Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





йқасын тап!». лдірленген критерийлер». ш жақты күнделік толтыру». ш пікір»



«Ұйқасын тап!»

Ойынның мақсаты: Балаларды өлең құрастыруға баулу.
Ойынның шарты: Өлең жолдарында айтылуға тиісті ұйқас сөздерді табу.
Қайсы күні қандай сабақ,
Қалай менің үлгерімім?
Еш жаңылып қалмай, санап
Жүреді ылғи … . (күнделігім)
Ой маржанын тере білген
Әр жазушың, әр ақының.
Әр сөзіңді емемін мен,
Ана сүті – … . (Ана тілім)
Достастырып әріптермен,
Білімге жол салып берген,
Алдымнан шам жағып берген
Айналайын … . («Әліппеден»)
Мекендеген портфелімді,
Беттер аппақ, ақ көңілді.
Қызаратын қатем үшін
Кірлетпеймін … . (дәптерімді)

 «Үлдірленген критерийлер»

Бағалау үшін достық пиғылдағы критерийлері бар үлдірленген карточкалар дайындаңыз.

«Үндеме!»

Мұғалім барлық оқушыларды «Бірінші» және «Екінші» деп санап, екі топқа бөледі.Тапсырма: екі топ үндемей, тек ишарат пен ыммен ғана түсінісіп, туған күндері бойынша сап түзеуі керек. Саптың алдында 1 қаңтарда туған оқушылар тұрады да, қалғандары туған күндерінің реті бойынша тізіле береді.

 

«Үш жақты күнделік толтыру»

Жүзеге асыру қадамдары:

1-қадам:Сабақ тақырыбы айтылады, оқылатын мәтін таныстырылады.

2-қадам:Мәтінді оқу барысында әрқайсысы жеке күнделік толтырады.

3-қадам:Жұмыс нәтижесін жұпта, топта талқылау.

Күнделік сол жақтан бастап толтырылады.

Мәтіннен ерекше әсер еткен немесе ой салған дәйексөз келтіру Жеке түсінік беру: осы дәйексөзді жазуға не мәжбүр етті? Қандай ой тудырды? Осыған байланысты қандай сұрақ туды? «Мұғалімге хат» - сұрақтар
     

«Үш пікір»

Ортаға бір тақырып тасталады. Сол тақырып төңірегінде әр оқушының 3 пікір айтуына мүмкіндігі бар. Ол үшін қолдарына 3 таяқша (шпажка, т.б. майда заттар) беріледі. Пікірлерін айтқан сайын қолдарындағы заттарын ортадағы коробкаға тастап отырады. Бұл әдіс сыныптағы оқушылардың бәрі тең дәрежеде пікір білдіруге мүмкіндік жасайды.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.