Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Еркін жазу». Еркін пікір». Еркін талқылау». Ертегі құрастыру». Есімдер арқылы топқа бөлу»



 «Еркін жазу»

Бұл әдіс «ой толғаныс» кезеңінде пайдалануға лайықты да тиімді. Мұғалім сабақ барысында қарастырылған жаңа ақпарат жайында, одан алған әсері, не үйренгені, нені әлі де біле түсу керек екені т.б. туралы өз пікірін қағаз бетіне түсіруді тапсырады. Жазуға уақыт береді. Уақыт аяқталған кезде, оқушылар өз жазғандарымен топ мүшелерін таныстырады. Ең жақсы деп танылған жұмысты ұжымда оқуға болады.

Оқушылардың алған білімдерін қорытуға, оған сын көзбен қарап, ойын түйіндеуге үйрететін бұл әдісті кез келген сабақта қолдануға болады.

«Еркін пікір»

Пікірталастар ұйымдастыру, баяндамалар жасау, реферат, шағын ғылыми жұмыстарды қорғау – оқушының білім қорын, ізденісін көрсетумен қатар, сөйлеу және қарым-қатынас мәдениетін меңгеруіне қызмет етеді.

«Еркін талқылау»

Бұны шағын топта қалай болса, сондай-ақ барлық сыныппен орындауға болады. Құрылымы болмағандықтан, бұндай талқылауда көмек керек болуы мүмкін. Көмекті мұғалім көрсете алады, бірақ жұмыс топтарда өтсе мұғалім барлық топқа үлгермеуі мүмкін. Нұсқа ретінде бір оқушыны көмекші  болуды сұрауға болады, бұл техника оқушыны, ол оқушы әрекеттерінің оң тәжірибесін алысымен пайдалануға және осы рольдегі мінез-құлқының негізгі аспектілерін талқылауға болады.  

                                     «Ертегі құрастыру»

Бастаушы ертегінің бірінші сөйлемін айтады. Қалғандар бір-бір сөйлемнен өздері қалауынша ертегінің сюжетін құрастырады. Қатысушылардың қиял жүйріктігі, тіл байлығына қарай түрлі ертегі құрастырылып шығады.

«Есімдер арқылы топқа бөлу»

www.classtools.net – «жеміс-жидек машинасы» бағдарламасы, мұнда сізде есімдерді енгізуге, оларды сақтауға және оқушыларды кездейсоқ тәртіпте таңдауға мүмкіндік болады.

Есімдерді балмұздақтардың таяқшаларына жазыңыз және жауап беру үшін кездейсоқ тәртіппен оларды тартып шығарыңыз. 

Сандарды допқа немесе оқушылардың саны немесе сыныптағы отыратын орнының нөмірі жазылған санауыштарда жазыңыз – әр сыныпта қолданыңыз.       



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.