Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





ІШ ҚУЫСЫ МҮШЕЛЕРІН УЛЬТРАДЫБЫСТЫҚ ЗЕРТТЕУ



 

Жағдайлық есеп

(интерндер үшін)

Дәрігерге науқас А... 56 жаста әлсіздікке, жұмысқа қабілеттілігінің төмендеуіне, дене темпертурасының кешкі уақытта 37,5 градусқа дейін көтерілуіне, дене салмағының 1 айда 8 кг дейін төмендеуіне, көп уақытқа созылған іш қатуға, нәжіс болған кезде арасында қара қан байқалатындығына шағымданып келді.

Анамнез morbi: Науқастың айтуынша, бірнеше ай бойы ауырып жүр, жоғарыда аталған симптомдар пайда болғаннан бері. Мекен-жайы бойынша поликлиникаға келді.

Anamnesis vitae:туберкулез, гепатит, венерологиялық аурулар болған жоқ. Гемотрансфузиялар болған жоқ. Зиянды әдеттер жоқ. Аллергоанамнез ерекшеліктерсіз. Созылмалы іш қату.

Status оbjectivus:Жалпы жағдайы орташа ауырлық дәрежеде. Науқастың қалпы активті. Дене бітімі астеникалық. ИМТ 17. Дене температурасы 37,2. Бет-әлпеті – шаршаған. Терісі мен көрінетін шырышты қабаттары бозғылт, құрғақ, тургоры төмендеген. Миндалиналар ұлғаймаған, қызғылт түсті. Склералар ақ, инъецирленуі жоқ. Ісінулер жоқ. Кеуде торы – астеникалық  типті, бұғанаүсті және бұғанаасты шұңқырларыны айқын көрінеді. Эпигастральды бұрыш – сүйір. Жауырын мен бұғана сүйектері қанағаттанарлық шығыңқы. Демалу жиілігі 18 минутына. Кеуде сарайының экскурсиясы симметриялы. Дауыс дірілі бірыңғай таралады. Перкуссия кезінде ашық өкпелік дыбыс. Өкпеде везикулярлы тыныс естіледі, сырылдар жоқ. Бронхофония қалыпты. Жүрек шекаралары қалыпты, аускультацияда ырғағы дұрыс, шулар естілмейді. ЖСЖ 88/мин. АҚ 90/60 мм.рт.ст. Тілі: қызғылт түсті, ылғал, емізікшелі қабаты қалыпты, таза. Іші тыныс алу актіне қатысады. Кіндік деңгейіндегі іш айналымы 75 см. Іш қуысында бос сұйықтық байқалмайды. Пальпация кезінде іштің сол жартысында 4*5 см-лі қозғалмайтын, тығыз консистенциялы түзіліс пальпацияланады. Ішектің тітіркену симптомы теріс. Бауыр оң жақ қабырға доғасының төменгі шетінде пальпацияланады, бауыр шеті дөңгеленген, жұмсақ, ауырусыз. Бауырдың мөлшері Курлов бойынша 9*8*7.  Зәр шығару бос, ауырсынусыз. Ұрғылау симптомы (симптом поколачивания) теріс. Нәжісі пішінделген, уақытында. Газдар шығады. Per rectum: перианальды аймақ өзгермеген, тік ішек ампуласы бос, сфинктердің тонусы сақталған. Қолғапта нәжістің іздері бар.

 

Сұрақтар:

1. Сіздің алдын-ала қойған диагнозыңыз.

2. Клиникалық диагнозды қою үшін лабораторлы және инструменталды диагностиканы тағайындаңыз.

3. Алынған зерттеу нәтижелерін интерпритациялаңыз

 

 

ЖҚА :

ОАК  
Гемоглобин 85 г/л
Эритроциттер 2,8*1012
Түстік көрсеткіш 0,64
Ретикулоциттер 1,8%
Тромбоциттер 250*109
СОЭ 25 ммм/час
Лейкоциттер 10*109
Таяқшаядролы 8%
Сегментті ядролы 85%
Эозинофиттр 1%
Базофилдер   0%
лимфоцитдер   28%
моноцитдер 6%

ЖЗА

түсі Сабан-сары
Мөлдірлігі Мөлдір
Тығыздығы 1010 г/л
Реакциясы Кислая
Белок Следы
Глюкоза Отсутствуют
Кетоновды денелер Отсутствуют
Лейкоциттер 1-0-1 в поле зрения
Эритроциттер нет
бактериялар нет

Биохимиялық қан анализі

Жалпы белок 45 г/л
Мочевина 65 ммоль/л
Креатинин 90 мкмоль/л
Глюкоза 4,5 ммоль/л
АЛТ 22 ед /д
АСТ 35 ед /л
Жалпы билирубин 8,5 мкмоль/л

коагулограмма

ПТИ 90%
Протромбинді уақыт 12с.
МНО 0,83
фибриноген 3 г/л
АЧТВ 30 с.
Тромбинді уақыт 16с.

Қан сарысуында кардиолипинді антигенмен микропреципитация реакциясы: теріс

Қан сарысуындағы АИТВ-ға антиденелерді ИФА-әдісімен анықтау: теріс

 Қан сарысуында ИФА әдісімен HBsAg анықтау: теріс

Стандартты сарысулармен ABO жүйесі бойынша қан тобын анықтау: А (ІІ) жынысы

Онкомаркерлер: РЭА- 15,6 нг/ мл; Са 19-9 -60 ед / мл

 

 

Ирригография (сурет берілген )

 

 

 Фиброколоноскопия

 

Гистологиялық қорытынды :дамымаған агрессивті жасушалық құрылымдардан тұрады. Қорытынды- төмен дифференцияланған аденокарцинома

ІШ ҚУЫСЫ МҮШЕЛЕРІН УЛЬТРАДЫБЫСТЫҚ ЗЕРТТЕУ

Аты-жөні

Бауыр: өлшемі: норма, ұлғайған. Үлестердің тік өлшемдері кішірейген: оң жақ 14 мм, сол жақ 12 мм, құйрық9 мм

Ошақты түзілістер: жоқ , бар ______________________________________

· Қуыс венаның диаметрі – 13 мм;

· Өт жолы өлшемі – 7 мм;

· Порталдық венаның диаметрі – 10 мм ;

· Кіреберіс және бауыр көктамырлары арасындағы қашықтық – 1 см;

  • бауыр артериясы бауыр қақпасы аймағында – 5 мм;

· Бауырлық көктамырлардың диаметрі– 7 мм.

 

ӨТ ҚАБЫ:  өлшемдері: 7 * 4 мм, қабырғалар: норма, қалыңдатылған _ _ 6 мм, ішіндегі түзілімдер: жоқ, акустикалық көлеңке бар: жоқ,

 

ӨТ ЖОЛДАРЫ: жалпы өт ағыны 8 мм (норма, кеңейтілген) _____________ бауырішілік өт жолдары кеңейтілген / кеңейтілмеген 2 мм, қосымша түзілістер (бар /жоқ)_жоқ

Ұйқы безі: басы 27 мм, денесі 16 мм, құйрығы 14 мм. Өлшемдері норма, ұлғайған, кішірейген________________________________ контуры: тегіс, тегіс емес, анық, анық емес____________________________ эхоқұрылымы: біртекті, біртекті емес(диффузды, жергілікті)____________ __________________________________________________________________ эхогендігі: норма, жоғары, төмен, аралас_____________________ вирсунгов өзегі 3,3 мм, кеңеймеген, кеңейген _____________ түзілістер: бар, жоқ

КӨКБАУЫР: өлшемдері 11 х 6мм (норма, ұлғайған)______ Көкбауырлық индекс 37,56 см² құрылымы: біртекті, біртекті емес (диффузды, жергілікті) __________________________________________________________________ қақпадағы көкбауырлық вена_ 5,2 мм, кеңеймеген, кеңейген________ __________________________________________________________________

 

Сұрақтар:

 

1. Берілген пациентте дифференциалды диагностика жүргізіңіз

2. Аурудың сатысын атап (бар болса) қорытынды диагноз бен негізгі синдромдарын (бар болса) атаңыз

3. Осы науқас үшін емдеу тактикасын тағайындаңыз

 

 

Оценочный лист



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.