Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Материалдық емес активтерді түгелдеу және есеп беруде олардың мәнін ашу



2. Материалдық емес активтердің амортизациясы есепке алуға 2740 «Материалдық емес активтердің амортизациясы» бөлімшесінің шоты арналған.

Бұл шоттар пассивті, реттеуші контрактивті. 2740 - бөлімше шотының кредиті бойынша ай басындағы амортизацияның қалдығын, ағымдағы айға есептелінген амортизацияны және есеп берілетін айдың соныңдағы амортизацияның қалдығын көрсетеді, ал дебеті бойынша —материалдық емес активтердің амортизациясын (тозуын) есептен шығару (төмендету) көрсетіледі. Материалдық емес активтердің амортизациясы олардың бастапқы құнынан және тиімді пайдаланудың болжамды мерзіміне анықталған нормалар бойынша әр ай сайын есептелініп түрады.

Әрбір кәсіпорын материалдық емес активтердің  барлық түрлерінің пайдалану мерзімін, негізделген (дәлелденген) есептер бойынша анықтауы тиіс. Оларда тиімді пайдалану мерзімін қол-дану негізді болуға тиіс:

а) пайдалану мерзімін анықтау мүмкіндігі бар материалдық емес активтер бойынша (патенттер, лицензиялар және басқалар) оларды пайдалану мерзімі арнайы нұсқаумен анықталып патентте, лицензияда көрсетіледі: 1,5.10,15 жыл.

ә) пайдалану мерзімін көрсету мүмкін болмайтын материалдық емес активтер бойынша (ЭЕМ бағдарламалық жабдықтау, «Фирма бағасы» және басқалар), мүндай мерзім 10 жылдан аспайтын уақыт деп керсетіледі.

б) қызмет ету мерзімі жарғысында көрсетілген кәсіпорындар сатып алған материалдық емес активтер бойынша тиімді пайдалану мерзімі ретінде "а" және "ә" пунктерінде көрсетілген мерзімдер алынады, бірақ олар кәсіпорын қызметінің мөлшерлі мерзімінен аспауға тиісті.

Материалдық емес активтер пайдалану мерзімінде кәсіпорынға белгілі бір мөлшерде табыс әкелуі тиіс. Кәсіпорын материалдық емес активтерден кіріс түсіріп отырғанда олар өз функциясын атқарады, ал керісінше болса балансты «бүлдірушіге» айналып, нақты емес, бұлдыр активтерді құрайды.

Бұл аксиоманы өндірістік немесе айналымньщ шығындарына енгізілетін олардың амортизация сомаларын есептегенде ескерген жөн. Материалдық емес активтердің амортизациясын есептеу оның баланстық құны толық өтелгенде тоқтатылады.

Материалдық емес активтердің пайдалану мерзімін дұрыс және дәлелді есептеуге олардың амортизациясын өндіріс пен айналым шығындарына жатқызудың негізділгі, яғни кәсіпорын қызметінің нақты қаржылық нәтижелері тәуелді.

  Материалдық емес активтер құнына сәйкес қағидасы бойынша активтің әрекет ететін мерзім бойына жүйелі түрде есептен шығарылып отырылуы тиіс. Біз жоғарыда атап өткеніміздей, материалдық емес активтердін есебінде экономикалық қызмет ету мерзімін белгілеу жеткілікті түрде күрделі болып саналады және материалдық емес активтердің амортизациялық кезеңін анықтау барысында келесі факторларды ескерген жөн:

- заңды, реттеуші, келісімді жағдайларын ескеріп, олардың максималды қызмет ету мерзімімен шектелуі мүмкін;

- жаңарту немесе ұзарту жағдайлары келсе, онда оның топшыланған қызмет ету мерзімі өзгеруі мүмкін;

- тозу, сұраныс және басқа да экономикалық факторлар оның қызмет ету мерзімін қысқартуы мүмкін;

- келешектегі бәсекелестіктердің және басқа да субъектілердің әрекеті (іс-қимылы) материаддық емес активтердін бүгінгі белсенділік қабілетгілігін шектеуі мүмкін;

- материалдық емес активтердін кейбір түрлерінің кызмет ету мерзімі сол активтердің құрамдас бөлшектері болуы мүмкін.

Материалдық емес активтердің пайдалы қызмет ету мерзімін субъектінің өзі дербес белгілей алады, егер де заңдармен басқаша жағдайы қарастырылмаса (патент, авторлық қүқық) немесе келісім-шартпен (лицензиондық келісім). Материалдық емес активтердің мерзімін дәл анықтау мүмкін болмаған жағдайда, оның пайдалы пайдалану мерзімін 10 жыл деңгейінде белгілейді, бірақ ол шаруашылық жүргізуші субъектінін қызмет ету мерзімінен аспауы керек.

Материалдық емес активтерді есептеу үшін әртүрлі әдістер пайдаланылады: бірқалыпты (түзу сызықты), қалдық құнын азайтатын және кумулятивтік. Әдісті таңдау активтен күтілетін экономикалық олжаның тұтыну моделіне байланысты болып келеді.

Материалдық емес активтердің арналымы бойынша пайдалануға дайындық кезеңінен бастап амортизациясын есептейді.

Амортизациялық сомасы әдетте, шығыс ретінде танылады, егер де ол басқада активтердің құнына қосылмаса. Амортизацияны есептеу әдісін таңдау бір есептік кезеңнен екіншісіне жүйелі түрде ауысып отырады, егер де активтерден алынатын олжаның тұтыну моделі айтарлықтай өзгермесе. Материалдық емес активтердің жою кұны өте сирек кездеседі, олардан алынатын олжа тек қызмет ету мерзімінің соңындд анықталады. Сондықтан материалдық емес активтердің жою құны, әдетте нольге тең болады.

 

Әрбір кәсіпорын материалдық емес активтердің барлык түрлерінің пайдалану мерзімін, негізделген (дәлелденген) есептер бойынша анықталуы тиіс.

Амортизацияның (тозу) есептелінген сомасына: 811 "Тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сату шығындары", 821 "Жалпы және әкімшілік шығындары", 935, 946 "Негізгі кұралдардын тозуы және материалдық емес активтердің амортизациясы", шоттары дебеттеледі де, 111-116 шоттары кредиттеледі.

 3.Материалдық емес активтерді түгелдеу және есеп беруде олардың мәнін ашу

Материалдық емес активтерді мүліктік түгелдеу.Материалдық емес активтерді мүліктік түгелдеу кезінде кәсіпорынның меншік құқығы бар материалдық емес активтердің нақты бары мен жоғын; олардың баланста дұрыс және уақытында көрсетілуін, материалдық емес активтердің тозуын есептеудің дұрыстығын, моральдық тозуға ұшыраған активтерін тексереді. Негізгі құжаттарда материалдық емес активтер объектідерінін егжей-тегжейлі сипаттамасы болуы керек, олардың бастапқы құны, пайдалану мерзімі, амортизациялау нормасы, пайдаланылатын объектінің кұрылымы және басқа мәліметтері көрсетіледі. Материалдық емес активтерді мүліктік түгендеу барысында объектінің нақты .барын және кәсіпорынның оны пайдалану құқығын растайтын құжаттары да, тексеріледі. Бұл құжаттарға материалдык емес активтердің объектісі немесе оны пайдалану тәртібін сипаттайтын және кәсіпорынның мүліктік құқықтарын . растайтын құжатгары жатады. Материалдық активтерді сипаттайтын немесе олардың пайдалану тәртібін белгілейтін, сондай-ақ кәсіпорынның мүліктік құқын қуаттайтын құжаттар жатады.

Есеп беруде материалдық емес активтердің мәнін ашу. Шаруашылық жүргізуші субъектінің қаржылық есеп беруінде материалдық емес активтерінің есебі үшін кабылданған есеп саясаты ашылуы керек, атап айтқанда: , амортизацияны есептеу үшін пайдаланатын тәсілі; пайдалы қызмет ету мерзімі , немесе пайдаланатын амортизациялық нормасы; жалпы баланстық құн және есептік кезеннің басы мен аяғына жинақталған амортизацияның сомасы; - кәсіпорынның өзі жасаған материалдық емес активтердің баланстық құны және т.б. көрсетіледі.

 Сондай-ақ қаржылық есеп беруде: материалдық емес активтердің түрі, баланстық құны, материалдық емес активтердің амортизацияланбай қалған кезені; иелік ету күкығы шектелген материалдық емес активтердің баланстық кұны; міндеттемесі бойынша кепілдік ретінде берілген активтердің жалпы баланстык кұны; материалдық емес активтер бойынша алынған міндеттемелердің сомасы да ашып көрсетіледі.

Қаржылық есеп беруде есептік кезендегі шығыс деп танылған шығындар сомасы да ашылуы тиіс: бағдарламалык жабдықтау (қамтамасыз ету) шығындары; компаниянын жарнама шығындары; субъектіні күру кезіндегі жұмсалған, шығындар; материалдық емес активтерді алумен, күшейтумен, жинақтаумен, қолдаумен және басқа да шығындар сомасымен байланысты шығындар сомасы көрсетіледі.

 Субъект одан баска да материалдық емес активтерді есептік бағалау өзгерістерінің нәтижесі және сипатын, олардың материалдық салдарын ашу керек.

        

       

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.