Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Информатиканы оқыту әдістемесі»



 «Информатиканы оқыту әдістемесі»

пәні бойынша магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеудің

ТЕСТ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ

(2019 жылдан бастап қолдану үшін бекітілген)

1. Мақсаты:Қазақстан Республикасы жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында оқуды жалғастыра алу қабілетін анықтау.

2. Міндеті: Келесі білім беру бағдарламалары тобы үшін түсушінің білім деңгейін анықтау:

М012   

Информатика педагогтерін даярлау

шифр              білім беру бағдармалар тобы

 

 Тест мазмұны:Тестіге «Информатиканы оқыту әдістемесі» пәні бойынша типтік оқу жоспары негізіндегі оқу материалы келесі бөлімдер түрінде енгізілген. Тапсырмалар оқыту тілінде (қазақша) ұсынылған.

 

Тақырыптың мазмұны Қиындық деңгейі Тапсырмалар саны
Информатиканы оқытудың теориясы мен әдістемесі, оның объектісі, пәні және міндеттері. 1-А, 1-В,
Информатика орта мектепте ғылым және оқу пәні ретінде. 1-А, 1-В,
Орта мектепте информатиканы оқыту тарихы. 1-А, 1-В,
Мектепте информатиканы оқытудың қазіргі кезеңдегі мақсаты мен міндеттері. 1-А, 1-В,
Информатика негіздерін оқытудағы негізгі құжаттары. 1-А, 1-С,
Мектепте информатиканы оқытуды ұйымдастыру. 1-А, 1-С,
Информатиканы оқытуды жобалау. 1-В, 1-С,
Оқушылардың өзіндік іс-әрекеттерін ұйымдастыру. 1-В, 1-С,
Информатиканы оқытудың компьютерлік программалық құралдары. 1-В, 1-С,
Мектеп информатика курсының негізгі мазмұдық бөлімдерін оқыту әдістемесі. 1-В, 1-С,

Тестiнiң бiр нұсқасындағы тапсырмалар саны:

 

4. Тапсырма мазмұнының сипаттамасы:

Тест тапсырмаларының мазмұнында мектепте информатиканы оқыту жүйесінің және олардың арасындағы байланыстың негізгі құрауыштары туралы түсініктерінің қалыптасу деңгейін айқындау қарастырылған.

Емтихан тапсыратын талапкерлер:

- оқушылардың жан – жақты тұлғалық дамуын қалыптастырудың мектеп информатикасындағы мәні және рөлін;

- мектеп информатикасын оқытудың мақсатының үш аспектісін: білім беру, дамыту, тәрбиелеу;

- мектепте информатиканы оқытудың негізгі концепциясының мәнін;

- оқытудың әртүрлі деңгейлерінде мектеп информатикасын оқытудың әдістемелік және мазмұндық аспектісін;

- курстың бағдарламалық қолданбаларын қолдану біліктілігі және оның әдістемелік мақсатқа бағыттылығын;

- информатика мұғалімінің сабақты ұйымдастыру мен жоспарлаудағы қызметтерінің мазмұнын;

- оқушылардың оқу іс – әрекетін басқару және әртүрлі ұйымдастыру формаларымен информатика пәнін өткізу мен оқытудың дәстүрлі және инновациялық әдістерін білу біліктілігін;

- топтағы әртүрлі жастағы оқушылардың пәнге деген қызығушылығын дамыту үшін информатика сабағын ұйымдастыру біліктілігін көрсету тиіс.

5. Тапсырмалар орындалуының орташа уақыты:

Бір тапсырманы орындау уақыты – 2,5 минут.

Тест орындалуының жалпы уақыты – 50 минут.

6. Тестiнiң бiр нұсқасындағы тапсырмалар саны:

Тестінің бір нұсқасында – 20 тапсырма.

Қиындық деңгейі бойынша тест тапсырмаларының бөлінуі:

- жеңіл (A) – 6 тапсырма (30%);

- орташа (B) – 8 тапсырма (40%);

- қиын (C) – 6 тапсырма (30%).

7. Тапсырма формасы:

Тест тапсырмалары берілген жауаптар нұсқасының ішінен бір немесе бірнеше дұрыс жауапты таңдауды қажет ететін жабық формада ұсынылған.

8. Тапсырманың орындалуын бағалау:

Үміткер тест тапсырмаларында берілген жауап нұсқаларынан дұрыс жауаптың барлығын белгілеп, толық жауап беруі керек. Толық жауапты таңдаған жағдайда үміткер 2 балл жинайды. Жіберілген бір қате үшін 1 балл, екі немесе одан көп қате жауап үшін үміткерге 0 балл беріледі. Үміткер дұрыс емес жауапты таңдаса немесе дұрыс жауапты таңдамаса қате болып есептеледі.

9. Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:

1. Лапчик М.П., Рагулина М.И., Самылкина Н.Н., Семакин И.Г., Хеннер Е.К. Теория и методика обучения информатике. Учебное пособие. – Москва: «Академия», 2008. – 592 с.

2. Софронова Н.В. Теория и методика обучения информатике. Учебное пособие. М.: Высш. шк., 2004. – 223 с. ил.

3. Малев В.В. Общая методика преподавания информатики: Учебное пособие. – Воронеж: ВГПУ, 2005. – 271 с.

4. Халыкова К.З. Информатиканы оқыту әдістемесі. Оқу құралы Алматы: «Білім», 2000, – 196 б.

5. Бидайбеков Е.Ы., Лапчик М.П., Беркімбаев К.М., Сағымбаева А.Е. Информатиканы оқыту теориясы мен әдістемесіне кіріспе: Оқу құралы. – Алматы, 2008. – 280 бет.

6. Қойбағарова Т.Қ., Ельтинова Р.А. Информатиканы оқыту әдістемесі: Оқу құралы. І-ІІ-бөлім. Павлодар: ПМПИ, 2012. – І-бөлім. 195 бет.

7. Қойбағарова Т.Қ., Ельтинова Р.А. Информатиканы оқыту әдістемесі: Оқу құралы. І-ІІ-бөлім. Павлодар: ПМПИ, 2012. – ІІ -бөлім. 214 бет.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.