Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Дәнекерлеудің даму тарихы.



Дәнекерлеудің даму тарихы.

 

Электр доғасының жалынын пісіру мақсаты үшін пайдалануды орыс ғалымдары В.В.Петров, Н.Н.Бенардос және Н.Г.Славянов ойлап тапқан.

1802 жылы дүние жүзінде тұңғыш рет Санкт-Петербург медициналық-хирургиялық академиясының профессоры Василий Владимирович Петров электр доғасы жаңалығын ашты. 1803 жылы бұл құбылысты өзінің «Известие о гальвани-вольтовских опытах» кітабында сипаттап, электр жарықтандыру және металдарды балқыту үшін доғаларды іс жүзінде қолдану мүмкіндігін көрсетіп берді.

Орыс өнертапқышы Николай Николаевич Бенардос 1882 жылы алғаш рет шоғырландырғыш батареясынан шыққан электр энергиясынан қоректенетін көмірлік доғаны пайдалана отырып, металдарды біртұтас етіп жалғастыру үшін электр доғасын қолданды. Ол 1885 жылы «Электр тогының тікелей әсерімен металдарды жалғастыру және ажырату әдісі» деген атаумен патент алды. Н.Н.Бенардос қазіргі өнеркәсіпте қолданылатын пісірудің бірқатар басқа түрлерінің авторы болып табылады.

Бірнеше жылдардан кейін, 1988 жылы орыстың инженер –металлургі және өнертапқышы Н.Г.Славянов металдық электродпен пісірудің түрін талдап-жасап, «Металлдарды электрлік құюға арналған аппараттар және оның әдісі» және «Металл құймаларды электрлік тығыздау әдісі» деп аталатын екі патент алды. Н.Н.Бенардос пен Н.Г.Славяновтың жаңалықтарының іс жүзіндегі құндылығы айқын болғанмен, Қазан төңкерісіне дейін металдарды жалғаудың бұл ілгермелі әдісі Ресейдің техникалық мешеулігі себебінен кең қолданыс таппады. Тек кеңес дәуірінде ғана бұл процесс кең өріс алды.

 

Сөздік:

медициналық-хирургиялық академиясы- медико-хирургическая академия

электр жарықтандыру -электрического света

көмірлік доға- древесный уголь.

өнертапқыш-изобретатель

электр доғасы-электрическая дуга,

«Электр тогының тікелей әсерімен металдарды жалғастыру және ажырату әдісі» -

«Способ соединения и разъединения металлов непосредственным действием электрического тока».

металдық электродпен пісіру- дуговая сварка металлическим электродом

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.