Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Лекция-10  Қаржы салымдары есебі



Лекция-10                 Қаржы салымдары есебі

  

1. Бағалы қағаздар нарығы

а) мемлекеттік бағалы қағаздар

б) муниципалдық бағалы қағаздар

в) корпоративтік бағалы қағаздар

2. Акция. Облигация.

    Қаржы салымына (қаржылық инвестиция) кәсіпорындар мен ұйымдардың басқа заңды тұлғалардың бағалы қағаздарын (акцияларды, облигацияларды және басқа да бағалы қағаздарды сатып алуға, депозитке салған тағыда басқа) сатып алуға жұмсаған қаржылары жатқызылады.

    Қаржы нарығының айрықша бөлігі, ол – бағалы қағаздар нарығы. Ал қаржылық инвестициямен осы бағалы қағаздар нарығы тікелей байланысты. Бүгінгі күні елімізде көптеген акционерлік қоғамдар, сақтандыру компаниялары, инвестициялық және мемлекеттік емес зейнетақы қорлары, сонымен қатар басқа да кәсіпорындармен ұйымдар тіркелген. Осы жоғарыда аталған кәсіпорындар мен ұйымдардың барлығы да еліміздегі бағалы қағаздар нарығының потенциялды қатысушылары қатарына жатқызылады. Олардың кейбіреулері эмитент, яғни айналымға бағалы қағаздар шығарушылар болып табылса, ал екіншілері инвестор ретінде қызмет атқарады. Кәсіпорындар мен ұйымдарға жаңа технология енгізу, өндірісті жаңғырту (модернизациялау), қайта құру (реконструкциялау) әрқашанда ірі капитал салымын керек етеді. Ал мұндай жұмысты атқару үшін өндірушілерде әр уақытта капитал бола бермейді. Сондықтан да кәсіпорындар мен ұйымдар қарыз капиталы  нарығына несилер мен заемдарының қаражаттарын, айналымға акциялары мен облигацияларын шығарсақ, онда елімізде бағалы қағаздар нарығы пайда болады.

    Іс жүзінде акция, облигация және басқа да бағалы қағаздарын шығару арқылы капиталды көздейтін заңды тұлғалар эмитент деп аталады және сонымен қатар олар бағалы қағаздарды иемденушілердің (сатып алушылардың) алдында белгілі бір жағдайда борышты (міндетті) болып табылады.

 

    Эмитенттің кім болғанына байланысты бағылы қағаздар төмендегідей үш түрге бөлінеді:

мемлекеттік;

муниципалдық;

корпаративтік.

   Мемлекеттік бағалы қағаздар – бағалы қағаздардың бұл түрі Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес мемлекеттің сыртқы және ішкі қағаздарын қайтару мақсатында шығарылады. Сонымен қатар бағалы қағаздардың бұл түрі Қазақстан Республикасы Ұлттық банк мекемесімен эмитенттелінетін бағалы қағаз болып табылады. Үкімет өз атынан бағалы қағаздардың бұл түрін шығара отырып, Республикалық бюджеттің тапшылығын қысқарту және инфляцияны болдырмау жағын қарастырады. Осыған сәйкес Ұлттық банк мекемесі айналымдағы ақша қаражаттарының қозғалысын реттеуді көздейді. Мемлекеттік бағалы қағаздарын мынадай түрлері бар:

Ұлттық жинақ облигациялары.

Мемлекеттік қысқа мерзімді қазынашылық міндеттеме (МЕККАМ).

Мемлекеттік орта мерзімді қазынашылық міндетте (МЕОКАМ).

    Муниципалдық бағалы қағаздар – бағалы қағаздардың мұндай түрі жергілікті бюджетпен эмиссияланатын жергілікті атқарушы органдар шешімімен шығарылады. Бағалы қағаздардың бұл түрін шығарудағы басты мақсат – құрылыс, яғни ауруханалар салу үшін, бала бақшалар мен мектептер, тұрғын үйлер, жолдардың жағдайларын жақсарту және тағы да басқадай аймақтың әлуметтік мәселелерді шешу болып табылады.

 

    Корпоративтік бағалы қағаздар –  кәсіпорындар мен ұйымдардың заң күшіне сүйене отырып, өзінің жарғылық капиталын қалыптастыруға немесе шаруашылық қызметін жүзеге асыру үшін шығаратын бағалы қағаздарын корпоративтік бағалы қағаздар деп атайды. Бағалы қағаздардың бұл түрін көп жағдайларда акционерлік қоғамдар шығарып және олар эмитент ретінде тіркеледі.

 

    Бағалы қағаздарды жалпы мынадай екі топқа бөлуге болады:

    а) ақшалай бағалы қағаздар;

    ә) капиталды бағалы қағаздар.

    Ақшалай бағалы қағаздарақшаны қарызға алғандығын білдіреді. Бағалы қағаздардың бұл түріне вексельдерді, депозиттік және жинақ сертификаттарын жатқызуға болады. жалпы ақшалай бағалы қағаздардан табыс бір рет қана алынады. Іс жүзінде ақшалай бағалы қағаздар қысқа мерзімді болып келеді, яғни бір жылға дейінгі уақыт аралығында қолданылады.

    Капиталды бағалы қағаздар кәсіпорындар мен ұйымдардың қорын (капиталын) құруға немесе оны ұлғайтуға байланысты шығарылады. Акция мен облигация осы аталған бағалы қағаз түріне жатқызылады.

 

    Өздерінен алынатын табысқа байланысты бағалы қағаздар мынадай екі топқа бөлінеді:

қарыздық бағалы қағаздар;

инвестициялық бағалы қағаздар.

    Қарыздық бағалы қағаздар –  бағалы қағаздың бұл түрі бойынша эмитент көрсетілген уақыт барысында белгіленген пайыз көлемінде(процентімен) тиісті қарыздарын өтеуге (төлеуге) міндетті. Қарыздық бағалы қағаздарға облигацияның барлық түрлері,вексельдер, тағы да басқа бағалы қағаздар жатқызылады.

   Инвестициялық бағалы қағаздар- бағалы қағаздың бұл түрі иемденушіге активтің бір бөлігін иемденуге құқық береді.Бағалы қағаздардың бұл түріне акцияны жатқызуға болады.

 

Бағалы қағаздар шығарылу мақсатына байланысты мынадай екі түрге бөлінеді:

    – қорлы бағалы қағаздар;

     – саудалық бағалы қағаздар.

   Қорлы бағалы қағаздар-мұндай бағалы қағаздар қор биржаларында айналысқа түседі және көп мөлшерде эмиссияланады. Бағалы қағаздардың бұл түріне акциялар және облигациялар жатқызылады.

    Саудалық бағалы қағаздар – бағалы қғаздардың бұл түрі белгілі бір коммерциялық бағытпен сауда операциялары кезінде есеп айрысуға арналған.

 

    Нарықтағы айналымдағы ерекшеліктеріне байланысты бағалы қағаздар мынадай болып екіге бөлінеді:

нарықтық бағалы қағаздар;

нарықтық емес бағалы қағаздар.

Нарықтық бағалы қағаздар – мұндай бағалы қағаздар айналыста

еркін сатылып немесе сатып отырылады.

    Нарықтық емес бағалы қағаздар – бұл аталған бағалы қағаздар қолдан – қолға еркін жүре бермейді, яғни олар екінші айналымға түспейді.

 

    Атқаратын қызметіне және рөліне байланысты бағалы қағаздар мынадай үш топқа бөлінеді:

негізгі (акция, облигация),

көмекші (чектер, вексельдер, депозиттік сертификаттар),

туынды (варранттар, опциондар, фьючерстер, бондар, тағы да басқалары)

   Акция дегеніміз кәсіпорындар мен ұйымдардың қандай-да бір акционерлік қоғамды дамыту үшін қаржы салғандығын куәландыратын және иесіне акционерлік қоғамның пайдасының бір бөлігін дивидендт түрінде (табыс ретінде) алуға құқық беретін бағалы қағаз болып табылады. Акциялар айналым мерзімі белгіленбей-ақ шығарыла береді. Кәсіпорындар мен ұйымдарды басқаруға қатысу құқығына сәйкес акциялар мынадай түрлерге бөлінеді:

жәй акциялар;

артықшылғы бар акциялар.

Жәй акциялар акционерлік қоғамдық басқаруға құқық береді. Бір жәй

акция ұйымның акцинерлер жиналысында осы кәсіпорынға қатысты мәселелерді шешу барысында бір дауысқа ие бола алады. Жәй акциялар үшін дивиденд төлеу акционерлік қоғамның таза пайдасынан резервтер жасалғаннан (толтырылғаннан) кейін және артықшылғы бар акциялар бойынша дивиденттер төленгеннен кейін ғана жүргізіледі.

    Артықшылғы бар акциялар – басқаруға қатысу құқығын бермейді, әйтсе де олар иесіне тұрақты белгіленген мөлшерде дивиденттер алу құқығын береді, яғни оларға белгілі бір мөлшерде табыс әкеліп тұрады. Сонымен қатар артықшылығы бар акциялар ұйымның таза табысын акционерлер арасында бөлу кезінде немесе қоғамның жойылуы кезінде жәй акциялар мен салыстырылғанда артықшылыққа ие болып табылады.

 

             Облигация дегеніміз оның иесінің ақша салғандығын куәландыратын және оған көрсетілген мерзім ішінде осы бағалы қағаздың атаулы (нуминалды) құқына белгіленген пайызды (процентті) төлей отырып, өтеу міндеттемесін мақұлдайтын бағалы қағаз болып табылады. Облигациялар белгілі бір мерзімге шығарылады. Жалпы облегацияларда акциялар сияқты кәсіпорын үшін инвестицияның маңызды көзі болып табылады.

    Яғни, облегациялар – кәсіпорындар мен ұйымдардың қарыз міндеттемелерін растайтын құжат. Ол корпорацияның активтеріне қарсы жұмсалады.

    Депозиттік  сертификаттар дегеніміз – ірі атаулы құнға (номиналға) ие болатын мерзімдік сертификаттар. Депозиттік сертификаттар (жалпылай алғанда) бағалы қағаз болғанымен оларды бір адамнан екінші адамға беруге болады. Депозиттік сертификаттар клиентке банк мекемесінің берген борыштық сенімхатының рөлін атқарады. Бұл сертификатта банкке белгілі бір мерзімге салынған салымдарының түрі көрсетіледі. Сертификаттардың өзі атаулы және ұсынбалы болып екі түрге бөлінеді.

    Сонымен депозитік сертификат дегеніміз салымшының немесе оның мұрагерінің белгіленген мерзімнің соңында депозит сомасы бойынша пайыз түрінде табыс алу құқығын куәландыратын ақшалай салым туралы эмитент банкінің берген жазбаша куәлігі болып табылады.

    Кәсіпорындар мен ұйымдарды қай саладағы болмасын өз қызметінің соңғы нәтижесінде негізгі мақсаты пайда табу мақсаты екендігі кімге болса да белгілі. Осыған сәйкес кәсіпорындар мен ұйымдар өзінің бос тұрған яғни, уақытша пайдаланылмай тұрған ақшаларын айналысқа салса ғана оны тиімді пайдаланғаны болып табылады. Бірақ та бұл үшін кәсіпорындар мен ұйымдардың белгілі бір тәуекелге баруына тура келеді. Мұндай тәуекелге бел байлау кей уақтарда кәсіпорындар мен ұйымдарға табыс әкелсе, екінші бір кезеңде шығынға ұшыратуы мүмкін. Осы айтылғандай шығынға ұшырамау үшін бухгалтерлік есеп жұмысын дұрыс жүргізіп оның мәліметтерін уақтылы пайдалану керек. Кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржы салымына табыс табу мақсатына басқа заңды тұлғаның шығарған бағалы қағаздарын сатып алуға жұмсаған ақшалары жатқызылады. Бағалы қағаздар сатылып алынған құны бойынша кіріске алынады. Ал кәсіпорындар мен ұйымдардың байланысты құру барысында бағалы қағаздардың сатылып алынған құны мен ағымдағы құны салыстырылып, екеуінің ең төменгісі алынады. Жалпы кәсіпорындар мен ұйымдар өздерінің қаржы салымы қатарына жатқызылатын активтері арқылы мынадай табыстар таба алады:

а) пайыз, дивиденд және роялти түріндегі табыстар;

ә) қаржы салымына жұмсалған қаржы көлемінде капиталдың артуы;

б) инвестордың басқа да табыстары.

    Кәсіпорындар мен ұйымдар қысқа мерзімді қаржы салымдарын өзінің бухгалтерлік балансында ағымдағы құны бойынша бағалаған жағдайда (уақытта) күнделікті қор биржалары мен биржадан тыс жерлердегі қаржы салымдары құнының өзгерісін бақылап және оның нәтижесін бухгалтерлік есеп құжаттарына түзетіп жазып отыруы тиіс. Егер қаржы салымының, яғни инвестицияның қор биржаларындағы немесе биржадан тыс нарығындағы ағымдағы құны кеміген жағдайда есепті кезеңнің шығынына жатқызады.

    Қысқа мерзімді қаржы салымдарын өзінің бухгалтерлік балансында сатып алужәнеағымдағықұнының ең төменгісі бойынша бағалаған жағдайда (уақытта)кәсіпорындар мен ұйымдар мынандай үш тұжырымды басшылыққа алады:

а) баланстық құнды тұтастай жиынтық портфель негізінде анықтау;

ә) баланстық құнды жиынтық портфель негізінде инвестиция түрлері бойынша, яғни сатып алу құны мен ағымдағы құнының ең аз (төменгі) құнын анықтау;

б) баланстық құнды жеке инвестициялар негізінде анықтау.

    Кәсіпорындар мен ұйымдар қысқа мерзімді қаржы салымын салған уақытта оның бухгалтерлік есебінде мынадай жазулар жазылды:

    Мысалы: кәсіпорын 100000 (бір жүз мың) теңге көлемінде қысқа мерзімді қаржы салымын салған деп алатын болсақ:

 Д-т: Қысқа мерзімді қаржы салымы  100000тг.

 К-т: Ақшалар шоты 100000тг.

    Осы салған қысқа мерзімді қаржы салымы негізінде кәсіпорынның тапқан 10000 (он мың) теңге табысына:

 Д-т: Ақшалар шоты  110000тг.

 К-т: Инвестициялық қызметтен түскен табыс  10000тг.

 К-Т: Қысқа мерзімді қаржы салымы  100000тг.

    Егер кәсіпорындар мен ұйымдар өздерінің салған қысқа мерзімді қаржы салымы негізінде 5000 (бес мың) теңге көлемінде шығын шеккен жағдайда:

 Д-т: Ақшалар шоты  95000тг.

 Д-т: Инвестициялық қызметтен

шеккен шығын 5000 тг

К-т: Қысқа мерзімді қаржы салымы  100000тг.

    Ескеретін бір жағдай, кәсіпорындар мен ұйымдардың өздерінің салған қысқа мерзімді қаржы салымы негізінде шығын шегуі қаржы салымының қор биржаларындағы немесе биржадан тыс нарығындағы ағымдағы құны кеміген жағдай ғана болуы мүмкін.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.