|
|||
Мадақтау». Мамандық таңдау». Мәтінмен жұмыс». Мен кіммін?». Мен ешқашан.»«Мадақтау» Оқушылар сынып ішінде ары-бері жүріп, бір-біріне мақтау мен комплимент айтады: «Бүгін тіпті құлпырып кетіпсің ғой!», «Мен сені шыншылдығың мен әділеттілігің үшін өте сыйлаймын!», «Сен өте әдепті жансың!», «Маған сенімен бір топта жұмыс жасау ұнайды!»т.б. Бұл жұмысты шағын топ ішінде де ұйымдастыруға болады. «Мамандық таңдау» Мақсаты: Баланың мамандықтар туралы білімін кеңейте отырып, еңбек ету арқылы өз мақсатына жетуге болатындығын ұғындыру. Ортаға әр түрлі мамандықтар аты жазылған қағаздар тасталынады. Әр бала бір-біреуден алады. Әркім өзіне тиесілі мамандық бойынша: шағын көрініс, тақпақ, қысқаша монолог, сипаттама т.б. жасап, мамандықты барынша дәріптейді, презентация жасайды. Ойын соңында «Ең жақсы презентация» марапатталады. Барлық қатысушыларды қамту мақсатында әр түрлі марапаттар ұйымдастыруға болады. «Мәтінмен жұмыс» Тапсырмалар: · мәтінді бірнеше бөліктерге бөлу; · әр бөлікке атау беру; · әр бөліктің негізгі ойын білдіретін сөйлемдерді анықтау; · кейіпкерді сипаттайтын сөз, сөз тіркесі, сөйлемдерді табу; · мәтіндегі барлық кейіпкерлерді кезегімен атап беру; · мәтіндегі оқуға орын алған жерлерді атау; · мәтінді аяқтаудың нұсқасын ұсыну. «Мен кіммін?» Оқушылардың маңдайларына жапсырма қағазға сабақта өтілген тұлғалардың аты жапсырылады. Жұптас көршісіне сұрақ қою арқылы өзінің қай тұлға екенін табу керек. Мысалы: «Мен жазушымын ба? Менің «Ақбілек» деген романым бар ма?..» Көршісі тек «иә, жоқ» деген жауаптар айтады.
«Мен ешқашан...» Қатысушылар кезекпен «Мен ешқашан...» деп басталатын сөйлем айту керек. Мысалы, «Мен ешқашан парашютпен секіріп көрген жоқпын». Қалған қатысушылар бұл фраза өздеріне қатысты болмаса, саусақтарын бүгіп отырады, яғни олар парашютпен секірген болса. Бұл ойында кімнің өмір тәжірибесі ерекше болса, жеңіске жетеді.
|
|||
|