магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеудің
ТЕСТ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
(2019 жылдан бастап қолдану үшін бекітілген)
1. Мақсаты:Қазақстан Республикасы жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында оқуды жалғастыра алу қабілетін анықтау.
2. Міндеті: Келесі білім беру бағдарламалары тобы үшін түсушінің білім деңгейін анықтау:
М020 Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану бойынша мамандарды даярлау
шифр білім беру бағдармалар тобы
3. Тест мазмұны: Тестіге «Өзін-өзі тануды оқыту әдістемесі» пәні бойынша типтік оқу жоспары негізіндегі оқу материалы келесі бөлімдер түрінде енгізілген. Тапсырмалар оқыту тілінде (қазақша) ұсынылған.
№
Тақырыптың мазмұны
Тапсыр
малар саны
Қиындық
деңгейі
«Өзін-өзі тану» пәнін оқытудың аксиологиялық негіздері
Ақиқат өзін-өзі танудың мақсаты ретінде. Дұрыс әрекет жасаудың тәжірибесі адамгершіліктің алтын ережесі ретінде. Тыныштық адамның ішкі табиғаты ретінде. Сүйіспеншілік – әлем құрылымының негізі. Қиянат жасамау – тұлғаның үйлесімді дамуының нәтижесі
(С)
Өзін-өзі тану сабағын жоспарлау негіздері
Өзін-өзі тану сабағының құрылымы. Сабақтың мақсаты мен міндеттері, олардың жалпыадамзаттық құндылықтар және қасиеттерімен байланысы.
Өзін-өзі тану пәнін оқытудың әдістемелік тәсілдері
(В)
Өзін-өзі тану сабағындағы жағымды көңіл-күй
Өзін-өзі тану сабағындағы жағымды көңіл-күйдің маңызы. Жағымды көңіл күйдің ерекшеліктері.Жағымды көңіл-күйдің түрлері. Жағымды көңіл-күйді өткізу ережелері.
(А)
Өзін-өзі тану сабақтарында дәйексөзді қолдану Өзін-өзі тану сабақтарындағы жағымды дәйексөзді қолданудың маңыздылығы. Өзін-өзі тану сабақтары үшін дәйексөздің дерек көздері. Өзін-өзі тану сабағындағы дәйексөзбен жұмыс жасау ережелері.
(А)
Өзін-өзі тану сабақтарындағы ән айту және музыка
Адам өміріндегі дыбыстар. Музыканың өсімдіктерге әсері. Музыканың жануарларға әсері. Музыканың адамдарға әсері. Музыканың пайдалы қасиеттері.
(А)
Өзін-өзі тану сабақтарындағы топтық және шығармашылық іс-әрекет
Хормен ән айту. Хормен ән айтудың пайдалы қасиеттері. Топтық іс-әрекет: сахналау, тестілеу, ойындар, топтық әңгімелеу және т.б. Шығармашылық жұмыс: әңгімені бейнелеу, жағымды көңіл-күйдің көркем көрінісі, суреттер арқылы құндылықтарды бейнелеу, проза мен өлең шығару, жалпы топтық сурет.
(А)
Әңгіме (өсиет-әңгіме) айтудың әдісі
Оқиға айту өнері. Әңгімені таңдау. Әңгіменің білім алушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкестігі. Әңгіменің дерек көздері. Шабыттандыратын әңгімелердің мысалдары. Оқиға айтудың көрнекілік құралдары. Педагог кітапханасы.
(А)
Өзін-өзі тану сабақтарын талдау «Өзін өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру Бағдарламасы тұрғысынан сабақты талдау менөзін-өзі талдау ережелері. Мұғалім стилі. Пәнді оқытудағы шығармашылық тәсіл. Сабақтың рухани-адамгершілік тереңдігі. Сабақтағы тәртіп.
(А)
Өзін-өзі танудағы мұғалімнің рөлі Өзін-өзі тану пәнін оқытуда мұғалімнің адамгершілік үлгісінің маңыздылығы. Мұғалімнің негізгі қасиеттері. Мұғалімнің үш типі (шағымданушы, түсіндіруші, шабыттанушы). Мұғалімдерге арналған ережелер. Білім алушыларға ақпаратты жеткізу тиімділігі.
(В)
Пән мазмұнының логикалық құрылымы
Өзін-өзі тану пән мазмұнының логикалық құрылымы негіздемесінің нақты сипаттамасы: жалпыадамзаттық құндылықтардың жүйесі; тұлғаның өз-өзіне, басқа адамдарға, әлемге, адамзатқа қатысты көрінетін негізгі қасиеттері; адамзаттың жинақтаған- әлемдік мәдениет, халықтардың даналығы, білім/ғылым- әлеуметтік тәжірибесінің құрылым компоненттері,
«Өзін-өзі тану» пәніндегі негізгі бағыттардың ерекшеліктерін ашу: «Адамзаттың рухани тәжірибесі», «Отбасындағы сүйіспеншілік», «Қоғамдағы сүйіспеншілік», «Адамзаттың бірлігі».
(В)
Бастауыш мектеп үшін тараулардың әдістемелік сипаттамасы
Білім алушылардың жас ерекшеліктерін есепке ала отырып,бастауыш мектепте өтілетін пәннің негізгі базалықмазмұнын жүзеге асыру, тарауларды білуі. «Ғасырлар даналығы» тарауындағы әдістемелік ерекшеліктердің сипаттамасы. «Ынтымақты отбасы» тараудың негізгі идеясы болып коммуникативтік біліктер мен дағдылардың тек отбасында ғана емес, сонымен қатар сыныпта да, мектепте де дамуына ықпал жасау. «Адам болам десеңіз» тарауының негізгі міндеті – балалардың адамгершіліктік құндылықтық бағдарларды қабылдау дағдыларына дамыту. «Әсемдік әлемінде!» тарауында кіші мектеп жасындағы оқушылардың өзіне, қоршаған ортаға және бүкіл адамзатқа қатысты қарым-қатынасын айқындайтын адамгершілік мінез-құлықтарының, әлеуметтік маңызы бар бағдарларының негізін қалыптастыру.
(С)
Орта сыныптар үшін тараулардың әдістемелік сипаттамасы
Білім алушылардың жас ерекшеліктерін есепке ала отырып, пәннің негізгі базалық мазмұныннегізгі орта білім беруде жүзеге асыру, тарауларды білуі.
«Рухани ұстаздардың өмірінен шабыттандырушы мысалдар» тарауының негізгі идеясы ой,сөз және істің бірлігі ретінде. «Мектеп - менің отбасым» тарауының әдістемелік ерекшеліктерінің сипаттамасы. «Адам болам десеңіз» тарауының негізгі мақсаты – өзін-өзі тану мен өзін-өзі жетілдіру қажеттілігін дамыту. «Адамзат әлемі» тарауының негізгі мазмұны – бүкіл планетада болып жатқан құбылыстар мен адамзат үшін өзінің жауапкершілігін жете түсіну.
5-9 сыныптар үшін «Өзін-өзі тану» пәнінің күнтізбелік жоспарлауының дағдылары. Сынып бойынша оқушылардың дайындық деңгейінеқойылатын талаптар. Оқушылардың білімін бағалау.
(С)
Жоғары сыныптар үшін тараулардың әдістемелік сипаттамасы
Білім алушылардың жас ерекшеліктерін есепке ала отырып, пәннің негізгі базалық мазмұнын жалпы орта білім беруде жүзеге асыру, тарауларды білуі. Өзін-өзі тану мазмұнының сабақтастық қағидасы.
«Рухани ұстаздардың өмірінен шабыттандырушы мысалдар» тарауының бастапқы мақсаты – өмір жолын таңдауына ықпал ету. «Отбасындағы парыз» тарауының негізгі идеясы бұл адамдардың арасында туындаған және әртүрлі өмірдің жағдайында пайда болған қайшылықтарғажоғары ақыл-парасаттылығымен қарым-қатынас жасауға үйрету мен жағымды ойлау дағдыларын дамыту ретінде. «Адам болам десеңіз» тарауының әдістемелік ерекшеліктерінің сипаттамасы.«Адамзат әлемі» тарауының негізгі мазмұны – адамзаттың алдында тұрған, шешуді қажет ететін, міндеттерін орындауда өзінің маңыздылығын жете түсіну.
Өзін-өзі тану тарауларының бір-бірімен ерекше байланыстары өзін-өзі тану үдерісінің түйінді шамасы ретінде.
Жалпы орта білім берудегі«Өзін-өзі тану» пәнінің күнтізбелік жоспарлауының дағдылары. Сынып бойынша оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар. Оқушылардың білімін бағалау.
(С)
Оқушылардың рухани-адамгершілік дамуын бағалау мен сабақтардың мониторингіОқушылардың рухани-адамгершілік тәрбие деңгейіне қойылатын диагностикалау талаптары. Оқушылардың рухани-адамгершілік тәрбиесінің базалық критерийлері.
Бастауыш сынып оқушыларының рухани-адамгершілік тәрбие деңгейлері, критерийлері және көрсеткіштері. Орта сынып оқушыларының рухани-адамгершілік тәрбие деңгейлері, критерийлері және көрсеткіштері. Жоғары сынып оқушыларының рухани-адамгершілік тәрбие деңгейлері, критерийлері және көрсеткіштері.
Оқушылардың рухани-адамгершілік тәрбие деңгейін өлшеу әдістемелері. «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру Бағдарламасының аспектісінде мониторинг материалдарын өңдеудің ерекшеліктері.