Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Асанбай Асқаров атындағы жалпы орта мектебінің



Асанбай Асқаров атындағы жалпы орта мектебінің

 

Психологиялық қызметтің 2019-2020 оқу жылының жылдық есебі.

Оқушылардың психофизиологиялық денсаулығын, дамуын есепке алып, жеке тұлғаның ерекшелігін жан-жақты зерттеп, жан дүниесін дамыту. Педагогтардың және ата-аналардың қарым-қатынастарын жақсарту, психологиялық-педагогикалық біліктілік дағдысын қалыптастыру, 2019-2020 оқу жылындағы жоспарға сәйкес психодиагностика, психологиялық түзету, дамыту, психологиялық ағарту, кеңес 1-11 жалпы сынып аралығында, оқушыларға, педагогтар мен ата-аналарға атқарылатын жұмыстың бағыттары бойынша психологиялық жұмыстар атқарылды. Жоғарыдағы мақсаттарды орындау барысында жоспар бойынша жүргізілген жұмыстар:

Жұмыс түрлері бойынша қорытынды:

1.Психологиялық диагностика жұмысы: 12

жеке психодиагностика бойынша-13

Психодиагностикалық минимум бағдарламасы бойынша жеке тұлғалық ерекшеліктерін терең сұраныс бойынша зерттеулер: ата – ананың сұранысы бойынша 4– оқушыға,

әкімшіліктің сұранысы бойынша 3-оқушыға,

мұғалімдердің сұранысы бойынша 4 - оқушыға және

оқушылардың сұранысы бойынша 2 - жеке зерттеу өткізілді.

Нәтижесімен таныстырылып, байланыс жұмыстары жасалынды. 

топтық психодиагностика бойынша - 9

1.  1-сыныпқа қабылданған балалардың мектепте оқуға бейімділігін анықтау мақсатында: Йрасек-Керн тесттері алынды.Мектеп- оқушыата-ана қарым-қатынасын жақсарту мақсатында «Өз балаңа үлгі бол» тақырыбында 1-11сыныптарының ата-аналары аралығындапсихологиялық конференция өткізілді. Діни экстремизім және терроризмнің алдын- алу мақсатында «Елімізде тыйым салынған ағымдар туралы кеңейтілген мәлімет»8-10сыныптар аралығында өткізілді. 1.бағыт Психологиялық диагностикаМінез-құлқы қиын оқушылардың жеке тұлғалық ерекшеліктерін анықтау «Темперамент»тесті 3-11сыныптар аралығында алынды.Орта буынға бейімделуін анықтау мақсатында «Менің сыныбым»әдістемесі алынды.Оқушылардың мектептегі психологиялық – эмоционалды көңіл-күйін анықтау 5 – сынып оқушылары арасында орта буында оқу жүйесіне бейімделуіне байланысты: Филлипстің «Оқушылардың мектепте мазасыздануын анықтау»тесті өткізіліп, нәтижесі: сыныпта психо – диагностикалық жұмысқа қатысқан – оқушы: жоғары 29-30 ұпай жинаған 5-оқушы, 10-28 ұпай аралығында – жинаған 6 оқушының орта деңгейде мазасыздануы бар, қалған 50 оқушы жақсы бейімделгені анықталды. Сыныпта өзін-өзі көрсетуден қорқу, мектептегі жалпы аландаушылыққа бейім емес. Сонымен, қорыта келе, бағалау шкаласы бойынша оқушылардың туындаған мәселелерді өздері шешіп, тыныш әрі ақылмен жұмыс істейтіндігі байқалды.

2. Темпераментті анықтау, Айзенк әдістемесі бойынша 5-11 - сынып аралығындағы 353– оқушыға өткізілген әдістемесінің қорытындысы:

Холерик –55 Меланхолик – 7,

Сангвиник – 91 Флегматик – 200

Нәтижесі:Осы анықталған темпераменттері бойынша сынып жетекшілермен бірлесіп топтық жеке жұмыстар ұйымдастырылып өткізілді.Ерекше меланхоликтерге көніл бөлінді. Оқушылардың басым көпшілігі флегматик,сангвиник, холерик тобына кіреді, соған байланысты сынып жетекшілерге, оқушыларға жеке-түзету жолдары көрсетіліп кеңес берілді. Сонымен қатар өткізілген Айзенк темперамент пен ерекше мінез анықтау әдістеменін нәтижесі бойынша жеке-топтық түзету мақсатында; ойындар, тренингтер, кездесулер өткізілді.

3.Оқушылардың ситуацияға деген қобалжу деңгейін, оның шығу себебін, 5 – 7 сыныпаралығындағы 161 - оқушыға өткізілген Кондаштың «Қобалжу шкаласы» балалардың ситуацияға деген қобалжу деңгейін, оның шығу себебін анықталды. Қорытындысы: мектеп және мұғалімдермен қарым – қатынасына байланысты жағдайлары орта деңгейде қобалжуы болса; өзіндік бағасы туралы жағдайлар жоғары;                                                                                                                                                                                                                                               Қарым-қатынас жағдайлары жақсы деңгейде екені анықталды. Жалпы жоғары көрсеткіш қобалжуы 14 %, орта 26%, бірқалыпты 60% .                                      

4. Жоғары 8-11-сынып аралығындағы 163оқушыға өткізілген Г.Айзенктің “Тұлғаның психологиялық жағдайын анықтау”әдістемесінің қорытындысы бойынша:

Үрейшілік шкаласы – үрей жағдайы төмен кезде де, бейберекет мазасызданады 12%.

Фрустрация шкаласы – мақсатқа жетудегі нақты немесе нақты емес тосқауылды сезінуден туындайтын психологиялық жағдай болады: 16%

Агрессия шкаласы - өзгеге күш көрсету арқылы лидерлікке ұмтылудың, көтеріңкі психологиялық белсенділік көрсеткіші анықталған 10%.

Икемсіздік шкаласы – кезкелген әрекетті өзгертуге талап қойылғанда субъектің қиналуының көрсеткіші жоғары ұпай бар оқушылар 17% анықталды. Осы оқушыларға жеке кеңес беріліп, жұмыстар өткізілді.

5. А.Беловтың «Темперамент формуласы»әдістемесі бойынша, ата-ана және мұғалімдердің темпераментті толық анықталған жоқ. Қорытындысы: алынған сауалнама бойынша, басым көпшілігінің темпераментті 37 % - сангвиник пен  41 % - холерик, 14 % - меланхолик 8 % - флегматик.

6.Дж. Морено социометрия сауалнамасын топтағы тұлғааралық қарым-қатынастарды зерттеу мақсатында 5 – 7 - сыныпсынып аралығындағы 161 - оқушыға өткізілген. Нәтижесіндесыныптардың психологиялық ахуалы әр түрлі, сыныпта көшбасшы, орта қалыпта және шектеліп, оқшауланып,сыныптағы қарым- қатынасы төмен оқушылардың бар екені анықталды. Осыған байланысты сынып жетекшілермен, ата-аналармен және жеке топтық түзету дамыту жұмыстары жүргізілді.

7. Әкімшіліктің сұранысы бойынша мектепшілік 6-11 сынып аралығындағыоқушыларға, олардың ата-аналарына және мұғалімдерге сауалнама өткізілді. Нәтижесібойынша оқушылардың психологиялық ахуалдары, мұғалімге деген тән белгілері, жалпы ата аналардың көзқарастары, мұғалімнің сұраныстары айқындалып қарастырылды. Осыған байланысты жаңа тәжірибелік жұмыстары енгізілді.

8. Оқушылардың мамандыққа икемділігін зерттеу барысында 9а,ә-сыныптарға ДДС Климов,Д. Голланд сауалнамасы алынды. Мақсаты: кәсіби-тұлғалық типті бағалау мен тұлғаның әлеуметтік бағытын анықтау. Қатысқан 40 оқушы, нәтижесінде: сыныптағы оқушы өзінің жауабы бойынша қай бағытына деген бейінділігі бар екені анықталды. Реалистік типке – 7, Зияткерлік тип – 3, Әртістік тип - 10, Іскер тип -1, Конвенциалды тип – 6, Әлеуметтік типке – 13 оқушы бейінділігін көрсетті.

Қорытынды: Сонымен, қорыта келе, бағалау шкаласы бойынша оқушылардың басым бөлігінде әлеуметтік, әртістік, реалистік типке икемділігі бар екені анықталды. Оқушыларға жалпы осы бағыт бойынша таңдалған мамандық жайлы әнгіме өткізіліп, кеңес берілді.

Мамандыққа байланысты интер актив тақтаны пайдаланып «Мамандықтың бәрі жақсы тек оны таңдай білейік!» тақырыбындағы дөнгелек үстел оқушылармен өткізілді.

9. Оқушының жоғары қабілетін анықтау кезінде, 5-11 сынып аралығында 59 оқушы әртүрлі бағыт бойынша бейімділігі жоғары екені анықталды. Спорт, пән бойынша олимпиадаларға қатысар алдында психологиялық көмек көрсетілді.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.