көрінісі созылмалы қабынудың морфологиялық көріністеріне қабаттасады.Сипатталған патоморфологиялық өзгеріс ұлпа қабынуының қай түріне НЕҒҰРЛЫМ сәйкес келеді?

 

*ұлпаның жедел толық қабынуы

*ұлпаның созылмалы жәй қабынуы

*ұлпаның жарақаттана қабынуы

*+ұлпаның созылмалы қабынуының өршуі

*ұлпаның жедел ірінді қабынуы

 

#244

*1968жылы Платонов Е.Е ұсынған ұлпа қабынуындағы жүйесінде ұлпаның жедел қабынулары қалай аталады?

 

*жарттылай ірінді

*толық ошақты

*+ошақты, диффузды

*жартылай

 *ошақты жартылай толық

 

#245

*!Ұлпаның жедел қабынуы кезінде қандай патофизиологиялық өзгерістер орын алады?

 

*+гиперергиялық типтегі қабыну

*фиброздың дамуы

*лимфомакрофагалды инфильтрат

*пролиферация

*тіндердің өліеттенуі

 

 

#246

*!Ұлпаның созылмалы шіри қабынуы кезінде қандай патофизиологиялық өзгерістер басым болады?

 

*гиперергиялық типтегі қабыну

*фиброздың дамуы

*лимфомакрофагалды инфильтрат

*пролиферация

*+тіндердің өліеттенуі

 

 

#247

*!Ұлпаның созылмалы өсе қабынуы кезінде қандай патофизиологиялық өзгерістер жүреді?

 

*гиперергиялық типтегі қабыну

*лимфамакрофагалды инфильтрат,фиброздың дамуы

*гипоксия        

*+пролиферация

*тіңдердің өліеттенуі

 

#248

*!Ұлпаның созылмылы жәй қабынуы кезінде қандай патофизиолгиялық өзгерісттер басымболады?

 

*гиперергиялық типтегі қабыну

*+лимфамакрофагалды инфильтрат,фиброздың дамуы

*гипоксия        

*пролиферация

*тіңдердің өліеттенуі

 

#249

*!Микроскопиялық тексеру барысында қан тамырларының кенейуі,лейкоциттердің шоғырлануы,серозды жалқықтану және аздаған нейтрофильді лейкоциттер,шар тәрізді жасушалардан,гистиоциттерден первиваскулярлы жасушалық инфильтрация пайда болғаны анықталады.Алғашында қабыну өзгерістері ошақта орналасады,ал кейінен келе периодонттың бүйір бөлігіне қарай таралады.Сипатталған патомарфологиялық өзгеріс периодонт қабынуының қай түріне НЕҒҰРЛЫМ тән?

 

*периодонттың созылмалы қабынуының өршуі

*ұлпаның жедел ірінді қабынуы

*+периодонттың жедел қабынуы,уыттану сатысы

*периодонттың жедел қабынуы,жалқықты сатысы

*периодонттың созылмалы қабынуы,гранулденген түрі

 

#250

*!Микроскопиялық тексеру барысында периодонтта апикальді абсцесстің пайда боолуымен сипатталанатын қарқынды лейкоцитарлық инфильтрация пайда болған.Деструкциялық ошақ жиегінде лейкоцитарлық шеңбер пайда болады. Сипатталған патомарфологиялық өзгеріс периодонт қабынуының қай түріне НЕҒҰРЛЫМ тән?

 

*периодонттың созылмалы қабынуының өршуі

*ұлпаның жедел ірінді қабынуы

*периодонттың жедел қабынуы,уыттану сатысы

*+периодонттың жедел қабынуы,жалқықты сатысы

*периодонттың созылмалы қабынуы,гранулденген түрі

 

#251

*!И.И.Давиденко (1966) микроскопиялық гранулеманың үш түрін ажыратқан.Төменде берілгендердің қайсысы осы үш түрге жатады?

 

*+қарапайым,эпителиальді,эпитиальді кисталы

*фиброзды эпитиальді

*фиброзды эпитиальді емес

*күрделі кисталы

*радикулярлы кисталы

 

 

#252

*!Эпитиальді гранулемаға жатады?

 

*+жасушалық,фиброзды

*кисталы грнулема

*қарапайым фиброзды

*жасушалы гранулема

*фиброзды емес гранулема

 

#253

*!Микроскопиялық тексеру барысында гранулемалық тіннің пайда болуымен,сонымен қатар гранулемалық тінде көптеген капиллялар,фибробластар,шар тәрізді плазматикалық жасушалар мен лейкоциттер анықталады.Жас гранулемалық тін құрамында гликоген саны көбейеді.Соның нәтижесінде жылан көз пайда болады.Сипатталған патоморфологиялық өзгеріс периодонттың созылмалы қабынуының қай түріне НЕҒҰРЛЫМ тән?

 

*периодонттың созылмалы фиброзды қабынуы

*+периодонттың созылмалы гранулденіп қабынуы

*периодонттың созылмалы гранулематозды қабынуы

*ұлпаның созылмалы шіри қабынуы

*периодонттың созылмалы қабынуының өршуі

 

#254

*!Гистологиялық зерттеулердің нәтижесіне сүйене отырып Fich жетілген гранулеманың құрамында бірнеше белдеуді анықтады. Гранулеманың құрамында Fich бойынша қанша белдеу болады?

 

*+3

*2

*5

*4

*7

 

#255

*!Гистологиялық зерттеу барысында периодонтта жасушалық элементтердің санының азаюы және дөрекіталшықты фиброзды тіннің көбеюі байқалады. Кейбір аймақтарда майда ошақты қабыну инфильтраты және тамырлардың склерозы байқалады. Сипатталған патологиялық көрініс периодонттың қабынуының қандай түріне НЕҒҰРЛЫМ сәйкес келеді?

 

*+периодонттың созылмалы фиброзды қабынуы

*периодонттың созылмалы гранулденіп қабынуы

*периодонттың созылмалы гранулематозды қабынуы

*ұлпаның созылмалы шіри қабынуы

*периодонттың созылмалы қабынуының өршуі

 

#256

*!Гистологиялық зерттеу барысында гранулемалық тін қоршаған сүйек тінінен фиброзды капсуламен ошақталған. Гранулеманың ортаңғы бөлігі көптеген плазматикалық жасушаға бай және гистиогенді, гематогенді жасушалар анықталады.

 

*периодонттың созылмалы фиброзды қабынуы

*периодонттың созылмалы гранулденіп қабынуы

*+периодонттың созылмалы гранулематозды қабынуы

*ұлпаның созылмалы шіри қабынуы

*периодонттың созылмалы қабынуының өршуі

 

#257

*!Ұлпаның жедел жартылай қабынуы кезінде қолданылатын диагностикалық әдіс:

 

*рентгенография

*виталді бояу әдісі

*сипап тексеру

*қағып тексеру

*+электроодонтометрия

 

#258

*!Ұлпаның жедел жартылай қабынуының клиникалық көрінісі:

 

*+ауырусыз ашық мерзімі ұзақ,ұстама тәрізді ауру сезімі

*ауырусыз ашық мерзімі қысқа, ұстама тәрізді ауру сезімі

*температуралық тітіркендіргіштердің әсерінен болған қысқа мерзімді ауру сезімі

*тұрақты ауру сезімі, шайнағанда күшейетін

*химиялық тітіркендіргіштердің әсерінен болған қысқа мерзімді ауру сезімі

#259

*!Ұлпаның жедел іріңді қабынуының клиникалық көріністері:

 

*ауырусыз ашық мерзімі ұзақ,ұстама тәрізді ауру сезімі

*+ыстықтан күшейетін, ұзаққа созылатын ұстама тәрізді солқылдап ауыратын ауру сезімі

*температуралық тітіркендіргіштердің әсерінен болған қысқа мерзімді ауру сезімі

*тұрақты сыздап ауыратын, шайнағанда күшейетін ауру сезімі

*химиялық тітіркендіргіштердің әсерінен болған қысқа мерзімді ауру сезімі

 

#260

*!Ұлпаның жедел толық қабынуының клиникалық көрінісі:

 

*ауырусыз ашық мерзімі ұзақ,ұстама тәрізді ауру сезімі

*+ауырусыз ашық мерзімі қысқа, ұстама тәрізді ауру сезімі

*температуралық тітіркендіргіштердің әсерінен болған қысқа мерзімді ауру сезімі

*тұрақты ауру сезімі, шайнағанда күшейетін

*химиялық тітіркендіргіштердің әсерінен болған қысқа мерзімді ауру сезімі

 

#261

*!Ұлпаның жедел жартылай қабынуын қандай аурумен салыстырмалы диагностика жүргізген дұрыс?

 

*ұлпаның созылмалы іріңді қабынуының өршуімен

*+тез дамитын терең тісжегімен    

*периодонттың жедел қабынуымен 

*Созылмалы периодонтиттің өршуімен 

*Баяу дамитын терең тісжегімен

 

#262

*!Ұлпаның жедел іріңді қабынуы мен периодонттың жедел қабынуының жалқықты сатысындағы салыстырмалы диагностикасында қай тексеру әдісі НЕҒҰРЛЫМ тиімдірек? 

 

*рентгенография

*өмір анамнезін жинау

*+термометрия

*ауру анамнезін жинау

*қағып тексеру

 

#263

*!Ұлпаның жедел жартылай қабынуында ұлпаның электрқозғыштығы:

*32 мкА

*45 мкА

*+22мкА

*38 мкА

*60 мкА

 

#264

*! Ұлпаның жедел жартылай қабынуында салыстырмалы диагностика жүргізеді:

 

*ұлпаның жедел толық қабынуымен

*ұлпаның жедел іріңді қабынуымен

*ұлпаның созылмалы жәй қабынуының өршуімен

*+жылдам дамитын терең тісжегімен

*үшкіл нервтің невралгиясымен

 #265

*!Ұлпаның жедел толық қабынуында тіс ұлпасының электр қозғыштық көрсеткіші?

 

*55мкА

*100мкА

*+35 мкА

*80 мкА

*13 мкА

 

#266

*!Конкрементозды ұлпа қабынуын диагностикалауда қандай тексеру әдісін қолданған ең тиімді болып табылады?  

 

*электроодонтометрия

*сүңгілеу

*перкуссия

*+рентгенография

*термометрия

 

#267

*!Ұлпаның созылмалы жәй қабынуында науқастың шағымы:

*тітіркендіргіштерден қысқа мерзімді ауру сезімі

*+тітіркендіргіщтерден ұзаққа созылатын, сыздап ауыратын ауру сезімі  

*тісі -тісіне тигендегі ауру сезімі 

*ұстама тәрізді түнгі ауру сезімі 

*құлаққа, самайға беретін ауру сезімі

 

#268

*!Ұлпаның созылмалы өсе қабынуына тән клиникалық белгілерді көрсетіңіз:

 

*+тісжегі қуысында тіндердің өсуі    

*солқылдап ауру сезімі 

*«вазопарез» симптомы

*қағып тексергенде ауырады 

*қызылиек ісінген 

 

#269

*!Ұлпаның созылмалы шіри қабынуына тән клиникалық белгілерді көрсетіңіз:

 

*тістің түсі өзгермеген

*+терең сүңгілеу ауру сезімімен сипатталады

*«вазопарез» симптомы

*табанында 1 нүктеде ауырады 

*қысқа уақыттық толқын тәрізді ауру сезімі 

 

#270

*!Ұлпаның жарақаттық қабынуының себебі:  

 

*ауыз қуысы гигиенасын сақтамау

*ұлпаға ретроградты инфекция түсуі

*+тіс қуысын абайсызда ашып алу, ұлпаның қызуы

*дәрі-дәрмектердің токсикалық әсері 

*тістердің тығыз орналасуы

#271

*!46 жастағы ер адам төменгі оң жағында өздігінен пайда болған, ұстама тәрізді, төменгі жақ бұрышына қарай тарала ауыратын, түнге қарай күшейе түсетін ауру сезімін айтып шағымданады. Қарап тексергенде: 46 тісте тіс қуысымен байланысқан терең тісжегі қуысы анықталды.

Диагноз қою мақсатында қандай тексеру әдісін қолданған НЕҒҰРЛЫМ тиімді болады?

 *рентгенография

*ауру тарихын жинау

*өмір тарихын жинау

*қағып тексеру

* +электроодонтометрия

 

#272

*!30 жастағы ер адам стоматологқа үстіңгі сол жақ тісінде қысқа мерзімді ұстама тәрізді ауру сезімінің пайда болғанын айтып шағымданады. Қарап тексергенде: 26 тістің медиальді-шайнау бетінде жұмсарған дентинге толы терең тісжегі қуысы анықталды. Тісжегі қуысын сүңгілеп тексергенде қуыстың медиальді ұрт жақ ұлпа мүйізшесі проекциясында ауру сезімі бар. Терең тісжегімен салыстырмалы диагностика жүргізу үшін қандай тексеру әдістерін жүргізген НЕҒҰРЛЫМ тиімді?

 

*рентгенография

*трансиллюминация әдісі

*+термометрия

*витальді диагностика

*қағып тексеру

 

#273

*!17 жастағы қыз бала үстіңгі оң жақ тісінде өздігінен пайда болған, ұстама тәрізді, түнге қарай күшейе түсетін ауру сезімін айтып шағымданады. Дені сау, аллергоанамнезінде дәрілік препараттарға аллергиясы жоқ. Қарап тексергенде: 17 тістің шайнау бетінде терең тісжегі қуысы бар. Сүңгілеп тексергенде ұлпа мүйізшесі проекциясында ауру сезімі бар. Тіс қуысы ашылмаған. Қағып тексергенде ауырмайды. ТҰЭҚ-20 мкА.

Төменде берілген емдеу әдістерінің қайсысын қолданған НЕҒҰРЛЫМ тиімді?

*аралас

*девитальді экстирпация

*девитальді ампутация

*витальді экстирпация

*+косервативті

 

#274

*!50 жастағы ер адам төменгі оң жақ тісінде өздігінен пайда болған, ұстама тәрізді, төменгі жақ бұрышына тарала ауыратын, әсіресе түнге қарай күшейе түсетін ауру сезіміне шағымданады. Аллергоанамнезінде дәрілік препараттарға аллериясы бар. Қарап тексергенде: 46 тістің дистальді шайнау бетінде тіс қуысымен байланыспаған терең тісжегі қуысы анықталды. Сүңгілеп тексергенде тісжегі қуысының табанында қатты ауыратын ауру сезімі бар. ТҰЭҚ -45мкА.

Төменде берілген емдеу әдістерінің қайсысын қолданған НЕҒҰРЛЫМ тиімді?

 

*витальді экстирпация

*витальді ампутация

*девитальді ампутация

*+девитальді экстирпация

*консервативті

#275

*!48 жастағы ер адам өздігенпайда болған, ұстама тәрізді, астыңғы жақтың бұрышына тарала берілетін, түнде күшейе түсетін ауру сезіміне шағымданады. Тісі бұрын ауырмаған. Қарап тексергенде: 46 тісінде тіс қуысымен байланыспаған жұмасрған ыдыранды дентинге толы терең тісжегі қуысы бар, сүңгілегенде тісжегі қуысының табанында қатты ауру сезімі пайда болады..

Төменде көрсетілген болжам диагноздардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ сәйкес келеді?  

 

 

*ұлпаның жедел жартылай қабынуы 

*+ұлпаның жедел толық қабынуы

*ұлпаның жедел іріңді қабынуы

*ұлпаның созылмалы жәй қабынуының өршуі 

*ұлпаның созылмалы шіри қабынуының өршуі 

 

#276

*!23 жастағы жігіт дәрігер стоматологқа тісінің түсінің өзгергеніне, ауыз қуысында жағымсыз иістің пайда болғанына шағымданады. Қарап тексергенде: 13 тістің медиальді бетінде тіс қуысымен байланысқан үлкен көлемдегі терең тісжегі қуысы анықталды. Терең сүңгілеп тексергенде ауырады.

Салыстырмалы диагностика жүргізу үшін қандай тексеру әдісін қолданған НЕҒҰРЛЫМ тиімді?

 

*рентгенография

*сипап тексеру

*+электроодонтодиагностика

*витальді бояу

*қағып тексеру

 

#277

*!44 жастағы ер адам төменгі сол жақ тісінде ыстық ас қабылдағаннан кейін пайда болатын ұзаққа созылған, сыздап ауыратын ауру сезіміне шағымданады. Қарап тексергенде: 46 тістің түсі өзгерген, бұлыңғыр,медиальді-шайнау бетінде ас қалдықтарына және жұмсарған ыдыранды дентинге толы терең тісжегі қуысы анықталды. Тісжегі қуысы тіс қуысымен терең байланысқан. 

Диагноз қою үшін қандай тексеру әдістерін қолданған НЕҒҰРЛЫМ тиімді?

 

*сипап тексеру

*қағып тексеру

*+рентгенография

*сүңгілеп тексеру

*ауру тарихын жинау

 

 

#278

*!25 жастағы ер адам 16 тісінде өздігінен болатын ұстама тәрізді, самайға тарала беретін ауру сезімін айтып шағымданады. Температуралық тітіркендіргіштер ұзақ уақытқа созылатын ауру ұстамасын туындатады. Тіс бұрын ауырмаған. Тексергенде: шайнау бетінде терең тісжегі қуысы бар, тіс қуысымен байланыспаған, қуыс табанын сүңгілегенде кенеттен ауырады. Төменде көрсетілген болжам диагноздардың қайсысы неғұрлым сәйкес келеді?  

 

*ұлпаның жедел жартылай қабынуы 

*+ұлпаның жедел толық қабынуы

*ұлпаның жедел іріңді қабынуы

*ұлпаның созылмалы жәй қабынуының өршуі 

*ұлпаның созылмалы шіри қабынуының өршуі

 

#279

 

*!35 жастағы ер адам 26 тісінде өздігінен болатын ұстама тәрізді, самайға қарай таралтын ауру сезімін айтып шағымданады. Температуралық тітіркендіргіштер әсерінен ұзақ уақытқа созылатын ауру ұстамасын шақырады. Тіс бұрын осыған ұқсас ауырған. Тексергенде: шайнау бетінде тіс қуысымен байланысқан терең тісжегі қуысы бар, ұлпаның ашылған мүйізшесін сүңгілегенде кенеттен ауырады. Төменде көрсетілген болжам диагноздардың қайсысы неғұрлым сәйкес келеді?  

 

*ұлпаның жедел жартылай қабынуы 

*ұлпаның жедел толық қабынуы

*ұлпаның жедел іріңді қабынуы

*+ұлпаның созылмалы жәй қабынуының өршуі 

*ұлпаның созылмалы шіри қабынуының өршуі 

#280

*!37 жасар әйел адам өздігінен пайда болатын, солқылдап ауыратын,толассыз, тарала, ауыратын ауру сезіміне шағымданады. Суық – ауру сезімін басады. Қарап тексергенде: 14 тістің медиальды бетінде терең тісжегі қуысы тіс қуысымен байланыспайды, сүңгілеу толықтай табан аймағында ауру сезімін тудырады: тіс қуысы оңай ашылып кетіп, қан аралас ірің тамшысы пайда болды. Қағып тексеру ауру сезімімен. ЭҚ 60 мкА.

Төменде берілген алдын ала диагноздың қайсысы неғұрлым сәйкес келеді?

 

*ұлпаның жедел толық қабынуы

*ұлпаның жедел жартылай қабынуы

*ұлпаның жарақаттық қабынуы

*+ұлпаның жедел іріңді қабынуы

*ұлпаның созылмалы жай қабынуының өршуі

#281

*!22 жасар ер адам 46 тістегі тісжегі қуысына және одан өсіп кеткен тінге, тамақ ішкен кезде тіс қанағыштығына шағымданады. Қарап тексергенде: 46 тістің шайнау бетінде өскен тінмен толған, тіс қуысымен байланысқан, сүңгілегенде қанайтын тісжегі қуысы анықталады. Қағып тексергенде ауырмайды.

       Төменде берілген алдын ала диагноздардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ сәйкес келеді?

 

*созылмалы жай ұлпа қабынуы

*+созылмалы гипертрофиялық ұлпа қабынуы

*созылмалы жай ұлпа қабынуының өршуі

*созылмалы гангренозды ұлпа қабынуы

*созылмалы гангренозды ұлпа қабынуың өршуі

#282

*!43 жасар әйел тамақ ішкеннен кейінгі жоғарғы жақтың тісінің ұзақ уақыт сыздап ауыратындығына шағымданады. Қарап тексергенде: 17 тістің шайнау бетінде тіс қуысымен байланысқан терең тісжегі қуысы бар, сүңгілеп тесергенде тісжегі қуысы тіс қуысымен бір нүктеде байланысқан, ашылған ұлпада қатты ауру сезімі пайда болады, ұлпа қанайды.

Көрсетілген алдын ала диагноздардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ сәйкес келеді?

 

* ұлпаның жедел жартылай қабынуы

* ұлпаның жедел іріңді қабынуы

* ұлпаның созылмалы шіри қабынуы

*+ ұлпаның созылмалы жай қабынуы

* ұлпаның созылмалы жай қабынуының өршуі

#283

*!47 жасар науқас басын тез қозғалтқан кезде пайда болатын ұзақ мерзімді ауру сезіміне шағымданып келді. Анамнезден: тісі ауырғанына 2 жыл. Қарап тексергенде 46 тіс бүтін, тіс-қызылиек байланысы бұзылмаған, қағып тексеру жағымсыз сезімдерді қалыптастырады.

Көрсетілген алдын ала диагноздардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ сәйкес келеді?

 

*созылмалы жай ұлпа қабынуы

*+конкрементозды ұлпа қабынуы

*ретроградты ұлпа қабынуы

*жарақаттық ұлпа қабынуы

*түбір ұшылық периодонт қабынуы

 

#284

*!50 жасар ер адам төменгі сол жақ тісіндегі өздігінен пайда болатын, түнгі уақытта күшейетін ауру сезіміне шағымданып келді. Тіс бұрын ауырған. Қарап тексергенде: 47 тісте тіс қуысымен байланысқан терең тісжегі қуысы бар. Түбір өзегін терең сүңгілеп тексергенде – қатты ауру сезімі пайда болады, зонд ұшында кір-сұр түсті некротикалық массалар. ЭОД 70мкА. Ауыз ішілік рентгенограммада – медиальды түбір ұшында периодонтальды саңылауының аздап кеңейуі байқалады.

       Көрсетілген алдын ала диагноздардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ сәйкес келеді?

 

* ұлпаның созылмалы өсе қабынуы

* ұлпаның созылмалы жай қабынуы

* ұлпаның созылмалы жай қабынуының өршуі

*+ ұлпаның созылмалы шіри қабынуының өршуі

* периодонттың созылмалы қабынуының өршуі

#285

*!24 жастағы қыз бала үстіңгі сол жағында өздігінен пайда болған ұстама тәріздес самайға қарай тарала ауыратын, барлық тітіркендіргіштер ауру сезімін күшейте түсетінін айтып шағымданады. Тісі ауық – ауық ауырған. Қарап тексергенде:27 тістің шайнау бетінде тіс қуысымен байланысқан терең тісжегі қуысы анықталды. Сүңгілеп тексергенде ұлпа мүйізшесі ашылған проекцияда ауру сезімі бар.  

Берілген емдеу әдістердің қайсысын қолданған НЕҒҰРЛЫМ тиімді?

 

*девитальді экстирпациялау әдісі

*девитальді аралас әдіс

*девитальді ампутациялау әдісі

*+витальді экстирпациялау әдісі

*консервативті әдіс

#286

*!44 жастағы ер адам тісінде ыстық тамақ қабылдағанда, ұзаққа созылған сыздап ауыратын ауыру сезімін айтып шағымданады. Тісі ауық – ауық ауырған. Қарап тексергенде: 46 тістің сауытының түсі өзгерген, 46 тістің шайнау бетінде ас қалдықтарына және жұмсарған ыдыранды дентинге толы терең тісжегі қуысы анықталды. Сүңгілеп тексергенде тісжегі қуысы тіс қуысымен байланысқаны анықталды, терең сүңгілеп тексергенде ауырады, зондтың ұшында сұр – кір түстес ыдыранды анықталды.

Түбір өзектерін дәрілермен өңдеу үшін қандай препараттарды қолданған НЕҒҰРЛЫМ тиімді?

 

*перманганат калий ерітіндісі

*фурациллин ерітіндісі

*+паркан

*3% сутегінің асқын тотығы

*капрамин

 

#287

*!20жасар жасөспірім төменгі оң жақтағы тісінің өздігінен пайда болатын қысқа мерзімді, температуралық тітіркендіргіштерге күшейетін ауру сезіміне шағымданып келді.

Тісі таңертен ауырған. Дені сау, аллергиясы жоқ. Қарап тексергенде: 46тістің шайнау бетінде тіс қуысымен байланыспаған терең тісжегі қуысы анықталған. Сүңгілегенде дистальді тілдік ұлпа мүйізі аймағында ауру сезімі туындайды.ЭОД-24мкА. Төмендегі көрсетілген емдеу әдістерінің қайсысы неғұрлым тиімді?

 

*девитальді экстирпация әдісі

*девитальді комбинирленген әдісі

*девитальді ампутация

*виталді экстирпация әдісі

*+консервативті әдісі

#288

*!22жасар жасөспірім тамақ ішкенде тісінің қанайтына шағымданады. Қарап тексергенде: 15тісінің медиальді бетінде салбыраңқы қырлары бар, өскен өсіндімен толған терең тісжегі қуысы анықталды. Сүңгілеу барысында аздап ауырады және қанайды. Рентгенограммада тіс түбірінің бифуркация аймағында өзеріс байқалмайды.

       Төмендегі көрсетілген емдеу әдістерінің қайсысын қолданған НЕҒҰРЛЫМ тиімді?

 

*девитальді экстирпация әдісі

*девитальді комбинирленген әдісі

*девитальді ампутация

*+виталді экстирпация әдісі

*консервативті әдісі

#289

*!Мышяк құрамды ангидридттің жергілікті токсикалық әсері

 

*фунгицидттік

*+ақуыздың денатурациясы

*кератопластикалық

*нервтері блокадалау

*антисептік әсер

 

#290

*!Мумификациялаушы қойырпақтың құрамы

 

*крезол

*+фенол,параформальдегид

*крезофен

*убистезин

*резорцин

#291

*!Периодонттың жедел қабынуының уыттану сатысына төмендегі клиникалық белгілердің қайсысы НЕҒҰРЛЫМ сәйкес?

 

*+тұрақты сыздаған ауыру сезімі

*өздігінен ұстама тәрізді солқылдап ауырады

*суықтан ауыру сезімі басылады

*ыстықтан ауыру сезімі басылады

*тарала ауырады

 

#292

*!Периодонттың жедел қабынуының жалқықты сатысына төменде көрсетілген ауыру сипатының қайсысы НЕҒҰРЛЫМ сәйкес?

 

*ауыру аралығы ұзақ өздігінен ұстама тәрізді ауырады

*+өздігінен пайда болатын тұрақты солқылдаған ауыру сезімі

*ауыру аралығы қысқа өздігінен ұстама тәрізді ауыру сезімі

*суықтан ауыру бәсеңдейді

*ыстықтан ауыру күшейеді

 

#293

*!"Өсіп кеткен" тіс симптомы НЕҒҰРЛЫМ тән:

 

*ұлпаның жедел іріңді қабынуына

*+периодонттың жедел қабынуы, жалқықты сатысына

*периодонттың созылмалы қабынуының өршуіне

*периодонттың жеделқабынуы, улану сатысына

*ұлпаның жедел толық қабынуы

#294

*!Периодонттың жеделқабынуының жалқықты сатысын, ұлпаның жедел іріңді қабынуымен салыстырмалы диагностикалауға қандай тексеру әдісі НЕҒҰРЛЫМ тиімді?

 

*рентген суреті

*өмір тарихын жинау

*+термдиагностика

*ауру тарихын жинау

*қағып тексеру

#295

*!Төменде көрсетілген қандай ауыру түрімен периодонттың жедел қабынуының жалқықты сатысын салыстырмалы диагностика жүргізу НЕҒҰРЛЫМ тиімді?

 

*периодонттың жеделқабынуының улану сатысына

*+ұлпаның жедел іріңді қабынуы

*ұлпаның созылмалы жай қабынуының өршуі

*периодонттың созылмалы қабынуының өршуі

*ұлпаның созылмалы шіри қабынуының өршуі

#296

*!Төменде көрсетілген рентгенологиялық көріністің қайсысы «Периодонттың созылмалы гранулемаланып қабынуы» диагнозына НЕҒҰРЛЫМ сәйкес?

 

*түбір ұшы аймағында шекарасы анық емессүйек тінінің сорылуы

*түбір ұшы аймағында өзгеріс жоқ

*маргинальді бөлікте периодонт саңылауының кеңеюі

*түбір ұшы аймағында периодонт саңылауының кеңеюі

*+түбір ұшы аймағында шекарасы анық сүйек тінінің сорылуы

 

#297

*!Тістің түбір ұшы аймағында шекарасы анық емес сүйек тінінің сорылуы қандай ауруға НЕҒҰРЛЫМ тән:

 

*периодонттың созылмалы фиброзды қабынуына

*+периодонттың созылмалы гранулденіп қабынуына

*периодонттың созылмалы гранулемаланып қабынуына

*периодонттың жедел қабынуы улану сатысы

*периодонттың жедел қабынуы жалқықты сатысы

 

#298

*!Периодонт қабынуын консервативті әдіспен емдеуге абсолютті қарсы көрсеткіш:

 

*жартылай өтпейтін түбір өзегі

*тіс қозғалғыштығының i дәрежесі

*қызыл иектен 3 мм төмен тістің сынуы

*+түбірдің немесе қуыс табанының, қабырғасының тесілуі

*диаметрі 2см үлкендеу киста

#299

*! Периодонттың жедел қабынуының қандай түрінде «ұзарған тіс» симптомы («симптом выр



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.