Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Топырақ коррозиясының активтілігін  болат массасының жоғалтуын зертханалық – өрістік әдіспен анықтау



Топырақ коррозиясының активтілігін  болат массасының жоғалтуын зертханалық – өрістік әдіспен анықтау

     Бұл жағдайдағы қолданатын құрылғы , көлемі шамамен 0,55 л , диаметрі 8 см және биіктігі 12 см тұратын қаңылтыр шиша 1. Шишаға арнайы дайындалған жер ұнтағын салады 3, оған техникалық таразыда 0,1 г дәлдікпен өлшкенген түтікше 2 орналасады. Түтікшенің диаметрі 19 мм , ұзындағы 10 см , массасы шамамен 165 г. Түтікшені шишадан резеңкелік тығынмен оқшауландырады 6.

       Жер үлгісін дайындау келесі тәртіппен жүргізіледі. Шурфтан жер үлгісінің орташа массасы 2 кг үш нұсқасы таңдап алынады, оның 70% құбырөткізгіштің орналасқан тереңдігінен алынады , ал 15% шурфтың кесілген екі жерінен алынады.

       Шиша мен түтікшенің арасындағы кеңімтікті ылғандандырылған топырақпен толтырылғаннан кейін ( шишаның шетінен 1-2 см төмен), шишаға теріс полюсті тоқ көзін 24 сағат қосып қояды, ал үлгіге 6 В оң полюсті тұрақты тоқ көзін қосады.Үлгіден тоқ көзін ажыратқаннан кейін оны 2-3 В тоқ күшіне 8 % натрий гидрооксидімен коррозия өнімдерінен катодтық өндеумен мұқият тазалайды,содан кейін дистельденген сумен жуып, кептіріп, 0,1 г қателіктен асырмай салмағын өлшейді.Тәжірибені жүргізер алдында құрылғының ерікті түрде салмағын өлшеу қажет. Бұл жағдайда арнайы зерттеулерсіз массаның жоғалту әсерінен топырақтың активті коррозиясын өлшеу шкаласы бекітілмейді.

       Үлгі массасының жоғалуына байланысты топырақтың активті коррозиясының көміртекті болатқа қатынасы.

       Коррозияның белсенділігі                                                  Үлгінің масса жоғалтуы( 1г)

 Төмен....................................................................................................................1-ден аспайды

Орташа..................................................................................................................1-ден 2-ге дейін

Көтеріңкі...............................................................................................................2-ден 3-ке дейін

Жоғары..................................................................................................................3-тен 4-ке дейін

Аса жоғары............................................................................................................4-тен асады

 

Топырақ коррозиясының активтілігін болатқа қатынасын поляризациялық қисықтар арқылы анықтаудың зертханалық әдісі.

       

       Топырақтың коррозиялық активтілігінің болатқа қатынасын поляризациялық қисықтар арқылы анықтау үшін жер үлгісін таңдау алдыңғы тәсіл бойынша жүргізіледі.

        Жер үлгісімен екі болат электродтар сыйымдылығы 1л фарфор ыдысқа (6,6-сурет) салады. Электродтар тікбұрышты (25Х25 мм) ерітіп жапсырылған байланыс өткізгіштері бар болат  тілімшелерден түрады. Тілімшенің байланыс жағын битумды мастикпен (шайыр) оқшаулайды, ал келесі жағын корундты мұқият тазалап, ацетонмен майсыздандырады.электродты топырағы бар шыны ыдысқа бір-біріне оқшауланбаған жағымен қаратып салады. Оның бір жағын оң полюсқа қосады да, ал екінші жағын теріс полюсті тоқ көзіне қосады. Олардың арасындағы потенциалдар айырымын токтардың әр түрлі тығыздығына пайда болатын поляризация тізбегіндегі ажырату кезінде өлшейді.

     Осы алынған мағлұматтардың негізінде координатада салынатын «потенциялдар айырымы – поляризацияланатын токтың тығыздығы» атты диаграмма алынады. Сол диаграмма бойынша токтың тығыздығын анықтайды, ол токтың потенциялдар айырымы 0,5В сәйкес болады. Содан кейін,   топырақтың коррозиялық активтілігін табады.

     Топырақтың коррозиялық активтілігінің көміртексіздендірілген болатқа қатынасының поляризациялық токтар тығыздығына тәуелділігі.

  

Коррозиялық активтілігі                                             Поляризацияланған токтың орташа    

                                                                                           тығыздығы,мА/см2

төмен.........................................................................................................00,5дейін

орташа........................................................................................................00,5-тен 0,2-ге дейін

көтеріңкі....................................................................................................0,2-ден 0,3-ке дейін

жоғары......................................................................................................3-тен 4-ке дейін

аса жоғары.................................................................................................4-тен асады.

       Кесте 9 - Топырақтың меншікті электр кедергісінің ылғалдан және топырақ элетролиттеріндегі тұз концентрациясынан тәуелділік графигі

                                                                   

ω1% ρ,oм.м2 с, мг/л
-
-

 

 Кесте -10 Топырақтың мұнай құбыры бойындағы коррозиялық деңгеі

r(oм*м2)
L, км 0,5 0,8 1,2 1,4 1,7 1,8 1,9 2,0 2,1

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.