Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Зертханалық жұмыс №1. Windows операциялық жүйесі. Командалық жол режимі



1 Зертханалық жұмыс №1. Windows операциялық жүйесі. Командалық жол режимі

Жұмыс мақсаты - Windows операциялық жүйесі, командалық жол режимінде жұмыс істеп үйрену; басқару командаларымен танысу және оларды функционалдық мүмкіншіліктерін білу.

1.1 Зерханалық жұмыс тапсырмасы

Тапсырманы орындар алдында 1.2 тармақтағы әдістемелік нұсқауларды оқыңыз.

1.1.1 Анықтама жүйесі және ОЖ жұмысын басқаратын командалар файлдық жүйенің командаларын қолданып келесі жұмыстарды орындаңыз:

1) Ағымдағы уақытты анықтау.

2) Өз туған күніне байланысты жаңа уақытты енгізу.

3) Команда жолынан шығар кезде, ағымдағы уақытты енгізу.

4) Қолданушыны «шақыру» хабарламасын енгізу.

5) Шығарда стандартты қарсы алу түрін енгізіп шығу.

6) Әртүрлі мәтін түстері мен өңдерін енгізу керек.

 

1.1.2 Файлдық жүйе командаларын қолданып келесі жұмыстарды орындаңыз:

1) Ағымдық каталог үшін бірнеше ішкі каталог құру.

2) Dir командасын қолданып ішкі каталогтің құрылғанын тексеру.

3) Ішкі каталогты ағымдық каталог қылу.

4) Dir командасын орындау, пайда болған хабарламаларды түсіндіру.

5) Түбірлік каталогке шығу.

6) Алғашқы ішкі каталогке өту.

7) Мәтін фрагменті бар бірнеше мәтіндік файл құру.

8) Құрылған файлдарды басқа каталогке көшіру және олардың бірнешеуінің орнын ауыстыру.

9) Папка немесе файлдардың аттарын өзгерту.

10) Dir/w және Tree командаларының жұмысын көру.

1.2 Жалпы мәлімет

Windows операциялық жүйесімен басқарылатын командалық жол режимі екі тәсіл арқылы іске асырылады:

1) «Пуск – Выполнить», содан кейін cmd теру қажет (cmd windows командасы – commander сөзінің қысқарған түрі).

2) «Пуск – Программы – Стандартные – Командная строка».

Режимді өшіру үшін команданы шақыру жолында exit командасын теріп, оны орындау үшін Enter батырмасын басу керек.

1.2.1 Windows ішкі командаларының құрамы.

Windows операциялық жүйесінің ішкі командасының құрамында саны жетпіске жуық команда бар (Unix жүйесінде – үш жүзден аса). Егер команда жолында help командасын орындасақ, онда командалардың барлық тізімін қарауға болады. Тізімдегі әр элементпен танысу үшін екі команда конвейерінен тұратын help | more күрделі командасын қолдану қажет.

Командалар тізімі өте үлкен болғандықтан оларды топтайды:

1) Анықтама жүйесінің командалары.

2) Файлдық жүйенің командалары.

3) ОЖ жұмысын басқаратын командалар.

4) Пакеттік (командалық) файлдар командалары.

5) Компьютерлік желіде істеуге арналған командалар.

1.2.2 Анықтама жүйесінің командалары.

Анықтама жүйесін қосу үшін және керекті команда туралы мәлімет алу үшін команда жолында келесі командаларды теру қажет:

help – барлық командалар туралы мәлімет табуға болады;

helpкоманда аты немесе команда аты / ?аталған команда туралы анықтама шығады.

1.2.3 ОЖ жұмысын басқаратын командалар.

Компьютерді басқаратын жиі қолданылатын командалар:

Сls - экранды тазалау;

Data - ағымдық күнді анықтау және өзгерту;

Time - нақты уақытты анықтау және өзгерту;

Mem - жүктелген программаларға оперативті жадыны үлестіру туралы мәліметтерді көрсетеді;

Сolor - командасы фон және мәтіндік терезелердің түстерін таңдауға және орнатуға мүмкіндік береді. Мәтіннің және фонның түстері 16 түстен таңдалады және екі 16-лық жүйедегі санмен беріледі;

Prompt - командасы қолданушының өз еркі бойынша шақырудың көрінісін өзгертуге мүмкіндік береді. Команданың бірнеше көрсеткіштері болуы мүмкін. Шақырудың стандартты түрін орнату үшін – prompt $p$g теру керек, яғни ол шақыруда ағымдық каталогтің атын және < белгісін шығаруды білдіреді (мысалы, С:\Document and Settings\Admin>);

PromptString командасы «өзгертілген шақыруға» дейінгі «болған шақырудың» түрін көрсетеді. PromptString таза болуы мүмкін.

1.2.4 Файлдық жүйенің командалары.

Егер енгізілетін командалар ұзын тізбектен тұрса, онда әрқашан командаларды өзгертіп немесе қайталауға болады. Ол үшін «истории» журналынан команданы таңдау керек. «Жоғары жүру» меңзерімен алдыңғы командаға оралуға болады, ал «оңға-солға» меңзері команданы өзгертуге мүмкіндік береді.

Келісім бойынша (по умолчанию) нәтижелер экранға шығарылады, бірақ оны басқа жаққа да жіберуге болады. < белгісі басқа жаққа енгізу үшін қолданылады, ал > және >> белгілері – шығару үшін. < -мәліметтердің файлдан енгізілетінін білдіреді, ал > және >> белгілері – мәліметтің файлға шығарылатынын білдіреді. Мысалы dir > asрm.txt – командасы ағымдағы каталогтің құрылымын asрm файлына шығарады.

Операциялық жүйе қосалқы жүйелерден тұрады, олардың негізгісі –файлдық жүйе. Файлдарды басқару үшін бір топ командаларды қолданады. Олар файлдарды құруға, жоюға, көшіруге, өзгертуге мүмкіншілік береді. Солардың ішінде жиі қолданатын негізгі командалар:

Dir– файлдардың тізімін және көрсетілген папкалардың ішкі папкаларын шығару, оның жиі қолданылатын түрлері:

Dir – көрсеткішсіз, директориялардың ішіндегісін көрсетеді;

Dir/р – директорияның ішіндегі нысандар саны экран жолының санынан асып кетсе қолданады, сонда мәлімет бетпен көрсетіледі. Келесі бетке көшу үшін кез келген батырманы басуға болады;

Dir/w – бұл жағдайда экранға директорияның құрамы бойынша бес бағанға қысқаша мәлімет шығады;

Tree – берілген каталогтің немесе берілген дискінің, каталогтердің құрылымы графикалық түрде көрсетіледі;

Md, mkdir – жаңа каталог (папканы) құру. Команданың форматы md(немесеmkdir)диск:\каталог аты;

Cd, chdir – ағымдағы папканы ауыстыру. Команданың форматы Cd диск:\жолы. Ішкі каталогтен (дочерний) жоғары (родительский) каталогке ауысу үшін Cd.. командасын қолданады. Түбірлік (корневой) каталогке ауысу үшін Cd\ командасын қолдану керек;

Copy – бір немесе бірнеше файлды басқа жерге көшіру;

Copy con файл аты.кеңейту – файлды құру. Пернетақтадан терілген мәтін жаңадан құрылған файлға жазылады. Файлды теріп болғаннан кейін Ctrl+Z немесе F6 пернелері (файл соңының белгісі) басылады;

Файлды құру үшін сонымен бірге editdick:path\file_name.ext. командалық сыртқы редакторды пайдалануға болады.

Chkdsk – дискіні тексеру және статистикасын шығару;

Del – бір немесе бірнеше файлды жою;

Move – бір немесе бірнеше файлды басқа папкаға көшіру;

Rd, rmdir – папканы жою;

Ren – папкалардың, файлдардың аттарын өзгерту;

Type – мәтіндік файлдардың құрылымын экранға шығару.

Файлдық жүйе командаларының қалғаны файл атрибуттарын өзгертуге, файлдағы мәтіндерді іздеуге арналған.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.