|
|||
тапсырма. Төмендегі сұрақтарға жауап бер.1-тапсырма. Төмендегі сұрақтарға жауап бер. 3. «Қартайса, қарт бабаңды сыйлай біл. Күндердің күні болғанда кімдерде кімнің белі дейсің бүгілмес» деп Бұқар жырау данамыз айтқан екен. Өз ойыңды білдір. 4. «Анасы балам десе, баласы анам» демеген. Жастардың бұндай пиғылға баруын қалай түсіндірер едің? 5. «Қайырымды бала – қашан да ата-анасының мақтанышы» деген тақырыпта ой- толғау жаз. 6. Мейрамбек Беспаевтың «Бозторғай» әнін тыңдап, тақырыбы мен идеясын анықтаңдар. Шеберлігіңді шыңда! «Үлкенге құрмет, кішіге ізет» тақырыбы бойынша сұхбат жүргіз. «Көршіңізге айтыңыз» «Көршіме айтамын» әдістемесі оқушылардың өз ойларын ауызша білдіруі үшін қолданылады. - Сұрақ қойыңыз, ойлануға уақыт беріңіз, содан кейін оқушылардан өз ойларын көршісімен бөлісуін сұраңыз. - Оқушыға жаңа тақырыпты атаңыз және оларға аталған тақырып бойынша ненің мәлім екені туралы бәрін көршісіне айтуын сұраңыз «Кубизм» Кубиктің көмегімен төмендегі тапсырламарды бөлу: 1. Суретте (түсі, пішіні, өлшемі). 2. Салыстыр (неге ұқсас, неге ұқсамайды?). 3. Байланыстыр (бұл туралы ойлағаныңызды көзге елестетіңіз). 4. Таңда (Неден жасалған? Неден тұрады? Не үшін?). 5. Қолдан (бұнымен не жасауға болады?). 6. Дәлелде («ия», «жоқ» деп оған дәлел келтіру, бұл жақсы ма, әлде жаман ба? Неге?) Әр топ кубик бойынша өздеріне берілген тапсырмалармен жұмыс жасайды, тақырыпқа сәйкес әр оқушының жеке жауабы тыңдалады. Жазған мәліметтерін топта талқылайды, топтың атынан ортақ жауап дайындайды және презентацияға дайындық жасайды. Жасаған жұмыстары бойынша презентация, бағалау. «Күн! Тас! Қоршау!» Ойын оқушылардың зейіні мен қозғалыс жылдамдығын дамытуға бағытталған. Ойын шарты: оқушылар бірнеше топтарға бөлініп отырады. Кезек-кезек балаларға «Күн!», «Тас!», «Қоршау!» атты бұйрықтар беріледі. Сөздердің айтылу ретін үнемі өзгерту қажет. Оқушылар әрбір сөзге қимылмен жауап берулері шарт. Егер «Күн!» деген сөз айтылса, олар алақандарын ашып, саусақтарын тарбитып, қолдарын жоғары көтереді. «Тас!» сөзінде қолдарын түюлі жұдырықтарымен көтереді. «Қоршау!» сөзінде алақандарын ашып, қолдарын көтереді, бірақ саусақтары бір-біріне тығыз жанасып тұруы керек. Ойын жылдамдығы біртіндеп жоғарылауы қажет. Ешбір қате жібермеген топ жеңімпаз атанады. «Күту уақыты»
Күту уақыты оқушыларға ойлануға және жауап беруге мүмкіндік береді. Сыныптағы барлық балалар бір бағытта және бірдей ойлай бермейді – күту оқушыларға өз ойын жинақтауға және берілген сұраққа жауапты ойластыруға мүмкіндік береді. Күту уақытының 2 түрі: • Мұғалім айтады, содан кейін оқушылар өз жауаптарын бергенге дейін үзіліс жасайды. • Оқушы жауап беруді аяқтайды және мұғалім оның жауабына қатысты әрекет еткенге дейін кідіріс жасайды. Бұл амал оқушыға ойын толықтыруға және жалғастыруға немесе басқа оқушыға жауап беруіне мүмкіндік береді.
|
|||
|