Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Жиілік сөздік және оны тіл үйрету әдістемесінде қолдану



Р. Б. Сұ лтанғ алиева,

М. Ө темісов атындағ ы БҚ МУ

қ ауымдастырылғ ан профессоры,

филология ғ ылымдарының кандидаты

    Аннотация. Мақ алада қ азақ лексикографиясының жиілік сө здікке байланысты тарихы, жиілік сө здіктің жеке автордың идиолексикасын, тіл байлығ ын анық таудағ ы рө лі, сонымен қ атар, оны тілді оқ ытуда қ олданудың қ азіргі мә селелері қ азақ тілін оқ ыту ә дістемесімен бірге ө ріледі. Қ азақ стан Республикасының жалпы білім беру саласында жү ргізіліп жатқ ан жаң а ө згерістер, сонымен байланысты жаң а ә дістемені жү зеге асырудағ ы жиілік сө здіктердің маң ызы мен орны, тиімді жақ тары туралы айтылады.

    Тірек сө здер. Тіл, тіл байлығ ы, лингвистикалық статистика, лексикография, жиілік сө здік, сө з, мә тін, ә дістеме.

    Сө здіктер барлық заманда да халық тың мә дениеті мен тарихының алтын қ азынасы есептелгені белгілі. Сол себепті ә р заманның кө зі ашық, кө кірегі ояу азаматтары кө ріп-білгендері мен ұ қ қ андарын хатқ а тү сіріп, оны келесі ұ рпақ қ а жеткізіп отыруғ а тырысып отырды.

    Тү ркілер ә лемінде ХІ ғ асырдағ ы М. Қ ашқ аридың сө здігі тү ркі сө здері мен фразеологизмдерін, ө лең дерін қ амтығ ан танымал туынды. ХІІІ ғ асырдағ ы Ибн Мансұ рдың сө здігі ә лі кү нге араб тілінің ең кө лемді сө здігі болып табылады. ХҮ ІІІ ғ асырда Джонсонның ағ ылшын тілі сө здігі жазылса, 1783-1794 жылдары " Словарь Академии Российской" деп аталатын орыс тілінің тү сіндірме сө здігі жасалды. Осыдан кейін ХІХ ғ асырда В. И. Дальдің сө здігі т. б. сө здіктер пайда болып, сө здік жасау тә жірибесі дами бастады. ХҮ ІІ ғ асырда академиялық сө здіктер шығ арумен айналысатын арнайы академиялар пайда болды. Осы ғ асырда лингвистикалық сө здіктермен қ атар энциклопедиялар шығ а бастады. Сө здік ісінің дамуымен тіл тарихы мен тіл жү йесін зерттеуге деген ғ алымдардың назары да арта тү сті деуге болады. Осылайша сө здіктердің халық тың, адамзаттың мә дениеті мен тарихын ғ асырдан ғ асырғ а, ұ рпақ тан ұ рпақ қ а жеткізуші мә дени мұ ра ретіндегі қ ызметі артты. Бү гінде сө здіктердің сан алуан тү рлері пайда болды жә не олар тү рлі мақ сатқ а қ ызмет ете бастады.

    Қ азақ тілінің тарихында жә не жалпы бұ рынғ ы кең естік елдердің тарихында қ азіргі тілдің лексикографиясы ХХ ғ асырда барынша дамыды. 1949 жылы С. И. Ожеговтың сө здігі жарық кө рсе, 1950-1956 жылдары орыс тілінің 17 томдық академиялық сө здігі жасалды.

    1959-1961 жылдары екі томдық " Қ азақ тілінің тү сіндірме сө здігі" жарық кө рді. " Бұ л " Сө здік" - қ азақ тілінде тү сіндірме сө здік жасаудың ең алғ ашқ ы тә жірибесі" саналды [1, 190 б. ]. Кейін А. Ысқ ақ овтың басшылығ ымен қ азақ тілі тү сіндірме сө здігінің он томдығ ы (1974-1986), бір томдығ ы басылып шық ты (1999), сондай-ақ, " Абай тілі сө здігі" (1968), І. Кең есбаевтың " Қ азақ тілінің фразеологиялық сө здігі" (1977), " Қ азақ тілінің синонимдер сө здігі" (1962), Ж. Досқ араевтың " Қ азақ тілінің жергілікті ерекшеліктері" (1956) атты диалектологиялық сө здігі т. б. кө птеген нормативтік, диахрондық сө здіктер жарық кө рді.  

    Қ азақ тілінің жиілік сө здігінің дамуы қ азақ тілін статистикалық зерттеу мә селесі қ олғ а алынғ ан кезден басталады. 1936 жылы қ азақ ғ алымы Қ. Жұ банов " Қ азақ тілінің грамматикасында" сө йлем мү шелерінің орны, дыбыстардың саны мен сапасы, тү рлері, " тілді зерттеуде, оның заң дылық тарын қ арауда, есеп-санақ қ а, ретті жерінде математикалық ойлауғ а, оның тә сілдеріне сү йенгендігі" кейінгі ғ алымдардың ең бектерінде айтылып жү р. Жиілік сө здік мә селесімен айналысатын қ азақ статистикалық лингвистикасының бастауын ғ алымдар Қ. Жұ бановтың зерттеулерінен кө реді [2, 22 б. ]. Одан кейінгі жылдары статистикалық лингвистика мә селелері Қ. Бектаевтың зерттеу ең бектерін арқ ау болды. 1973 жылы " Қ азақ тексінің статистикасы" атты ғ ылыми жинақ жарық кө рді [3]. 1973-1974 жылдары Р. Г. Пиатровский мен Қ. Б. Бектаевтың " Математические методы в языкознании" атты жоғ ары оқ у орындарына арналғ ан оқ у қ ұ ралы жасалды [4]. 1978 жылы Қ. Б. Бектаевтың " Статистико-информационная типология тюркского текста" атты монографиясы жарық кө рді [5]. Осы жылы Ә. Қ. Қ ұ рышжанов, А. Қ. Жұ банов, А. Б. Белботаевтың " Куманша-қ азақ ша жиілік сө здігі" баспа бетін кө рді [6]. 1979 жылы Қ. Б. Бектаев, А. Қ. Жұ банов, С. Мырзабеков, А. Б. Белботаевтың авторлығ ымен " М. Ә уезовтің " Абай жолы" романының жиілік сө здігі" шық ты [7].      

Жиілік сө здік зерттеуші зерттеген мә тіндерінен тізіліп жасалғ ан сө здер мен басқ а да лингвистикалық бірліктерден (сө з формалары, сө з тіркестері) тұ ратын сө здік. Онда ол лингвистикалқ бірліктердің берілген мә тінде қ олданылу жиілігі кө рсетіледі [8, 4 б. ]. Бү гінге дейінгі қ азақ, орыс тілдеріндегі жиілік сө здіктердің басым кө пшілігі жеке автордың туындылары бойынша мә тіндерді зерттеуге бағ ытталып, жеке автордың идиолексикасын, лексикалық қ оры мен қ ұ рамын анық тауғ а арналды жә не бұ л бағ ыттағ ы зерттеулер жалғ асуда. Мә селен, Ю. Лермонтов ө зінің шығ армаларында 15000 шамасында сө з қ олданғ ан, Д. Граниннің " Картина" атты шығ армасындағ ы кейіпкер С. С. Лосевтің дискурсы " 2210 тү рлі сө зден жасалғ ан 5571 сө з қ олданыстан тұ рады", оның лексиконындағ ы ең кө п қ олданылатыны 186 сө з кү ллі мә тінге шақ қ анда мә тіннің 75-90 пайызын қ амтитыны" туралы нақ ты статистикалық болжамдар айта алсақ, ол осындай жиілік сө здіктердің арқ асында [9, 101-137 бб. ]. Ю. Н. Караулов жиілік сө здіктердің маң ызын " сол заманды қ ызық тырғ ан тақ ырыптар қ атарын" (о тематических пристрастиях эпохи) жә не нақ ты автордың ө зіндік ерекшеліктерін анық тауғ а болатынымен тү сіндіреді. Оны М. Ю. Лермонтовтың шығ армалары негізінде тү сіндіре отырып, ол былай дейді: " установив статическую структуру языка Лермонтова, мы можем определить степень лексического разнообразия дискурса поэта, которая оказывается, кстати сказать, не слишком большой: 100 самых частых слов составляют почти половину всех словоупотреблений, а 1000 самых частых слов покрывает более 75% текстов" [9, 105 б. ].

    Зерттеушілердің дә лелдеуіне қ арағ анда, " қ азақ тың бас ақ ыны" Абай Қ ұ нанбайұ лының шығ армаларында 6293 сө з, 46596 сө з қ олданыс бар екен. Ең жиі қ олданылғ ан айт (107 рет), ақ ыл (188 рет), ал (600 рет), ат (133 рет), бай (94 рет), бала (191 рет), бә рі (192 рет), бер (338 рет), бой (120 рет), бол (1239 рет), бұ л (334 рет), біз (123 рет), бір (575 рет) жиі қ олданысқ а тү скен. Кө п қ олданылғ ан " бол" сө зіне қ арап, ақ ын ойларына арқ ау, шығ армаларына тірек болып, толғ андырғ ан тақ ырыпты айқ ындау оң ай. " Абай жолы" романында тек 1 жә не 2 рет қ ана қ олданылғ ан 8698 сө з барлық 16983 сө здің 50% қ ұ раса, Пушкин шығ армаларында осындай жиіліктегі 9301 сө з барлық 21197 сө здің 44%, " Абай тілі сө здігі" бойынша 3877 сө з барлық 6017 сө здің 64 %, Мамин-Сибиряктың " Приваловские миллионы" шығ армасындағ ы 7312 сө з барлық 11283 сө здің 65% қ ұ райды екен. Бұ л статистикалық мә ліметтер ақ ын-жазушылардың тіл байлығ ы туралы нақ ты мә ліметтер береді [2, 53 б. ].

    Бү гінде қ алыптасқ ан жиілік сө здіктердің мынадай тү рлері мә лім:

1) ә ліпби-жиілік сө здік;

2) жиілік сө здік;

3) кері ә ліпби-жиілік сө здік;

4) сө знұ сқ ағ ыш ә ліпби-жиілік сө здік (сирек қ ұ растырылатын жиілік сө здіктің тү рі) [2, 33 б. ].

    Жиілік сө здіктердің кө пшілігі қ олданбалы ғ ылымдардың жетістіктеріне сү йене отырып жасалса да, негізінен филологиялық мақ сатты - жеке автордың сө з қ олданысын, тіл байлығ ын анық тау арқ ылы оның жалпы ұ лттық тілді дамытуғ а қ осқ ан ү лесін айқ ындауды кө здеді. Қ азіргі кезде жиілік сө здіктердің заман сұ ранысына сай қ олданбалы артық шылық тарын пайдалану мә селесі айтыла бастады. Бұ л ретте жиілік сө здіктердің тілді оқ ыту мә селесін шешудегі рө лі қ азақ қ оғ амында талқ ылануда.

    Елімізде мемлекеттік тілді ү йрету мә селесі бұ рын соң ды осыншалық ты кө терілмеген болар жә не бұ л ә ң гіменің басталғ анына кө п уақ ыт ө тсе де, ә лі кү нге оның нақ ты ә дістемесі жеткілікті қ алыптаспай отыр. Орыс мектебін бітірген оқ ушылардың қ азақ тілін білмеуі, қ азақ ша сө йлемеуі оның айқ ын дә лелі. Бұ л жағ дай жоғ ары оқ у орнында да мамандық тілін, кә сіби бағ дарланғ ан қ азақ тілін мең геруіне кө п кедергілер ә келіп жатқ аны белгілі [10].

    Осы мә селені ескере келе, Қ Р БжҒ М 2017 жылы осы бағ ытта арнайы жұ мыстар жү ргізудің арқ асында қ азақ тілін оқ ытудың жаң а ә дістемесін жасап шығ арды. Ресми деректерге сү йенетін болсақ, бұ л ә дістеменің мә ні " оқ ушылар қ азақ тілін мең геруді ең алдымен жиі қ олданатын белсенді сө здерді жаттаудан бастайды да, ол оқ ушылардың тіл байлығ ының біртіндеп дамуына ә келеді", осылайша тіл ү йренуде оқ ушы ә уелі жиі кездесетін сө здерді ү йренеді де, сосын барып сирек қ олданылатын сө здерге кө шеді [11].

    Бұ л Парето жә не Эббингауз қ исық сызығ ы ұ станымдарымен тү сіндіріледі. Парето ұ станымын басшылық қ а алу тіл курстарын жеделдетуге ық пал етеді. Осы ұ станымғ а сү йенер болсақ, қ азіргі заманда адамдар 65% ақ паратты жеткізу ү шін 400 сө з пайдаланса, 82% ақ парат ү шін 1000 сө з, 99% ақ парат ү шін балығ ы 8000 сө з пайдаланады екен. Қ алғ ан сө здер 1%-дан да кем ақ паратты арқ алап тұ рады. Егер барлығ ына таныс бір мә тінді алып, одан 400 сө зді алып тастар болсақ, мә тіннен 35% қ алады. Егер 1000 сө зді алып тастар болсақ, 18%, 8000 сө зді алып тастар болсақ, бар-жоғ ы 1% мә тін қ алады екен. Орташа есеппен алғ анда тілде 80-90 мың дай сө з болса, қ алғ ан 92%-ы барлығ ы 1 ғ ана пайыз ақ паратты жеткізе алады екен (американдық статистика) [10].

    2011 жылы басып шығ ару ісі толығ ымен аяқ талғ ан қ азақ тілінің ә деби сө здігінде барлығ ы 150 мың сө з қ амтылғ ан болса, осылардың ішінде кү нделікті қ арапайым қ арым-қ атынасқ а, қ арапайым тілді тү сініп, сө йлесуге, негізгі ақ паратты жеткізуге қ ажеттісі 106 мың сө зді қ ұ райды екен. Қ азақ тіліндегі 120-ғ а жуық грамматикалық оралымның маң ызды деген 20-сын білсе, кү нделікті қ арым-қ атынасқ а, ақ парат алмасуғ а жеткілікті екен. Парето ұ станымының мә ні де негізгі, керекті деген сө здер мен сө з тіркестерін, оралымдарды анық тап алу арқ ылы тілді оқ ытуды жеделдетуде.

    Эббингауз қ исық сызығ ы ұ станымы ақ паратты жадыда сақ тау мерзімін басшылық қ а алады. Эббингауз қ исық сызығ ын неміс психологы Герман Эббингауз 1885 жылы адамның жадысын эксперименталды зерттеу жолымен анық тағ ан. Ұ станымның мә ні мынада: адам ақ паратты қ абылдағ ан соң, 4 сағ ат ішінде бекіту болмаса, алынғ ан ақ параттың 50%-ы ұ мытылып қ алады екен. Ал 4 кү н ішінде 20%-ы ұ мытылады. Демек, кез келген материалды оны қ абылдағ ан соң, 4 сағ ат ішінде қ айталап, бекітуі керек. Тілді жә не басқ а да пә ндерді оқ ытуда ө ткен ақ паратты қ айталап отыру, 4 сағ ат ішінде бекіту ақ паратты ұ зақ сақ тауғ а ық пал етеді. Осылайша тілді қ олдануғ а қ ажетті маң ызды негізгі ақ паратты беру жә не оны бекіту, қ айталап отыру тілді оқ ытудың жаң а ә дістемесінің негізіне алынады [10].

    Қ Р БжҒ М бұ л ә дістемені енгізудің 3 кезең ін атап кө рсеткен болатын:

1) Белсенді лексиканың анық тауғ а мү мкіндік беретін жиілік сө здік жасау арқ ылы қ азақ тілінде неғ ұ рлым жиі қ олданылатын сө здерді айқ ындап алу;

2) Жиілік сө здік негізінде лексика-грамматикалық минимум (ЛГМ) жасау;

3) ЛГ минимумды баспагерлер мен оқ улық авторларына тарату арқ ылы жаң а ә дістемеге сә йкес оқ у базасын жаң арту [11].

    Ресми мә ліметтерге сү йенсек, бү гінде бұ л сатылардың алғ ашқ ы екеуі бойынша жұ мыстар атқ арылғ аны белгілі. " Жалпы білім берудегі қ азақ тілінің жиілік сө здігі" жасалып, ол 36 мың нан астам сө зтізбелік бірліктерді қ амтығ ан. Белсенді лексиканы анық тауда оқ ушылардың оқ у дискурсынан алынғ ан мә тін базасы қ арастырылып, онда 7 миллион сө зқ олданыс бары есептелген. ЛГ минимумғ а 1 сыныптан 11 сынып аралығ ында оқ ушы тілінде кездесетін сө здер енгізілген. Ғ алымдар сө здеріне дә лел ретінде мынадай дерек келтіреді. Мысалы, оқ ушы қ азақ тілінде ең кө п қ олданылатын " бол" етістігінің мағ ынасы мен қ олданылатын жағ дайларды жиілік сө здік арқ ылы мең геретін болса, онда ол қ азақ мә тінін 1, 8%-ғ а тү сіне алады екен. Ал егер ол ә ліпби-жиілік сө здіктің алғ ашқ ы 20 сө зін білсе, шамамен мә тінді 12, 9%-ғ а тү сіну мү мкіндігіне ие бола алады [11].

    Ә уел баста жиілік сө здіктерді қ ұ растырудағ ы мақ сат та белсенді лексиканы анық тап, тіл ү йренушілерге сол сө здерді тірек етіп оқ ыту арқ ылы максимум нә тижеге жету, максималды сө з қ олданысын ү йрету, мә тінді тү сінуде максималды жетістікке жету болғ ан болатын. Жалпы жиілік сө здіктер тарихынан деректер келтіретін болсақ, алғ ашқ ы кездегі ғ алымдардың есебі бойынша, жиілік сө здіктің алғ ашқ ы 100 сө зі мә тіндегі сө з қ олданыстарының 50%-ын, алғ ашқ ы 1000 сө з 70-80%-ын тү сінуге мү мкіндік береді екен [12]. Алайда мұ ндай тұ жырымдар мен жиілік сө здіктер арнайы іріктеліп алынғ ан нақ ты мә тіндер жиынтығ ы негізінде жасалатынын ескеру керек. Демек, жиілік сө здіктер нақ ты мә тіндерге, дискурстарғ а байлаулы болады. Алғ ашқ ы жиілік сө здіктер жазба тіл негізінде іріктеліп, оқ у мақ сатына сай сұ рыпталып алынғ ан мә тіндер бойынша жасалғ андық тан, ауызекі тіл назардан тыс қ алып қ ойды. Тілді ү йренудегі мақ сат тек жазбаша емес, ауызша қ арапайым тұ рмыстық қ арым-қ атынасқ а ү йрену болғ андық тан да, бұ л жағ дай жазба тілге негізделіп жасалғ ан жиілік сө здіктердің практикалық қ ұ ндылығ ына кү мә н туғ ызды. Жазбаша ә деби тілде жазылғ ан мә тіндерде ауызекі тұ рмыстық тілде қ олданылатын кө птеген сө здер болмай шық ты. Ауызша тілді мұ ндай жағ дайда қ алай ү йретуге болатыны туралы ойлана келе, ә діскерлер ауызекі тіл жазбаларының негізінде жиілік сө здік қ ұ растыру ісіне кіріссе де, " қ арым-қ атынасқ а маң ызды" сө здерді анық тау, сө здердің жиілігін анық тау мү мкін болмағ ан. Сол себепті сө здердің жиілігі емес, кө п қ олданылатын сө здерді анық тау маң ыздылығ ы арта тү сті. Нә тижесінде кө п қ олданылатын сө здер сө здігі шығ а бастады. Мысалы, 1960 жылы ағ ылшын, неміс, француз тілдерінің кө п қ олданылатын сө здер сө здігі шық қ ан  [12].

    Тілдерді оқ ыту тә жірибесінде жиілік сө здіктің тиімділігі жө ніндегі пікірлер де бірың ғ ай емес. Жиілік сө здікте қ олданыс жиілігі кө п болып келетін, толық лексикалық атау мағ ынасы жоқ " жә не", " ал", " де" деген сияқ ты сө здерді білу тіл ү йренуді қ аншалық ты жең ілдете алады? Алғ ашқ ы сө здік қ ұ растырушылар жиілік сө здікте осындай сө здердің кө п болып, олардың қ атарында ауызекі тілде кездесетін " шанышқ ы", " қ асық ", " тү йме" деген сияқ ты сө здердің енбей қ алуын байқ ағ андық тан, сө здердің жиілігімен қ атар, қ ордаланғ ан сө здер (резервные слова, резервность) қ атарын да ескеру керектігін алғ а тартты. Мә селен, француз тілінің " бастапқ ы" жә не " базалық " курсы авторлары сө здердің жиілігімен қ атар, қ ордалануын (қ ордаланғ ан сө здер сө здігі/резервный словарь) басшылық қ а алуды ә дістемелеріне арқ ау еткен. Бү гінде мұ ндай жиілік сө здіктер орыс, шет тілдерін оқ ыту тә жірибесінде кең інен таралып отыр [12].

    Ә йтсе де, қ азақ тілін оқ ыту тә жірибесінде жиілік сө здіктерді оқ у мақ сатында қ ұ растыру, оны оқ ушығ а бейімдеп қ ұ растыру енді қ олғ а алынып жатыр.

    Қ азақ тілінде тілді оқ ыту мақ сатында қ ысқ а уақ ыт ішінде 2 жиілік сө здік жасалып ұ сынылғ ан. Бұ л сө здіктер осы бағ ыттағ ы алғ ашқ ы жұ мыстар деуге болады. Ресми ақ параттарғ а сү йенетін болсақ, оның бірі жоғ арыдағ ы аталғ ан сө здік болса, екіншісінің авторы - С. Оразов [13].

    Автор С. Оразовтың жасағ ан нұ сқ асында ХХ ғ асырда жарық кө рген кітаптардың электрондық базасы негізге алынғ ан, нә тижесінде 150 мың қ азақ сө зінен тұ ратын мә ліметтер базасы жасалғ ан. Арнайы компьютер программасы арқ ылы жинақ талғ ан мә ліметтер базасында жиі кездесетін бір тү бірлі сө здерді анық талғ ан. Автор қ азақ тілінде ең жиі қ олданылатын мынадай 5 сө зді кө рсетеді: " да", " бір", " деп", " де", " мен". Сө здік қ азақ тілін жеделдете оқ уғ а арналғ ан мобильдік қ осымшағ а негіз болғ ан.

    Ал жоғ арыда аталып ө ткен " Жалпы білім берудегі қ азақ тілінің жиілік сө здігіне" оқ ушының кү нделікті тілдік ортасында естіліп, айтылатын, қ олданылатын қ азақ сө здері тілдің барлық стильдеріне қ атысты мә тіндерден алынғ ан, ә сіресе оқ у дискурсына мә н берілген. Ол туралы Ф. Фазылжанова орыстілді оқ ушының тілдік ортасына тә н мә тін базасы " қ оғ амдық ортада кү н сайын кездесетін қ азақ сө здерін, радио мен теледидардан еститін, қ азақ тілді ақ парат қ ұ ралдарынан оқ итын сө здерді" қ амтығ анын айтады:

-  2, 5 миллион сө зқ олданыс ғ ылыми стильдегі (орыстілді мектептердегі қ азақ тілі, ә дебиет жә не тарих оқ улық тары, жаратылыстану бағ ыты бойынша қ азақ тіліндегі бастауыш сынып оқ улық тары) мә тіннен;

-746 мың сө зқ олданыс кө ркем ә дебиет стиліндегі мә тіннен (балалар ә дебиеті жә не кө ркем ә дебиет туындылары);

-465 мың сө зқ олданыс сө йлеу стиліндегі мә тіннен (ауызша тұ рмыстық қ атынас);

-69 мың ресми іс қ ағ аздары стиліндегі сө з қ олдану (кү рделі емес ресми қ ұ жаттар жә не Конституцияның негізгі баптары);

-669 мың сө зқ олданыс публицистикалық стиль мә тіндерінен (балаларғ а арналғ ан газет, журнал жә не телебағ дарламалардың мә тіні, " Егемен Қ азақ стан", " Ана тілі" сияқ ты қ оғ амдық -гуманитарлық бағ ыттағ ы қ азақ газеттері мен журналдарындағ ы мә тіндер);

-268 мың сө з қ олданыс ә р стильден аралас жиналғ ан мә тіннен алынғ ан.

    Жалпы саны 1 сыныптан 11 сынып аралығ ындағ ы оқ ушылардың сө здік қ орын қ амтитын 2884 сө з қ амтылғ ан [11].

    Қ орыта келгенде, Қ Р-да енгізу қ олғ а алынғ ан бұ л ә дістеме тә жірибеде енді іске асырылып жатыр. Жиілік сө здіктерді  оқ ыту ү дерісінде айқ ын мақ сатқ а сай қ олдануғ а негізделген бұ л жаң а ә дістеме мынадай міндеттерді шешіп бере алады:

1) оқ ыту ү дерісін қ арапайымнан кү рделіге қ арай ұ йымдастыру;

2) оқ ыту ү дерісі мен ә дістемесін, оқ у материалдарын бірізді, жү йелі ұ йымдастыру;

3) лингвистикалық, қ атысымдық материалдардың тілді білу дең гейлерінің ә рқ айсысы бойынша кө лемін анық тау;

4) білім берудің ә р сатысындағ ы оқ у мазмұ ны мен кө лемін анық тау;

5) оқ ыту ү дерісіндегі психологиялық мә селелерді шешу;

6) оқ у материалдарын ұ сынуда негізгі ақ парат пен қ осымша ақ паратты ажырату;

    Жалпы білім беру жү йесінде қ азақ тілін оқ ыту мазмұ нына мұ ндай нақ тылық беру оны жоғ ары оқ у орнында оқ ытудың да ә дістемесін біраз алғ а жылжытуғ а ық пал етеді. Бұ л ретте жоғ ары оқ у орындарындағ ы кә сіби бағ дарланғ ан қ азақ тілі аясында ә р мамандық қ а арналғ ан мә тіндер базасын жинақ тап, қ алыптастыру қ ажет. Сол мә тіндер корпусы бойынша жиілік сө здіктерді қ ұ растыру арқ ылы жаң а оқ ыту ә дістемесін жасау бү гінгі кү ннің ө зекті мә селесі болып табылады.

        

Қ олданылғ ан ә дебиеттер мен ақ парат кө здері:

 

1. Аханов К. Тіл білімінің негіздері. А, 2010.

2. А. Жұ банов. Қ олданбалы лингвистика: Қ азақ тілінің статистикасы. А.: Қ азақ университеті, 2004. 209 б.

3. Қ азақ тексінің статистикасы. Алматы, 1973. 731 б.

4. Бектаев К. Б., Пиотровский Р. Г. Математические методы в языкознании. Ч. 1. Теория вероятностей и моделирование нормы языка. Алма-Ата, 1973. 281 с.; Ч. ІІ. Математическая статистика и моделирование текста. Алма-Ата, 1974. 334 с.

5. Бектаев К. Б. Статистико-информационная типология тюркского текста. Алма-Ата, 1978. 183 с.

6. Қ ұ рышжанов Ә. Қ., Жұ банов А. Қ., Белботаев А. Б. Куманша-қ азақ ша жиілік сө здік. Алматы: Ғ ылым, 1978. 277 б.

7. Бектаев Қ. Б., Жұ банов А. Қ., Мырзабеков С., Белботаев А. Б. М. Ә уезовтің " Абай жолы" романының жиілік сө здігі. А, 1979. 334 б.

8. Алексеев П. М. Частотные словари. СПб.: Изд-во С. - Петерб. ун-та, 2001. 156 с.

9. Караулов Ю. Н. Русский язык и языковая личность. -М.: Издательство ЛКИ, 2010. – 264 с.

10. http: //www. fincenter. kz/news/? ELEMENT_ID=910     

11. https: //ok. ru/edugovkz/topic/66957968504234

12. (http: //lib. znate. ru/docs/index-277648. html).

13. https: //tengrinews. kz/kazakhstan_news/razrabotan-chastotnyiy-slovar kazahskogo-yazyika-297132/.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.