Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





c) Адгезив сәулелендірген жоқ?



 

1. Зақымдалған тісте мезгілдік өздігінен ұзақтығы 10-15 минутқа созылатын қысқа уақытты ауырсынулар пайда болады. Кейін ұзақ уақытқа (2-3 сағатқа) басылады. Әртүрлі тітркендіргіштер (температуралық, механикалық) кезектен тыс ауырсыну ұстамасын тудырадыжәне болған ауырсыну сезімін күшейтеді. Берілген ауырсыну сезімі қай ауруға тән?

a) жедел іріңді пульпит

b) жедел жалпы пульпит

c) жедел ошақты пульпит+

d) жедел жарақаттық пульпит

e) созылмалы қарапайым пульпит

2.Зақымдалған тісте 10-15 минутқа басылатын, мезгілдік өздігінен ұзақтығы 1-2 сағатқа созылатын ұзақ ауырсынуларпайда болады. Ауырсыну жүйке талшықтары бойымен таралады, түнгі уақытта және тітіркендіргіштерден күшейеді. Берілген ауырсыну белгілері қай ауруға тән?

a) жедел іріңді пульпит

b) жедел диффузды пульпит+

c) жедел жартылай пульпит

d) жедел жарақаттық пульпит

e) созылмалы қарапайым пульпиттің асқынуы 

3. Тұрақты тістердегі дақ сатысындағы тісжегіде жүргізіледі:

a) 10% иодид калий мен 2% натрий фторидпен электрофорез

b) 10% кальций глюконат пен 2% натрий фторидпен электрофорез+

c) гепарин және трипсинмен электрофорез

d) триксин және аскорбин қышқылымен электрофорез

e) линкомицин және аскорбин қышқылымен электрофорез

4. Науқас 20 жаста, жоғарғы жақтың сол жақ тісіндегі түнгі уақытта, ұстама тәрізді өздігінен пайда болатын ауырсынуға, ауырсынудың тамақ қабылдағанда күшейетініне шағымданып келді. Ауырсыну бір күн бұрын кешкі уақытта пайда болды. Бұрын тамақ қабылдағанда ыңғайсыздық мазалаған. Ауыз қуысында 24 тістің дистальды- шайнау беткейінде тіс қуысымен байланысқан терең тісжегілік қуыс, зондтау және тітіркендіргіштерге ауырады, перкуссияда ауырсынады. 24 түбір ұшы аймағындағы шырышты қабат өзгермеген. Мүмкін болатын болжамды диагноз:

a) жедел диффузды пульпит

b) созылмалы фиброзды пульпиттің асқынуы+

c) жедел ошақтық пульпит

d) созылмалы гангренозды пульпиттің асқынуы

e) жедел ұштық периодонтит

5. Орта тісжегін емдеу барысында дәрігер-стоматолог тісжегілік қуысты егеп-тазалады, медикаментозды өңдеу жасады, тісжегілік қуыс түбіне аралық төсем қойды, эмаль мен дентинді кондиционермен өңдеді, адгезив жағып, қуысты химиялық жолмен қататын пломбамен толтырды, пломбаны жылтырату және тегістеу жүргізді. Емдеу барысында қандай қателік жіберілді?

a) Тісжегілік қуыс қабырғаларына аралық төсем салынған жоқ+

b) Қуыс түбіне емдік төсем салынған жоқ

c) Адгезив сәулелендірген жоқ?

d) Пломба сәулелендірген жоқ

e) Адгезив және пломба қабаттарын сәулелендірген жоқ

6. Төменде айтылған клиникалық белгілердің қайсысы терең тісжегіге сәйкес келеді?

a) Эмаль түсінің өзгеруі

b) Эмаль деңгейіндегі қуыс

c) Жабынды дентин деңгейіндегі қуыс

d) Ұлпамаңылық деңгейіндегі қуыс+

e) Тіс қуысымен байланысы бар қуыс

7. Бұл патологияның бірінші қабылдауында жансыздандыру, тісжегі қуысын егеп тазалау, кептіру, емдік төсем және уақытша пломба қойылды. 5-7 күннен кейін емдік төсем ауыстырылып, аралық төсем салынып, уақытша пломба тұрақты пломбаға ауыстырылды. Қандай патологияда осындай емдеу ұсынылады?

a) Тез дамитын терең тісжегі+

b) Беткей тісжегі



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.