|
|||
бап. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет cтандартының мазмұнына қойылатын талаптар14-бап. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет cтандартының мазмұнына қойылатын талаптар Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты: 1) жалпы ережелерді: мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауын; мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын әзірлейтін орталық мемлекеттік органның атауын; көрсетілетін қызметті берушінің атауын; 2) мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін: мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін; мемлекеттік қызмет көрсету нысанын; мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін; Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда көрсетілетін қызметті алушыдан мемлекеттік қызмет көрсету кезінде алынатын төлемақы мөлшерін және оны алу тәсілдерін; көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесін; мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесін; мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздерді; 3) орталық мемлекеттік органдардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерінің, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) оның қызметкерлерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін; 4) мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптарды көздейді. Ескерту. 14-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 17.11.2015 № 408-V Заңымен (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).
|
|||
|