Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





останай облысында 25 мамырдан бастап карантинді жеңілдетудің жаңа кезеңі енгізіледі



Қостанай облысында 25 мамырдан бастап карантинді жеңілдетудің жаңа кезеңі енгізіледі

Бүгін Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетовтің төрағалығымен коронавирусты инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі жедел штабтың кезекті отырысы өтті.

Бүгінгі күні Қостанай облысында COVID-19-дың 112 жағдайы тіркелген, оның ішінде 50адам сауығып, 2өлім жағдайы болды.

Жедел штаб отырысында Жітіқара қаласын қоспағанда, облыс аумағында карантиндік іс-шараларды жеңілдетудің 4-ші кезеңін енгізу туралы шешім қабылданды.

Осылайша, қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып,                 4-кезең шеңберінде ағымдағы жылдың 25 мамырынан бастап (Жітіқара қаласын қоспағанда) санитарлық-эпидемиологиялық режимді күшейтумен келесі объектілердің жұмысына рұқсат етіледі:

1. Азық-түлік емес сауда орталықтары мен дүкендер (алаңы 2000 ш.м. астам), сауда-ойын-сауық орталықтары, оларда фуд-корттардың, кинотеатрлардың, ойын-сауық объектілерінің және мәдени-бұқаралық бағдарламалардың жұмыс істеуін қоспағанда;

2. Мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдары (даму, білім беру орталықтары, үйірмелер, факультативтер және т.б.);

3. Банкеттер, үйлену тойлар, мерейтойлар, атаулы іс-шаралар, сондай-ақ мектеп бітіру іс-шараларын өткізбей, 7-00-ден 22-00-ге дейін уақытта үстелдерді бір-бірінен арақашықтығы кемінде 2 метрден орналастырып, келушілер саны 30 адамнан аспайтын қоғамдық тамақтандыру объектілері, оның ішінде жазғы террастар;

4. Массаж салондары;

5. 30 адамға дейін  репитиция өткізуге арналған кітапханалар, мәдениет объектілері;

6. 30 адамға дейінгі топтарға, оның ішінде тренажер залдарына жаттығу өткізетін спорт объектілері;

7. Қосымша қызмет көрсетусіз қонақ үйлер (СПА, бассейндер, жаттығу залдары, бильярд, кинозалдар, конференцзалдарды жалға алу).

Эпидемиологиялық жағдай тұрақтанғанға дейін қызметі тоқтатылған болып қалады:

     - Вокзалдар, автостанциялар;

- Елді мекендер арасындағы жүріп-тұру;

- Тұрғындардың тұрғылықты жерінен сағат 22-00-ден 6-00-ге дейін шығуына тыйым салу;

- Көрмелердің, кинотеатрлардың, көрермендерге келуге арналған театрлардың, ойын алаңдарының барлық түрлерінің (аулаларды қоспағанда);

- Түнгі клубтар, фитнес, букмекерлік кеңселер, компьютерлік және ойын клубтары, кальян, бильярд, боулинг орталықтары, караоке;

- Санаторийлер, профилакторийлер және демалыс базалары;

- Аквапарктер, бассейндер, тату-салондар;

- Бір мезгілде келушілер саны 20-дан астам болатын моншалар мен сауналар;

- Мектепке дейінгі балалар ұйымдары (кезекші топтардан басқа);

- Діни нысандар.

Сондай-ақ, Ораза Айт мұсылман мерекесі қарсаңында, облыс әкімі тұрғындарына осы мерекені көпшілік қауымсыз, туған-туыстары мен жақындарының ортасында мерекелеуді ұсынды.

Сондай-ақ, облыс әкімі Архимед Мұхамбетов облыстағы аурудың жағдайына тұрақты түрде мониторинг жүргізіліп жатқандығын және карантиндік шараларды одан әрі жеңілдету туралы шешім эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, кезең-кезеңмен қабылданатынын атап өтті.

Сонымен қатар, карантиндік іс-шараларды жеңілдету шеңберінде, Қостанай облысы бойынша бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің Қаулысынан мемлекеттік органдар мен ұйымдар қызметкерлерінің 50% қашықтықтан жұмыс нысанының тармағы алынып тасталады.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.