Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Тақырыбы: «Білім пирамидасы»



Тақырыбы: «Білім пирамидасы»

Мақсаты:

- дарынды оқушыларды табу

- олардың қабілеттерін ашу

- алған білімдерін өмірде қолдана білуге үйрету

- сергектік, зеректік және логикалық ойлау дағдыларын қалыптастыру

Көрнекіліктер: интерактивті тақта, компьютер

Барысы:

1. Ұйымдастыру

2. Әділ қазылар алқасын таныстыру

3. Сайыс шарттарын түсіндіру

Сайысқа әр сыныптан 2 оқушыдан қатысады және олар 2 топтан құралады.

Сен ғылымға болсаң ынтық,

Бұл сөзімді әбден ұқ:

Білгеніннің жақсысын қыл,

Білмегінді біле бер

Ш. Құдайбердиев

Мұғалім сөзі: Білімнің маңызын Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: «Біз өмір бойына жететін білім алу» моделінен «Өмір бойы білім алып өту» моделіне көшуге тиіспіз. Болашаққа біліммен қадам басып, лайықты қолтаңбамызды қалдырайық, - деп көрсеткен.

    «Білімді азамат – ел ертеңі», «Білекті бірді, білімді мыңды жығар», «Білім мен даналық – адам көркі», т.с.с. білім туралы ұлы тұлғалардың сөздері мен халықтың нақыл сөздері бекер айтылмаса керек. Ғылыми техникалық прогресс, жаратылыстану ғылымдарының құрылымын анықтау үшін математиканың, физиканың, информатиканың маңызы орасан зор.

    Оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, есте сақтау қабілетін шындайтын, мектебіміздегі білімді жастарды анықтайтын «Білім пирамидасы» атты танымдық сайысымызды бастаймыз.

І бөлім: Таныстыру. Топтың аты, ұраны.

ІІ бөлім: Қызықты ұяшықтар

Тақырыптар

Ұпайлар

1)Көңілденіп шығарайық есепті
2) Информатика
3) Сандарды да ұмытпайық, достарым!

 

1)100. Жүз санын жартыға бөл (100:0,5 = 200)

200. Берілген сандардың ішінен құрама санды тап: 89, 321, 97, 71 (321)

300. Бір топ үйректер ұшып келеді: біреуі алдында, екеуі артында; біреуі артында, екеуі алдында; біреуі екеуінің ортасында және үшеуі бір қатарда. Қанша үйрек ұшып келеді? (үш үйрек)

2) 100. Біздің мектептегі компьютерлердің операциялық жүйесі қандай?

                                                                                                             (Windows XP)

200. Компьютерде жазылған құжатты қалай сақтаймыз? (Файл – Сохранить как)

300. Қағаздағы кескінді экранға шығаратын құрылғы қалай аталады? (Сканер)

 3) 100. Бұл сандарды ертеректе «өтірік сандар» деп атаған. Ол қай сандар?

                                                                                                    (теріс сандар)

200. Ешқандай амалдар қолданбай-ақ 666 санын 0,5 есе қалай өсіруге болады         

                                                                                         (аударсақ 999 болады)

300. Римше жазылған ХІІ санын жартысы VII  саны болатындай етіп қалай бөлуге болады? (қақ ортасына бөледі)

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.