Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





тәжірибелік жұмыс. Коррозия жылдамдығының анықтау әдістері.



№2 тәжірибелік жұмыс. Коррозия жылдамдығының анықтау әдістері.

 

Коррозия жылдамдығы әртүрлі әдістермен көрсетілуі мүмкін:

- металды жоғалту бойынша, мысалы металл бетінің бірлігінің уақыт бірлігіне қатынасы, мысалы, г/(см2.сағ) немесе г/(м2.жыл)

- сызықтық бірліктермен көрсетілетін және уақыт бірлігіне қатыстырылатын тереңдік көрсеткіші бойынша, яғни, коррозия салдарынан металл жуандығының азаюы бойынша

- металдың кристалдық торларының бұзылуынан болған коррозия бойынша, мұнда механикалық көрсеткіш ескеріледі, яғни белгілі бір период ішінде металдың, мысалы жарылуға уақытша қарсы тұруының төмендеуі, кг/(см2.жыл).Металдың коррозиялық беріктілігі қазіргі кезде тереңдік көрсеткіші есебімен он баллдық шкала бойынша бағаланады.

Металлдық жоғалтуды өлшеудің массалық (гравиметриялық) әдістерінен басқа, сонымен қатар, көлемдік(волюметриялық) әдістері де қолданылады. Бұл металдың тотығуы газдың шығындануы немесе бөлінуімен қатар жүргенде қолданылады. Атмосфералық коррозия кезінде оттегі, қышқылдық коррозия кезінде сутегі бөлінеді.Шығындалған оттегінің немесе бөлінген сутегінің көлемі тотыққан металл массасына пропорционал.

Көлемді өлшеу таразыға қойып тартқанға қарағанда нақты болмайды, алайда массалық өлшеу әдісі кезінде тәжірбиені тоқтатып, коррозия өнімдерін алып тастау керек, содан кейін ғана үлгінің массасының азайғандығын анықтау қажет.Газ көлемінің өзгергендігін кейбір жабық жүйелерде тәжірбиені үзбей бақылауға болады, бұл коррозия мазмұнды ақпарат береді.

Металлдың массалық жоғалтулары 1-ші жағдайда келесі формуламен анықталады:

D »      

екінші жағдайда:

D

мұндағы, V, Vмол – шығындалған оттегінің көлемі (бөлінген сутегінің көлемі)және тәжірбие жағдайындағы олардың мольдік көлемі;

А – металдың атомдық массасы;

z - металдың коррозия өніміндегі валенттілігі ;

Коррозияның жылдамдығының массалық көрсеткіші келесі формуламен анықталады:

                                                                  

мұндағы,  - коррозияға ұшыраған жердің беті;

t - уақыт.

Коррозия жылдамдығының массалық көрсеткішін (г/см2.сағ) токтың тығыздығы арқылы, Фарадей заңын пайдаланып анықтауға болады.

мұндағы, К – ток тығыздығы қандай бірліктерде көрсетілетіндігін ескеретін коэффициент (егер, j А/см2 түрінде көрсетілсе, t-c, - cм2, онда К=1)

j – ток тығыздығы; Ғ – тұрақты шама, (Фарадей саны)

Жылдамдықтың массалық көрсеткішін бағалаудың осы әдістерін пайдалану валенттіліктің (z) белгісіз болуына байланысыты кейде қиынтық туғызады. Мысалы, темірдің судағы немесе ауадағы коррозиясында тотта бірдей уақытта темірдің әртүрлі қатынастағы екі болуы мүмкін.Алайда, бұл әдістер ғылыми зерттеу жұмыстарының тәжірбиесінде кең қолданыс тапты.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.