|
|||
ББК 84 Қаз 7-44 22 страницаКелесі бөлмеден, бұрын Дүрия екеуінің меншігіндегі бөл- меден Оспан бригадирдің шаңқылдаған ащы даусы шығады. Гүлия өз-өзінен селк ете түсті. «Апыр-ай, осы кісіден өлердей қорқатыным несі екен». Қаладан өкілдер келіп, олардың ішіндегі орысы Дарханды танитын және өте сыйлайтын болып шыққан соң бригадирдің әпігі басылғандай еді. Өзінің бар сенері Ақназаров болса, ол Соболевтің жанында кім? Бұрынғыдай жоқтан-өзгеге ит көрген ешкі көзденбей, салмақпен қарап, сабыр сақтауды үйренгендей еді. Боларға да, болмасқа да шаптығып шыға келер тыз етпе ұрда-жық мінезіне көп өзгеріс енген. Дархан мен Гүлияны көрсе өз-өзінен жұлынып, сақылдап шыға келер жыны басылып, жалғыз көзін жалт еткізіп бір қарайды да басын изеп, үндемей ете шығады. Жұмыс бабымен ғана тілдесіп, онда да мұрнына су жетпей алашапқын болып жүргені. Семейден келген өкіл үйге кірмей, есік алдында Дарханды оңашалап алып, көп сейлескені ептеп сақтандырайын деген. Дөңайбат жасағаны болмаса, тумысынан қорқақ адам Дарханды Соболевтің «тайнигі» емес пе деген қауіпке итермелегенде, сен тимесең мен тименге көшкен-ді. Дегенмен, ішінде қазандай қайнап жатқан кек, оның астында майдай жанған өшпенділік оты сөнер емес. Уақыт зымырап еткен сайын жанын қара-кұрттай жеп бітті. Ең қиыны, өмірде бір-ақ рет сүйген адамының дәл іргесінде бұлбұлдай сайрап, балаларга сабақ түсіндіріп сыңғырлаған даусын күн-күн сайын естуі еді. Кей күндері кеңсенің есігін тарс жауып алып, Гүлияның үнін тыңдап мұңға батып оңаша отыратын. Сол бір жұмсақ та қоңыр үн құлағының түбінде жатса да, тұрса да кетпей күбірлейтін де тұратын. Екі құлағын басып алады, бәрібір естиді. Содан соң ашу-ызасын басқадан алып, айғайға басатын. Бір күні Гүлия кезекті сабағын аяқтап, қайтуға жиналып тұр еді, жұмсақ басып Оспан кірді. Ол кіріп келгенде мұғалима қолындағы окулығын түсіріп алды. Қол-аяғы дірілдеп, еденде жатқан кітапты алуға дәті жетпей сілейіп тұрып қалған. Оспанның бұрынғы есерсоқтығы жоқ, жаутаңдап Гүлияға қарай береді. Жерде жатқан кітапты ептен көтеріп, столдың шетіне қойды. Қипақтап көкейіндегісін айта алмай аялдап еді, Гүлия кетуге ыңғайланды. – Гүлия, сәл бөгеле тұршы, – деді сабақ білмейтін оқушыдай қыбыжықтап. – Не айтайын деп едіңіз? – Гүлияның даусы тік шықты. – Дүниеде менен сорлы адам бар ма? Обалым әкеңде де, өз әке-шешемде де емес, Құдайда. Сені сүйгенім айып, кінә деп есептесең, көзімді бұл жерден жоғалтайын, бірақ... екі дүниеде сені ұмыта алмаймын, Гүлия. Не істеуім керек, өзің айт? – Мен сізге жауабымды әлдеқашан айтқанмын, Оспан аға. Қайтала десеңіз, қайталаймын. Менің де жазығым жоқ. Айыбым басқа адамды ұнатқаным ба? Қолыңыздан келсе туған қарындасыңыздай сыйласып қана өтіңіз. Ал, қолыңыздан келмесе, онда еркіңіз білсін, мен не дейін. Жалғыз жүрегімді екіге бөле алмаймын. – Кетейікші, Гүлия, кетейікші мынау қарғыс атқан жерден. Қырым ба, Қытай ма, мейлі қайда баста десең сонда апарайын. Алақаныма салып аялап өтейін. Байлық керек пе, атақ керек пе орындайын тілегіңді. Тек ықыласыңды бер. Сенен басқа қыз таба алмай жүргенім жоқ. Мұқым Малтыкелдің қыз-келіншегін маңдайынан шертіп жүріп таңдар едім, қайтейін, сен барсың жер бетінде. Сен өлмей, не болмаса өзім өлмей, өз жанымда өмір жоқ. – Тізерлей отырып Гүлияның етегіне оралған. – Жо-жоқ! – деді Гүлия жылан көргендей шошына зәрезап болып. – Айтпаңыз. Ұмытыңыз. Мәңгілікке. Жер бетінде Дархан бар. – Есіктен шыға қашты. Оспан отырған жерінен белі кеткендей көпке дейін тұра алмады. Ең ақырғы үмітінен айрылды. Анау Дарханның өлімін тілегеннен басқа амалы жоқ еді. Бұл әлемде оның жалғыз-ақ жауы бар. Енді сонымен айқасады. Бірақ, Гүлияның көзінен өшпенділік отын көрді ғой, итпісің, кісімісің деп елемейтін жиіркеніш көрді ғой. Олай болса көз алдында көлбеңдетпей осының өзін арғы дүииеге аттандырын жіберсе қайтер еді. Тәңірім-ау, әлемдегі жалғыз ғана бақытынан айрылмай ма? Тоса тұру керек... Шыдау керек... Шыда-шыда, Оспан. Мүмкін райынан қайтар... Міне, тағы да кұлағының түбінен саңқылдап сабақ түсіндіріп тұр. Сол үнді естігісі келмей, алдына келген жұмысшыға жазықсыз айғайлап ұрысты. Балаларды ертерек босатып, үйге келгенде өз көзіне өзі сен- беді. Нақ төрде обадай болып Бати отыр. Алдына алған жеті- сегіз жасар бала бар. Түнеукүні жиналыста бір көріп қалған жылқышы жігітті күйеуі екеуі ауылды айнала іздеп таппаған. Әкесін осы Бати өлтіріп, астындағы бозжорғаны аударып алды деп айып таққанда, шын осы жігіт пе дегендей әрі-сәрі ойда қалған. Бірақ әкесінің өлгеніне де, Оспанның оспағына да сенбеп еді. Енді міне, Құдай айдағандай өзі келіп отыр. Тізесінде шоқиып отырған бала «әкпе, әкпе» деп Гүлияға тұра ұмтылды. Енді ғана шырамытты. Ағасы Долдаштың кенже ұлы – Мұрат еді. Гүлия мен бала мауықтарын баса алмай ұзақ көрісті. – Құлыным-ау, бауырым-ау, қайдан жүрсің? Тірі екенсің ғой, өңім бе, түсім бе? – Айналып-толғанып сау тамтығын қалдырмай сүйіп, жылап жүр. – Өңің, Гүлия қалқам. Өңің, – деді Бати. – Мұны қайдан таптыңыз, Бати аға, қалғандары қайда? – Қалғандарын қайдан білейін, қарағым, қаңғып жүр де... Елдің айтуына қарағанда Долдаш ағаң Беломор-Канал деген жақта жұмыс істеп жүрген көрінеді. Ақсуат жағындағы төркініне көшкен жеңгең Мұраттан адасып қалса керек. Содан ол ел кезіп, әр үйдің есігінен бір сығалап адасқан Мұратты тәргі басталған Қызылегіздегі ескі жұрттан тауып алдым. Дегенмен, зерек өзі. Қаңғылестеп солай қарай безектеп бара жатқанында қуып жеттім. Ұстатпай көп әуреледі, әбден тоңған, жүдеген. Қалай тірі қалғанына таңым бар. Көзі бақырайып, әркімге бір жаутаңдаған бала үндеген жоқ. Әпкесінің құшағынан босай, бұрышқа барып бүрісіп отырды. Пешке от жағып, үстіке шәугімге су құйып шай қойған Гүлия Мұраттан әр нәрсені сұрастырып еді, жасықтанып жауап бермеді. Әбден кісікиік болып тосырқап қалса керек. – Дархан жұмыста ма? – деді Бати. – Ол әбден қасқарайғанда келеді. Өзіңіз не істеп жүрсіз, аға? – Баяғыда бұл елде Құлаша деген қаңғыбас шал болушы еді, ол кезде сен кішкентайсың, білмейтін шығарсың. Соның күні – менікі. Бағатын жылқы болмаған соң әр ауылға бір түнеп, ел кезіп, аш бөрідей босып жүрген хал. – Темір жолға жұмысқа тұрмайсыз ба? – Аштан өлсем де қолыма қайла алмаспын деген антым бар еді, қалқам. Осы кәсіпті неге екенін білмеймін, суқаным сүймейді, жер қазсам, өз көрімді өзім қазғандай боламын да тұрамын. Әйтеуір, шүкіршілік, аяқ артарым бар, ел үстінен күн көріп, әркімнің жоғын тауып жүріп жатқан. – Сізге ақыл үйреткенім емес, жігіт ағасы болдыңыз, бір жерге тұрақтап түтін түтетпейсіз бе? – Оның рас. Жалғыз жүріп үйренген адам жылы үй, жәйлі төсектіңқадірінбілеме.Жылқыменбіргеөріп,біргежусапүйрен- ген саяқтық әбден далабезер ғып жаман үйреткен-ау, көппен бірге араласып, ағайынға жақындасам айып салатындай қорқақ соғамын. – Жақын жүрсе тістесіп, алыста болса кісінесетін әдет қай- қай қазаққа тән, аға. Елмен көрген ұлы той емес пе, бұл күнде жақын іздемесеңіз жан сақтауға қиын. – Өзім де осы жайында Дарханнан кеңес сұрайын, әңгімеле- сейін деп келіп едім. Есік ашылып, аядай үйге буда-буда суық ала Дархан кірді. – Міне, өзі де келді, – деп қуанып қалды Гүлия. – Үйде қонақ бар, балалы болдық, Дәке. Төрде малдас құрып, төбедей болып отырған Батиды көріп сәлем берді. – Ассаламағалейкүм! – Уағалейкүмсәлем, Дархан. Қазақша амандықты ұмыт- папсың. – Неге ұмытайық, – деді Дархан сырт киімдерін шешіп. – Амандықтан арылсақ, адам болғанымыз қайсы. Жыл құсындай жалт етіп бір көрінесің де, ызым-қайым жоқ боласың. Бірге өсіп, біте қайнасқан замандас едік, тұрақ-мекеніңді, жөн-жосығыңды айтпайсың, қайдан келдің, қайда жүрсің? – Дарханның шұбыртпа сұрағына күле жауап берді. Гүлия дастарқан жая бастады. Пешке маздатып от жаққан соң, шағын там әп-сәтте қыж-қыж қайнап жылынған. Бірақ, осы іргедегі пештің жылуы қандай шапшаң болса, суынуы да сондай тез. – Келмей жатып тергедің-ау, досым. Бұл не, жауап алу ма? – Сенен жауап алуға жарамаған шығармын, – деді қолын жуып тұрып. Алакөлеңке үйдің бұрышында бір уыс болып қоянның көжегіндей әркімге жаутаңдап дым сызбай отырған бала тықылдап жөтеліп еді, оны Дархан жаңа байқап, таң- тамаша болды. Әлгінде әйелінің «балалы болдық» деген сөзіне мән бермеді ме, әлде естімеді ме, көргені осы. – Бәрекелді, Бати батыр, үйленген жоқ деуші еді, балаң бар екен ғой. Шайға шақыр, ұл ма, әлде қыз ба? – Долдаш ағаның кенжесі – Мұрат. Адасып жүрген жерінен тауып алыпты, – деп Гүлия жылқышыдан бұрын жауап берді. – Келе ғой, айналайын, қарның ашқан шығар. Бұрыштағы бала құйрығымен жылыстап дастарханға жа- қындай бастады. Бағанағыдай емес, қол-аяғы жылып, еті үйреніп қалғандай. Қарнының ашқаны рас екен, екі көзі әпкесі тураған күлшені тесіп, жұтқынып әрең отыр. Осыны сезген Гүлия бір үзіп әпере беріп еді, шапшаң ұмтылып қақшып алып апыл-ғұпыл асай бастады. – Анада жиналыстан соң сені іздеп таппадық, – деді Дархан қонағына шай әперіп. – Сұрайтын сөз бар еді. – Төренің құшағынан босай қоймас, – деп аттанып кеткенмін. Оспан лағнеттің көзіне түссем де уысына түскім келмеді. Әрі-бері аялдасам, шынымен-ақ айдатып жіберері сөзсіз еді. Не сұрарыңды білем, бозжорғаның жайы ғой... – Иә, сол, аға... Оспан сөзінің рас, өтірігі еді. Әкемді арғы бетке алып кеткен сіз едіңіз, бір хабарын біле ме деп... Жылқышы жігіттің екі көзі Гүлияның бетін тіліп түскен тыртықта. Сұрайын, сұрайын деп қанша оқталса да батпады. Өзі айтар деп тосқан. Бірақ ол туралы сөз болмады. Шыдамы жетпеді ме: – Қалқам, бетіңе не болды? – деп қарсы сұрақ қойып әңгіменің желісін басқа жаққа бұрды. – Қалаға қайтып бара жатқанымызда басына қарын қапта- ған атты кісі тіліп кетті, – деді мұңайып. Осы сауалдан қашып бетін тұмшалап жүруші еді, бәрібір көріп қояды. Пышақпен тіліп кеткенде ауырсынбаған беті, жұрттың тесіле қарағаны мен «не болды» деген сауалынан сыздайтын. Бүркеңкіреп қоймай, ашық қалғанына өзі де өкінді. – Кім екенін білмей отырмыз, – деді Дархан. – Кім екенін білсем, жеті қат жер астына сіңіп кетсе де сүйреп шығар едім, әттең. Үлгере алмадым, мен барғанша қашып кетіпті. – Жүрегі тастан жаратылған жауыз ғой. Әйтпесе мұндай бетке қонған шаңды сүртуге именбей ме... Тамаққа тыңқия тойып, бойы жылынған Мұрат қалғып- мүлгіп маужырай бастаған соң Гүлия сол отырған жеріне төсек салып жатқызды. Дархан май шамды жағып, бағанағы сауалына қайта оралған. – Сонымен Оспан бозжорғаны қайдан алды деп ойлайсың? – Тәргі кезінде Омекеңнің бүкіл жылқысы сол соқырдың билігіне көшті ғой. – Десең де бозжорғаны Омекеңнің өзі мініп қашпап па еді... – Ол рас. – Ендеше Оспанның тақымында жүргені қалай? – Дархан- ның бастырмалатып қонған сұрағы қитығына тиді білем. – Бірге істейсіңдер, күнде көріп жүрсің, өзінен сұрамадың ба? – деді Бати. – Өзінің не дегенін мен ғана емес, бүкіл ел естіген. – Естісе, несіне қазбалайсың! – жылқышының даусы қаттырақ шықты. – Бұл қай қырың. Мойындағаның ба?! – Дархан да ажырая бастаған соң екі жігіт шекісіп қалар деген Гүлия әңгімеге араласты. – Қойыңыздар. – Қоятын түгі жоқ, қорқа-қорқа батыр болдық. Әкеңді өлтірген осы! –Жарының бетіне алғаш рет тік қарағаны еді. – Ал мен өлтірдім, қылатыныңды қылып ал. О несі ей, асын беріп отырып, асты-үстімді қазғаны. Мені айыптайтын сен емессің, сот бар, өкімет бар. Онда да ұстай алатын болса... Тіпті айыптағанның өзінде байдан кегін алды, қашқынды өлтірді деп ағартып жіберер еді. – Менің өз сотым – өзімде. Тырп етіп көрші! – Әкіреңдеме. Алты алашта сенімен итжығыс түсетін тек мен ғана екені есіңде шығар. – Қойыңыздар... – деді Гүлия араға түсіп. – Әкемді өлтірген сіз емессіз, сенбеймін. – Қайла ұстап, қарағайдай азамат болды ма десем, алды- артын ойламайтын қатын ашуың қалмаған-ау, Дархан. Біле білсең, Омекеңді өзім қашырып, өзім өлтіретіндей не басыма күн туды. Гүлия қалқам, жүрегіңді жаралап айтпайын-ақ деп едім, амалым таусылып отыр. Өз-өзіңе берік бол, әкең енді жоқ, арғы бетке өте алмай екі ортада жан тапсырған. Соңғы кезде жүрегі шаншып жүруші еді ғой, шыдамады марқұм. Гүлия бетін басып солқылдап жылап жіберді. Уатқан ешкім болған жоқ. – Қайран әкем, ит-құсқа жем болып көмусіз қалдың-ау. Қайтіп бізге жоқ екеніңді қоштасқаныңнан сезіп едім, қайтейін ұл боп тумаған соң... бірге аттанар едім соңыңнан, тым болмағанда ел-жұртыңнан бір күрек топырақ бұйырмады-ау. – Ел-жұртынан топырақ бұйырмау үшін қашып еді ол кісі... – Сайрап отырған кісінің аяқ астынан... әй, Бати-ай, адал көңіліңе сенбесек, қалай айғақтай аласың?.. Дарханның әлде де дәркүмән келтіре сөйлегені еді Батиға батқаны. Омар үшін қолынан келгенін аяған жоқ. Қарақан басын қауіпке тікті. Егер бар болса бір Құдайдың өзі куә. Қарғанып, ант-су ішіп ақталғысы да келмейді. – Мен не дейін сендерге, Омекеңнің арғы дүниеге тек маған ғана риза болып аттанғанын медет тұтам. Бар жазығы малының көптігі. дәулетінің тасып, тасының өрге домалап тұрғаны ғана еді. Әйтпесе, жеке басының зияны жоқ, өлім түгілі, өкпеге қиятын кісі емес еді жарықтық. Дүние көздің құрты емес пе, жақсыны да, жаманды да жолдан тайдырған. Жарық дүниемен қоштасар сәтінде қойнына тыққан аз-маз байлығын маған ал деп өтінді. Алмадым. Ер жігіттің еркін жүргенінен артық байлық бар ма, тәйірі. Ақша-пұлдың тұтқыны болғанша ат үстінде жүріп-ақ өз кәсібімді тапқым келеді. Асудың бөктеріндегі қос теректің түбіне Омекеңді түйіншегін кеудесіне қойып, ақірет киізіне орап, қу-қуалламды үш қайырып жерледім. Марқұм киелі кісі еді ғой, кәмпіскенің дүмпуін құлағы шалысымен-ақ көзі тірісінде моллаға өз жаназасын өзі шығартып қойған екен. Онысын маған айтпады. Көзі жұмылғанша Еркін мырзаның тілеуін тілеп аттанды. Гүлия солқылдап жылаумен болды. Оны қой деп уаткан ешкім болмады. Май шамның елеусіреген жарығы қоңырқай тартқан үйді қайғы-налаға толтырғандай өлеусіреп жанады. Төрде малдас құрып отырған қос азамат ауыр да оңаша ойға беріліп, әлгінде ғана орнаған мұңлы тыныштықты бұзуға дәті жетпей, шамның әлсіз сәулесіне қадалып қалған. Адасып табылған бала мұрны пысылдап қәперсіз ұйықтап жатыр. Далада боран басталған сыңайы байқалады. Ұйтқып соққан уілі сарын шақырып, кішкентай терезені қар ұшқындары сабалайды. Осы сырттағы желдің ызыңы, үйдегі Гүлияның сыңсуына боздаған түйенің дауысы қосылып арғы бетке жете алмай жан тапсырған Омарды жоқтап тұрғандәй еді. Еңсесін езген ауыр халден серпілгісі келді ме Дархан: – Байғұс, ботасы өлген іңген ғой, – деді елеңдеп. – Күні бойы рельс пен шпал тасығанда жағы бір сембей боздайды да жүреді. – Мал да адам секілді балажан, – деді Бати. – Тор бие ақсақ құлынды ала жаздай соңынан бір елі тастамай ертіп жүрді ғой. Бейшара кейде қалып шөптің арасында жатып қалған құлынының жанынан шырғалап шықпай, тұмсығымен түртіп оятып піскелеп, мекіреніп тұратын. – Ақсақ құлын біздің үйде, – деді Дархан. – А, солай ма еді? – деп таңырқай сұрады жылқышы. – Гүлия жақсы көруші еді, өзімен бірге ала келген екен ғой. – Төркінінен келген жалғыз жасау сол құлын болды. – Бати аға,– деді Гүлия көзінің жасын жаулығының ұшымен сүртіп. – Әкемнің жатқан жерін көргім келеді, мүмкін болса апарсаңыз. – Қыстың көзі қырау, қалқам. Қазір сонау ит арқасы қиян күншілік жерге бару қиындыққа соғар өзіңе. Мен қазір дайынмын. Жер аяғы кеңіп, қарағай басы бүрлеген соң ертіп апарамын. – Иә, күн жылынсын, оған да алыс қалған жоқ қой, – деп Дархан қуаттады. – Өлмеген кұлға көктем де шығар. – Қазір емес, әрине. Көктем шықсын, ауыл ақсақалдарын жиып, құран берейін, ескіліктің адамы ғой. – Бер, айналайын, шейіт болғандардың бәрі тірілерден дұға дәметеді деуші еді. Ысқырына соққан боранның әсері үйде де білініп, онсыз да шабандай жанған май шамды жыпылық атты. Жел кеулеп, бөлме суына бастаған соң Гүлия пештің отын үстеп қойды. Ыдыс-аяқты жиып, күнделікті тіршіліктің ағымына түскенде әке қазасы орыны толмаса да бір сәтке ұмытылып, тағдырмен табысудың қамына кірісті. Жер басып жыбырлап жүрген пенденің бірде бар, бірде жоқ – талқысына түспейтін адам бар ма. Гүлия осының екеуін де көрді, жиырмаға толық толмаған жасында, қуаныш пен қайғының дәмін қатар татып, жүз жылға қартайғандай парасат майданының қай- қайсысын қарсы алар, бел буар белсенділікті үйренді. Торға қамап ұстап, сұлулығы мен сайрағанын қызықтар тоты құс емес, жұмыр басты, ет жүректі адам болып жаратылған соң, дүниенің ыстығы мен суығына көндігу азабына төзіп, алға ұмтылу керегін ұқты. Құбылмалы құбылыстың ұшқан құс, жүтірген аңын тіршілікке кұмар ғылып жаратқан табиғаттың толассыз соққан жүрек дүрсілін тыңдап, қайғысыз қара суға семірген мамырстан өмірден артық бақыттың жоқ екенін сезді. Бірде әдемі, бірде сұрықай әлемнің ет пен сүйектен жаратылған титімдей ғана мүшесі болып, қан тамырың соғып тұрғанда аспандан ұшып өтуді армандаған адамның биіктеуінен де жер бауырлап, еңбектеуі көп екенін білді. «Еңбек» деген сөздің мән-мағынасы, сәбидің алғаш рет талаптанып, еңбектегенінде жатқанын енді ғана бағамдап, күйеуінің күректей алақанынан құдіретті күш көргендей шүкіршілік жасаған. Түннің едәуір уағы болып, жатуға ыңғайланғанда Бати: – Мұратты қайтеміз? Егер ауырсынсаңдар алып кетейін, жалғыз жүргенше ес болсын, – деп еді Гүлия кәдімгідей безектеп кейіс білдірді. – Жақсылығыңызды жағымыз түскенше ұмытпаспыз, аға, – деді ақтарыла сөйлеп. – Бір тұқымнан мынау бір ғасыр мекен болған Құландыда жалғыз өзім қалып, құлазығандай өгейси беруші едім. Мұраттың ендігі тағдырын маған тапсырыңыз. Құдай айдап келген шығар, көзімнің тірісінде балалар үйіне тапсырып, жетімсіретпеспін. – Байдың баласы деп қудалай берер. Оспан секілді әпер- бақандар аз дейсің бе. Дархан, сен өзіңнің атыңа жаздырып ал, – деп ақыл қосты Бати. – Өзім де соны ойлап отырмын. Енді ертеңнен бастап Мұрат Дарханұлы болады, – деп, қол-аяғын бауырына алып ұйықтап жатқан баланы қымтап жауып қойды. – Саған айтар әңгімем бар еді, – деді Бати, екеуі арасында орнаған реніштің тұманы сәл сейілген соң. – Қайлауда алтыбақан кұрып асыр салып жүргеніңде арғы беттен әкең келіп Омекеңнің үйінде жатқан еді. Сенің ауылда екеніңді білген жоқ, ал білгендер айтпаған. Омекеңнің алты айғыр үйір жылқысын Асуға дейін мен айдасып барып едім, жарықтық Омекең бес жылғысын бұрын ойлаушы еді-ау. Арғы бетке аман-есен жетіп, сол жылқылардың қызығын көрем деп тапқан айласы ғой. Бұйырмады. Шекарадан өткелі тұрып айтып еді әкең: «Дарханды көрсең сәлем айт. Екі оттың ортасында қалып, ұлымды жанымда ұстай алмадым, кешірсін, туған жерден бір күрек топырақ бұйырмай ары өтіп, бері өтіп – екі кеменің құйрығына жармасып қақпағыл болып қалған менің тағдырымды қайталамасын. Жолын дұрыс тапты, енді жөнін де табар. Әйтеуір, жаққан отын сөндірмесе одан артық бақ, дәулет жоқ», деп еді. Қойнынан алып мына бір шақпақ тасты берді. «Жапан түзде жүріп тоңғанымда, не болмаса ашыққанымда от тұтатып жылынып, ет қақтап жеуші едім», – деп саған берді. Міне, сол аманатты енді өзіңе тапсырайын, мойнымда қарыз болмасын. Жылқышы жігіт ұсынған шақпақ тасты алақанына салып салмақтап отырған Дархан әкесінің нені меңзеп, нені аманат- тағанын көкірегіне түйді. – Сіз қазір аттанбақшысыз ба, аға? – деді Гүлия. – Боран болса мынау, түннің ортасында қайда барасыз асығып?
|
|||
|