Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





*ТЖА (ВПС). Қарыншааралық перденің ақауы. 2 страница



*Ауруханадан тыс оң жаң өкпенің пневмониясы, жедел ағым ТЖ 0

*Ауруханадан тыс оң жаң өкпенің ошақты пневмониясы, жедел ағым ТЖ 1

*+Ауруханадан тыс оң жаң өкпенің ошақты пневмониясы, жедел ағым ТЖ2

*Ауруханадан тыс оң жаң өкпенің ошақты пневмониясы, жедел ағым ТЖ 3

*Ауруханадан тыс оң жаң өкпенің ошақты пневмониясы, жедел ағым, өкпе абсцессімен асқынған

 

!Бала 9 айда. Жөтелге шағымданады. Жағдайы ауыр. Токсикоз эксикозбен. Тері жабындыларының бозаруы үдеуде, жайылған цианоз, ентігу, қосымша бұлшықеттердің тыныс алуға қатысуымен. Өкпеде перкуторлы кораптық дыбыс. Аускультацияда – ұсақ көпіршікті ылғалды және крепитирлеуші сырылдар. Жүрек тондары тұйықталған, тахикардия. Рентгенограммада – өкпе аймақтарының ашықтығы жоғарлаған. Диафрагма төмен орналасқан. Сіздің диагнозыңыз:

*Жедел респираторлы инфекция

*Жедел бронхит

*Обструктивті бронхит

*+Жедел бронхиолит

*Жедел пневмония

 

!Балаға 10 ай, жасына сай өсіп, дамыған. ЖРВИ-дан кейін 10-шы күні баланың жағдайы нашарлады, балада ентігу, әлсіздік және бозару байқалды. Қараған кезде: пульсі әлсіз, тахикардия. Жүрек шекаралары: оң жақ–оң жақ парастернальды сызық бойынша, сол жақ – ортаңғы бұғана сызығынан 3 см солға. Тондары тұйықталған. Өкпесінде көптеген мөлшерде ұсақкөпіршікті сырылдар естіледі. Бауыры қабырға доғасынан 3 см шығыңқы. ЭКГ-де QRS вольтажының төмендеуі, қарынша ішілік өткізгіштіктің бұзылуы, систолалық көрсеткіштің жоғарлауы, Т-тісшесінің жазылуы.Сіздің диагнозыңыз:

*Ерте туа пайда болған кардит, жедел ағым

*Ерте туа пайда болған кардит, жеделдеу ағым

*Ерте туа пайда болған кардит, созылмалы ағым

*+Жүре пайда болған кардит, жедел ағым

*Жүре пайда болған кардит, созылмалы ағым

 

!Бала 9 жаста, жағдайы ауыр, еріні мен бетінде малина тәріздес цианоз, тырнағы сағат әйнегі тәріздес, минутына 32 р ентікпе байқалады. өкпеде әртүрлі көлемдегі ылғалды сырылдар естіледі. Парастерналды жүрек бүкірі бар. Жүрек ұшы соғысы жайылған, шекаралары көлденеңінен ұлғайған. Тондары анық. өкпе артериясында ІІ тон күрт күшейген. Жүрек түрткісінде систолалық шу естіледі. Бауыр +11 см, асцит. Науқастың болжам диагнозы:

*Созылмалы кардит

*Жүректің тума ақауы

*+Жүректің жүре болған ақауы

*Эйзенменгер синдромы

*Ревматизм

 

!13 жастағы ұл бала. Қыжылдау, қышқылмен кекіру, аш қарынға немесе тамақ ішкеннен кейін 1 сағаттан кейін эпигастрий аймағында ауырсыну. Пальпация кезінде эпигастрий аймағында ауырсыну. Эндоскопиялық: домалақ немесе сопақ, асқазанның шырышты қабатында терең дефект, ақ фибринді жабындымен жамылған, қабыну валымен қоршалған. Осы аурудың диагнозын көрсетіңіз:

*Асқазанның жара ауруы, өршу кезеңі, I жаңа пайда болған жара, перевисцерит

*Асқазанның жара ауруы, өршу кезеңі, эпителизацияның басталуы, стеноз

*+Асқазанның жара ауруы, өршу кезеңі, I жаңа пайда болған, асқынусыз

*Асқазанның жара ауруы, өршудің тиышталуы, жараның жазылуы, асқынусыз

*Асқазанның жара ауруы, ремиссия кезеңі, асқынусыз

 

!12 жастағы бала ашқарында немесе тамақ ішкеннен соң 1,5-2 сағат өткен соң, эпигастрийдағы «аш» ауырсынуға шағымданады. Обьективті: тері жабындылары таза, қызғылт. Іші: эпигастриде Мендель синдромы оң, беткей және терең пальпацияда аздаған бұлшықеттік дефанс, эпигастрий мен пилородуоденальдыаймақта ауырсыну байқалады. Бауыры ұлғаймаған, ауырсынусыз. Басқа мүшелер бойынша патология жоқ. Бұл баладағы аурудың жиі асқынуын көрсетесіз:

*Перфорация

*Малигнизация

*+Қан ағу

*Өтімсіздік

*Ұйқы безіне пенетрация

 

!Ұл бала 10 жаста. Профилактикалық қарауда протеинурия және лейкоцитурия анықталған, оған 2 жыл ішінде эритртоцитурия қосылған. ҚҚ 130/90 сын. бағ. Қарағанда көңіл –күйі өзгермеген. Тері түсі бозғылт, қабағы ісінген. БҚА: жалпы белок 62 г/л, мочевина- 7.84 ммоль/л, креатинин 140 мкмоль/л. ЖЗА: Салыстырмалы салмағы 1020, белок – 1,0 г/л; макрогематурия, гиалинді цилиндрлер көз аясында-10. Сіздің диагнозыңыз:

*Созылмалы пиелонефрит, латентті ағымды, БҚБ

*Жедел пиелонефрит, белсенді, БҚБ

*+Созылмалы гломерулонефрит, гематуриялық форма

*Жедел гломерулонефрит, нефротикалық синдром, бастапқы кезең

*Созылмалы гломерулонефрит, нефртикалық форма

 

!13 жасар қыз бала5 жасынан бастап буындық синдром. Әрқашан стероидты емес препараттар қабылдайды, ремиссия кезеңдері 10-12 айға дейін. Таңертеңгілік құрысуға шағымданады. Қарап тексергенде,жағдайы орта ауырлықта, фалангаралық, білезік, шынтақ буындарының ісінуі, оң жақ тізе және жамбас-сан буынының қозғалысының шектелуі. Окулистпен қаралды, диагнозы-увеит. ЖҚА: Hb - 110г/л, Эр – 3,4х1012/л, L - 15,0х109/л, СОЭ - 35 мм/час. Қан.Биох. анализі: жалпы белок - 83г/л, альбуминдер - 48%, глобулиндер: альфа1-11%, альфа2-10%, бета-5%, гамма-26%. Рентгенологиялық тексеруде: эпифизарлы остеропороз, буын шелінің қысылуы. Сіздің диагнозыңыз:

*Анкилоздаушы спондилоартрит, III дәрежелі белсенділік

*Рейтер ауруы, I дәрежелі белсенділік

*+Ювенильді ревматоидты артрит, II дәрежелі белсенділік

*Остеохондропатия, I дәрежелі белсенділік  

* Вислера –Фанкони синдромы, II дәрежелі белсенділік

 

!Балаға 1 ж. 3 ай. Уақытында 3200г салмақпен туылған. 2,5 айынан бастап жасанды тамақтандырылған. Тамақтануы ретсіз, қосымша тамақ уақытында енгізілмеген. Жиі ауырады. Тексеріп қарағанда: салмағы 10,200г. Әлсіз. Тәбеті төмендеген. Тері түсі бозғылт. Жалпы бұлшық ет гипотониясы. Жүрек тондары тұйықталған, жүрек ұшында систоликалық шу естіледі. Бауыры қабырға доғасы астынан 2,5 см шығыңқы. ЖҚА: Нв-82 г/л; эр. 2,5х1012; ТК 0,75; ретикулоциттер 3%, сарысу Ғе -8 ммоль/л. Жалпы белок 61 г/л. Диагноз қойыңыз:

*Анемия теміртапшылық, II-III дәрежелі, нормохромды, аралас этиологиялы

*Анемия теміртапшылық, III дәрежелі, нормохромды, аралас этиологиялы 

*+Анемия теміртапшылық, II дәрежелі, гипохромды, аралас этиологиялы 

*Анемия теміртапшылық, I-II дәрежелі, гипохромды, аралас этиологиялы 

*Анемия белоктапшылық, III дәрежелі, гипохромды, вирусты этиологиялы

 

*10 жасар бала шөлдей беретініне, полиурияға шағымданып түсті. Объективті: жағдайы қанағаттанарлық. Көңіл-күйі бұзылмаған. Тері асты май қабаты шектен тыс дамыған. Тері жамылғысы таза, түсі қалыпты. Мүшелерінде өзгеріс жоқ. ЖҚА: гемоглобин-110г/л, эритроциттер- 4,9х10/л, лейкоциттер- 8,3х10/л, ЭТЖ-12ммоль/л. ЖЗА: үлестік салмағы-1003,ақуыз- теріс, көру алаңында лейкоциттер - 3-4. Диагноз қойыңыз:

*Қант диабеті

*+Қантты емес диабет

*Нейрогенді полидипсия

*Екіншілікті пиелонефрит

*Гипоталамусты синдром

 

!37 жастағы науқас әйел отбасылық дәрігерге қызба, бас ауруы, ұстама тәрізді ауырсынумен, күйдірумен жүретін аяқтардың артқы беткейі бойынша берілетін, сол жақ жамбас аймағындағы бөртпелерге шағымданып келді. Объективті: сол жақ жамбастың артқы беткейінің терісінде қызарған ісікті фонда қатайған қақпақшасы мен мөлдір құрамды, көлемі 1-2 см дейінгі топталған қуысты элементтер орналасқан. Диагноздыкөрсетіңіз:

*Белдемелітеміреткі, типтіктүрі

*Белдемелітеміреткі, абортивтітүрі

*Белдемелітеміреткі, жайылмалытүр

*+Белдемелітеміреткі, буллездітүрі

*Белдемелітеміреткі, гангреноздытүрі

 

!Жанұялық дәрігерге И.,есімді 13 жасар оқушы келді. Бет аймағында қатты қышитын бөртпенің пайда болуына шағымданады. Ауырғанына 3 күн болған. Ауырар алдында математикадан қанағаттанарлық баға алуынан, уайым себеб болды. Сәби кезінде диатезбен ауырған. Қараған кезде: беттерінде симметриялы орналасқан, ұсақ папула, микровезикула және нүктелі дымқыл эрозиялары бар, жедел қабынбалы ісінген эритема анықталды. Болжам диагноз:

*Микробты экзема

*Себореялы экзема

*Балалық экзема

*+Шынайы экзема

*Кәсіби экзема

 

!29 жастағы ер адам үйге дәрігерді шақырып, 4 күн бойы дене қызуының 38*С көтерілуіне, сары-жасыл түсті қақырықпен жөтелге, әлсіздікке, тершеңдікке шағымданады. Анамнезі: ауруын суық тиюмен байланыстырады. Объективті: тері жабындылары бозарған, ТАЖ 20 рет/мин., жауырынның оң жақ төменгі бұрышында перкуторлы дыбыстың тұйықталу ошақтары, аускультативті ұсақ көпіршікті ылғалды сырылдар. Осы науқасқа ем тағайындаңыз:

*Макропен 0,2 х 3 р/к ішке 5 күн

*Эритромицин 0,25мг 2 табл. х 4 р/к 7 күн

*+Азитромицин 0,5 х1 р/к ішке 5 күн

*Тетрациклин 0,25 х 4 р/к ішке 10 күн

*Цефазолин 1,0 х 3р/к б/е 10 күн

 

!26 жастағы науқас әлеуметтік қауіп тобынан. Шағымы: әлсіздік, делсалдық, шаршағыштыққа, жүдеуге, жөлетуге, түнгі тершеңдікке. Соңғы 2-3 айдан бері ауырады, түнгі кезекте жиі істейді. Флюрограммада оң жақ өкпенің жоғарғы бөлімінде инфильтративті көлеңке, түбіріне қарай жолмен. Сіздің тактикаңыз:

*+БК-ға қақырық талдауы

*Фтизиатрға жіберу

*Антибактериалды ем жүргізу

*Туберкулезге қарсы ем тағайындау

*Пульмонология бөліміне жіберу

 

!35 жастағы науқас жанұялық дәрігерге төс артындағы ұзақтығы 3 сағат және одан көп қысып ауырсынуға шағымданады. Ауырсыну жұмыстағы эмоционалды күш түсуден кейін пайда болған және соңғы 2 апта бойында сақталады. ЖСЖ минутына 82 рет, АҚҚ 130/80 мм.с.б. Науқасты қараудағы келесі дұрыс қадамды таңдаңыз:

*Жедел кардиологиялық бөлімшеге жатқызу

*Жанұялық дәрігер бақылауымен үйде қалдыру

*Аналгетик тағайындап үйге қайтару

*Жалпы қан талдауын жасау

*+Сол жерде электрокардиограммаға түсіру

 

!63 жастағы науқас кенеттен болатын қатты бас ауру ұстамаларына, естен тануына шағымданады. Аталған шағымдар 3 жыл бұрынғы инфекциялық миокардиттен кейін дамыған. Соңғы уақытта ұстамалар айына 2-3 рет жиілеген. АҚҚ 110/70 мм сын. Бағ., ЖСЖ 57 соққы 1 мин. ЭКГ-де PQ аралығының ұзаруы, Самойлов-Венкебах кезеңдері. Қандай ем тағайыңдайсыз:

*Кальций антагонистерін тұрақты қабылдау

*Бета-адреноблокаторларды тұрақты қабылдау

*М-холиноблокаторларды үнемі қабылдау

*+Жасанды ырғақ жүргізушісін енгізу

*Аортокоронарлы шунттауды жүргізу

 

!26 жастағы ер адам тамақтан соң эпигастрии тұсындағы күйдіріп ауырсынуға, қыжылға, жүрек айнуға, сирек жағдайда құсуға, әлсіздікке және жүдеуге шағымданады. Анамнезінен: екі апта бойы ҚҚСЕП(НПВС) қабылдаған. Объективті: эпигастрии тұсындағы ауырсыну. ФГДС-те: асқазан түбі тұсында жара. Емнің бірінші сатысында науқасқа міндетті түрде не тағайындау керек:

*Фамотидин 20мг ішке тәулігіне 2 рет

*Сукральфат тәулігіне 1г х 4 рет

*Солкосерил, б/е 2мл., 10 күн

*Шұғыл хирургиялық араласу

*Алмагель 1 үлкен қасықпен тәулігіне 3 рет

 

!46 жастағы науқас қышқылмен құсуға, тамақ ішкен соң ауамен кекіруге, эпигастрий аймағындағы дискомфортқа, іші кебуіне шағымданады. Пальпацияда эпигастрий аймағында ауырсыну анықталады. Қандай тексеру жүргізу керек:

*Жасырын қанға нәжісті тексеру

*Баримен контрастты рентгеноскопия

*+Фиброгастродуоденоскопия

*Ультрадыбысты зерттеу

*Радионуклидті зерттеу    

 

!Жанұялық дәрiгерге 35 жастағы науқас таңертеңгi уақыттағы бетiнiң iсiнуiне, бел аймағында ауырлыққа, зәр шығаруының жиiлеуiне, жүрегi айнуына, шаршағыштыққа шағымданып келдi. Анамнезi бойынша: ауырғанына 1-жылдай уақыт болған. Объективтi: жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Бетi iсiнген, бозарған. Өкпесiнде везикулярлы тыныс, сырылдар жоқ. Жүрек тоны анық, ырғағы дұрыс. ЖСЖ-78 рет минутына, ҚҚ-130/85 мм.сын.бағ. Дәретi қалыпты. Зәр шығаруы жиi, ауырсынусыз. Аяқтарында iсiнулер жоқ. Пастернацкий симптомы оң. Зәрдің жалпы анализі: түсi-сарғыш, салыстырмалы тығыздығы-1005, белок 0,55 г/л, микроскопияда эритроциттер көру алаңында 0-1, лейкоциттер көп. Ең бірінші қандай қарапайым тексеру әдісін қолдану керек:

*+Бүйректі ультра дыбыстық тексеру

*Тамыр ішілік урография

*Шолу урографиясы

*Цистография

*Компьютерлік томография

 

!Науқас 45 жаста, шағымдары: оң жақ аяғының басы қатты ауырады, әсіресе I-II плюснефалангалық буын. Алдындағы күні қонақта болған, көп мөлшерде ет және алкоголь қабылдаған. Ауырсыну аяқастынан басталған, осыдан 6 сағат бұрын. Объективті: оң жақ бақайы қатты ісінген, қызылкөк түстес, ыстық, пальпация кезінде қатты ауырсынады, қозғалыс және жүру мүмкін емес, дене температурасы – 37,6° С, басы ауырады. Жалпы тәжірибелік дәрігердің тактикасы қандай болу керек:

*Ауырған буынның пункциясы

*Қанның жалпы зерттеуі

*+Қанды зәр қышқылына тексеру

*Оң жақ аяқ басының рентгенографиясы

*Зақымдалған буынның УДЗ

 

!Жанұя дәрігеріне науқас қанның мына көрсеткіштерімен қаралды: Эритроциттеры – 3,6 х 109 г/л, гемоглобин – 100 г/л, түстік көрсеткіш – 0,83.Сары судағы темір деңгейі– 9 мкмоль/л. Сары судың темір байланыстыру қабылеті – 76 мкмоль/л. Қандай дәрілік ем науқасқа жүргізу қажет:

12 витаминкүнаралта 200 мкг б/е

*Преднизолон 20 мг/тәулігіне

*+Темір сульфаты 150 мг/тәул

*Фолийқышқылы 5 мг/тәул

*Е витамины

 

!33 жастағы Л әлсіздікке, шаршағыштыққа шағымданады. Анамнезінен: қалқанша безінің субтоталды резекциясы, 50 мкг L-тироксинді қабылдаған. Объективті: беті ісінген, жүрек тондары тұйықталған. АҚҚ - 100/70 мм сын. бағ. ЭХОКГ-да перикард қуысында сұйықтық байқалады. Көрсетілген тексеру әдістерінің қайсысы ақпаратты болып келеді:

*ЭКГ

*Қанды бактериологиялық себу

*Көкірек аралық мүшелердің КТ

*+Т3 және Т4 деңгейін анықтау

*АҚҚ тәуліктік мониторлеу

 

!Бала 6 жаста. Салмағы 25 кг. Дене қызуының бір апта бойы 37,2-37,5°С жоғарлауына, құрғақ жөтелге, аз мөлшерде қақырықтың бболуына, тәбетінің төмендеуіне шағымданады. Қараған кезде: аранында катаральды белгілер. Қабақтың коньюктивалары қызарған. Өкпесінде – перкуторлы өкпелік дыбыс, ұсақ көпіршікті сырылдар естіледі. ЖҚА-L 10,8х109/л; ЭТЖ 17 мм/ч. Кеуде клеткасының R-граммасында өкпе алаңында тегіс емес ошақты инфильтрация. Қақырықты бактериальды тексерген кезде – микоплазма анықталды. Сіз азитромициннің тәуліктік мөлшерін тағайындайсыз:

*Азитромицин 125 мг 1 капсуладан х 1 күніне рет, 3 күн бойы

*Азитромицин125 мг х күніне 1рет, 5 күн бойы

*Азитромицин 250 мг х күніне 1рет, 5 күн

*+Азитромицин біпінші күні 250 мг х 1рет күніне, 2-5 күн 125 мг

*Азитромицин бірінші күні 500 мг х 1 рет күніне, 2-5 күн 250 мг

 

!Жеті жасар қыз бала балалар ауруханасына түсті. Қыс мезгіліндегі суық тигеннен кейін ұзақ уақыттан бері, төрт ай аралығында қатты жөтеліп жүргенін айтты. Түні бойы жөтеледі, шешесі ысқырық тәрізді сырылды есітеді, дене қызуы қалыпты, қыз бала белсенді, жүгіргенде жөтел туындап ысқырықты сырыл естіліп тұрады. Науқас баланың мұрыны бітеліп мазасызданады. Шешесі поллинозбен ауырады. Дәрігердің дәлірек ақпараттық зерттеуі:

*+Cпирография

*Өкпе рентгенографиясы

*Бронхография

*Бронхоскопия

*Пикфлоуметрия

 

!Жалпы тәжірибелік дәрігерге анасы 3 айлық қызының соңғы 2 ай аралығында емшекті дұрыс ембей жүргенін, 50-70 г емеді де ұйықтап қалатынын айтады. Тамақтанғанда қатты терлейді, терісі бозғылттанып, тынысы жиілейді, көз бен ауыз айналасы көгереді. Бала бозғылт, жылаған кезде мұрын-ерін үшбұрышында цианоз пайда болады, ТАЖ минутына 60 рет, ЖЖЖ минутына 150 рет. Жүрек тондары тұйықталған. Жүрек ұшының соққысы сол жақ ортабұғана сызығынан 2,5см-ге сыртқа ығысқан, шу жоқ. Өкпеде қатаң тыныс. Бауыр қабырға доғасынан 2,0 см шығып тұрады. Анасы жүктіліктің 20-шы аптасында ЖРВИ-мен ауырған. Босану қалыпты жүрген. Клиникалық диагнозды қоюға ең мәліметті болып табылады:

*+Эхокардиография

*Электрокардиография

*Фонокардиография

*Жүрек рентген.ографиясы

*Спирография

 

!ЖРВИ диагнозымен 3 жасар бала ауруханаға жатты. Аурудың 3 күнінде ентігу, әлсіздік, өте әлсіз, жіп-тәрізді тамыр соғуы, көпіршікті-қақырықты шығаратын жиі жөтел пайда болған. Аускультация жасағанда екі өкпенің төменгі бөліктерінде ылғалды ұсақ көпіршікті сырылдар. Жүрек тондары тұйықталған, тахикардия. Өкпенің рентгенораммасында альвеолярлы ісіну көрінісі бар. ЭХОКГ – сол жақ қарыншаның сорапты қызметінің төмендеуі. Диагноз: Жіті сол жақ қарыншалық жетіспеушілік. Балаға тағайындауға болмайды:

*Оксигенотерапия

*Глюкокортикоидтар

*Зәр айдаушы препараттар

*Жүрек гликозидтері

*+В-адреноблокаторлар

 

!Ауруханаға жанұялық дәрігер 13 жасар баланы мынандай шағымдарымен жолдады: эпигастрии аймағындағы ауырсыну, әсіресе түнгі уақытта және аш қарынға күшейеді, әлсіздік, ашуланшақ,іштің қатуы, басы айналу, терісінің құрғақтығы, шашының және тырнағының сынғыштығы, жүрек тұсында күштемеге байланыссыз пайда болатын ауырсыну. Диагнозды негіздеуге көмектеседі:

*Элетрокардиография

*+Фиброгастродуоденоскапия

*Сигмоидоскопия

*Энцефалография

*Клиникалық қан анализі

 

!14 жастағы ұл бала. Қыжыл, тамақтанғаннан кейін 1,5-2 сағаттан кейін эпигастрийдегі ауырсыну. Анамнезінде әкесі асқазанның жара ауруымен ауырады. ФГДС: асқазанның антральді бөлімінде ойық жарасы. Қандай ем тағайыңдайсыз:

*+Омепразол 20 мг 2 рет әр 12 сағ. сайын, кларитромицин 15 мг/кг 2 ретке бөліп, метронидазол 20 мг/кг 2 ретке бөліп, 14 күн бойы 

*Субцитрат висмута 120 мг 4 рет, тетрациклин 25 мг/кг 4 ретке бөліп, фуразолидон 10 мг/кг 3 ретке бөліп

*Сукральфат 500 мг 1 таблеткадан 3 рет, Де-нол 120 мг 1 таблеткадан күніне 3-4 рет

*Пантопразол 20 мг 1 рет күніне, кларитромицин 30 мг/кг 3 ретке бөліп, амоксициллин 100 мг/кг 2 рет

*Омепразол 50 мг 2 рет күніне 12 сағат сайын, метронидазол 50 мг/кг 3 ретке бөліп, тетрациклин 25 мг/кг 4 ретке бөліп

 

!Клиникаға 8 жасар бала оң жақ қабырға астындағы қысып ауыратынына, жиі зәр шығаратынына шағымданып түсті. Бала алты сағат бұрын биіктіктен арқасымен құлаған.Тері жабындысы боз. Пульсі минутына - 120. АҚ 60/40 мм. сын. бағ. Іші жұмсақ, іш пердені тітіркендіру симптомы теріс, оң жақ бел аймағында үлкен ісіну анықталады. Қан анализінде гемоглобин-110г/л, эритроциттер-3,2х10¹²/л, зәрде эритроциттер саны көру аймағында 50-60 құрайды. Жедел түрде қандай тексеру жүргізесіз:

*Лапароскопия

*Ретроградты пиелография

*+Экскреторлы урография

*Бүйрек УДЗ

*Бүйрек ангиографиясы

 

!Ауруханаға 13 жастағы науқас сол жақ тізе буынындағы ауру сезіміне, 39°С дейінгі қызбаға, жалпы әлсіздік, тершеңдікке бейланысты түсті. Үш апта бұрын баспамен ауырған. Апта бұрын шынтақ буындарында ауру сезімі болған. Объективті: сол жақ тізе буынының көлемі ұлғайған, ұстап көрсең ыстық және қозғалғанда ауырады. Басқа буындар мен ішкі мүшелер өзгеріссіз. Қан анализі: Нв-140 г/л., лейкоциттер- 16,5х109/л, нейтрофилдер- 78%, ЭТЖ- 60 мм/сағ. Диагнозды нақтылайтын қандай зерттеу тағайыңдайсыз:

*Тізе буынының рентгені

*Қандағы ВР

*+АСЛ-О, АСГ титрі

*Райт-Хеддельсон реакциясы

*Тізе буынының пункциясы

 

!Етек кірі меноррагиямен жүретін 14 жасар қыз балада тырнақ сынғыштығы, шаштың түсуі, тері құрғақтығы байқалады. Қан анализі: гемоглобин – 90г/л, Эритроциттер – 3,5х1012/л, түсті көрсеткіш – 0,7, тромбоциттер – 180,0х109/л, ретикулоциттер – 0,5 %, билирубин – 12 мкмоль/л, сарысулық темір – 4,6 ммоль/л. Сіз тағайындайсыз:

*Темірдің парентеральді дәрілерін

*+Темірдің пероральді дәрілерін

*Аскорбин қышқылын

*Эритроцитарлы салмақ құю

*B12 дәруменін

 

!Науқас 9 жаста, ауруханаға өте ауыр жағдайда түседі. Диабетпен 3 жыл бойы ауырады. Инсулинотерапияны 28 бірлік мөлшерінде алып жүр. Жалпы жағдайының төмендеуі диетаны бұзғаннан кейін пайда болған. Қандағы глюкозаны тексерген кезде – 24,2 ммоль/л., зәрдегі ацетон - ++++. Науқасқа инсулинотерапия бойынша сіздің әрекетіңіз:

*Ұзақ әсердегі инсулин 0,5Ед/кг есебімен сағат сайын

*Қысқа әсердегі инсулин 0,7Ед/кг есебімен сағат сайын

*Қысқа және ұзақ әсердегі біріккен инсулин терапия 0,3 Ед/кг есебімен әр бір 6 сағат сайын

*+Қысқа әсердегі инсулин 0,1Ед/кг есебімен сағат сайын

*Қысқа әсердегі инсулин 1,0Ед/кг есебімен сағат сайын

 

!Отбасылық амбулаторияда профилактикалық қарау кезінде 30 жастағы науқас А-да үлкен жыныс еріндерінің беттесетін беткейінің негізінде инфильтрат пен аздаған серозды бөлініспен ет-қызыл түсті 2 дөңгеленген эрозиясы, сонымен қатар шап лимфа түйіндерінің ұлғаюы мен тығыздалуы анықталды. Анамнезінен эрозияның 10 күн бұрын пайда болғанын, ал лимфа түйіндерінің 5 күн бұрын ұлғайғаны анықталды. Төменде көрсетілген тексеру әдістерінің қайсысы диагнозды негіздейді:

*Қанның биохимиялық анализі

*Акантолитикалық торшаларға жұғын-таңба

*Боз трепонемалардың иммобилизации реакциясы

*Иммунофлюоресценция реакциясы

*+Қараңғы көру алаңында боз трепонемадан алынған бөліністі бактериоскопиялық тексеру

 

!Мейірбике фурациллин ерітіндісін дайындағанннан кейін қол басының терісіне қышитын бөртпелердің пайда болуына шағымданады Қол басының терісінде жайылмалы гиперемия, ісінген көптеген майда көпіршіктер мен эрозиялар бар. Препараттың әсерін тоқтатқаннан кейін жағдайы қалпына келді. Төмендегі диагнозды дәлелдейтін жолды көрсетіңіз:



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.