Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Станция 3. Коникотомия». Бағалау парақшасы (check-list). Коникотомия. Дағдыны қадамдап орындау және бағалау критериі. Бағалау критериилері. Баллмен бағалау



 

 «КЕЛІСІЛГЕН» Білім беру бағдарлама комитетінің төрайымы   м.ғ.к., доц. Карибаева Д.О ________________________ «__» _____________ 2018ж.         «БЕКІТІЛГЕН»     Жалпы медицина мектебінің деканы м.ғ.д., доц Шопаева Г.А. _________________________ «__» ______________ 2018ж.
 

Станция 3

 «Коникотомия»

Клиникалық сценарий «Жоғарғы тыныс жолдарының жедел обструкциясы»   

16 жастағы жігіт ес-түссіз. Тыныс қимылдары жоқ. Қарашықтары кеңейген, жарыққа реакциясы жоқ. Бет және мойын аймақтарының диффузды цианозы. Мойын веналары кеңейген, аяқтары тырысып, тартылуы анықталады. Пульсі сирек, ырғағы дұрыс емес, тек ұйқы артериясында пальпацияланады. Жігіт қазір ғана сөйлеп, күліп отырып колбаса жеп отырған. Кенет шашалып, жөтеліп дем алуға тырысты, бірақ дем ала алмай, талып қалды. Бөгде затты қолмен, Геймлих әдісімен  алып тастау  нәтижесіз аяқталды.

Диагноз қойыңыз

 Жедел жәрдем көрсетіңз

Жабдықтар:коникотомия өткізуге арналған маникен,бір реттік қолғаптар; 70% спирт ерітіндісі; Труссо кеңейткіші; трахеостомиялық канюля (коникотомиялық түтікше); 2 скальпель (жалпақ бүйірі доғалданған және тік) ; қайшылар; өңделген материалға арналған пластикалық қалта; дәкелер (орташа); медициналық мақта; лейкопластырь; фонендоскоп, қысқыш, пинцет

Бағалау парақшасы (check-list)

Коникотомия

Клиникалық жағдай «Жоғарғы тыныс жолдарының жедел обструкциясы»         

Дағдыны қадамдап орындау және бағалау критериі

Бағалау критериилері

Баллмен бағалау

Толық меңгерген Толық емес меңгерген Меңгермеген
Анамнезге (тамақ ішу кезінде жағдайының кенет нашарлауы), объективті мәліметтерге (цианоз, афония, мойын веналарының ісінуі, тырысу, есін жоғалту), Геймлих әдісінің нәтижесіздігіне сүйемелденіп диагноз қойды: Жоғары тыныс жолдарының жедел обструкциясы. Тыныс жолдарындағы бөгде зат. Жедел коникотомия жасау керек екенін көрсетті. 0,5
Науқасты горизонтальді қалыпта жатқызды. 0,5
Жауырын астына валик қойды 0,5
Науқастың басын максимальды артқа қарай шалқайтты. 0,5
Қолға залалсыздандырылған қолғаптарды киді. 0,5
Қажетті құралдарды таңдап алды:70% спирт ерітіндісі; Труссо кеңейткіші; трахеостомиялық канюля (коникотомиялық түтікше); 2 скальпель ( жалпақ бүйірі доғалданған және тік); қайшы; өңделген материалға арналған пластикалық қалта; дәкелер (орташа); медициналық мақта; қысқыш; пинцет; лейкопластырь; фонендоскоп. 0,5
Мойынның алдыңғы бетін 70% спирт ерітіндісімен ортасынан шетіне қарай өңдеді. 0,5
Қалқанша шеміршегін басып  (ер адамдарда – «адамов алмасы» немесе төмпешік) бекітіп ұстап және саусағын ортаңғы сызық бойымен төмен келесі төмпешікке– неке жүзігі пішінді сақина тәрізді шеміршекке дейін сырғытты 0,5
Теріні тілу үшін екі шеміршектің арасындағы коникалық байламды (мембрананы) тауып, пальпация жасады.  0,5
Бір қолдың саусақтарымен жалпақ бүйірі доғалданған скальпельді ұшынан екі сантиметр жоғары етіп ұстады      
Мойынның ортаңғы сызығы бойымен тері және тері асты май қабатына тігінен (2см) тілік жасады. 0,5
Қалқанша және сақина тәрізді шеміршектер арасындағы коникалық байламмен (мембранамен) жабылған ойысты тауып  пальпация жасады.  0,5
Тік скальпельдің ұшымен коникалық байламды (мембрананы) көлденең кесіп өтті. 0,5
Жараның шеттерінТруссо кеңейткішімен  кеңейтті. 0,5
Коникотомиялықтүтікті еңгізді 0,5
Труссо кеңейткішті алып тастады 0,5
Қосалқы өткізгішті алып тастады 0,5
Түтіктің қалпынбағалау(түтік арқылы ысқырықты ауаның кіріп шығуы естіледі) 0,5
Аускультация көмегімен өкпені желдендіру баламалығын бағалады 0,5
Коникотомиялық түтікшенің екі жақ астынан (құлақ астына) залалсыздандырылған салфетка салып, канюланы баулар арқылы байлады (түйін жанынан). 0,5
  БАРЛЫҒЫ

                                                 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.