Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





ші топқа қойылатын сұрақтар



Сценарий

Киноман

Ортақ сұрақ: Ол «үнсіз киноның» негізін қалады. 1919 жылы өзінің «Юнайтед Артист» деп аталатын киностудиясын ашты. Ол кинемотографияда ойып тұрып орын алған тұлға. Мен кімді айтып тұрмын? Жауабы: Ч.Чаплин

1-бөлім

1-ші топқа қойылатын сұрақтар

1. «Алдар көсе» фильмінде басты рөлді яғни Алдарды сомдаған актер? Жауабы: Шәкен Айманов

2. 1970 жылы жарық көрген қазақтың төл туындысы «Қыз Жібек» фильмінің режиссерін атаңыз? Жауабы: Сұлтан Қожықов

3. «Көксерек» көркем фильмі қай жазушы шығармасының желісімен түсірілген? Жауабы: 1929 жылы жазылған Мұхтар Әуезовтің «Көксерек» повесінің желісімен түсірілген

4. Ермек Тұрсыновтың «Шал» фильмінде басты рөлді яғни шалдың рөлін сомдаған актер? Жауабы: Ерболат Тоғызақов

5. Режиссер Сламбек Тәуекелдің кәрістердің Қиыр шығыстан қазақ жеріне қоныс аударуы жайлы түсірілген көркем фильм қалай аталады? Жауабы: «Жерұйық» фильмі

6. Американдық режиссер Роберт Стромбергтің қанатынан айырылған орман перісі жайлы фантастикалық фильмі қалай аталады? Жауабы: «Малефисента»

7. Коммунизм кезіндегі төңкерісте байлардың көбі қазыналарын жасырған. Старгородта ақсүйектердің көсемінен АХАЖ бөлімінің қызметкеріне дейін төмендеп кеткен Ипполит Воробьянин өлім аузында жатқан енесінің гауһар тастар мен маржанын орындыққа жасырғанын естиді. Бұл қай фильмнің сюжеті? Жауабы: «12 орындық» фильмі

 

2-ші топқа қойылатын сұрақтар

1. ««Қыз Жібек» фильмінде Бекежан рөлін сомдаған актер. Жауабы: Асанәлі Әшімов

2. «Алпамыс мектепке барады» көркем фильмінің режиссері кім? Жауабы: Абдолла Қарсақбаев

3. «Көшпенділер» фильмі қай қаламгер шығармасының желісімен түсірілген? Жауабы: І.Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясының желісімен түсірілген

4. «Жерұйық» фильмінде жұрттың берекесі мен бірлігін ойлап, ел қамын жейтін нар тұлғалы азамат Орынбайдың рөлін сомдаған актер кім? Жауабы: Болат Әбділманов

5. Режиссер Джеймс Кемеронның 2154 жылдағы өмірді баяндайтын фантастикалық фильмі қалай аталады? Жауабы: Аватар 2006 жылы Ұлыбританияда жарық көрген. Аталмыш фильм ең көп көрермен жинаған фильмдер тізімінде екінші болып тұр. 2 млн 790 мың.

6. «12 орындық» комедиясының режиссері кім? Жауабы: Леонид Гайдай

7. Әйгілі актер Ричард Гир басты рөлді сомдаған адам мен жануар арасындағы шынайы достық жайлы фильм қалай аталады? Жауабы: Хатико

 

2-бөлім сұрақтары:

1. "Алтыншы бекет" фильмінде жас актер Жасұлан Өмірбек сомдаған кейіпкер кім?

Жауабы: Ерлан Қаратаевтың досы жазаланушы Дәурен Ізбасов

 

2. Келесі сұрағымыз әуенмен байланысты. Мұқият тыңдаңыздар!

Бұл ән қай фильмнің саундтрегі? Жауабы: «Ей, перизат» Айгүл Қосанованың орындауындағы ән. Талғат Теменовтың «Менің күнәлі періштем» фильмінің саунтрегі.

 

3.  «Кінәратсыз күнә» фильмі қай шығарманың желісімен түсірілген? Жауабы: Мағжан Жұмабаевтың «Шолпанның күнәсі» әңгімесі

4. Актер Қамбар Уәлиевтің ең алғаш түскен фильмі? Жауабы: "Көксерек"

5. "Өкіл әке" фильмінде басты рөлді яғни дон Карлеонені сомдаған актерді атаңыз! Жауабы: Марлон Брандо

6. Бұл сұрақ ерекше. Эмоджи яғни смайлдар арқылы фильмнің атауы жасырынған. Экранға назар аударайық!

Кетіп бара жатқан жігіт + аю+күресіп жатқан адамдар+кетіп бара жатқан адам+ұйқы+жылқы Жауабы: Жансебіл (Выживший)

7. Келесі сұрағымыз да эмоджимен байланысты. Экранға назар аударалық! Бала+көзілдірік+найзағай Жауабы: Гарри Потер

8.Кезекті сұрағымызды ашайық. Бұл бізде бейнесұрақ. Үзіндіге назар аударайық!  Жауабы|: "Парфюмер: бір қылмыскердің оқиғасы"

9. Келесі сұрағымыз әуенмен байланысты! Мұқият тыңдаңыздар! "Арыстан патша" анимациялық фильмінің музыкасы. Жауабы: "Арыстан патша" анимациялық фильмі

10. Фильмдерде музыкалық сүйемел болмаса, көрерменге қатты әсер ете алмас еді. Келісесіздер ме? Біздің екінші айналымның соңғы сұрағы да әуенмен байланысты. Мұқият тыңдаңыздар! Жауабы: "Кариб теңізінің қарақшылары" Klaus Badet-hes a pirate

 

3-ші бөлім сұрақтары:

 

Құрметті қатысушылар, 3-ші бөлімде сұрақтар ұяшықтарға жасырылған. 8 тақырыпша, әр қайсысында 2 ұяшықтан. Олар

Голливуд туындылары

 

 

Еуропа фильмдері

 

 

Мосфильм туындылары

  Қазақ фильмдері  

 

 

 

 

 

 

Актер

 

 

Режиссер

 

 

Болливуд туындылары

 

 

 

Азия фильмдері

 

 

 

 

                   

Ойынды әдеттегідей ұпай саны көп ойыншыларымыз бастайды. Бауыржан, Алтынай қай ұяшықты таңдаймыз?

Голливуд 20:

Голливуд 40:

Еуропа 20: "Малена" атты итальяндық драмада басты кейіпкер Малена сұлуды сомдаған актрисаны табыңыз! Жауабы: Моника Белуччи

Еуропа 40:Саундтрек. Мұқият тыңдайық!Sting . shape of my heart

 

Бұл көпке танымал ән қай фильмнің сәнін келтірді? Жауабы: Француз режиссері Люк Бесонның 1994 жылы жарық көрген "Леон" атты фильмі

Мосфильм 20: Бұл бізде әуен сұрақ. Яғни Саундтрек. Тыңдайық! Чито-грито, чито маргарито! Сұрақ: Бұл қай фильмде орындалған ән? Жауабы: "Мимино" фильмінде

 

Мосфильм 40:"Позвони мне, позвони" деп ән шырқаған актриса? Жауабы: Ирина Муравьева

Қазақ фильмдері 20: :«Менің атым Қожадан» үзінді. «Менің атым Қожа» фильмінде мұғалім Рахмановтың рөлін сомдаған актерді атаңыз. Жауабы: Кененбай Қожабеков

     Қазақ фильмдері 40: "Тақиялы періште" фильмінің алғашқы атауы қалай    болған? "Тана апайдың келіндері"

 

Актер 20: Дев Пательді дүниежүзіне танытқан фильм. Жауабы: "Шалғайдан шыққан миллионер"("Миллионер из трущоб")

Актер 40:Бейнесұрақ: 41:29-43:55 - Бұл "Біржан сал" фильмінен үзінді. Осы фильмде Біржан салдың енесінің рөлін сомдаған актриса кім? Жауабы: Хабиба Елебекова

Режиссер 20: «Адамдар арасындағы бөлтірік» фильмінің режиссері кім? Жауабы: Т.Теменов.

Режиссер 40:Том Харди мен Ди Каприо басты рөлдерді сомдаған, түс ұрлаушылар туралы түсірілген «Бастау», орысша айтқанда «Начало» фильмінің режиссері кім? Сондай-ақ, бұл режиссердің "Бэтмен", "Қара батыр" сынды танымал туындылары бар. Жауабы: Кристофер Нолан

Болливуд 20: Бұл белгілі үнді кинокомедиясы қалай аталады? Жауабы: "Ақымақ үшеу" (Три идиота)

Болливуд 40:  Бейнесұрақ. Экранға назар аударайық!  Бұл қай фильмнен алынған үзінді? Жауабы: "Махаббат күші" "Сила любви" (Иззат пен Сания)

Азия фильмдері 20:Айырқалпақты ағайындардыңтуындысы. Кезінде Бұл қай фильмнен алынған үзінді?Жауабы:"Министрдің қызының махаббаты"

Азия фильмдері 40:"Саудаға түскен сәби" фильмінде баланы ұрлап кетуге кім тапсырыс берді? Жауабы: Баланы туған немересі деп ойлаған кәсіпкер.

 

 

 

9. "Зеленая миля"

10. "12 лет рабства"

 

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.