Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы



Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

 

Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы

Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы (1858—1931, Павлодар облысы, Баянауыл ауданында туған) — ұлы ойшыл, фольклор танушы, этнограф, тарихшы, философ, қазақ мәдениеті мен әдебиетінің белгілі тұлғасы.

Мәшһүр-Жүсіп араб және парсы тілдерін жетік білгенімен қоймай,көп тілді білген ғұлама.

Ол өлең жазумен қатар, ауыз әдебиеті үлгілерін жинап бастырумен де айналысты. Шежірелер мен айтыстарды, көптеген тарихи жырларды хатқа түсіріп, кейінгі ұрпаққа аманаттады. Сонымен бірге, ол күллі ғұмырын қазақ халқын сауаттандыруға жұмсады десек те болады. ҚАЗАҚТЫН ЖЕРІ, “Күн батысы – Сырдария, күншығысы – ұзын аққан Ертіс, оңтүстігі – Жетісу өзені, солтүстігі – Еділ, Жайық. Бұл қазақ иесіз жатқан жерге келіп ие болған жоқ, ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен кеше Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, қаз дауысты Қазыбек, Шақшақұлы Жәнібек заманында жаннан кешіп, сусын орнына қызыл қан ішіп, жаудай алысып, жаттай салысып, күні-түні атысып, қара қанға батысып, шыбын жанын нысанаға байлап, не маңғаз, сарбаздары жау жолында оққа ұшырап өліп, сөйтіп алған жері еді...”

Еңбектері

10-15 жасынан бастап-ақ өлең жазып, хат жазарлық болғаннан-ақ Мәшһүр Жүсіп халық әдебиетін ел ау­зы­нан да, қағаз бетінен де жинау­мен айналысады.

1887 жылы 29 жасында Мәшһүр Жүсіп Бұхара, Ташкент, Түркістан, т.б. ша­һарларға сапарға шығады. Ол заман­да негізгі көлік қатынасы түйе мен ат болғанын ескерсек, бұл сапа­рының өзі 2-3 жыл уақытты қамтыса керек. Мәшһүр Жүсіп бір жыл Бұхарада тұрып оқып, білімін толық­тырады. Араб, пар­сы, шағатай, түркі тілдерін үйренеді. Өз­бек, тәжік, және т.б. тілдерді де біледі, әдет-ғұрпын түсінеді. Көптеген ғылыми кітаптарды оқып, танысады.

Келесі жылы Бұхарадан қайтып, Түр­кістандағы атақты Қожа Ахмет Йасауи­дің басындағы Әмір Темір сал­дырған көк күмбезін көреді. Онда да бір­сыпыра уақыт болып, бірнеше ға­лым­дармен танысады. Одан әрі Сыр өңі­рін аралайды. Май­лықожамен жолы­ғады, жеті ата­сы­нан бері ақын­дық үзіл­меген дуана қожа Көшек, Кү­дері қожа тұқым­дарымен та­ны­сады. Одан кейін Шу мен Сырдан өтіп, Ұлы­тау мен Кіші­т­ауды басып, Есіл мен Нұраны жайлап, мекен қыл­ған жұрт­ты арал­ай­ды. Осын­дай екінші сапа­рына Мәшһүр Жү­сіп 37 жасында, яғни 1895 жылдар ша­ма­сында шық­са, үшінші сапары 49 жасына (1907) сәйкес келеді.

 

Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы

Мәшһүр Жүсіптің үш кітабы: “Сары­ар­қаның кімдікі екендігі”, “Хал-ахуал”, “Тір­ші­лікте көп жа­сағандықтан көрген бір тама­шамыз” ат­ты туын­ды­лары 1907 жылы Қазан қа­ласындағы Құ­са­йы­н­ов­тар бас­па­хана­сынан жарық көреді. Кейіннен ол баспаханадан шық­қан 14 қалам ие­сінің шығар­ма­ларын цен­зура сот­қа тартады. Ішінде Мәшһүр Жүсіптің жоғарыда аталған еңбектері де бар.

Мәшһүр Жүсіп жинаған фольклор үлгі­лерінің басым көпшілігі – аңыз бен әңгі­мелер. Мұндағы аңыздар: жер-су аттары.

Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы­ның аңыз-әңгімелерді, тарихи әңгі­мелерді, шешендік сөздерді қағазға түсірумен ғана шек­телмей, фольклордың басқа да жанрлық түрлерін, атап айтқанда, тұрмыс-салт жыр­ларын, эпос, ертегі, мақал-мәтел, ақын­дар айтысын, т.б. жинағаны белгілі. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы жинаған фоль­клорлық үлгі­лерге жанрлық жағынан келетін болсақ, ел аузынан тұрмыс-салт жырла­рының 30-40 шақтысы топталған.

Ол ел арасынан: “Қамбар батыр”, “Ер Тарғын”, “Ер Көкше”, “Ер Са­йын”, “Нәрік ұлы Шора батыр”, т.б. тәрізді батырлар жырында, “Қозы Көрпеш-Баян сұлу”, “Алтынбас-Күмісаяқ” т.т. лиро-эпос­тық жырларды да, сондай-ақ “Киік”, “Боз­торғай”, “Дін үйренетұғын” тәрізді басқа шығармаларды да жинаған. “Қозы Көрпеш-Баян сұлу”, “Ер Тарғын” жырларын Мәшһүр Жүсіп 1866 жылы 8 жасында-ақ Қамар хазіреттің қолжаз­басынан көшіріп алғанын бі­леміз. Ал “Алтынбас-Күмісаяқ”– 200 жол­дан тұ­рады дей отырып, бұл жыр үлгі­лерін жи­наған В.Радлов екендігін Мәшһүр Жүсіп көрсетіп кеткендігінің де куәсі бол­дық. Бұл үлгілерді Мәшһүр Жүсіп В.Радлов жина­ғынан ала отырып, олардың бәрін қол­жаз­баның әр жеріне шашыратпай, бір же­ріне ғана топтастыра орналастырған. Сон­дай-ақ, қолжазбалар ішінде “Сайын батыр” жы­рының көлемі 2000 жолдан тұрады деген де дерек бар.

Зерттеуші ел арасынан түрлі ер­те­гілер де жинаған – “Еділ-Жайық”, “Көр ақ­тар­ған Жаманбай”, “Баһырам патша ту­ралы”, “Есен тентек туралы”, “Ертеде бір хан болыпты” , “ Ақтабан шұбырын­ды, Ал­қакөл сұлама”, “ Еңсегей бойлы Ер Есім”, “Ала­ша хан”, “ 7 жасар Жел­кілдек”, “Ер Төс­тік”, “Әз Жәнібек және бір ұста”, “Екі пат­ша”, “Әділ би”, “Сүйіндік:Олжабай батыр, “Тама Сарыбас мерген”, т.б.

Халық поэзиясы үлгілерін, оның ішінде мақал-мәтелдерді Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің ерінбей ұзақ жинағаны мәлім. Фольклордың басқа жанрларына қара­ғанда, мақал-мәтел­дер­ді жинаумен ай­налысу фольклорист-ғалымнан ұзақ уақыт пен қажымас ізденуді, еңбектенуді қажет ететіні белгілі. Себебі, мақал-мәтелдер дайын күйінде жеке-дара кез­деспейді. Оларды айтушының не ауызекі сөзінен, не қолжазбалар ішінен, туындылар арасынан іздеп табу арқылы қағазға түсіру керектігі аян.

Мәшһүр Жүсіп сондай-ақ ақындар айтысының не бір тың үлгілерін де жинаған. Мәселен, “Ұлбике қыз бен Кү­дері қожа ай­тысы”, “Ұлбике қыз бен Қа­рақалпақ Жан­кел ақын айтысы”, “Ұлы жүз Үйсіннен шыққан Үмсін қыз бен Заман қожа ай­тысы”, “Шоң, Торайғыр ақыны Орманшы Са­қау ақыны мен Қара­кесек қызы Тоғжан ай­тысы”, “Қалдыбай қожа мен Соқыр Шө­же айтысы”, “Соқыр Шөже мен Қаракесек ақы­ны Балта айтысы”, “Қаракесек Қамбар Жа­нақ пен Най­ман Сабырбай айтысы”, “Қаракесек Қам­бар Жанақ пен Найман-Түбек ай­тысы”, “Қаракесек Қамбар Жанақ пен Ор­маншы- Сақау ақын айтысы”, “Қу­ан­дық-Алтай бір ақыны мен Найман қызы Опан айтысы”, “Керей-Тұрлыбике ақыны Үрімбай ақыны мен Арыстанбай ақын айтысы”, “Айдабол-Күліктің Күлігінен шыққан Жамшыбай ақыны мен Найман-Түбек айтысы”, “Ақбала қыз бен Боздақ жігіт айтысы”, “ Қыз бен жігіт айтысы” тәрізді ақындардың сөз қағыстырулары Мәшһүр Жүсіп қолжазбаларында белгілі бір тәртіппен, реттілікпен берілген.

Сондай-ақ қолжазба ішінде ақын айтыс­тың: “Қыпшақ Өске Тәтті қыз”, “Қолға түскен Алтай жігіт –Найман Опан қыз” айтысы 46 жолдан, “Шортанбай қожа мен Арыс­танбай ақын” айтысы 100 жолдан, “Шал мен қыз”, “Шөже мен Қалдыбай”, “Жа­нақ пен Түбек”, “Ұлбике мен Күдері” ай­тысы – 106 ауыз өлең, “Жанкел мен Ұлбике” айтысы – 100 ауыз өлең, “Заман қожа мен Осы қыз” айтысы – 50 ауыз өлең, “Тоғ­жан мен Сақау” айтысы – 78 ауыз өлең т.б. деген түрлерін қанша жолдан тұратынын дере­гімен де бірге берген.

Ақын қол­жаз­ба­ларында көптеген ақын жыраулардың өлең мен қиссалары, дастандары т.б. бар: Бұхар жырау, Мәделі қожа, Сақау ақын, Ақан сері, Шернияз т.б. өлеңдері, Қоңырат Сапақ датқа ақ­ын, Үйсін Үмсін қыз, Заман қожа, Тоғ­жан, Қалдыбай қожа, Шөже ақын, Арғын- Қам­бар Жанақ, Найман Сабырбай, Най­ман Түбек, Найман-Опан қыз, Орынбай, Шор­танбай қожа, Күлік-Жамшыбай, Қаракесек Бал­та, Көтеш, Ақмолла, т.б. ақындар туын­дыларын қағазға түсірген.

Бұл жинаушылық барысында белгілі фольклорист-ғалымдар: Ш.Уәлиханов, В.Радлов, Г.Потанин, т.б. тәрізділер сияқты Мәшһүр Жүсіп те өзіндік жинау әдісіне сүйенгені белгілі. Олар: тілдік ерекшеліктерді сақтау, дәлділік, айтушы аузынан сол қалпынан көшіру, арнайы бір тақырыпқа материал жинау, т.б.

Сондай-ақ айтушы не айтты – бәрін тү­гел қалдырмай жазу шарты, еш сөзін қыс­қартуға, алып тастауға немесе өз жанынан басқа бір нәрсені қосуға мүлде болмай­тын­дығы, диалектілік ерек­шеліктер болса оны да тастамай көрсетіп отыру керектігі жө­ніндегі т.б. талаптар барлық фольклорист ғалымдар үшін ортақ. Сол тәрізді шығар­маны кім, қашан, қайдан, кімнен естіп жаттап алды деген сауалдарға жауап жазу керектігі тәрізді талаптарды Мәшһүр Жүсіптің орындап отырғандығы бізге мәлім.

Мәшһүр Жүсіп жазбаларында фольк­лор­дың барлық жанрлары қамтылған. Егер жанр бойынша жіктеп жүйеге келтірсек, ерте­гі­лерден 15 шақты мәтін үлгі; батырлық жыр­лардан – 5-6; ғашықтық жырдан – 2-3; қисса-дастандардан – 11-12; тұрмыс-салт жыр­ларынан – 30-40 шақтысы; аңыз-әңгі­ме­лердің – 200-300 үлгісі; жаңылтпаштың – 100-150 шақты көлемі; жұмбақтың қара сөз бен өлең түріндегісі – 50 шақтысы; ма­қал-мәтелдердің 2,5 мың жолдық мөлшері; ақындар айтысының 27 үлгісі; 30-40 шақты ақын-жыраулардың өлеңдері, дастандары т.б. орын алған. Сондай-ақ қолжазбалар ішінде шежірелер, діни өлеңдер мен нақылдар, әлі баспа бетін көрмеген күлдіргі сөздер топ­тамасы, т.б. нұс­қалары бар. Мұндай үлгілерді жи­нағанда аражігін бөліп-жармай, жаңа-ескі деп қарамай, шамасы келгенше фоль­клордың әр жанрын қамтып, барлығын жан-жақт­ы жинауға тырысу тек Мәшһүр Жүсіп ерекшелігі емес, сол тұстағы көп­теген ғалым-фольклоршы­лардың шарты.

Мәшһүр Жүсіп өзі жинаған үлгіле­рінің кө­лемін белгілеп отырған. Мәселен, “Ғылым бі­лімі” кітабы 129 сахифадан тұрады дей оты­рып, оның ішінде 12 аят, 18 хадис, 43 мақал, 114 ауыз өлең бар десе, ал “Әмір” әң­гімесі 26 сахифадан, 104 ауыз өлеңнен тұ­рады дейді. Мұндағы сахифа – араб сөзі, “бет”, “парақ”, “газет” деген мағынаны береді.

Бұлардан басқа қолжазбаларда мы­надай мәліметтер берілген: “Хазірет Юсуф пай­ғамбар”, “Шайқы Бұрқы әулие мекіре балықтан туған”, “Сары­арқа тарихы”, “Шоң, Торайғыр билер”, “Абылай аспаған са­ры бел”, “Қоқан хандары тарихы”, “Кіші жүз ұрандары мен рулары”, “Ша­ныш­қылы Бердіқожа батыр тарихы”, “Едіге мен Төле би”, “Көлеби батыр”, “Олжабай батыр тарихы”, “Абылай хан”, “Махамбет деген батыр шығыпты деп барып тапқан 92 батыр” турасында, қазақ шежірелері (Орта жүз тарихы, Мейрам сопы тарихы, Қуандық, Қаракесек, Найман, Қыпшақ тарихтары), “Барпық әңгі­мелері”, күлдіргі сөздер, “Қара­кесек пен төрелер ұраны” туралы, Мөңке би, Досбол би, Қожакент пен Өзкент, т.б. қал­алары турасында, “Ошақты Қоңырбай қалпе” әңгімесі, “Хазірет Нұхқа 370 жа­сында пайғамбарлық берілді”, діни нанымдар т.б., Сарман, Қиғара, Қосдәулет би­лер хақында, жыл басы туралы, Ор­ман­шы ақсары Шотана батыр жайындағы деректер орын алған.

Қолжазбадағы кейбір материал­дардың жа­зылған жылдары да көрсе­тілген. Мәселен, “Тө­бет ішіндегі Жан­келді” деген әңгіме 1908 жылы жазылды десе, “Бір ханның жалғыз баласы өлгенде” деп басталатын шығарма 1921 жылы хатқа түсірілді деген белгілер бар.

Жалпы ауыз әдебиеті мен фоль­клорлық нұсқаларды жинаушылардың көпшілігі ұстанған дәстүрдің бірі – экс­педициялық әдіс екені белгілі. Бұл экс­педиция сапар­ларында В.Радлов, Г.Потанин, Ә.Диваев т.б. сынды ғалым­дар көптеген ауыз әде­биетін жинай­тын тіл­шілер мен өз елінің мә­дениеті мен фоль­клорына жанашыр көз­қараспен қарайтын энтузиаст адамдардың да көмегіне сүйеніп отырғаны мәлім. Және де фольклорист-ғалымдар қолданған мұндай тәсіл фоль­клорлық үлгілердің жанр жағынан жан-жақты жиналуына негіз болды.

Жинаушылықтың осы формасын “экс­пе­­дициялық” әдісті Мәшһүр Жүсіп те көп қолданған. Бірақ жинаушылық барысында Мәшһүр Жүсіп жоғарыдағы фольклорист-ға­лымдар тәрізді тілшілер, т.б. көмегіне сүйен­бе­ген. Мәшһүр Жүсіптің қазақ тілін жете мең­гергендігі, бір жағынан, оның жи­нау­шылық қызметінің тілдік қиындықтарға ұрын­­бауын негіздесе, оның жинау жұ­мыс­та­­рының тез қарқынды жүруіне де, фоль­клор­­лық үлгілерінің мол болуына да ықпал етті.

В.Радлов, Г.Потанин тәрізді фоль­клорист-ғалымдар фольклорлық үлгіні жинағанда жанрдың көнелігіне баса назар аударып, көмекшілеріне көбінесе сол жағын көп тапсырғаны байқалады. Онысы дұрыс та, әдетте бір ел өкілі екінші бір ха­лық­тың тарихын, әдет-ғұрпын білгісі кел­се, ең алдымен оның фольклорын, яғни әсіресе көне жанр түрі – аңыз­да­рына зе­йін сала­тыны мәлім. Сол арқылы бүкіл халықтың тү­сінігін, арман-ойын, салт-ғұрпын, мә­де­ниетін, т.б. түсінеді. Мәш­һүр Жүсіп болса, халыққа сол кезең­де “не керек” дегендерді аражігін ашпай жинай берген. Яғни, елінің тарихын, әдет-ғұрпын, халықтың мінез ерекшеліктері, тұрмыс-салты, т.б. жақтары – бәрі қажет боларын сезініп, неғұрлым ау­қымды жұ­мыстар атқарған. Сонымен жи­нау­шылықтың негізгі мақсаты халыққа “не пайдалы” деген тұрғыдан жүргізіл­ген­діктен де басқа дамыған елдер қатарында өмір сүру үшін қазаққа не қажет, өскелең ұрпақты қалай тәрбиелеген жөн, ол үшін қандай үлгі-өнеге боларлық іс-әрекет қолдану керек. Сондай-ақ тарихтың қай кезеңдері: үлгілі билер мен айбарлы хандар заманы ма, әлде аты аңызға айнал­ған Асан қайғы мен Жи­ренше ше­шен тә­різді бабалар дәуірі ме, қай­сы­сында кейін­гілер тағылым аларлық қан­ша­лық мән жатқандығы – бәрі Мәшһүр Жүсіпті қы­зықтырған. Осының бәрі Мәшһүр Жүсіп жинаушылығының негізін құрайды. Міне, бұ­дан біз Мәшһүр Жүсіптің фольклористік кон­цепциясы оның демо­кратиялық, ағар­ту­шылық көзқарасынан туын­дағанын кө­ре­міз.

Қазақ халық әдебиетінің жиналу тари­хын сөз еткенде, өз әріптестеріне Ш.Уә­ли­ханов, В.Радлов, Ә.Диваев, т.б. қара­ғанда, со­ларға үндес ететін ортақ си­пат­тарымен қатар Мәшһүр Жүсіптің өзіндік ерек­­шеліктері мол екеніне алдымен көңіл бөлу керектігін айтқымыз келеді. Шығыс, ба­тыс мәдениетін, қазақ тілін жетік мең­герумен бірге араб, парсы, орыс, көне түркі тілін жете игеруі жә­не ХІХ ғасырдың соң­ғы ширегі мен XX ға­сырдың бас ке­зінде қазақ даласын көп аралауы нә­ти­жесінде Мәшһүр Жүсіптің қазақ халық әдебиетін өз заман­дастарына қарағанда, анағұрлым мол жинап, ол туралы кеңірек зерттеу жүргізу мүмкіндігі болды. Мәшһүр Жүсіп жазып қалдырған көп ма­те­риалдарды шолып қарай отырып, оның жи­наушылық еңбектерін саралауға бас­тай­тын мынадай ерекше­ліктерін жинақ­тап айтуға болады.

· Бірін­шіден, Мәшһүр Жүсіп ерте­гінің, не аңыз­дың қысқартылған сұл­басын, шы­ғарма фабу­ласын берумен шектелмеген. Ақын белгілі бір материалды ел арасындағы ай­тылу қалпын сақтай отырып, неғұрлым толық қамтып отырған.

· Екіншіден, әрбір сөздің сол кездегі дыбысталу қалпын, орфоэпиясын ескеріп, белгілі бір сөздерді естілуі бойынша қағазға түсірген. Әсіресе, сөздің дыбыстық әуез­ділігіне, өзара үнде­суіне көп көңіл бөлі­нетінін, дыбысталу сапа­сының сөз мағы­насына, сол арқылы шы­ғар­ма көр­кем­ділігіне пәрменді ықпал жасап оты­ратынын бағамдасақ, бұлай жазу қазақ тілін­­дегі сөздер фонетикасы тарихын жа­сау­да да елеулі рөл атқара­тынын дәйек­теуге бо­лады.

· Үшіншіден, Мәшһүр Жүсіп қай ма­териалды кімнен қандай жағдайда қалай жазып алғанын жеткізіп отырған. Демек, ол қалдырған жазбалардың тарихи, этно­гра­фия­лық, т.б. мәні айрықша бола­тыны күмәнсіз.

· Төртіншіден, ел тари­хын, мәдениетін, әдет-ғұрпын кең білген Мәшһүр Жүсіп жинаған материалдарға деген өз бағасын, байқау­ла­рын қоса жа­зып отырған. Соңғы айтыл­ғандары Мәшһүр Жүсіптің естігенін құр жа­зып алу­мен ғана емес, оларды сара­лап, белгілі бір тарихи жағ­дай, ел ахуа­лымен са­лыс­ты­рып отыр­ған зерт­­теушілік ең­бегін көрсетеді.

Мәшһүр Жүсіптің фоль­­клорист ғалым ретінде қалып­тасуының үш қай­нар көзі бар.

· Бірі – өз елінің ауыз әдебиеті мен фоль­клор үлгі­лерінен тұ­ратын бай мұра­сын қабылдауы;

· Екіншісі – шығыс елінің, оның ішінде орта ғасырлық ғалымдар жетістіктерін игеруі;

· Үшіншісі – батыс ғалымдары, оның ішінде орыс зиялы­ла­рының әсері.

Ауыз әдебиеті мен фольклорлық үлгі­лерді жинау барысында Мәшһүр Жүсіп белгілі бір жинау принциптеріне сүйенген. Ол ақынның ағартушы-демо­кратиялық көз­қарасынан туындаған. Ең алдымен айтатын нәрсе, Мәшһүр Жүсіп фоль­клор­ды өзгер­туге, түзетуге жат­пайтын асыл мұра деп біл­ген, мәтінді сол қалпында хатқа түсіру шар­тын ұстанған. Сол себепті, Мәшһүр Жүсіп кімнен не алса да көрсетіп отырған.

Мәселен, “Әз Әйтеке би” әңгімесінде бір­неше мәтелдер шоғыры беріледі де, оның иесі, яғни жеткізушісі есебінде төрт Шө­ме­кейге қараның ханы бол­ғанын тілге тиек еткен.

Мұндай мысалдар ақын қолжаз­ба­сында көптеп кездеседі. Екіншіден, фоль­клорды тұрмыстың қажеті, елге білім, тәрбие беретін құрал деп білген. Сон­дықтан, әр мәтіннің шығу тарихын, айтылу жағ­да­йын, қалай та­ра­ғанын анықтап отырған. Мә­се­лен, Мәшһүр Жү­сіп жинаған “Малшы Алтай” әңгімесі. Мұнда Қуандықтың ба­ласы Алтай деген жігіттің Піс­пекбайдың жыл­қысын ерінбей, жалықпай тер төгіп, адал еңбегі арқасында жұттан шашау шығар­май аман алып шығуы баян­далады. Жылқышының таза көңіліне, адал­дығына т.б. қасиеттеріне тәнті болған бай оған өз қызы Байбикені қосады. Кейін Байбикеден туып, тараған ел “Жо­ғарғы Алтай” аталатындығы сөз болады.

Сондай-ақ, Байбике өлген соң, бай Алтайға екінші қызы Аққоянды да беріп, одан “Төменгі Алтай” деген ел тарай­тын­дығы баяндалады. Міне, көріп отыр­ға­ны­мыздай, адал еңбегі арқасында малшының да мұратына жеткендігін баяндай отырып, Мәшһүр Жүсіп өз заманындағы жастарға-осы іс-әрекетті үлгі ретінде ұсынады.

Жоғарыдағы деректерге қарағанда, Мәшһүр Жүсіп фольклорлық үлгілерді тек үлгі-өнеге, т.б. үшін ғана жинамаған тәрізді. Ав­тор сол нұсқалар арқылы өзіндік ой-топ­шы­лауларын да бірге беруге ты­рысқан. Яғни, фольклорды халықтың сана-сезімінің өзіндік көріну формасы деп бағалағандығын көруге болады. Ал, бұл Мәшһүр Жүсіптің жинау­шылық пен зерттеушілігінің бір арнада тоғысқандығын дәлелдейді. Үшіншіден, Мәшһүр Жүсіптің фоль­клор­ды ауызша тарих, тарихтың көзі деп тануы. Бұған, мысал ретінде Абылай ханға қатысты 16 әңгімелер циклін келтіруге бо­лады. Мұнда ханның жас кезінен қайтыс бол­­ғанға дейінгі кезеңдері келтіріледі. Жал­пы бұл әңгімелерде қазақ халқының тарихында ерекше орын алатын қалмаққа қарсы елдің бостандыққа, тәуелсіздікке күрес жолы сипатталған. Яғни, қиын қыстау кезде ел басына хан боп көтеріліп, өзінің сенімді билері мен батырларына сүйенген хан Абылайдың жаужүректілігі, да­налығы, ақылдылығы, тапқырлығы, ең бас­тысы, елдің бірауыздылығы, бірлігі, тату­лығы, ынтымақ­тығы, т.б. арқасында халықтың өз арманына, мұратына жет­кендігі айтылады.

Жинаушылықтың төртінші ұстанымы – фольклорды Мәшһүр Жүсіптің филология­лық тұрғыдан қарастыруы, яғни сөз өнері деп білуі. Ол фольклор­дың ел арасында ерек­ше мәртебеге ие екенін, қазақтың сөз өнерін аса жоғары қастер­лейтінін ба­рынша айқын көрсетуге ты­рысқан. Мәшһүр Жүсіптің халық ара­сында ең алды­мен ақын-жазушы ретінде таныл­ғанын ескерсек, онда оның фоль­клорды өз шығармаларына да арқау етіп отырғаны, сонымен бірге оны тіл бай­лы­ғының, сөз өнерінің, т.б. қайнар бұлағы есеп­ті бағалағаны анық.

Мәселен, ел аузындағы “Жиренше ше­шен” аңызын қолжазбасына түсірген Мәшһүр Жүсіп, ол турасында өзінің көзқарасын да білдіріп кеткен. Онда: “Міне, жігіттер, бір ауызды сөздің түбін, төр­кінін білемін деп ізлегендіктен қа­лыңсыз бір ханның қызын алды. Өз ха­нының сатусыз, пұлсыз уәзірлігін алды. “Жігіттікте жаннан кеш те, іс қыласың, өлесің, өлмесең, кісі бола­сың!”– деп бұрынғының айтқаны осы!” – делінген ақын тамсануы да бар. Ал “Шоң биге” қатысты жинаған әңгіме­сі­нің бірінде Мәшһүр Жүсіп, құны жүз бие болатын сәукелені екі ауыз сөзбен-ақ Сақау ақынның ақысыз, пұлсыз алғандығын ескертіп өтеді. Осыдан көріп отырғаны­мыздай, Мәшһүр Жүсіп сөз өнерін, т.б. дәріптеуге арналған фоль­клор үлгі­лерін көбінесе тарихи адам­дар есім­дерімен ұштастырған. Фоль­клор үл­гілерін жиыстырғанда Мәшһүр Жүсіптің билер сөзінің де ұлттық мәдениетіміздің бір көрінісі, ай­насы екендігіне көңіл бөлгені бай­қалады.

Жинаушылықтың бесінші ұста­нымы – Мәшһүр Жүсіп фоль­клорды этно­графиялық мәліметтердің көзі деп қарастыруын аламыз. Яғни, белгілі бір халық­тардың шығу тегіне, рулық құ­рамына, қоныс аударуына, қалып­та­суына, тіпті олардың тұрмыс-тірші­лігіне, қор­шаған табиғи орта­сына, киетін киім­дері мен кәсібіне, рухани мәдениетіне т.б. қатысты деректердің Мәшһүр жазбасында молынан ұшырасуы назар аудартады. Мәсе­лен, “Бұл қазақ қай уа­қыттан үш жүз атанған” әңгімесі ішінде “Алаш” деген қай ел, не себепті олай айтыл­ғандығы, “Жүз” деген атау қайдан шық­қандығы төңірегіндегі аңызға ақын өз көзқарасын да бірге берген: “Бұрын­ғы заманда қазақтың Жүз деген де ата­ла­рының аты болса керек. “Жүз” деген ат­ты ұруға, “Алаш” деген атты ұранға қо­йып, жауға шапқанда “Алаш, алаш” деп шабыңдар, “Алаш, алаш” демегенді әкең де болса ұрып жық деп бата қы­лысыпты. Кеше “Алаш алаш болғанда, Ала­ша хан болғанда, үйіміз ағаш, ұра­нымыз Алаш болғанда үш жүздің баласы қазақ емес пе едік” деп айтылған сөз сонан қалды. Бұл Алаша ханнан бұрын қазақ ел болып, өз алдына отау тіккен емес, әр жұртқа бұратана қоңсы болып жүрген.

ИМАН Исламның бес парызы біреуі – иман, Таппайды бұл бесеуін дүние жиған. Ықтият, шын ниетпен жұмыс қылып, Ерлерді айт Құдай үшін жанын қиған.

"Ағаштың бойында гүрілдеп ағып жатқан өзен – адамның денесіндегі қан. Әй, жігіттер, естеріңде болсын, оны “шайтан” – дейді. Ол бір кесек нәрсе емес, денеңе арам қан боп кіріп, жүрегіңе барып, жүрегіңді толқытып, өзіңді бұзады. “Шайтан” деген өзіңнің ойың..."

Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы жайлы жаңа кітап жарыққа шықты Павлодарда Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің шығармашылығы мен өмірі жайлы жаңа кітап жарыққа шықты. Өз заманында озық туған көрнекті тұлға ақындығымен қатар тарих, әдебиеттану, өлкетану, шежіре жинақтау салалары бойынша мол мұра қалдырды. Бірақ қолжазбаларының көбі түрлі себептермен сақталмаған. Әсіресе, Кеңес заманында көптеген шығармалары қасақана құртылды. Мәшһүр Жүсіптің ел ішінде көріпкел- әулиелігімен танылғаны белгілі. Оған өзінің дүниеден қайтатын ай-күніне дейін дәл біліп, бір жыл бұрын асын бергізіп кетуі дәлел. Аңызға бергісіз мұндай деректер мен шығармалары қазір 20 том болып басылып жатыр. Ал,жарық көрген кітап тың деректермен толықтырылды. Ғалымдардың айтуынша, Мәшекеңнің зерттелмеген мұрасының өзі әлі талай ұрпаққа азық болмақ.

 

Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы. Шайтанның саудасы

Абай-Ақпарат

Сөз қылып жаза бердім жоқтан-бардан, Далаға от жақтырдым қалап қардан. Бір нақыл, жұртқа таңсық жәдігер сөз Хазірет Ғайса рухолла пайғамбардан. Бос сөзді ауызға алып айтпаймыз біз, Ынсапты шын құлақпен тыңдаңыз сіз. Базарға жұрт жиылған келе жатқан Лағынға жол үстінде ұшырапты кез. Қысқа айттым, қылмай мылжың сөзді ұзартып, Тыңдаушы кетпесін деп жалқау тартып. Ол малғұн келеді екен жолмен айдап, Он қашыр, бес есекке жүгін артып. -Жаныңа шын сөйлесең пайда,-дейді,- Дінің қатты, құр тілің майда,-дейді. Сұрады тақсыр Ғайса тұра қалып: -Барасың,-Лағынға айтты,-қайда?-дейді. -Сен шықтың тура жолдан асып,-дейді,- Біздерге жол қисығы нәсіп,-дейді.- Жалпақ жұрт бара жатқан ду базарға Барамын мен де қыла кәсіп,-дейді. -Топыраққа бас ұрмаймын деп қылып ар, Бұрынғы дәуреніңе сен болдың зар. Басқа жұрт тері-терсек, жүн сатады, Сататын, малғұн, сенің не пұлың бар? -Жүгім бар, көрмеймісің, он бес көлік, Келемін айуанға артып екі түлік. Жұрттың тыныштық, бүтінін ойламаймын, Саламын көп бас қосқан жерге бүлік.
Сөз қылып жаза бердім жоқтан-бардан, Далаға от жақтырдым қалап қардан. Бір нақыл, жұртқа таңсық жәдігер сөз Хазірет Ғайса рухолла пайғамбардан. Бос сөзді ауызға алып айтпаймыз біз, Ынсапты шын құлақпен тыңдаңыз сіз. Базарға жұрт жиылған келе жатқан Лағынға жол үстінде ұшырапты кез. Қысқа айттым, қылмай мылжың сөзді ұзартып, Тыңдаушы кетпесін деп жалқау тартып. Ол малғұн келеді екен жолмен айдап, Он қашыр, бес есекке жүгін артып. -Жаныңа шын сөйлесең пайда,-дейді,- Дінің қатты, құр тілің майда,-дейді. Сұрады тақсыр Ғайса тұра қалып: -Барасың,-Лағынға айтты,-қайда?-дейді. -Сен шықтың тура жолдан асып,-дейді,- Біздерге жол қисығы нәсіп,-дейді.- Жалпақ жұрт бара жатқан ду базарға Барамын мен де қыла кәсіп,-дейді. -Топыраққа бас ұрмаймын деп қылып ар, Бұрынғы дәуреніңе сен болдың зар. Басқа жұрт тері-терсек, жүн сатады, Сататын, малғұн, сенің не пұлың бар? -Жүгім бар, көрмеймісің, он бес көлік, Келемін айуанға артып екі түлік. Жұрттың тыныштық, бүтінін ойламаймын, Саламын көп бас қосқан жерге бүлік. -Қашырды, есек пенен танып тұрмын, Өтірікті шындай қылдың, нанып тұрмын. Біле алмай артқан жүгің не екенін, Тамаша айран-асыр қалып тұрмын. -Артқаным бір есекке ылғи жалған, Жалғанда өтірік жоқ бұдан қалған. Нанбасаң, еріп бірге, көр көзіңмен Базарға қызығымды қалай салған. Жүгім бар бір есекте - мікір-хайла, Мұнымен келтіремін үлкен пайда. Бір тиынға он тиын пайда аламын Көптің басы қосылған жиын жайда. Күншілдік - бір есекке тиеп артқан, Жібек, кендір арқанмен буып тартқан. Базарға бұдан бұрын көп барғанмын, Жерім жоқ бұл саудамнан залал тартқан. Артқаным бір есекке өңкей зорлық, Есепсіз мал табамын қылмай ұрлық. Мен алмай, оның малын кім алады, Иттер бар көріп жүрген малдан қорлық. Пайдасыз бос орынға жүрмейміз тек, Көрінген бір жерім жоқ ешкімге тек. Мастанып, артқандықтан тәкаппарлық, Жүре алмай бара жатыр мынау есек. Естумен тақсыр Ғайса таң қалады, Көзбен көріп, көңілмен аңғарады: -Киер киім, ішер ас, тамақ емес, Керек қып бұларыңды кім алады? -Базарға айдап барып салам қатар, Алдымен жетіп келер алыпсатар. Түк қоймай өтірігімнен талап алып, Ол да алдар көрінгенді, дәмін татар. Көтерме өтірікпен менен алған, Олар да бар әлінше сөйлер жалған. Кім болса бұл заманда сол әкетер, Қор болып қашан өтірік жерде қалған. Білмейді ешкім менің улығымды, Майлықпен көріп бірдей сулығымды, Қатынның ең жаманы, ит ап кетер, Талаумен мікір-хайла, қулығымды. Закон жоқ жерде мұны қалдыруға, Бұларға өзім ерікті алдыруға. Білмейтін дәнемені жаман ұстар, Мікірмен алдар байын нандыруға. Базарға алып барса, не қалады, Қараумен әр нәрсеге көз талады. Білетін күншілдіктің қадір, құнын Оқыған көп оқуды молда алады. Шаршарсың, базар барсаң, басың қатып, Сөйлеп тұр өз білгенін әркім шатып, Жұрт билейтін ұлықтар таласумен Алады зорлығымды пұлға сатып. Неге болыс болады малын шашып, Қашан болып шыққанша жанталасып? Текке тиын біреуге кім береді, Зорлықпенен алмаса, үкімі асып. Қарсы келсе бетіне, басын шайнар, Құнсыз, бұлсыз кедейдің соры қайнар. Өзі апарып ұлыққа тығар малын Ішпес, жемес, шық бермес Шығайбайлар. Біреу ұн, біреу пұттап май алады, Біреу қой, біреу тайынша, тай алады. Тәкаппарлық жүгімді қалтасы мол Жетілген надандыққа бай алады. Томпайтып қалтасына жүрген сыймай, Беруге ешбір жанға көзі қимай, Алған соң тәкаппарлық сатып менен, Дүрдиер өз үйіне өзі сыймай. Бай біткен болғандықтан қара бауыр, Арқасы ер салмастан болар жауыр. Не айтып, не қойғанын білмес өзі, Тырнадай өзіне өзі болып ауыр. Сиырдай қатып жүрер дәл болған құрт, Көмейде жоқ, бос сөзбен толтырып ұрт. Желбірер ентігумен екі танау, Семіз деп құр көрумен айтсын деп жұрт. Жүргенін білмес өзі батпақ саздап, Үлкендік айтып қояр аздап-аздап, Арлан тазы бұтындай бұлтиюмен, Едірейіп екі көз шыға жаздап. Ғайса айтты: - Тоқта, малғұн, болды, - деді,- Айтқан сөзің құлаққа қонды,-деді.- Апарып оны қайда өткізесің, Он қашыр тиеп артқан пұлды?-деді.- Бұл күнде тіліңді алған жас пен кәрі, Азған жұртқа тура сен бір ем, дәрі. Жүгің не он қашырға артып алған, Немене толып жатқан соның бәрі? -Ол бір жүк шиыр емес, соны, - деді,- Бұлардан он есе артық құны, -деді.- Бұл жерде алушы жоқ, шаршамаймын, Өткізіп қайтқанда айтам оны, - деді. Мұнымен шайтан дағы базар барды, Он бес көлік жүкпенен топты жарды. Лезде апа-сапа қылды бәрін. Ұйқы-тұйқы көбейтіп дауды-шарды. Алдынан алушылар даяр жетті, Қолдан қолға түсірмей, талап кетті. Қайтқанда тағы ұшырады рухоллаға, Мән-жайын саудасының баян етті: -Бес есек өзді-өзінің орнына өтті, Жүк еді он қашырда бір ретті. Артқаным бәріне де тамиғ еді, Біреуін тілеушілер талап кетті. Иініне ала қоржын салған алды, Қайыр сұрап жұрт тиышын алған алды. Пірге қол берген сопы, бірәдарлар, Жұрттан пұл жинап, қажыға барған алды. Бір қашыр жүк бәріне түгел жетті, Тоғызы өтпей, біраз тентіретті. Қожа, молда, ишандар елді жеген, Дағдарып тұрған шақта солар жетті. Ақсақал, қажы, қожа саттым шалға, Бейнетпен мал таппаған жүріп жалға. Қожа, молда көтеріп алды бәрін Еңбексіз тапқан жұрттан тегін малға: «Біз үйде қалай шыдап жатамыз,-деп,- Мұны алсақ, қарық олжаға батамыз,-деп,- Шайтаннан көтерме алған бұл тамиғты Қыдырып үйден-үйге сатамыз»,-деп. Бұл пұлмен бірі мешіт салмақ болды, Бірі мүлгіп ишан боп қалмақ болды. Біреуде шай, біреуде ет қайнаттырып, Жұрттан пайда шығарып алмақ болды. Олардың және айтайын қылған ісін, Бұлдайды кейбіреуі көн терісін. Бас-басына бір мүсуәк омырауында, Егер өткір қылуға тамиғ тісін. Басына дағарадай сәлде салды, Жұрт қоршап, «ой, тақсыр» деп ортаға алды. Түлкінің құйрығындай бұлаңдатып, Құйрығымен сәлденің тапты малды. Тәспіні жыбыр-жыбыр серпіп тастап, Надандық қисық-қыңыр жолға бастап, Онысы - жерге шашқан бидай, тары Торғайды келу үшін торғай бастап. Бұлардың қылған ісін қылмайды ұры, Құйылған кеудесіне шайтан қоры. Мол қылып жайнамазды жайып салып, Алғуам, кәл һауамға жайған торы. Мал табу бәрінің де болып қасты, Мал сойғыш, мырза атанып қазан асты. Жұрттың басын шынжырлап айналдыру Мақсаты сол, мойнына құран асты. Тамиғ үшін түгелдеп қару-жарақ, Наданға жасап алып бұдан арақ, Тамиғтың тырнауышы болсын деп сол, Қажы барып алып келген сақал тарақ. Қапшығы


  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.