Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Межпредметная связь: қазақ әдебиеті



Сабақ № _16_

Топ С-22
Күні 07.11.2019

Сабақтың тақырыбы:

Тема урока: Мәтінмен жұмыс

Сабақтың мақсаты:

Цели урока:

1. Шолу:

Образовательная:Оқушыларды оқу сауаттылығы арқылы жазба мәтіндерді түсінуге және қолдана білуге дағдыландыру. Қоғамдағы түрлі мәселерді баяндай отырып, жан-жақты ақпарат беру. Мәтіндегі ойды дұрыс айқындауға үйрету.Оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауы арқылы теориялық ойлауын, сөйлеу тілін дамыту. Логикалық ойлау қабілеттерін жетілдіру.
Сабақтың типі:

Тип урока: Жаңа білімді меңгерту

Сабақ түрі:

Вид урока: білімді меңгеру сабағы

Оқыту әдісі:

Метод обучение: сұрақ-жауап, түсіндіру, жаттығу

Пәнаралық байланыс:

Межпредметная связь: қазақ әдебиеті

Көрнекі құралдар:

Оборудование урока: үлестірмелі қағаздар, тесттер, тапсырмалар

Студенттер білуі керек:

Студенты должны знать: Өз бетімен жұмыс жасауы арқылы теориялық ойлауы, сөйлеу тілін дамытады. Логикалық ойлау қабілеттері артады. Мәтіндегі ойды дұрыс айқындауға үйренеді. Жаңа форматтағы оқу сауаттылығын меңгереді және білім сапасы артады.
тапсырмаларды орындау, мәтінмен жұмыс , диалог құру.

Студенттер істей білуі керек:

Студенты должны уметь:Өткен сабақтағы  салалас құрмалассөйлемдердің ережесін жаттауды және оған мысал келтіре отырып сөйлемді талдауды.

 

Сабақ жоспары

Сабақ кезеңдері Оқу материалының мазмұны Оқытудың әдістемелік тәсілдері мен әдістері Оқу құралдары Уақытты мөлшерлемелеу
Ұйымдастыру кезеңі Білім алушыларды түгендеу, назарларын сабаққа аудару, сабақтың мақсатын хабарлау дәптер 5 мин
Үй жұмысын тексеру Өткен тақырып бойынша берілген тапсырманы тексеру   Диалог арқылы 10 мин
  Жаңа білімді меңгерту Баяндау, ой қозғау Үлестірмелі материалдар 15 мин
  Мәтінмен жұмыс істеу айырмашылықтарын, ерекшеліктерін түсіндіру Ережені жазу   әдістемелік нұсқау 15 мин

 

Үзіліс – 5 минут

  Мәтінмен жұмыс жасау Ауызша оқып, жазбаша аудару дәптер 20 мин
  Жаңа тақырыпты бекіту Диалог құру сұрақ қою 10 мин
    Түсіндірме жасап, баға қою талдау   журнал 10 мин
  Үй тапсырмасы Беріліген мәтінді аудару Үлестірме материал  3 мин
Рефлексия жазбаша Мәтімен жұмыс 2 мин

Сабақ мақсаттары
Білім алушылардың өз бетімен жұмыс жасауы арқылы теориялық ойлауы, сөйлеу тілін дамытады. Логикалық ойлау қабілеттері артады. Мәтіндегі ойды дұрыс айқындауға үйренеді. Жаңа форматтағы оқу сауаттылығын меңгереді және білім сапасы артады.
Тілдік мақсаттарды, лексика мен тіркес мысалдарын қоса анықтаңыз


Ақ бөкен (антилопа)

Ақ бөкен (Saiga tatarica) – жұп тұяқтылар отрядының бөкендер туысына жататын, тұлғасы ірі, қойға ұқсас, дөңес тұмсықты, күйіс қайыратын түз жануары. Ақ бөкеннің қазба қалдықтары плейстоцен қабатынан Батыс Англядан Шығыс Аляскаға дейінгі аралықта табылған. Ақ бөкендер Монғолияда, Қалмақ даласы мен Қазақстанда ғана сақталған. Республикамызда ақ бөкендердің бір-бірінен жеке дара бөлінген Бетбақдала-Арыс, Үстірт және Еділ-Жайық деген топтары мекендейді. Текелерінің дене тұрқы 126-150 см, салмағы 50 кг дейін, ал ешкілері кішірек, дене тұрқы 109-127 см, салмағы 22-37 кг-дай болады. Үстіңгі ерні салбырап, етті тұмсыққа айналған. Текесінің мүйізі қайқылау келеді, ал ешкісінде мүйіз болмайды. Жаз айларында арқа түсі сарғыш тартады. Қыста түсі ақшылданады.
Ақ бөкендер шөл, шөлейтті және далалық аймақтарда тіршілік етуге бейімделген. Олардың қоныс өзгертуі ауа райына, жайылымға байланысты болады. Ақ бөкендер қыстың суық, қарлы болатындығын немесе көктемнің кеш шығатындығын алдын ала болжай алады. Олар жұп тұяқты жануарлардың ішіндегі ең өсімталы, жылына бір рет көбейеді. Жаппай төлдеуі мамырдың бірінші жартысында өтеді. Бұл кезде күн салқындап, жауын-шашын көп болады да, оны қазақ халқы Құралайдың салқыны деп атайды.

Ақ бөкендер өсімдіктердің 80–нен астам түрімен қоректенеді. Ақ бөкеннің негізгі жауы – қасқыр, ал жас төлдеріне бүркіт, дала қыраны мен қара құстар да шабуыл жасайды. Ақ бөкендер аусыл, пастереллез ауруларымен ауырады. Олардың дәмді еті, мүйізі мен тұяғы, әдемі терісі үшін ауланатын кәсіптік маңызы бар жұп тұяқты жануар. Қазақстанда 1921 жылдан бері ақ бөкенді аулауға тыйым салынды. 1957-58 жылдары олардың саны 2 миллион- нан асқаннан кейін, кәсіптік жолмен аулауға рұқсат берілді. Оның мүйізінен пантокрин дәрісі алынады. Ақ бөкеннің тұяғын күйдіріп, одан алынған күлді денедегі теміреткеге жағады, сусамыр ауруына шалдыққандарды емдеу үшін пайдаланады. Осы қасиеттерін дәріптеп, қазақ киікті Киелі, Қасиетті аң деп бағалайды.

 

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.