Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Тестінің бір нұсқасындағы тапсырмалар саны



Тестінің бір нұсқасындағы тапсырмалар саны

 

4. Тапсырма мазмұнының сипаттамасы:

Тест тапсырмалары «Математиканы оқыту әдістемесі» пәні бойынша Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына және типтік оқу бағдарламасына сәйкес оқу материалын қамтиды.

     Білім алушы математиканы оқытудың әдістемесінің объектісі, пәні, міндеттері мен зерттеу әдістері туралы қалыптасқан түсініктерін көрсете білу керек. Сондай-ақ, бастауыш мектепте математиканы оқытудың теориясы және практикасын дамыту тенденциялары мен бағыттары туралы түсініктері болу қажет. Білім алушы ұғымдар мен əрекет тəсілдері жүйесінің сипаттамасы жəне мазмұндық-əдістемелік желілері материалдарын оқытудың жалпы мəселелері «Сандар мен өлшемдер», «Алгебра элементтері», «Геометрия элементтері», «Жиын. Логика элементтері», «Математикалық  модельдеу» туралы білімдеру болу тиіс. Бастауыш білім берудің жаңартылған мазмұнындағы математика пәні бойынша типтік оқу бағдарламасы мен оқулықтарды бағдарлай білуі; бастауыш сынып оқушыларының жас және дербес ерекшеліктерін ескере отырып математиканың бастауыш курс мазмұны бойынша нақты мәселелерді шешу үшін түрлі инновациялық әдістемелік әдіс тәсілдерді қолдана білуі керек.

Тапсырмалар орындалуының орташа уақыты:

Бір тапсырманы орындау уақыты – 2,5 минут
     Тест орындалуының жалпы уақыты – 50 минут

6. Тестiнiң бiр нұсқасындағы тапсырмалар саны:

Тестінің бір нұсқасында – 20 тапсырма.

Қиындық деңгейі бойынша тест тапсырмаларының бөлінуі:

- жеңіл (A) – 6 тапсырма (30%);

- орташа (B) – 8 тапсырма (40%);

- қиын (C) – 6 тапсырма (30%).

7. Тапсырма формасы:

Тест тапсырмалары жабық формада беріледі. Ұсынылған бес жауап нұсқасынан бір жауапты таңдау керек.

8. Тапсырманың орындалуын бағалау:

Түсуші тест тапсырмаларында берілген жауап ңұсқаларынан дұрыс жауаптың барлығын белгілеп, толық жауап беруі керек. Толық жауапты таңдаған жағдайда түсуші 2 балл жинайды. Жіберілген бір қате үшін 1 балл, екі немесе одан көп қате жауап үшін түсушіге 0 балл беріледі. Түсуші дұрыс емес жауапты таңдаса немесе дұрыс жауапты таңдамаса қате болып есептеледі.

9. Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:

1. Бастауыш білім берудің жаңартылған мазмұнындағы оқу бағдарламалары. Математика 1-4 сынып. Астана, 2016 ж

2. Математика пәні бойынша оқу бағдарламасы (12 жылдық білім беру мазмұнын жаңарту аясында). Бастауыш мектеп 1-5 сыныптар. «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА бастауыш сынып мұғалімдерімен бірлесіп құрастырған. Астана, 2014.

3. Г.Ш.Жақыпова, Н.В.Орехова, Н.В.Лебедева, С.И.УАқбаева, Ә.О.Мәдхалықова, Н.З.Иманбаева. Математика. Жалпы білім беретін 1 сыныбына арналған оқулық. 2 бөлімнен тұрады. Астана, Назарбаев зияткерлік мектептері, ДББҰ, 2016

4.  Г.Ш.Жақыпова, Н.В.Орехова, Н.В.Лебедева, С.И.УАқбаева, Ә.О.Мәдхалықова, Н.З.Иманбаева. Математика. Жұмыс дәптері. Жалпы білім беретін 1 сыныбына арналған оқу құралы. 2 бөлімнен тұрады. Астана, Назарбаев зияткерлік мектептері, ДББҰ, 2016

5. Т.Қ.Оспанов, Ш.Х.Құрманалина, С.К.Құрманалина. Бастауыш мектепте математиканы оқыту әдістемесі. - Астана, «Фолиант», 2013.

6. Математикадан жалпы білім беретін мектептің оқу бағдарламалары (I-IV сыныптар). Алматы, 2003.

7. Т.Қ.Оспанов, О.В.Кочеткова, Ж.Қ.Астамбаева. Жаңа буын оқулықтары бойынша бастауыш сыныптарда математиканы оқыту әдістемесі. Алматы, 2005

8. А.М.Текесбаева. Математиканы оқыту әдістемесі. Алматы, 2013



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.