Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалау әдістері



 

.АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖ

Семестр:2

Пән:Мемлекеттік сатып алу

Топ:У2Б

Күні:05.05.2020 жыл

Уақыты:15.30-16.00

Пән оқытушысы:Кизатова М.А.

Сабақтың тақырыбы: Инвестициялық құрылыс комплексінің жаңартпашылық тиімділігін бағалау      

       Жоспары:

1.Инновация қызметтері

2.Инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалау әдістері


1. Инновация қызметтері

Инновация — бұл экономикалық категория. Категория ретінде жаңалықтарды жүзеге асыруда және өндіруге қатысты және байланысты белгілерін, нақты және жалпы құрамын бейнелейді.

Категория мәні оның функциясымен пайда болады. Инновация функциялары мемлекеттің эконмикалық жүйесінде оның тағайындалуын және оның шаруашылық процесстегі рөлін бейнелейді.

Инновация қаржыны жаңа өнімге немесе операцияға салу арқылы алынған нәтижені нарықта жүзеге асыру болып табылады. Сатуға ұсынылған инновацияны жүзеге асыруда «ақша- инновация» айырбасы болады. Осындай айырбас нәтижесінде алынған кәсіпкердің ақша қаржысы, біріншіден құру және сату инновациясы бойынша шығынын жабады, екіншіден пайда әкеледі, үшіншіден, жаңа инновация құруға ынталандырады, төртіншіден, жаңа инновациялық процессті қаржыландырудың қайнар көзі болып табылады.

Инновация келесі үш қызметті атқарады:

1)Қайта өндіру;

2) инвестициялық;

3) ынталандырушы.

Инновацияның жіктелуі

Инновацияны басқаруға болады. Бұл кез келген тәсілмен және басқару құралдарымен инновация процессіне, инновацияның өмірлік кезеңінің ұзақтығына, инновация тиімділігінің өсуіне әсер етуге болады дегенді білдіреді.

Инновацияның жіктелуі ол алдыға қойған мақсатқа жету үшін нақты белгілері бойынша нақты топтарға бөлу.

Ғылыми-негізделген классификация — бұл таксономия принципінде құрылған классификация.

Таксономия (грек. taxis — ретімен орналастыру + nomos — заң) иерархиялық құрылумен, күрделі ұйымдастырылған облыста жүйелеу және классификация теориясы болып табылады.

Инновацияны құрылу сипаттамасы бойынша келесі үш топқа бөлеміз:

 

· Кәсіпорынға «ену» инновациясы;

· Кәсіпорыннан «шығу» инновациясы;

· Жеке элементтерін және олардың арасындағы өзара байланыстан тұратын жүйе ретіндегі кәсіпорынның инновациялық құрылымы.


Классификациялық белгілері:

1. Қолдану облысы

2. Инновация нәтижесінен ҒТП сатысы

3. Интенсивтілік дәрежесі

4. Инновацияны жүзеге асыру қарқыны

5. Инновация масштабы

6. Нәтижелілік

7. Инновация тиімділігі

2. Инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалау әдістері

Қазақстан Республикасы экономикасының дамуы отандық және шет елдік инвестициялардың тартылумен тығыз байланысты болып келеді. Инвестицияларды әр түрлі қаржы құралдарын шығара отырып тарту бүгінгі күні кең көлемде қолға алынды. Оған елдегі қолайлы инвестициялық климат өз әсерін тигізуде. Инвестиция негізінен екі бағытта тартылады: бірінші бағыт несие алу арқылы, ал екінші бағыт бағалы қағаздар шығарып сату арқылы. Инвестициялық жобаларды дайындай отырып ссудалық қаражаттарды биснеске тарту соңғы жылдары Қазақстан банктерінде қолға алына бастады. Мұндай инвестициялық жобалардың тиімділігі есептелініп, қарыз алушыға қажетті сома әрбір аяқталған жұмыстан кейін беріледі. Инвестициялық жобалар негізінде несие алу барысында кепіл мүлікті талап етілмейді. Инвестициялық құралдардың арасындағы жобалар арқылы несие алу экономиканың нағыз секторларын дамытуда болашақта негізгі құрал болатыны сөзсіз.[

Жобалық несиелеу

Жобалық несиелеу – бұл халақаралық және отандық тәжірибеде қолданылатын несиелеудің жаңа нысаны болып табылады және оның дәстүрлі банктік несиелеудің мынандай артықшылықтарын атап айтуға болады:

· инвестициялаудың стратегиясын дайындау;

· инвестициялаудың белгілі-бір уақытша аясын белгілеу;

· инвестициялық приоритетті анықтау;

· баламалы нұсқаларды қарастыру;

· инвестицияның жүзеге асыру жоспарын дайындау;

· бір уақытта бірнеше көздер арқылы қаржыландыра алу.


Дұрыс қолданылған инвестициялық жоба жалпы ресурстар көздерін ұтымды пайдалану есебінен экономикадағы ресурс тапшылығын азайта алады. Алайда, жобалық әдістің өзіне тән кемшіліктері де бар. Ең алдымен, бұл болжаудағы, есептеулердегі мүмкін болатын қателер, сонымен қатар нарықтағы әр түрлі өзгерістер, инфляция құбылмалығы, заңдардың өзгеруі сияқты түрлі факторлар әсері жобалық әдістің тартымдылығына тежеу болады.

Сонымен қатар, қарыз алушыға тән жобалық несиелеудің мынандай жағымсыз жақтары көрініс береді:

 

· тәуекелдің жоғарлығына байланысты несие бойынша пайыздың өсуі және комиссиондық ақының қымбатқа түсуі (жобаны бағала-ғаны үшін, жобалық бақылау жүргізгені үшін алнатын ақы);

· жобалық несиелеу алдындағы шығындар (техникалық-экономикалық негіздеме дайындау, пайдалы қазбаларды табу жұмыстары, қоршаған ортаға жобаның тигізетн зияндары, терең маркетингтік зерттеулер, т.б.);

· несие алуға деген өтініш пен оны несиелеу туралы шешім қабылдау кезеңдерініңұзақтығы;

· қарыз алушының қызметіне банк тарапынан жүргізілетін

· бақылаудың қаталдығы (қаржылық, өндірістік, коммерциялық);

· кейбір жағдайдағы қарыз алушының өз тәуелсіздігін жоғалтып алу қаупі.


Соңғы уақыттарда республикамыздағы екінші деңгейдегі банктер экономика секторларын несиелеу барысында ұзақ мерзімді жобалармен тығыз жұмыс жасауда. Жобалар бойынша экономика секторларын несиелеуде бұл қазіргі несиелеу механизмінің өзіндік ерекшеліктерін сипаттайды.

Жоба – бұл белгілі-бір бастапқы мәліметтері бар және нәтиженің болуын талап ететін және оны шешу тәсілдеріне негізделетін міндеттерді білдіреді. Жобалардың келесідей түрлері болады: тұрғын үй немесе құрылър !оаъдкуісін салу, инвестициялау портфелін қалыптастыру, ғылыми-зерттеу жұмыстарының бағдарламаларын, кәсәпорынды қайта құру, жаңа техника және технологиялар жасау, кинифильмдер шығару, аймақты дамыту және т.б.


Санаттары

Жобаны бағалауда және оның тиімділігін есептеуде жобалық талдаудың негізгі санаттарын білу керек. Бұндай талдаудың негізгі ұғымы «жобаның өмір сүру циклі» болып табылады. «Өмір сүру циклі» деп жобаның пайда болуы мен оның жойылуы кезіне дейінгі уақыт аралығын айтамыз.

Жалпы алғанда, жобалық цикл келесі кезеңдерден тұрады:

1. инвестициялық шешім қабылдау;

2. инвестициялау;

3. жаңадан құрылған объектілерді пайдалануға беру.


  Әр кезең шеңберінде көптеген сатыларды көрсетуге болады. Бірақ кезеңдердің нақты сатыларға бөлінуі мүмкін емес. Біріншіден, инвестициялық жоба жүзеге асырып жатқан әр елдің экономикасының өзіне тән ерекшеліктері болады. Екіншіден, инвестициялық жобаға қатысушылардың шеңбері кең (демеушілер, жобалық компаниялар, мердігерлер, қарыз берушілер және инвесторлар, т.б.) және әрбір қатысушының жобалық циклға деген көзқарасы әр түрлі болады.

Мысалы, инвестициялау алдындағы кезең мынандай сатылардан тұрады:

 

· инвестициялауға қажетті қаржы ресурстарын жинақтау;

· жобаны алдын-ала дайындау, яғни, оның сметалық құжаттарын даярлау;

· жобаны жасауды аяқтау және оның техникалық және қаржылық тиімділігін бағалау;

· жоба бойынша нақты шешімдер қабылдау.


Инвестициялау кезеңі 3 сатыдан тұрады:

· келісім-шарт жасау және теңдер жұмыстарын ұйымдастыру;

· құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізу;

· құрылыс-монтаж жұмыстарын аяқтау.


Ал, ең соңғы инвестициялық объектілерді пайдалануға беру кезеңін қысқаша түрде былай сатылауға болады:

· монтаждау;

· жөндеу;

· өндіріс;

· жобаны аяқтау және оны пайдалануға беру.


  Әрбір кезеңнің сатыланып бөлінуінен-ақ әр кезеңде жүргізілетін іс-әрекеттер рет-ретімен жүзеге асырылатыны көрініп тұр. Белгілі-бір кезеңнің, тіпті бір сатының жүргізілмеуі инвестициялық жобаны дайындау мен жүргізу процесін бұзады.]Жобалық циклi

Несие беруші мен қарыз алушының жобалық циклға қатынасы әр түрлі:

1. Жобалқы цикл қарыз алушы үшін едәуір ұзақ уақыт шеңберінде іске асады, яғни, ол жоба идеясының пайда болуынан бастап, оның аяқталуына дейінгі мерзімді қамтыса, ал несие беруші үшін жобалық цикл қарыз алушыдан өтініш келіп түскен уақыттан бастап, қарыз алушының несие және несиелік шарт бойынша барлық міндеттемелерін өтеген уақытқа дейінгі мерзімді қамтиды, яғни, банк үшін жобалық цикл мерзімі қысқалау.

2. Қарыз алушы мен несие беруші жобалық циклдың жекелеген сатылары шеңберінде өздеріне маңызды түрлі кезеңдерді белгілейді. Жобаның мейлінше үйлесімді іске асуы несие беруші мен қарыз алушының жобалық циклдағы бір-бірінің кезеңдерін толық білуіне байланысты.

Банкке қарыз алушының жобалық циклін толық білу мынандай мәліметтер алу үшін қажет:

· жобаны іске асырудағы барлық шығындар мен түскен табыстарды білу үшін;

· жобаны іске асыруда пайда болатын тәуекелдерді анықтау үшін;

· жобаны іске асыруда өз бақылау кестесін құру үшін.


Айта кететін жайт, жобалық циклдың үш сатыға бөлінуі барлық жобаларға тән. Кейбір банктерде бұдан басқа да қосымша сатылар болуы мүмкін.

Мысалы, ХҚДБ мамандарының сараптауы бойынша жобалық цикл мына кезеңдерден тұрады:

1. Жобаларды таңдау;

2. Жобаларды дайындау;

3. Жобаларды бағалау;

4. Келіссөздер жүргізу және жобаны бекіту;

5. Жобаны жүзеге асыру және оны бақылау;

6. Жобаның нәтижелерін бағалау.


Инвестициялық жобаларды қаржыландыруға маманданған банктер жобалық құжаттар, жоба бойынша мамандардың лауазымды міндеттемелері жөнінде мағлұматтары бар арнайы нұсқаулар дайындайды. Мұндай нұсқаулар жобаның тез іске асуына ықпал етіп, банктің жобалық циклін қысқартады.

Әлемдік банктің мәліметтеріне сүйенсек, инвестициялау алдындағы кезең шығындарын былайша топтауға болады:

 

· жобаның инвестициялық ниетінің қалыптасуы-0,2-1%;

· инвестициялық зерттеулер 0.25-1.5%

· жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі;

· шағын жобалар үшін-1,0-3,0%;

· ірі жобалар үшін-0,2-1,0%.


  Жобалық циклдың алғашқы кезеңінде экономикалық міндеттерге нарықтық талаптарға байланысты жобаның соңғы мақсаты белгіленеді. Бұл мақсат жеке инвестор мен Үкіметтің өндірістің қамтамасыз ету, халықтың қажеттілігін қанағаттандыру, табиғат ресуртарын тиімді пайдалану, жұмыссыздықты жою үшін пайда болған ойларынан бастау алады. Алға қойылған мақсатты жүзеге асыруға бағытталған жобалардың бірнеше түрі болғандықтан, оның ең ұтымды нұсқасын таңдаудағы бір-бірден шарт-жобаның болашақтағы тиімділігі. Алғашқы кезеңдерде жобаларды таңдау сандық талдауларға байланысты емес, сапалық таңдауларға, логикалық сызбаларды таңдау, т.б. факторларды есепке алу арқылы жүргізілуі керек.

Ол үшін алдын-ала мынандай мәсәлелер талданады:

 

· нарық сұранысына байланысты өндіріс көлемі;

· қажетті қаржы көлемі;

· материалдық және еңбек ресурстарының жеткіліктілігі;

· саяси-ұйымдық және басқарудағы кедергілердің мүмкін болуы ,т.б.


Инвестициялау алдындағы кезеңде, ең алдымен, жобаны талдайды, есептейді, сайып келгенде оның тиімділігін бағалайды. Осы мақсатта жобалық шешімдерді негіздеу және дайындау үшін әдістемелік тәсілдер жиынтығы, яғни, инвестициялық жобаларды талдауды қолданады.Жобалық талдаудың мақсаты – іске асырылатын жобаның нәтижелерін анықтау. Жобаның нәтижелігі жобадан түсетін табыстар мен жобаға жұмсалатын ресурстардың арасындағы айырмамен сипатталады.

Сабақты бекіту сұрақтары:

1. Инновация дегеніміз?

2. Инвестициялау кезеңі неше сатыдан тұрады:

3. Классификациялық белгілері:

 

Үй тапсырмасы: Инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалау әдістері (Түсіндірмелі кесте сызу)

Интернет көздері:

https://zharar.kz/jospar/id/9299

https://bankreferatov.kz/economik/1472-2010-12-10-04-54-48.html

https://stud.kz/referat/show/5041

 

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.