Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





бап. Әкiмдіктің, әкiмнiң актілерi



 36-бап. Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкiмдерi лауазымына тағайындау немесе сайлау, қызметiнен босату немесе олардың өкiлеттiгiн тоқтату тәртiбi

1. Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкiмдерi Қазақстан Республикасының Президентi белгілейтiн тәртiпте қызметке тағайындалады немесе сайланады.

2. Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкiмдерi Қазақстан Республикасының Президентi белгiлейтiн тәртiпте қызметiнен босатылады және өз өкiлеттiгiн тоқтатады.

 37-бап. Әкiмдіктің, әкiмнiң актілерi

1. Әкiмдік Қазақстан Республикасының Конституциясы, заңдары, Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкiметiнiң актiлерi, өзге де нормативтiк құқықтық актiлер негiзiнде және оларды орындау орайында қаулылар шығарады.

2. Әкiмдік қаулысына әкiм қол қояды.

3. Әкiм нормативтiк-құқықтық сипаттағы шешiмдер және әкiмшiлiк-басқарушылық, жедел және дербес сипаттағы мәселелер бойынша өкiмдер шығарады.

4. Әкiмдіктің және (немесе) әкiмнің өз құзыретi шегiнде қабылдаған актiлерiнiң тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстiң бүкiл аумағында мiндеттi күшi болады.

5. Әкiмдік және (немесе) әкiм актiлерiнiң қолданылуын тиiстi прокурордың тоқтата тұруы мүмкiн.

6. Әкiмдіктің және (немесе) әкiмнiң азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен мiндеттерiне қатысты актiлерi (Қазақстан Республикасының мемлекеттiк құпиялары және заңмен қорғалатын өзге де құпиялары бар актiлерден басқа) мiндеттi ресми жариялауға жатады.

7. Әкiмдіктің және (немесе) әкiмнiң жалпыға мiндеттi маңызы бар, азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен мiндеттерiне қатысты актiлерi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiпте Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң аумақтық органдарының мемлекеттiк тiркеуiне жатады.

Азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты актілерді әкімдіктің, әкімнің қабылдауы "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып жүзеге асырылады.

8. Қазақстан Республикасының Президентi, Үкiметi, жоғары тұрған әкiмдік және (немесе) әкiм, әкiмдіктің және (немесе) әкiмнiң өзi, сондай-ақ соттың шешiмi әкiмдік және (немесе) әкiм актiлерi қолданылуын жоюы не толық немесе iшiнара тоқтата тұруы мүмкiн.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.