Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





С.Аманжолов атындағы ШҚМУ Жоғарғы колледжі



С.Аманжолов атындағы ШҚМУ Жоғарғы колледжі

№10 сабақ

Пән: «Аудит»

 

Топ:У1Б            Күні:02.04.2020 жыл    Уақыты:12.00-13.30

Пән оқытушысы:Хурмет Жигер

Сабақ тақырыбы: Ақша қаражаттарының аудиті

Дәріс сабағының мазмұны:

1. Кассалық операцияларды тексеру.

2. Банк операцияларының аудиті.

 

Кассада сақталатын ақша 1011 және 1012 шоттарында есепетелуі тиіс. Осы шоттардың дебитіне кассаға түскен ақша, ал кредитіне – кассалық есептен шығатын ақша жазылады. Бұл шоттар бойынша жазбалар кірістік және шығыстық кассалық ордерлер негізінде жасалады.

Кәсіпорынның кассадағы ақша қозғалысын ішкі бақылаудың болмауы немесе жеткіліксіздігін белгілері кеелсілер:

1) кассадағы ақшаны толықтай парақтап қайта санау мен басқа құндылықтарды тексертетін кенеттен болатын ревизияның кәсіпорында дұрыс жолға қойылмауы;

2) кәсіпорында тексерудің мерзімділігін белгілейтін басшы бұйрығының жоқтығы;

3) кассаға ревизияны немқұрайды өткізудің болуы - ревизия өткізетін комиссияға тұрақты тек бір адамдардың ғана тағайындалуы, банкнотты парақтап қайта санауды айғақтайтын, ревизия комиссиясы актісіне тіркелетін жұмыс жазбаларының болмауы және т.б. ;

4) кәсіпорын басшысы өкімінде көрсетілмеген бас бухгалтер мен кәсіпорын басшысын ескрмей өтіп, басқа адамдарға кірістік және шығыстық құжаттарға қол қою құқығын беру;

5) кассир ауысқанда кассаға ревизияны сырт көз ғана өткізу;

6) штатта кассирдің болмауы, бұл функциялар кәсіпорын басшысының жазбаша өкімінсіз есеп қызметкеріне жүктелуі;

7) кассирмен толық материалдық жауапкершілік туралы шарттың жоқтығы.

Касса мен касалық операциялардың аудиті 3 бағыт бойынша жүргізіледі: қолма-қол ақшаны түгендеу, оларды түгел және уақтылы кіріске алуды тексеру, ақшаны шығыстарға есептен шығарудың дұрыстығын тексеру.

Аудитор банктен чек бойынша алынған ақшаны кіріске алудың толықтығы мен уақытылығын чек түбіртектерінде жазылған ұқсаа сомамен, банк көшірмелерімен және кірістік кассалық ордерлермен салыстыру жолымен тексеруі тиіс.

Сонымен қатар кассалық құжаттарды рәсімдеуге назар аудару қажет: әрбір құжатта алушылардың қолхататры бар ма, құжаттар кірістік –«Алынды» мөртабанымен, шығыстық – «Төленді» мөртабанымен, ай-күні, жылы көрсетіліп, жабыла ма, оларды тазартып өшіру мен түзету іздері жоқ па? Кірістік және шығыстық құжаттарда кассаға ақша салған немесе кассадан ақша алған жауапты адамдардың қойылған қолдары және басқа да міндетті деректермелердің жоқ болуы, мұндай құжаттардың күші жоқ деп, ал олар бойынша операциялар негізсіз деп саналады.

Ақшалай қаражаттарды тексергенде банктік операцияларға назар аудару қажет. Заңнамаларға сәйкес кәсіпорындар өзінің ақшалай қаражатын қызмет көрсететін банк мекемелерінде сақтауға міндетті. Кәсіпорындар арасындағы банк мекемелері арқылы есеп айырысулар есептесудің қолма-қол ақшасыз түрі бойынша атқарылады.

Ағымдағы шоттағы операциялардың аудитінде келесі жағдайларға назар аудару қажет:

1) ағымдағы шот ашылған банк мекемесі

2) сомалардың банк көшірмелері бойынша, оларға тіркелген бастапқы құжататрда көрсетілген сомаға сәйкестігі;

3) көшірмелерде тіркелген бастапқы құжаттарда банк мөртабанының бар болуы;

4) банкке тапсырылған қолма-қол ақшаның және басқадай ақшалай қаражаттың кәсіпорынның ағымдағы шоттарына дұрыс және толық есепке алынуы;

5) теңгені конвертациялауға байланысты опреацияларды есепте көрсетудің дұрыстығы;

6) бухгалтерлік проводкалардың банктік операциялар бойынша дұрыстығын, бұл операциялар бухгалтерлік есепте тиісті шоттарда көрсетілген бе?

Банк көшірмелерін тексеру кезінде заңсыз банктік операциялар жасала ма, мысалы тексерілген кәсіпорынмен ешқандай шарттық қатынастары жоқ, басқа кәсіпорынның борышын өтеу немесе басқа кәсіпорынның тауарсыз есеп айырысулар бойынша төлеу және т.б.

Аудитор жабдықтаушыға борышты өтеу үшін ақша аударудың қаншалықты нақтылығы мен негіздігін тексеруге тиісті. Мысалы, сауда кәсіпорынына сатып алынған азық- түлік тауарларына ақша аударуы мүмкін, ал шын мәнінде қоймаға түспеген немесе құжаттарда көрсетілген ассортименттен басқасы түскен.

Валюталық шоттағы операциялар аудитінде келесілер анықталуы тиіс:

1) валюталық шот ашылған банк мекемесі;

2) банк көшірмелері бойынша оларға тіркелген сома бастапқы құжаттарда көрсетліген сомаға сәйкес келе ме?

3) Сыртқы экономикалық істердегі есеп айырысу түрлерін қолданудың негізділігі;

4) Валюталық шотты ашқаны үшін комиссиялық сыйақы төлеудің дұрыстығы;

5) Валютаны сату мен сатып алу операцияларын есепте көрсетудің дәлдігі;

6) Есепте бағамдық айырманы анықтау мен көретудің дұрыстығы;

7) Банк көшірмесіндегі жазбалардың 2-журнал-ордер мен Бас кітап жазбаларына сәйкестігі;

Жолдағы ақша аудитімен бухгалтерлік есепте 1020 шотында есептелетін соманың шынайылығын, бастапқы құжаттардың 3 журнал-ордерде және Бас кітапта осы шот жөніндегі жазбалардың сәйкестігін тексеру қажет.

Бақылау сұрақтары:

1. Ақша қаражаттарымен олардың эквиваленттері жайлы түсінік.

2. Кассадағы қолма қол ақшалар есебі.

3. Есеп айырысу шотындағы және банктегі арнайы шоттардағы ақша қаражаттары мен есеп айырысудың есебі.

4. Ақша қаражаттарының қозғалысына ішкі бақылау



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.