|
|||
Сапатаев Самат Абдиразакович, ҚазҰУ, 3-курс студентіСапатаев Самат Абдиразакович, Қ азҰ У, 3-курс студенті Ғ ылыми жетекші: т. ғ. к., доцент Омаров Ғ. Қ. ЖЫЛҚ Ы ЖҮ ГЕНІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ АТАУЛАР Жылқ ы жә не оның бейнесі кө шпенді халық тардың дә стү рлі мә дениетінде ерекше орын алды. Жылқ ының қ олғ а ү йретілуі кө шпенділердің ө міріне кө птеген ө згерістер мен жаң алық тар алып келді. Олардың қ атарына тү рлі мақ сатта қ олданылатын ә бзелдерді, арбаны, шалбар мен етікті, қ айқ ы қ ылышты жатқ ызуғ а болады [1, 6]. Жылқ ы ә бзелдерінің пайда болуы жайлы мынандай аң ыз бар. “Бірнеше мың жыл бұ рын мұ сылман патшасы Жә мшид ұ зақ қ а созылғ ан атты жорық тан соң, артын жарақ аттап алады. Ауырғ ан жерін жең ілдету ү шін жылқ ысының арқ асына иленген нан (қ амыр) салғ ызып мінеді. Ауырғ ан жері жазылып, қ амырдың жылқ ының арқ асына келісті пішінге келіп қ атая бастағ анын байқ ағ ан патша, аяғ ының талғ анын қ ойдыру ү шін, жылқ ы ү стінен тұ зақ тастап, оғ ан аяғ ын сала, одан аяғ ының талғ аны қ ояды. Сонда патша жайма нанның пішініндей етіп, ағ аш пен былғ арыдан зат жасауды бұ йырады. Осылайша ер пайда болады” [2, 157]. Ә бзелдердің пайда болуы жылқ ыны қ олғ а ү йретуді тездетіп, оның барынша дами тү суіне жә не басқ а да аудандарғ а таралуына ық пал етті. Олардың саналуан тү рлері кездеседі жә не барлығ ы ә р тү рлі міндетті атқ арады. Жалпы мінуге қ олданылатын жылқ ы ә бзелдерін жү ген (узда) жә не ер-тұ рман (седло) деп екі топқ а бө ліп қ арастыруғ а болады [3, 24]. Жү ген – жылқ ыны басқ аруғ а, тілеген жақ а бағ ыттауғ а, асауды ү йретуге жә не ырық қ а кө ндіруге арналғ ан жылқ ының басына кигізілетін жабдық болып табылады. Ол желке, маң дай, жақ, иек тұ старына келіп, езуді тартып тастамайтындай немесе бос қ алмайтындай етіп жылқ ы басына жымдастырылады [4, 239]. Жү геннің ө рме арқ ылы жә не қ айыстан жасалғ ан тү рлері бар. Ө рме жү ген таспадан ө ріледі, ол қ айыс жү геннен мық тырақ болады [5, 85]. Жү геннің қ ұ рамына ауыздық, сулық, тү рлі баулар, тізгін жә не қ осымша жабдық тар кіреді. Ауыздық (удила) – екі бө ліктен қ ұ ралып, бір-біріне қ ұ растырылу арқ ылы екі сулық тың арасына бекітілетін ә бзел. Ол ауыздың тісі жоқ жеріне тү сіп, жылқ ыны басқ ару барысында кө мегін тигізеді. Ауыздық ө зінің даму кезең інде ә р уақ ытта ә ртү рлі материалдардан жасалды. Кейінгі орта ғ асырлада ауыздық тар кү рделене тү седі жә не ә шекейлері кө бейе бастайды [6, 65]. Бұ л жылқ ы ә бзелдерінің ішінде ең қ ажетті жабдық. Ауыздық сыз жылқ ымен жолаушы жолғ а, сарбаз жорық қ а шық пағ ан [7, 5]. Жү геннің барлық міндеті, қ асиеті жә не негізгі ерекшеліктері осы ауыздық қ а байланысты болып келеді. Сулық (псалии) – ауыздық пен жү ген жақ тауын шығ ыршық арқ ылы жалғ астырып тұ ратын жабдық. Жақ тау ө з орнында дұ рыс тұ рып, ауыздық жылқ ы аузында бір қ алыпта қ озғ алуы ү шін жү генге сулық бекітіледі. Ауыздық пен жақ таудың жылжымалығ ы тікелей сулық қ а қ атысты. Бұ дан басқ а сулық қ а тізгін де қ осылады [7, 5]. Сулық ты кө шпенділер жылқ ыны қ олғ а ү йрете бастағ ан кезде ағ аштан, мү йізден, сү йектен жә не қ оладан жасағ ан. Кө не заманнан қ азірге дейін сулық тың кө птеген тү рі кездеседі, бірақ С. И. Руденконың айтуы бойынша ол жылқ ы басын бұ руғ а арналғ ан [2, 174]. Тізгін (повод) – жылқ ының басын тежеу, игеру ү шін пайдаланылатын, ұ штары жү геннің ауыздық шығ ыршығ ына байлану арқ ылы біріккен бау [8, 70]. Қ алың дығ ы біркелкі, жұ мсақ иленген қ айыстан жұ мырлығ ы жуан елідей тілінген, ұ зындығ ы бір қ ұ лаштай бұ л екі таспа ұ стағ анғ а қ олайлы болуы ү шін сыдырғ ыдан ө ткізіп қ ырналады. Тізгін бір теріден ә дейілеп қ атар тілінген таспаның қ алың жә не еттілеу жағ ын тұ йық тап жасалынады [7, 5]. Жү ген негізі бір-бірімен жалғ асқ ан ә р тү рлі баулардан (ремни) тұ рады. Бұ л баулар негізінен жү геннің жылқ ы басыннан қ озғ алмауы жә не тү сіп қ алмауы ү шін қ ажет. Оларғ а жақ тау, кекілдік, кең сірік, сағ алдырық жә не желкелік баулар жатады. Жақ тау (нащечный ремень) – жү геннің бір сулығ ынан басталып, жылқ ы басынның екі жағ ы арқ ылы желкесінен орап келіп, екінші сулығ ында ұ штасатын бө лігі [7, 5]. Ол екі бө ліктен сол жақ жақ тау жә не оң жақ жақ таудан тұ рады. Оны басқ аша мініс жақ жақ тауы жә не қ амшылар жақ жақ тауы деп те атайды. Мініс жақ жақ тауы қ ысқ а болып келеді. Жү геннің басқ а барлық бө ліктері жақ тауғ а келіп бірігеді. Желкелік (затылочный ремень) – жү геннің жылқ ы желкесін орай ө ткен бө лігі. Жү генді немесе ноқ таны осы желкелік арқ ылы қ ысқ артады немесе ұ зартады. Желкелік мінер жақ жақ тауғ а тоғ амен ұ штаса бекітіледі. Кекілдік (налобный ремень) – жылқ ы маң дайы арқ ылы қ ұ лақ тың тө мен жағ ы, кө здің жоғ арғ ы жағ ынан ө тетін жү геннің екі жақ тауын тұ тастырып тұ рғ ан бау. Оны кейде маң дайлық, милық, кекілбасар немесе кекілдірік деп те атайды [8, 63]. Кекілдік ноқ тада кездесе бермейді. Оның барлық жү генде болуы міндетті емес. Кө п жағ дайда кекілдіктің ортасына ө рнектелген бастырма немесе қ ұ ймалы ә шекейлер қ ойылады. Кең сірік (наносный ремень) – жү геннің жақ тауларын жылқ ының кең сірігі арқ ылы ө тіп барып жалғ астыратын бау. Жылқ ы басына кигізілген жү ген дұ рыс тұ руы жә не жылжып кетпеуі ү шін қ олданылады. Кең сірік ноқ тада болады. Сағ алдырық (подбородочный ремень) – жү геннің жылқ ы алқ ымы астынан оралып келіп жақ тауғ а қ осылатын бө лігі. Сағ алдырық екі бө лікке бө лініп жасалады. Мінер жағ ы қ ысқ а болып, қ амшылар жағ ы ұ зындау болады. Олар жақ тауғ а тоғ а арқ ылы бірігеді [2, 174]. Ноқ тада сағ ақ деген бө лшек болады. Сағ ақ – ноқ та жақ тауларының шылбыр тағ уғ а арналғ ан орны. Сағ ақ тың тұ йық талғ ан, ү збелі, бір шығ ыршық ты жә не қ ос шығ ыршық ты тү рлері кездеседі [7, 5]. Жү геннің қ осымша жабдық тарына шылбыр мен шаужайды жатқ ызуғ а болады. Олар жү геннің қ ұ рамына кіруі міндетті емес болып табылады. Шылбыр (чумбур) – жү геннің мінер жақ сулығ ына, ноқ таның сағ ағ ына тағ ылатын бау. Ол жылқ ыны қ олмен ұ стап тұ руғ а немесе байлап қ ою ү шін пайдаланылады. Шылбыр жұ мсақ иленген қ айыстан тілініп жасалады. Кейде қ айысты ширатып, екі немесе ү ш қ абат етіп те жасайды. Бұ ғ ының немесе елік текесінің мойын терісінен жасалғ ан шылбыр қ атты болып келеді [7, 5]. Шаужай (подповодок) – ауыздық пен сулық арасына бекітілген ұ зындығ ы сынық ө лшем екі бө лшектен тұ ратын жабдық. Ол жылқ ыны тежеп басқ ару ү шін қ ажетті. Жылқ ы басына жү ген салғ анда шаужай екі езуге тү сіп ауыздық пен сулық арасын жарып ө теді. Шаужай таяқ ша, жарты ай, жарты тағ а, жарты шаң ырақ тү рінде металдан қ ұ йылып жасалынады. Оны сә ндеу кезінде кө біне бұ ланның, бұ ғ ының, теке мен серкенің, қ ұ лжа мен қ ошқ ардың, қ ұ лан мен жылқ ының бейнелері қ олданылады [2, 174]. Тізгіннің бір жақ тауынан бұ ра тартқ ан кезде шаужай жылқ ы езуіне кесе-кө лдең ен тұ рып, жақ сү йегіне немесе тіске келіп соғ ылады. Осы арқ ылы жылқ ыны тежеуге болады. Осылайша жылқ ы жү генінің қ ұ рамындағ ы жабдық тардың атауларына тоқ талып анық тама бердік. Тұ рмыстық ө мірде немесе қ ұ жаттарда, ғ ылыми ең бектерде немесе ақ параттық шығ армаларда, басқ а тілден аударғ анда жылқ ы ә бзелдерінің атауларын дұ рыс қ олдану жә не мағ ынасын дұ рыс жеткізу арқ ылы жылқ ы ә бзелдерін зерттеу барысында тура тү сінік қ алыптастырылады. Бұ л болашақ та жасалатын жұ мыстарғ а да ә серін тигізеді.
Пайдаланылғ ан ә дебиеттер: 1. Тоқ табай А. Ботайдан басталғ ан ә лемдік жылқ ы тарихы // Қ азақ ә дебиеті, 2010, №45. 19-25 қ араша, 6 б. 2. Тоқ табай А. Қ азақ жылқ ысының тарихы. – Алматы: Алматыкітап 2010. 155-185 б. 3. Тишкин А. А., Горбунова Т. Г. Методика изучения снаряжения верхового коня эпохи раннего железа и средневековья. Барнаул, 2004. С. 24-46. 4. Омарқ ожаұ лы Н., Ә кімбеков Б. Мал шаруашылығ ы. – Астана: Фолиант 2010. 204-252 б. 5. Қ азақ стан ұ лттық энциклопедиясы. – Алматы: 2002. IV том, 85 б. 6. Бейсебаев А. И. Археологиялық терминдер сө здігі. – Алматы: Ө нер 2008. 65 б. 7. Нұ рғ алиұ лы Н. Жү ген // Ана тілі. 1994, 6 қ азан. 5 б. 8. Қ ұ ралұ лы А. Мал шаруашылығ ына, егіншілікке, аң шылық қ а байланысты терминдер мен сө з тіркестерінің тү сіндірме сө здігі. – Алматы: Ө нер 2007. 57-71 б.
Пазырық кезең інің жү ген қ ұ рылысы (Грязнов М. П. бойынша): 1 – ауыздық; 2 – сулық; 3 – жақ тау; 4 – сағ алдырық; 5 – кең сірік; 6 – кекілдірік; 7 – тізгін; 8 – шылбыр;
|
|||
|