Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Психологиялық консультациялық жұмыс: - 13



2. Психологиялық консультациялық жұмыс: - 13

Бала мен ата-ана қарым-қатынасының маңыздылығына қарай кеңестер әуелі ата-аналарға, одан кейін мұғалімдерге сұраныс бойынша берілді:

4–рет ата-анаға, балаларына қарым-қатынасын өзгертуге кеңес берілді; балаға еркін әрекет жасауға, шектен тыс қамқор болуды қысқарту. Баласына үлгі өнеге болуға тырысу, өз қорқынышыңды балаға бермеу, оның қорыққаны үшін реніш білдірмеу, сынамау, қорқыныштан тек сырттай қорғап емес, оның себебін тауып көмектесуге ұмтылу.
-Қорқыныш сезімін болдырмау үшін, алдын-алу үшін жанұяда жағымды ахуал тудырып, саябақ аллеясында демалып, немесе жақындармен кездесіп, күйзелістен арылуға, көңіл-күймен тонус көтеретін орындарға баламен бірге баруға болатыны айтылды.

7– рет жеке педагог пен сынып жетекшілерге баланың орнықты психикалық қалпын сақтау кейбір баланың осындай проблемаға бейім екенін, олардың тұлғалық проблемалары, қорқынышы күйзеліске бейімділігін ескеру керек екендігін айтылып кеңестер берілді. Бұлар баланың бірқалыпты әрекетпен айналысуына, қарым-қатынас жасауына кесел келтіріп, қиындыққа алып келуі мүмкін. Жалпы қорқақ, күйзеліске бейім балалар педагогтың ерекше назарын қажет етеді. Балаға сенім, үміт арту бірқалыпты, жай дауыспен сөйлеу, өте артық қамқорлық көрсетуден босату, ұжымдық жұмыстарға баланы белсенді араластыру да қорқыныштан арылтады деп сұраныс бойынша мұғалімдермен мектепшілік семинар өткізілгенде айтылды.

Жеке-жеке, кеңестер оқушылардың сұранысы бойынша берілді. Айтылған мәселе бойынша баланың бойындағы ресурстарын пайдаланып арттерапия методикасымен, психологиялық жұмыстар өткізіліп, оқушылардың өзіне деген сенімі жоғары екенін, әрі  күйзелістегі сезімдерінен арылғаны жайлы бөлісті. 

3. Ағарту профилактикалық, топтық түзету дамыту  жұмыс1: 1-11

– ата-аналарға, «Татуотбасы, бақытты балалар-Мемлекетіміздің гүлденуінің сенімді іргетасы» тақырыбында бірлескен дөңгелек үстел өткізілді.1-4сынып ата-аналарымен «Менің отбасым-менің байлығым»семинар тренинг өтілді.Оқушыларға, ұстаздарға психологиялық білімінің қажет екендігін, әрі оны өз жұмыстарында дұрыс пайдалана білу мен жеке басының дамуына өз септігін тигізетіндігін, әр баланың жас кезендеріне байланысты жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасау, интеллектуалдық және тұлғалық қалыптасуына кедергі болатын жағдайларды дер кезінде анықтап, әрі олармен бағдарлама бойынша жұмыстар жүргізіліп, қорытындысында оқушылардың белсенділігі, сыныптағы ұйымшылдығы жоғары бола бастаған жәнеде «Өз балаңды жаман ортадан қалай қорғауға болады?»тақырыбында психологиялық тренинг 5-11сынып ата-аналарына өткізілді»

 9-сынып оқушыларына ОЖСБ-ға дайындық мақсатында тренинг, ойын жаттығу өткізілді. ОЖСБ жөнінде сұхбат кеңес берілді. 9-сынып оқушыларының арасындағы психологиялық ахуалдың оңтайлығы, жақсы деуге болады. Пән мұғалімдерінің пікірлерін есепке алсақ, сабаққа қызығушылықтары біршама жақсарған. Оларға сынып жетекшілерімен, ата-анасымен тығыз байланыс жасай отырып, мамандық таңдауда дұрыс бағыт-бағдар беріліп отырды. Зерттеу барысында сыныптың белсенділері мен кейбір аз да болса оқшауланғандары анықталды. Ондай оқушыларға сынып жетекшісі және сынып белсенділерімен біріге отырып жұмыстар жүргізе отырып, оларды да ұжымға қосып отырдық. Қоғамдық жұмыстарға, мектепшілік үйірмелерге тартып жеке – топтық жұмыстары атқарылды.

11-сынып оқушыларымен ҰБТ-ке дайындық жаңа формасы 1-кезең Мектепте психологиялық-педагогикалық іс-шаралар бағдарламасы бойынша жұмыстары жүргізілді.

Мақсаты: Бірыңғай мемлекеттік емтиханға дайындық2- кезеніңінде оқушылардың мінез-құлық стратегиясы мен тактикасын өңдеуін: өзін-өзі реттеуін; өзін-өзі бақылауға дағдыландыруын және сенімділігін арттыруын жүзеге асыру.

  Пайдаланған әдістер: ойын әдістері,тренинг, медитацияық техникалар, лекциялары өткізіліп. Үлгерімі төмен оқушыларымен жеке-түзету, топтық түзету-дамыту сабағы, стресстен қалай арылуға болады т.б. жұмыстары жүргізілді. тренинг ойын немесе пікірлесу сұхбат өткізіледі. Өткен тренингтері 11 сыныпқа «Емтихандағы мінез-құлық» «Жетістікке жетудің қырымен сыры» «Емтиханға қалай жақсы дайындалуға болады» тақырыбы бойынша ой қозғап, кеңестер берілді. «Моральдық тұрақтылық», Менін көніл күйім, Эмоция тестінің) алынған сауалнамалар қорытындысымен, сынып жетекшілермен таныстырылды. 11 сынып оқушылары арасында «ҰБТ-ға қалай жақсы дайындалуға болады?» тақырыбында мектепішілік тренингтер өткізіліп, онда оқушылардың өздерінің дайындықтарын, көңіл-күйлерін, қарым-қатынастарын дамыту жұмыстары жүргізілді.

 11 - сынып оқушыларымен «Мамандық әлеміне саяхат» тақырыбында мектепшілік семинар - сабақ өткізлді. Бірнеше мамандарды қонаққа шақырылып, олардың ой пікірін тыңдап, балаларға бағыт-бағдар берілді. 11 сынып оқушыларына «Мамандықтар әлеміне сапар» атты ойындар мен жаттығулар, тренинг және оқушылармен пікірлесу, дебат өткізілді. Қорытынды: Оқушылар негізінен адам саласындағы жұмыс түрлеріне бейім. Яғни, олар айналасындағы   адамдармен тез тіл табысып, қарым-қатынасқа тез түсе біледі. Егер осы жүргізілген зерттеулердің нәтижесіне сүйеніп айтар болсақ, сол мамандықтар иесі болса, өсулеріне жол ашық.Ұсыныс:Мамандықты әлі дұрыс таңдай алмай жүрген оқушыларға бағыт-бағдар беруден шаршамау, қабілеттерін одан әрі дамытуға көмек көрсету ұсынылды. Бірді-екілі оқшауланған оқушылармен көбірек қарым-қатынаста болып, назардан тыс қалдырмау керектігі пән мұғалімдері мен сынып жетекшісіне ұсыныс жасалды. «Отбасы-тәрбиенің бастауы»тақырыбында ата-аналар,ұстаздаржәне оқушылармен бірге аудандық тренинг семинар сабақтары өткізілді.

 10 – сынып оқушылармен тұлғаның кәсіби қызығушылықтарын, бағдарлы оқытудың таңдаған бағыттарының бейінділігін анықтап: қоғамдық математикалық жаратылыстану мен гуманитарлық бағытына бейімделді.Мектебімізде тәртібі қиын оқушылармен ай сайын түрлі (тренингтер, жеке топтық түзету) жұмыстары жүргізіліп отырды. Сынып жетекшілерге оқушыларға көбірек көңіл бөліну, оқшау қалдырмау, жеке тапсырмалар беріп ортаға тарту сынып жетекшілерге ұсынылды.  

Жоғары сынып оқушыларғаСалауатты өмір салты бйынша «ЖИТС және оның алдын-алу» тақырыптары бойынша интерактив тақтамен бейне филъм, диспут, көрініс өткізілді. Диктанттар алынды. Оқушылар нашақорлықпен пайдаланған жастардың қандай нәтижеге жеткенінін көріп өздерінін ашық ой пікірлерін айтты және « Ерте жүктіліктің алдын-алу»бойынша іс-шаралар аудандық аккушер-гинеколог:С.Жантұрсынова және мед бикелермен бірлесіп жиі-жиі, өткізіліп тұрды.

Педагогтардың қарым-қатынас жасау біліктілігін, психологиялық-педагогикалық дағдарысын жетілдіру мақсатындапедұжыммен психологиялық тренингтер,ағартушылық жұмыстарыөткізілді. Жас мамандармен ұжымға бейімделу жұмыстары, психологиялық кеңестер, сенімділік тренингтер, сауалнамалар жүргізілді.

Үйден оқытылатын мүмкіндігі шектеулі оқушылармен, ата-аналармен жеке психологиялық жұмыстар өткізілді.

- жеке дамыту және түзету жұмыстары бойынша;

«Тәуекел топпен» коррекциялық жұмыс(айына 1рет)өткізіліп тұрды.Бесінші сынып дегеніміз не? «Біз бесінші сыныптамыз»тақырыптарында тренингтертөткізілді.Дарынды оқушылармен жұмыс жөнінде жалпы анықтама алынып, дарынды оқушыларды анықтау үшін өткізілетін іс – шара бойынша, директордың оқу – тәрбие ісі жөніндегі орынбасарымен бірге, дарынды балаларды іріктеу үшін диагностика жүргізу және қабілеттеріне қарай топтай отырып, тапсырманы орындау барысында олимпиадағабаратын оқушылармен. Атқарылатын іс – шараларға орай оқушылар қатысатын «Жарқын болашақ», және т.б. мектепішілік қалалық, облыстық олимпиадаларға дайындық барысында түрлі психологиялық-педагогикалық жұмыс жүргізілді.

Үлгерімі төмен оқушыларды анықтау үшін өткізілетін іс – шара бойынша, директордың оқу – тәрбие ісі жөніндегі орынбасарымен бірге, сынып жетекшілермен бірлесіп, әр сыныптың жарты жылдық оқу үлгерімі нәтижесін және пәндік бақылау жұмыстарын алу арқылы үлгерімі төмен оқушыларды анықтау үшін жұмыс істей отырып, тапсырманы орындау барысында 1-11 сынып аралығындағы оқушыны алдық.

Оқушылардың танымдық қабілеттерін арттыру, мектептегі оқу үрдісіне бейімділігін дамыту, ой-өрісінің дамуы оны қоршаған заттар мен құбылыстарды қабылдауын әрі қарай дамыту үшін жеке түзету – дамыту жұмысы жыл соңына дейін алып, жұмыс бағдарлама бойынша жүргізілді. Таным процесі төмен оқушылармен дамыту тренингтері өткізілді. Оқушыларға сауықтыру, түзету жаттығуларын жүргізу, өзін – өзі қалыпты ұстап, сенімді болуға, білімдерін өз дәрежесінде көрсете білуге кеңес беріліп, топтық –дамыту жұмыстары өткізілді. 

Ата – аналардың психологиялық білімдерін кеңейту мақсатында «Өз балаңа үлгі бол»2-4,8-9 ата-аналарына психологиялық конференция өткізіліп.1-11 сынып аралығындағы оқушылардың ата-аналарына жеке сынып бойынша, сынып жетекшімен бірлесіп жиналыстар өткізілді. Осы жиналыста психологиялық жұмыстың бағыттары бойынша: ата-аналармен жеке жұмыстар, топтық жұмыстар, психологиялық тренингтер өткізілді.Нәтижесінде: сауалнама көрсеткіші бойынша мектеп оқушылардың ата – аналары мен бала арасында қарым – қатынасы жақсы.

Ата-аналар баланың жан дүниесін тек түсініп қана емес, әрі жақсы, дұрыс тәрбиелеуге үлес қосқысы келіп, жеке кеңес алуға, сонымен қатар психологиялық сауалнамаға қызығушылығын білдірді. Жиналыс мейірім мен кешірімділікке көбірек ойысып кеткен. Мектептің мұғалімдерінің жемісті тәрбиесі де балалардың ата – аналарымен осындай жақын қарым – қатынасына септігін тигізіп отыр. Жоғарыда көрсетілген іс – шаралар ата – ананың балаға деген көз қарасын, жауапкершілігін арттырып, қолдау көрсетілді.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.