Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Хабарлама



 

Аудандық білім бөліміне

Хабарлама

Зубаир орта мектебінде 15.10.2020 жылы мектебіміздің психологы Абдрахманова Асем ата-аналарға арналған видеохабарлама жазып, Whatsapp желісі арқылы ата-аналар чатына және де сынып жетекшілер чатына да жіберді. Бұл видеода психолог қазіргі танда кәмелетке толмағандар арасында суицидтік көріністірдің алдын алу мәселелеріне ерекше назар аудару керек екендігі жайлы сөз қозғады.  Сонымен қатар, қазіргі уақытта қашықтықтан оқыту жағдайында оқушылар көп уақытын интернетте өткізеді, осыған байланысты оларға баратын ақпарттық ресурстарды бақылауды қамтамасыз ету керек екендігі жайлы ата-аналарға айтылды.  

Бүгінгі күні полиция органдары күн сайын құқыққа қарсы интернет-контенттер, оның ішінде «Бұл менің күйзелісім», «Жапалақ ешқашан ұйықтамайды», «Әлеуметтік қорқыныш» атты  суицидтік топтар туралы хабарлады. Осы мәліметтерді ата-аналарға видео арқылы жеткізді.

Мекетеп психологы және сынып жетекшілер ата –аналарға келесі мәселелерді қатаң қадағалауды тапсырды:

1) интернет желісінде балалардың уақытын өткізуін бақылау;

 2) балалардың суицидтік топтар мен ойындарға қатысуына теріс қатынасын қалыптастыру,

3) өздеріне белгілі болған, құқыққа қайшы мазмұндағы интернет-ресурстар туралы құық қорғау органдарына хабарлау

Сонымен қатар, сынып жетекшілер психологтың видеохабарламасын оқушыларға көрсетіп, суицидті алдын алу жайлы, интернет желісінен алған ақпараттарды дұрыс саралап, қажетті сайттарға ғана, шектеулі уақыт отырулары керектігі жайлы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

https://vk.com/id615184961

https://v4.simplesite.com/#/pages/447231991?editmode=true#section_2de62bba-6308-4be0-81c2-0fd9fc852f37

Жауапты: Отеулинова А.З.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.