|
|||
азақстан республикасы Білім және ғылым министрлігіСтр 1 из 2Следующая ⇒ Қазақстан республикасы Білім және ғылым министрлігі Семей қаласы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университет Тарих және саясаттану оқу кафедрасы
Реферат Тақырыбы:Семей мемлекеттік педагогикалық институтының тарихы
Орындаған: Тоқтарова Ш.О Тобы:Ия-813 Тексерген:Кариева Т.А
Семей-2020.
Жоспар:
Кіріспе………………………………………………………………………3-4
1. Семей мемлекеттік педагогикалық институты тарихы
1.1 Кеңестік кезеңдегі, Семей мемлекеттік педагогикалық институты.....................5-7
2. Семей мемлекеттік педагогикалық институтының құрылымы
2.1 Факультет туралы мәліметтер ...........................................................7-8
2.2 Семей мемлекеттік педагогикалық институтының түлектері.........8-10
2.3 Кәзіргі таңдағы Семей мемлекеттік педагогикалық институтының жағдайы........................................................... 10-13
Қортынды....................................................................................................13-15 Пайдаланылған әдебиеттер........................................................................15-16
Кіріспе Тақырыптың өзектілігі 1934 жылы іргетасы қаланған Шәкәрім университеті бүгін де еліміздегі оқу-ағарту саласы дамуының куәгері. Архив қойнауында сақталған сонау отызыншы жылдардан бергі құжаттар шежірелі тарихтан сыр шертеді. 1934 жыл 23 маусым. ВКП(6) Шығыс Қазақстан обкомының бюросы «Семей қаласында Қазақ педагогикалық институтын ұйымдастыру туралы» сұрақты қарады. Сол жылы Қазақ АКСР Халық комиссарлар кеңесі Семей қаласында педагогикалық институт құру туралы шешім қабылданды. 1936 жыл 10 шілде. Семей мұғалімдер институтына Сәкен Сейфуллин есімі берілді. 1939 жыл 9 наурыз. Институтқа Н.К.Крупская есімі берілді. 1993 жыл 12 мамыр. Қазақстан Республикасы Кабинетінің №383 қаулысымен Н.К.Крупская атындағы Семей педагогикалық институты Шәкәрім Құдайбердіұлы атындағы Семей мемлекеттік педагогикалық институты деп аталды. 1995 жыл 13 қараша. ҚР Үкіметінің №1513 қаулысымен және Білім және ғылым министрлігінің 1995 жылдың 1 желтоқсанындағы №304 бұйрығымен 3 институттың (Семей педагогикалық институтының, Семей зоотехникалық -малдәрігерлік институтының, Семей технологиялық институтының) негізінде «Семей» мемлекеттік университетін құру туралы шешім қабылданды. Университет құрылған кезде құрамында 5 факультет болды. 1999 жыл 22 қыркүйек. ҚР Үкіметі қаулысымен «Семей» мемлекеттік университеті Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті болып атанды. 2000 жыл 14 ақпан. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы мен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2000 жылдың 15 ақпанындағы №129 бұйрығы негізінде мемлекеттік қаржы институты Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің құрамына кірді. 2004 жыл 3 ақпан. Қазақстан Республикасы Үкіметінің №128 қаулысы мен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2004 жылдың 4 наурызындағы №182 бұйрығы негізінде университет құрамынан Семей мемлекеттік педагогикалық институты бөлініп шықты. 2008 жыл қараша. Шәкәрім университетінің бас ғимараты алдынан Шәкәрім бабамызға арналған ескерткіш ашылды. 2013 жыл 31 мамыр. ҚР Үкіметінің Қаулысымен Семей мемлекеттік педагогикалық институты және Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті біріктіріліп, Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті деп аталды. Шәкәрім Университеті кең сұранысқа ие әлеуметтік-гуманитарлық, жаратылыстану, техникалық, ауыл шаруашылық ғылымдары, бизнес және құқық бойынша көп деңгейлі мамандарды дайындайды. Мамандықтар салаларында қырықтан артық бакалавриат, бірнеше жоғары арнайы білім беру, отызға жуық магистратура мамандықтары, бес мамандықтардар бойынша докторанттарды дайындайды.
|
|||
|