![]()
|
|||||||
азақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі «NADLoC» жергілікті қамтуды дамытудың ұлттық агенттігі» АҚСтр 1 из 2Следующая ⇒ Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі «NADLoC» жергілікті қамтуды дамытудың ұлттық агенттігі» АҚ ҚР тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ұйымдастырылған «Қазақстандық өнімді таңдаймын» бейнеконкурсын жариялайды! Бейнеконкурстың негізгі мақсаты – отандық өнімді таңдау жолы арқылы еліміздің экономикасының дамуына өз үлесін қосуға халықты ынталандыру. Бас жүлде: Facebook желісінде– бейнеролик жеңімпазына 200 000 теңге Instagram желісінде - бейнеролик жеңімпазына 200 000 теңге Бейнеконкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: «Қазақстандық өнімді таңдаймын» бейнеконкурсынаоқушылар, студенттер, әртүрлі ұйымдардың қызметкерлері, вайнерлер, блогерлер және өз бейне жобаларын ұсынуға дайын, барлық үміткерлер қатыса алады. ü Бейнеконкурсқа қатысу үшін қатысушылар Instagram әлеуметтік желісінде ұзақтығы 1 минуттан және Facebook әлеуметтік желісінде ұзақтығы 3 минуттан аспайтын кез-келген сала мен тақырыптағы жоба туралы бейнеролик түсірулері қажет. ü Бейнероликте «Қазақстанда жасалған»логотипін пайдаланғандарыңыз жөн. ü Міндетті түрде #выбираюказахстанское, #25НЕЗАВИСИМОСТИ және #NADLоC хэштегін пайдалану. Маңызды: ü Instagramәлеуметтік желісінде бейнероликті орналастыру үшінmadeinkazz парақшасына жазылу қажет. ü Facebook әлеуметтік желісінде бейнероликті орналастыру үшін«Выбираю Казахстанское» тобына тіркелу қажет. ü «Қазақстандық өнімді таңдаймын» конкурсына арналған дайын бейнероликті Instagramәлеуметтік желісіндегі madeinkazz парақшасына немесе Facebookжелісіндегі «Выбираю Казахстанское» тобына жіберу қажет. Талаптарға сәйкес келетін бейнероликтерді топ үйлестірушісі әлеуметтік желіде жариялайды. ü Егер бейнеролик жоғарыда конкурс талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, топ үйлестірушісі бейнероликті орналастырмауға құқылы. ü Ұсынылған бейнероликтерге авторлық құқық «NADLoC» АҚ-на тиесілі болады. Конкурс мерзімі: ü Конкурс 2016 жылдың 10 қазанынан бастап 5 желтоқсанға дейін жалғасады. Жеңімпаздарды марапаттау ағымдағы жылдың 8-желтоқсанына жоспарланған. Сздің бейнеролигіңіз: ü Қазақстандық тауар өндірушіні қолдау маңыздылығы туралы сюжеттің мазмұнын, идеясын толық ашу; Тыйым салынады: ü Жарнамаланатын тауарларды басқа компаниялардың тауаларымен салыстыру, сондай-ақ, олардың ар-намысы, қадір-қасиетіне және абыройына жала жабу. ü Балағаттауды пайдалану. ü Қылмыстық сегменттерді қолдану. ü Ішімдік және темекі өнімдерін пайдалану. Комиссия құрамы: 1.Берік Уәли – ҚР Инвестиция және даму министрінің кеңесшісі 2.Олжас Құдайбергенов - «Қазақстанда жасалған» тауар өндірушілер мен кәсіпкерлер қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы 3. Арсен Бектасов – ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің баспасөз-хатшысы 4. Дархан Қыдырәлі - «Егемен Қазақстан» республикалық газеті АҚ басқарма төрағасы 5.Айнұр Коскина - «Total.kz» ақпараттық порталының журналисі 6.Салтанат Әбдірова – «Қазақстанда жасалған» тележобасының режиссері 7.Дәулетхан Жиенқұлов – «Baq.kz» ақпараттық портал редакторының орынбасары 8. Бибігүл Жексенбай – «Бас редакторлар клубы» қоғамдық бірлестігінің президенті 9. Қалқаман Сарин - Ақын, қоғам қайраткері 10. Есен Елеукен - «Жайдарман» Қазақстан КВН одағының президенті 11.Азамат Тілепов - Блогер, Қазақ радиосының «Әлеумет» редакциясының редакторы 12.Максим Рожин – Блогер, фотограф
«Выбираю Казахстанское» және «madeinkazz» топтарының үйлестірушісі «NADLoC» АҚ менеджері - Баубек Қасымов
|
|||||||
|