Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





А/ бейтараптық-антибиоз



 

Машық тану сабақ № 1

 

Тақ ырыбы: Фитоценоздардың қ алыптасуы жә не оның компоненттерінің қ арым-қ атынасы

 

Сабақ тың мақ саты: Фитоценоздардың қ алыптасуы жә не оның компоненттерінің қ арым-қ атынасымен танысу, ө сімдіктердің бір-біріне ә серлерімен танысу

 

Сабық қ а керекті қ ұ рал-жабдық тар: плакаттар, оқ улық тар.

 

Жалпы тү сінік.

Фитоценозғ а кіретін ә р ө сімдік, биологиялық жә не морфологиялық ерекшеліктеріне байланысты қ оршағ ан ортағ а ө зінің белгілі ә серін тигізеді.

Ө сімдіктердің бір-біріне ә серлері ә р алуан, олардың классификациясын ү ш тұ рғ ыдан қ арауғ а болады:

1. бір-біріне ә сер ету жолдары;

2. ө сімдіктердің бір-біріне ә сер етуін кө рсететін нә тижелері;

3. ө сімдіктердің бір-біріне ә сер етуінің онтогенез процесінде ө згеру ерекшелігі.

 

1. Ө сімдіктердің бір-біріне ә сер ету жолдарының классификациясын В. Н. Сукачев жасады Оның негізгі 3 формасы бар:

1. Тікелеи немесе тү йіскен

2. Трансбиотикалық немесе жанама (орта арқ ылы)

3. Трансбиотикалық

 

2. Ө сімдіктердің бір-біріне ә сер етуінің нә тижесінде классификацияны Г. Кларс ұ сынды.

Егер бір-бірінен тү йіскен ә р тү рлерге жататын организмдердің қ арым-қ атынастары сол екі организмге немесе біреуіне пайда ә келсе, ал екіншісіне зиян болмайтын болса, оны симбиоз деп атаймыз.

Егер ә р тү рлерге жататын организмдер арасындағ ы қ арым-қ атынас нә тижесінде бір организм екінші организмге зиянын тигізсе жә не ө зі ешқ андай пайда кө рмесе, оны антибиоз деп атаймыз.

Егер симбиоз екі организмге пайда ә келетін болса, оны мутализм, ал тек біреуіне пайда ә келетін болса, коменсализм деп атаймыз.

Б. М. Миркин, Г. С. Розенберг ө сімдіктердің бір-біріне ә серін жә не онтогенез процесі кезінде ө згеруінің классификациясын берді:

А/ бейтараптық -антибиоз

Б/ бейтараптық -антибиоз-антогонизм

В/Симбмоз- беитараптық -антибиоз

Г/симбиоз-беитараптық - антибиоз-антогонизм

 

 

Машық тану сабақ № 2

 

Тақ ырыбы: Ө сімдіктер ассоциациясы

 

Сабақ тың мақ саты: Ө сімдіктер ассоциациясы туралы жалпы тү сінікпен танысу.

 

Сабық қ а керекті қ ұ рал-жабдық тар: плакаттар, оқ улық тар.

 

Жалпы тү сінік.

 

Ассоциация /ағ ылшынша – association қ осу, қ ұ рама/ - фитоценоздардың классификациясындағ ы негізгі синтаксон /қ ауымдар систематикасындағ ы фитоценоздардың анық талғ ан типі/. Ассоциация терминін ең алғ аш рет қ олданғ ан неміс ғ алымы А. Гумбольдт ассоциацияғ а мынандай анық тама берді «Ассоциация – тіршілік ететін орын жағ дайлары біркелкі жә не сырт кө рінісі /физиономиясы/ біркелкі белгілі бір флоралық қ ұ рамы бар ө сімдіктер қ ауымы».

Ассоциация ө зінен кіші майда бө лшектерге бө лінеді: субассоциация, ассоциациялар варианттары. Сонымен бірге флоралық ортақ тығ ына байлынасты ірі синтаксондарғ а: одақ тар, қ атарлар, кластар тобы, дивизиондарды біріктірді, сыртқ ы (физиономиялық ) белгілеріне қ арай: ассоциациялар тобы, ассоциациялар класы, формациялар, формациялар тобы, формациялар класы, ө сімдіктер жабындарның типтерін ажыратты. Субассоциация дегеніміз – фитоценоздардың флоралық классификациясындағ ы ассоциациядан тө менгі дең гейі, яғ ни ассоциацияның экологиялық варианттары. Субассоциацияның мынандай тү рларін ажыратады: климаттық, эдафогендік, аймақ тық, сукцессиялық.

Климаттық субассоциация кең географиялық жә не климаттық алеалы бар ассоцияцияларғ а тә н. Мысалы қ арағ айлы қ ыналы орман ассоциациясы, орман зонасында жә не дала зонасында кездеседі. Оның барлығ ы бір ассоциацияғ а жатады. Ө йткені олардың ұ қ састық дә режесі жоғ ары. Бірақ оларғ а ә ртү рлі географиялық жағ дай, климат ө з ә серлерін тигізеді. Соның нә тижесінеде олардың ә рқ айсысында сол жерлердің жағ дайына тә н ө сімдіктердің кейбір тү рлері пайда болады. Олардың басқ а да ерекшеліктері болады (мысалы, ағ ашатардың қ алың дығ ында, қ арағ айдың ө суінде жә не оның ө німділігінде, жаң аруында т. с. с. ).

Эндоэкогендік субассоцияциялар ә ртү рлі болып келеді. Мысалы кез-келген бір шалғ ындық тағ ы бас астық тұ қ ымдас доминант болатын ассоциацияны алатын болсақ, ол ассоциация орналасқ ан учаскенің бір жері қ ұ рғ ақ, бір жері ылғ ал, тағ ы бір жерінің батпақ танып бара жатқ ан белгісі бар екендігін кө руге болады. Соғ ан байланысты мұ ндай ассоциация ішінде ассоциациялар бө лу ол ассоциацияның экологиялық біркелкі еместігін кө рсетеді.

Аймақ тық субассоциациялар тек қ ана ассоциация ареалының бір бө лігінде ғ ана орын алып, басқ а жерлерінде кездеспейді. Себебі ассоциация орналасқ ан учаскенің біркелкі еместігін кө рсетеді.

Сукцессиялық субассоциация ө те кең тарағ ан. Ол ассоциацияның дамуындағ ы (доминантты тү рлер ауысқ анша) сингенездің /фитоценоздардың қ алыптасуы/, экогенездің /фитоценоздардың ө згеруі/ ә ртү рлі фазалары.

Фитоценоздардың жә не ассоциациялардың белгілерін зерттегенде оларды аналитикалық жә не синтетикалық деп ажыратамыз.

Аналитикалық белгілер нақ ты фитоценоздарды сипаттайды, яғ ни олардың ә рқ айсысының флоралық қ ұ рамы, тү рлер арасындағ ы сандық арақ ытынасы жә не де олардың структурасы мен динамикасы бойынша ерекшеліктерді сипаттайды. Синтетикалық белгілер ассоциацияны сипаттайды. Оны осы ассоциацияғ а жататын ценоздарды /ө сімдіктердің табиғ и тобы/ салыстыру арқ ылы анық тайды. Бұ л белгілер, тү рдің белгілеріне ұ қ саса, олардың жиынтығ ы ассоциацияның диагнозын қ ұ райды. Сондық тан ол белгілерді ассоциацияның диагностикалық белгілері деп атайды.

 

 

Қ айталау сұ рақ тары

 

1. Ассоциация дегеніміз не?

2. Ассоциацияның қ андай тү рлерін білесіз?

3. Субассоциация дегеніміз не?

4. Субассоциацияның қ андай тү рлерін білесіз?

5. Ассоциацияның аналитикалық жә не синтетикалық белгілерін қ алай тү сінесіз?

 

Машық тану сабақ № 3

 

Тақ ырыбы: Ө сімдіктер жабынын классификациялаудың негізгі тә сілдері.

 

Сабақ тың мақ саты: Ө сімдіктер жабынын классификациялаудың негізгі тә сілдерімен танысу.

 

Сабық қ а керекті қ ұ рал-жабдық тар: плакаттар, оқ улық тар.

 

Жалпы тү сінік.

Фитоценоздардың классификациясы дегеніміз - ө сімдіктер қ ауымын сипаттап жазғ анда оларды ұ қ састығ ына байлынысты кластарғ а бө лу немесе біріктіру процедурасы. Ө сімдіктер қ ауымын жү йеге келтіру принциптеріне байланысты оларды классификациялауды мынандай негізгі топтарғ а біріктіреді: экологиялық, биоэкологиялық, динамикалық, генетикалық, физиономиялық, флоралық.

Фитоценоздардың экологиялық классификациясын ө ң деуді Е. Варминг бастап, Л. Дильс оны ары жалғ астырды. Классификацияғ а негіз етіп ассоциациялардың сыртқ ы жағ дайдарғ а, ә сіресе су режимине қ атысы алынады. Негіз етіп ө сімдіктердің экоморфалары (сыртқ ы ортаның жағ дайымен қ арым-қ атынасына байланысты тіршілік формасы) алынғ ан. Вармингтің классификациясы тө рт типтен тұ рады: гидрофиттер (артық ылғ алды жерлерде ө сетін ө сімдіктер), ксерофиттер (қ ұ рғ ақ шылық қ а тө зімді ө сімдіктер), галофиттер (батпақ ты жарлерде ө сетін ө сімдіктер), мезофиттер (ылғ алдылығ ы шамадан тыс болмайтын жағ дайда ө сетін ө сімдіктер) деп ажыратты. Л. Дильстың классификациясы бойынша гидрофиттер, гигрофиттер (галофиттер орнына, жаң быр суын пайдаланытын ө сімдіктер), мезофиттер, ксерофиттер деп ажыратты.

 

Фитоценоздардың биоэкологиялық классификациясы.

Б. Быков жер бетіндегі ө сімдіктерді 7 бө лімге ажыратты:

1. Бактерия ө сімдіктері қ ауымы

2. Балдырлар ө сімдіктер қ ауымы

3. Қ ына ө сімдіктер қ ауымы

4. Мү к ө сімдіктер қ ауымы

5. Папоротник тә різді ө сімдіктер қ ауымы

6. Жалаң аш тұ қ ымды ө сімдіктер қ ауымы

7. Жабық тұ қ ымды ө сімдіктер қ ауымы

 

Фитоценоздардың динамикалық классификациясы

Ф. Клементс ә рбір ө сімдіктер қ ауымына олардың сукцессия процесіндегі ролі, сукцессия қ атарындағ ы орны тұ рғ ысынан қ арады. Соның нә тижесінде ол сериялық жә не климакстық фитоценоздарды ажыратты. Сериялық қ ауымдар, ө сімдіктер жабындарының даму стадиялары ө кілдері ретінде, барлық ө сімдіктер қ ауымын – жас кезең інен бастап, соң ғ ысына дейін қ амтиды. Ә рбір сукцессиялық қ атардың соң ғ ы стадиясы – климакс Ф. Клементс климаксты – структурасы турақ талғ ан жә не климатпен тепе-тең дікке жеткен, ең орнық ты пісіп жетілген қ ауым деп тү сінді.

Фитоценоздардың динамикалық классификациясын Е. Айхингер ең тө менгі бірлік болып динамикалық тип «даму типін» санады. Бір динамикалық типке флоралық жә не структуралық бірдей белгілері бар тіршілік ететін орындары ұ қ сас, сукцессиялық қ атарда бір стадияғ а кіретін физиономиясы жақ ын қ ауымдар жатады. Динамикалық типтер ары қ арай ә ртү рлі белгілеріне (генетикалық, флоралық, экологиялық ) байланысты жү йеге келеді. Генетикалық белгілерін ұ қ састығ ына қ арай динамикалық типтер сукцессиялық серияларғ а, ал флоралық жә не экологиялық типтер – сукцессиялық комплекстерге топтастырылады. Динамикалық тип дегеніміз – ол сукцессиялық қ атардың бір стадиясы. Флоралық белгілердің ұ қ састығ ына байланысты динамиаклық типтер топтарғ а біріктіріледі.

 

Қ айталау сұ рақ тары

 

1. Фитоценоздардың классификациясы дегеніміз не?

2. Фитоценоздардың экологиялық классификациясы

3. Фитоценоздардың биоэкологиялық классификациясы

4. Фитоценоздардың динамикалық классификациясы

 

Машық тану сабақ № 4

 

Тақ ырыбы: Ө сімдіктер жабынын классификациялаудың негізгі тә сілдері.

 

Сабақ тың мақ саты: Ө сімдіктер жабынын классификациялаудың генетикалық, физиономиялық жә не флоралық тү рлерімен танысу.

 

Сабық қ а керекті қ ұ рал-жабдық тар: плакаттар, оқ улық тар.

 

Фитоценоздардың генетикалық классификациясы

В. Н. Сукачев фитоценоздарды генетикалық классификациясын ассоцияцияның шығ уына жә не тарихына негіздеді. Белгілі фитоценоз типтерінің қ алыптасу процесін алғ ашқ ыда ассоциация филогенеиясы, кейінірек филоценогенез деп атады. Филоценогенез флорогенезбен ө те тығ ыз байланысты. Флорогенез филоценогенезсіз дербес процесс бола алмайды, ол оның қ ұ рамды бө лігі. Филоценогенез процесі кезең інде ө сімдіктер тү рлерінің экологиялық жә не биологиялық қ асиеттері қ алыптасады. Қ азіргі кезде фитоценоздардың генетикалық классификациясын жасаудың нақ ты пікірлері дә лелін таппай отыр.

Фитоценоздардың физиономиялық классификациясы

Фитоценоздардың физиономиялық классификациясын майда масштабты карталады қ ұ растырғ анда физиономиялық белгілерді (сыртқ ы белгілері) пайдаланады. Бұ л белгілерді анық тау аэрофотосьемканың жә не космостан тү сірудің нә тижесінде алынады.

Фитоценоздардың флоралық классификациясы.

Фитоценоздардың флоралық классификациясын Браун-Бланке фитоценоздарды географиялық, тарихи-географиялық жә не экологиялық тұ рғ ыдан сипаттады. Ол ә ртү рлі аймақ тарда ө сетін ө сімдіктер жабындарын зерттегенде олардың флорасын толық зерттеп, ө сімдіктер тү рінің тізімін жасау жұ мыстарын /инвентеризация/ ұ сынды.

Браун-Бланке ассоциацияны субассоциацияғ а, варианттарғ а жә не фацияларғ а (ассоциацияның ең тө менгі сатысы) бө лді. Ассоциациялар одақ тарғ а, сосын қ атарларғ а жә не кластарғ а біріктірілді. Ол ерекше бірлікті атап кө рсетті ол кластар тобы жә не креистер. Бұ лардың қ ұ рамына викариат (лат викариус – орнын басатын) тү рлері, туыстары жә не тұ қ ымдастары бойынша ұ қ сас кластарды біріктірді. Креистерге ол тундралық ө сімдіктерін енгізді.  

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.