|
||||||||
Смайликтер». SMART (ақылды мақсат)». SMS – хабарлама» . Соңғы сөзді мен айтайын»«Смайликтер» Оқушылар тақырыпқа қатысты өздерін қолайлы сезіну деңгейін білдіру үшін смайликтер салады.
«SMART (ақылды мақсат)» S - нақты, M - өлшемді, A - қолжетімді, R - шындыққа негізделген,T - уақытпен шектелген дегенді білдіреді. Әр сабақ осындай мақсатқа негізделіп жүргізілуі шарт.
«SMS – хабарлама» Оқушыларға қағаздан жасалған қалта телефондарынан SMS хабарлама жазу тапсырылады. Хабарлама ұсынылған сөйлемдердің толықтырылған немесе аяқталған нұсқасы болуы қажет. «Бүгінгі сабақта мен....түсіндім, ... білдім, ақиқатына жеттім»; · «Бүгінгі сабақта мені қуантқаны....»; · «Мен өзімді....үшін мақтар едім»; · «Маған ерекше ұнағаны....»; · «Сабақтан соң мен... жасағым келді»; · «Мен... туралы армандаймын»; · «Бүгінгі сабақта мен....жасай алдым»; · «Мен... орындадым»; · «...қызықты болды»; · «...қиын болды»; · «...мен түсіндім»; · «Енді мен ...»; · «...сезіндім»; · «Мен үйрендім»; · «Мені... таңқалдырды» және т.б. «Соңғы сөзді мен айтайын» Жүзеге асыру қадамдары: 1-қадам:Мәтіннен үзінді оқу барысында оқушылар түсінік беруге лайықты бір немесе бірнеше дәйексөз табады. 2-қадам:Оқушылар дәйексөзді кеспеқағазға жазып, қай беттен, қайдан алғанын белгілеп қояды. 3-қадам:Кеспеқағаздың артқы жағына дәйексөзге берген өз түсінігін жазады. Оқушылар онымен келіспеуіне де болады, оны қалай өзгертем десе де өз еріктері. 4-қадам:Мұғалім дәйексөзді дауыстап оқуға оқушылардың бірін шақырады. 5-қадам:Ол оқып болған соң, мұғалім басқа оқушылардан осы дәйексөзге өз көзқарастарын білдіруін сұрайды. Ең бастысы – пікірталастың бағытын ұстап тұру және пікірге, ащы мысқылға жол бермеу. Сондай-ақ, бұл уақытта мұғалім де өз түсінігін беруіне болады. 6-қадам:Дәйексөз жайында пікірталасты аяқтау үшін мұғалім дәйексөзді оқыған оқушыны шақырады және ол өз түсінігін дауыстап оқиды. Міне, осы жерде пікірталас аяқталады. 7-қадам:Енді мұғалім басқа оқушыны дәйексөз оқуға шақырады, барлығы басынан қайта басталады.
|
||||||||
|