Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





созылмалы периодонтит, 3.4 тістің рентг



     +созылмалы периодонтит, 3.4 тістің рентг

38.18 жастағы пациент тістердегі ақ және ал қоңыр түстес дақтардың болуына шағымданып келген. Анамнезінен – тістер түсінің өзгеруі бала кезінен анықталады, тістердің түсінің сондай өзгеруі туыстарында да кездеседі. Қарап тексергенде – жоғарғы және төменгі жақ тістер кіреукесінде көптеген бор тәрізді, кейбір аймақтарда ал қоңыр түстес дақтар анықталады, олар тістердің бүкіл беттерінде орналасқан. Дақтар аймағындағы кіреуке тегіс, жылтыр, зонд зақымдалған аймақ бетінен сырғиды, 2% метилен көгінің ерітіндісімен боялмайды. Осы аурудың себебі не болуы мүмкін:

     +ас суында фтор құрамының шамадан артық болуы

 

39.24 жастағы пациент стоматологиялық клиникаға жоғарғы жақ тістеріндегі косметикалық ақауға шағымданып келген. Анамнез - тістердің түсінің өзгеруін бала кезінен байқаған. Бала кезінде рахитпен ауырған. Қарап тексергенде: жоғарғы жақтың ортаңғы мен бүйір күрек тістердің вестибулярлы беткейінде және бірінші азу тістердің төмпешіктерінде көлемдері бірдей, симметриялы орналасқан бор тәріздес дақтар анықталады. Дақтардың беті тегіс, жылтыр, шекаралары айқын. Ауру диагнозын дәлелдеу үшін қосымша қолданатын тексеру әдіс:

    + дақтарды 2% метилен көгінің ерітіндісімен бояу

40.27 жастағы пациент ауыз қуысын сауықтыру мақсатында стоматологқа келген. Қарап тексергенде: 3.6 тістің шайнау бетінде іші жұмсарған дентинге толы, орташа көлемді тісжегі қуыс анықталған. Зондпен шұқып тексергенде кіреуке-дентин байланысы аймағында ауру сезімі байқалады, түбі бойы - ауырмайды. Қағып тексергенде тіс ауырмайды. Электроодонтодиагностикасының мүмкін болатын көрсеткіштері:        

      +2-6 мкА              

 

41.27 жастағы пациент жоғарғы сол жақ тісте дақтың пайда болуына шағымданып келген. Анамнезі бойынша - дақ шамамен 1 ай бұрын пайда болған. Объективті: 2.2 тістің мойын бөлігінде жекелеген бортәрізді дақ анықталады. Дақ беті тегіс, күңгірт, жылтырлығы жойылған. Дақ 2% метилен көгінің ерітіндісімен боялады. Қандай ем жүргізу қажет?



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.