Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





5-билет. 1. ҚР рәміздері.



5-билет

1. Қ Р рә міздері.

«Қ Р-ның Мемлекеттік рә міздері туралы» Конституциялық Заң 2007 жылы 4 маусымда қ абылданды. Осы Заң ғ а сә йкес жыл сайын 4 маусым Қ Р-да Мемлекеттік рә міздер кү ні ретінде мерекеленеді. Мемлекеттік рә міздер – бұ л кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұ тастығ ын бейнелейтін, оның ажырағ ысыз атрибуттарының бірі. Қ Р-да Мемлекеттік ту, Мемлекеттік елтаң ба жә не Мемлекеттік гимн мемлекеттік рә міздер болып табылады.

Қ Р-ның мемлекеттік туы – ортасында шұ ғ ылалы кү н, оның астында қ алық тап ұ шқ ан қ ыран бейнеленген тік бұ рышты кө гілдір тү сті мата. Тудың сабының тұ сында ұ лттық ө рнек тік жолақ тү рінде нақ ышталғ ан. Кү н, оның шұ ғ ыласы, қ ыран жә не ұ лттық ө рнек бейнесі алтын тү стес.

Қ Р Мемлекеттік туының авторы – Қ азақ станның ең бек сің ірген ө нер қ айраткері Шә кен Ниязбеков.

Қ Р-ның Мемлекеттік елтаң басы – дө ң гелек нысанды жә не кө гілдір тү с аясындағ ы шаң ырақ тү рінде бейнеленген, шаң ырақ ты айнала кү н сә улесіндей тарап уық тар шаншылғ ан. Шаң ырақ тың оң жағ ы мен сол жағ ында аң ыздардағ ы қ анатты пырақ тар бейнесі орналастырылғ ан. Жоғ арғ ы бө лігінде – бес бұ рышты кө лемді жұ лдыз, ал тө менгі бө лігінде «Қ азақ стан» деген жазу бар. Жұ лдыздың, шаң ырақ тың, уық тардың, аң ыздардағ ы қ анатты пырақ тардың бейнесі, сондай-ақ «Қ азақ стан» деген жазу – алтын тү стес.

Қ Р Мемлекеттік елтаң басының авторлары – белгілі сә улетшілер Жандарбек Мә лібеков пен Шот-Аман Уә лиханов.

Қ Р-ның Мемлекеттік гимні

Бұ рын «Менің Қ азақ станым» ә ні ретінде танымал болғ ан Қ азақ станның гимні Президент Н. Назарбаевтың бастамасы бойынша 2006 жылы 6 қ аң тарда еліміздің Парламентінде бекітілді. Бірінші рет ол 2006 жылы 11 қ аң тарда Мемлекет басшысының салтанатты ұ лық тау рә сімінде орындалды.

Ә ннің авторы Ш. Қ алдаяқ ов, сө зін жазғ андар: Ж. Нә жімеденов, Н. Назарбаев.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.