Р/с
| Тақырыбы
| Мақсаты мен міндеті
| Сағат саны
|
| Жүру
| Жаттығуларды орындау барысында бір-бірден тізбекпен және жан-жаққа шашырап жүгіруге жаттықтыру.
|
|
| Кішкентай доппен орындалатын жаттығулар.
| Кішірейтілген тірек алаңы бойынша тепе-теңдікті сақтауға үйрету. Алға жылжу арқылы екі аяқпен секіруге үйрету.
|
|
| Орнында тұрып ұзындыққа секіру.
| Орнында тұрып ұзындыққа секіруге үйрету. Балаларға көшеде ойнауға болатын бірнеше қимыл-қозғалыс ойындарын үйрету.
|
|
| Тепе-теңдікті ұстап секіру.
| Тепе-теңдікті ұстауға жаттықтыру. Түрлі тәсілдермен жүруге үйрету, балалардың зейінін дамыту. Бірлікке баулу.
|
|
| Жүруді жүгірумен, жүгіруді жүрумен алмастыру.
| Жүруді жүгірумен, жүгіруді жүрумен алмастыруды үйрету. Ептілік, күш, шапшаңдық сияқты қасиеттерді дамыту.
|
|
| Бөрене үстінде жүру (далада).
| Бөрене үстінде жүруді үйрету. Ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Допты лақтыру және допты екі қолмен қағып алу дағдыларын дамыту.
|
|
| Баскетбол ойынының элементтері.
| Балаларды допты екі қолмен қағып алуға үйрету. Ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Допты еденге ұру дағдыларын дамыту.
|
|
| Допты домалату.
| Жан-жаққа шашырап жүру және жүгіру түрлерін үйрету. Ептілік және жылдамдық тәрізді қасиеттерді дамыту. Допты бір-біріне домалату дағдыларын бекіту.
|
|
| Қапшықты нысанаға лақтыру.
| Қапшықты нысанаға дәлдеп лақтыруға үйрету және көзбен мөлшерлей білу дағдыларын дамыту. Ұжым болып ойнауға тәрбиелеу. Гимнастикалық қабырға арқылы өрмелеуге жаттықтыру.
|
|
| Қыздар мен ұлдарға арналған ойындар.
| Балаларды топта физиологиялық ерекшеліктеріне қарай ойнауға үйрету.
|
|
| Шыбынбике-Шыбынгүл
| Қ.Мырза Әлидің аудармасы бойынша жазылған "Шыбынбике-Шыбынгүл" ертегі-өлеңінен үзінді жаттату. Адамгершілік қасиеттерін дамыту. Арқан арқылы секіруге жаттықтыру, өз-өзін уқалауға жаттықтыру.
|
|
| Тепе-теңдікті сақтау.
| Бір-біріне кеуде тұсынан допты лақтыруды үйрету. Шапшаңдыққа және ептілік тәрізді қасиеттерді дамыту.
|
|
| Алақай! Ауылдағы атам мен әжемнің үйіне қонаққа барамыз!
| Үй жануарлары және үй құстарымен таныстыру, жануарлардың қимылдарын салып, жаттығуларды орындау.
|
|
| Педагогтың белгісімен жүру және жүгіру.
| Нұсқаушының белгісі бойынша тоқтап жүруге және жүгіруге үйрету. Лақтыру күшін және көзбен мөлшерлей білуді дамыту.
|
|
| Аттап отыра жүру.
| Шашырап жұптасып жүру мен жүгіруге жаттықтыру. Жылдамдық және ептіліктерін дамыту.
|
|
| Аттракциондар.
| Технологиялық картадан тыс уақытта да ойнауға болатын бірнеше қимыл-қозғалыс ойындарын үйрету. Ойын барысында ынтымақтастыққа баулу. Жылдамдық және ептіліктерін дамыту.
|
|
| Музыкалық ырғақты жаттығулар.
| Бірқалыпты (баяу) жартылай отыруды және жеңіл секірулерді үйрету. Белгіге жауап беру білігін дамыту.
|
|
| Командалық ойындар.
| Ойындарды ойнау және жаттығуларды орындау барысында ұжымдық қимыл-әрекеттердің үйлесімділігін дамыту.
|
|
| "Лақтан қайтадан адамға айналу үшін Иванушкаға көмек береміз!" атты спорттық мереке.
| Балаларды еңбектеп жүруге үйрету. Шапшаңдық, ептілік сияқты қасиеттерді дамыту. Көлбеу жазықтықтың үстінде жүруге үйрету.
|
|
| Бөрене үстінде еңбектеу.
| Гимнастикалық орындық немесе бөрене үстінде еңбектеп жүруге және шеңбер бойымен жүгіруге үйрету.
|
|
| "Сылдырмақтар" ойыны.
| Нұсқаушының белгісі бойынша бағытты ауыстырып жүру және жүгіруге жаттықтыру. "Сылдырмақтар" ойынының шартын түсіндіру. Негізгі қасиеттерді шапшаңдық, ептілікті дамыту.
|
|
| Орындықта орындалатын жаттығулар.
| Тепе-теңдікті сақтау қабілетін дамыту.
|
|
| Оң және сол қолмен лақтыру.
| Көлденең қойылған нысанаға затты лақтыруды үйрету.
|
|
| Бастаушыны (жүргізушіні) ауыстырып жүру және секіру.
| Бір орында тұрып секіруге жаттықтыру. Нұсқаушының берген белгісіне қарай жылдам әрекет етуге үйрету.
|
|
| Еңбектеу мен доға немесе білте таяқтың (рейка) астынан өту.
| Еңбектеу мен доғаның астынан өтуді кезектестіріп орындауды үйрету.
|
|
| Көлденең қойылған нысанаға лақтыру.
| Оң және сол қолмен көлденең қойылған нысанаға лақтыруғажаттықтыру.
|
|
| Бір орыннан ұзындыққа секіру.
| Бір орыннан ұзындыққа секіруге жаттықтыру. Тепе-теңдікті сақтау және бағдарлай білу біліктерін дамыту.
|
|
| Көлбеу қойылған тақтай үстімен жүру.
| Көлбеу қойылған тақтай үстінде жүруге үйрету. Негізгі қасиеттерді-шапшаңдық, ептілікті дамыту.
|
|
| Жатып орындайтын жаттығулар.
| Жатып орындалатын жаттығулармен таныстыру.
|
|
| Еңбектеу және өрмелеу.
| Гимнастикалық таяқшамен орындалатын жаттығулардың жаңа түрлерін меңгерту.
|
|
| Орындықта жасалатын жаттығулар.
| Орындықта отырып орындалатын жаттығу түрлерін үйрету. Негізгі қасиеттерді - шапшаңдық, ептілікті дамыту.
|
|
| Тепе-теңдікті сақтау жаттығулары.
| Тепе-теңдікті сақтап жүруге жаттықтыру. Негізгі қасиеттерді - шапшаңдық, ептілікті дамыту.
|
|
| Көлденең керілген жіптің немесе көлденең қойылған таяқтың астынан өту.
| Балаларға бір заттың астынан өтуді үйрету. Мәнерлігін дамыту. Икемділіктерін дамыту.
|
|
| Қыс келді (далада өтеді)
| Далада орындалатын жаттығу түрлерін үйрету. Негізгі қасиеттерді - шапшаңдық, ептілікті дамыту.
|
|
| Далада шанамен сырғанау.
| Таза ауада ойналатын қысқы ойындармен таныстыру. Шанамен сырғанауға жаттықтыру.
|
|
| Шаңғымен танысу
(далада өтеді).
| Балаларды шаңғы тебуге үйрету. Жүгіруді жүрумен алмастыруға үйрету.
|
|
| Далада таяқсыз шаңғымен сырғанау.
| Бір орында тұрып, өкшемен бұрылуды үйрету. Негізгі қасиеттерді - шапшаңдық, ептілікті дамыту.
|
|
| Шаңғыны таяғымен жинап, шаңғыны тасу.
| Шаңғыны таяғымен біріктіріп, қолтықтарына қысып, оқу іс-әрекеті өтетін жерге тасуды үйрету.
|
|
| Беткейге сатылап көтерілу және түсу.
| Таяқпен серпіле сырғанауды бірнеше рет қайталау. Негізгі қасиеттерді - шапшаңдық, ептілікті дамыту.
|
|
| 200-300 метр қашықтықта сырғанау.
| Таяқпен адымдап сырғанауды қайталау. Бір қатар сапқа тұруға жаттықтыру.
|
|
| Шаңғымен адымдап жүру.
| Бір қатар сапқа тұруға үйрету. Шаңғымен нық адымдап жүруді үйрету.
|
|
| Шаңғымен сырғанап адымдауды үйрету.
| Оңға және солға адымдап жүрумен таныстыру, сырғанап адымдауды қайталау.
|
|
| Таза ауадағы қысқы ойындар.
| Таза ауада ойналатын қысқы ойындармен таныстыру. Негізгі қасиеттерді - шапшаңдық, ептілік дамыту.
|
|
| Алға қарай баспен домалау
| Алға домалауды үйрету. Негізгі қасиеттерді - шапшаңдық, ептілікті дамыту.Допты лақтыруды және қағып алуды бірнеше рет қайталау.
|
|
| Жүгіріп өту.
| Алға домалауды үйренуді қайталау. Шапшаңдық пен ептіліктерін дамыту. Жүгіріп өту мен ұзын секіртпемен секіруді жаттықтыру.
|
|
| Акробатика.
| Балаларға дұрыс тыныс алу туралы әңгімелеу. Негізгі қасиеттерді - шапшаңдық, ептілікті дамыту. Таңертеңгі гимнастика кешенін орындау білігін тексеру. артқа және алға домалауды қайталау.
|
|
| Қысқа секіртпемен секіру.
| Өз жүрісін қадағалау тәсілдерін қайталау. Алға қарай домалауды қайталау. Қысқа секіртпе арқылы секірулерді қайталау.
|
|
| "Ертегіде қонақта" атты спорттық мерекесі.
| Балалардың жылдамдық қасиеттерін дамыту. Сенімді қатынастарды нығайтуға бағыттау. Көзбен мөлшерлей білу дағдыларын дамыту. Баланың спортқа ұмтылысын, қызығушылығын дамыту.
|
|
| Еңбектеп жүру.
| Гимнастикалық орындық үстімен жүруге үйрету. Еңбектеп жүруге үйрету арқылы ептілік, шапшаңдық сияқты қасиеттерді дамыту. Допты бастан асырып, екі қолмен лақтыру.
|
|
| Бір орында тұрып ұзындыққа секіру.
| Бір орында тұрып, ұзындыққа секіруге үйрету. Тепе-теңдікті сақтау қабілетін дамыту және қимылдарын реттеу. Бастан асырып лақтыруды бекіту.
|
|
| Допты домалату.
| Допты бір-біріне лақтыруды үйрену. Белгіге назар аударып, жылдам жауап беру дағдысын қалыптастыру. Лақтыруды жетілдіру.
|
|
| Қайталамалы жүгіру.
| Қайталамалы жүгіруге жаттықтыру. Шапшаңдық, ептілік сынды қасиеттерді дамыту. Гимнастикалық орындық үстімен жүруге үйрету.
|
|
| "Наурыз" атты спорттық мерекелік іс-шара.
| Қазақ халқының дәстүрлерімен балаларды таныстыру, спортқа сүйіспеншілігін қалыптастыру.
|
|
| Бунамамен (жгутпен) орындалатын жаттығулар.
| Бунамамен орындалатын жаттығуларды үйрету. Допты домалату барысында бағытты сақтауға үйрету. Гимнастикалық қабырғаға өрмелеп шығуға үйрету.
|
|
| Тігінен тұрған нысанаға лақтыру.
| Тігінен тұрған нысанаға оң және сол қолмен лақтыруды жетілдіру. Ептілік қасиетін дамыту. Гимнастикалық қабырғаға өрмелеуді үйрету.
|
|
| Жүгіріп келіп ұзындыққа секіру.
| Жүгіріп келіп ұзындыққа секіруді үйрету. Балаларды достық қарым-қатынаста болуға үйрету. Еңбектеп жүру және білте тақтайшаның астынан өту дағдыларын қалыптастыру.
|
|
| Еңбектеу
| Гимнастикалық орындықтың үстінде еңбектей алу дағдыларын үйрету. Негізгі қасиеттерді - шапшаңдық, ептілікті дамыту. Тепе-теңдікті сақтауды жетілдіру және допты домалату дағдысын бекіту.
|
|
| Кедергілер.
| Жоғарыға қарай өрмелеуге жаттықтыру. Қол мен аяқтардың қимыл-қозғалысын үйлесімді ету. Түрлі кедергілер арқылы жаттығулар орындау дағдыларын дамыту.
|
|
| Жұптасып орындалатын жаттығулар.
| Тепе-теңдікті дамыту. Жұптасып жұмыс істеуге үйрету. Қимыл-қозғалыс үйлесімділігін қалыптастыру.
|
|
| "Бауырсақ" атты спорттық мереке.
| Түрлі физикалық жаттығулармен балаларды таныстыру. Жылдамдық сияқты қасиетін дамыту. Балалардың секіру мүмкіншіліктерін дамыту.
|
|
| Жүру.
| Жүру түрлерін меңгерту. Өмірлік маңызы бар жүру дағдылары мен біліктерін дамыту. Қимыл-қозғалыс үйлесімділігін қалыптастыру.
|
|
| Лақтыруға үйрету.
| Лақтыру тәсілдерін үйрету. Күштілік, ептілік, жылдамдық тәрізді қимыл қасиеттерін дамыту. Көзбен мөлшерлей білу қасиеттерін дамыту.
|
|
| Кеңістікті бағдарлау.
| Кеңістікте бағдарлай білуді үйрету. Күш, ептілік, жылдамдық тәрізді қимыл сапаларын дамыту. Көзді жұмып жүруге жаттықтыру.
|
|
| Гимнастика.
| Дененің тұлғасы дұрыс қалыптасуына арналған гимнастикалық жаттығуларды жасап үйрету. Гимнастикаға деген қызығушылықтарын арттыру. Жаттығуларды жасату арқылы қимыл үйлесімділігін дамыту, баспен домалауға жаттықтыру.
|
|
| Жұқпалы аурулар және олармен күрес.
| Микроб туралы түсінік беру. Салауатты өмір салтын құруға баулу. Аурудың белгілерін білуге үйрету.
|
|
| Өзін-өзі уқалау және бірін-бірі уқалау, сылап-сипау.
| Уқалау, сылап - сипаудың жеңіл түрлерін үйрету. Бір-бірін уқалау мен сылап-сипауға жаттықтыру.
|
|
| Жұп болып тұрып жаттығулар орындау.
| Жұптасып жаттығулар жасауға үйрету. Бірлікке баулу. Затты игеру, жалаушамен орындалатын жаттығуларды жасап меңгерту.
|
|
| Допты волейбол торына лақтыру.
| Омыртқа бұлшық еттерін қатайту. Балалардың икемділігін дамыту. Балаларды еденде жатып созылуға үйрету. Допты тордан асырып беруге жаттықтыру.
|
|
| Тыныс алу жаттығулары.
| Имитациялық жаттығуларды орындауға жаттықтыру. Дұрыс тыныс алуға үйрету. Бір орында секіруге үйрету.
|
|
| Ұзындыққа секіру.
| Балаларға тақтайшамен орындалатын жаттығуларды үйрету. Спортқа деген қызығушылықтарын арттыру. Тепе-теңдікті сақтап жүруге дағдыландыру. Бір орыннан биіктікке секіруге жаттықтыру.
|
|
| "Әкем, анам және мен - біз спорттық отбасымыз" атты спорттық іс-шара.
| Өз күшіне сенімділік сезімін дамыту. Моральдық , ерік-жігерлілік қасиеттерін дамыту. Ойын ережесін білу және ойын барысында өзін-өзі басқара білуге үйрету.
|
|
| Жекпе-жектер (спорттық алаңда өткізіледі)
| Жекпе-жек шарттарын түсіндіру. Балалардың тапқырлықтары мен ептіліктерін дамыту. Балалардың қозғалу дағдыларын дамыту.
|
|
|