Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





НӨМІРЛЕУДІҢ ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ ЖОСПАРЫ



2 дәріс

НӨМІРЛЕУДІҢ ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ ЖОСПАРЫ

Мазмұны:

1. Анықтамалары.

2. Қазіргі уақытта әрекеттегі нөмірлеу жоспары.

3. Нөмірлеудің ерекшеліктері.

2.1 Анықтамалары

 

Қазақстан Республикасының «Байланыс туралы» заңына сәйкес нөмірлеу ресурстарын бөліп беру тәртібі мен Қазақстан Республикасының жалпы қолданыстағы телекоммуникациялар желісіндегі телефон байланыс нөмірлерін қолдану ерекшеліктерін байланыс аймағындағы арнайы органдарымен анықталады.

Қазақстан Республикасының бірыңғай телекоммуникациялар желінің нөмірленуі әлемдік телекоммуникациялар желі құрамындағы бөлігі болып табылады. ҚР телкоммуникациялар желінің нөмірленуі келесі жүйелерінен құрылады:

- телефондық желісі;

- телеграф желісі;

- мәліметтер беру желілері мен телематикалық қызметтері;

- Интернет желісіндегі идентификация кодалары;

- телекоммуникациялар желілерінің қызметтік кодалары, элементтері мен шеткі құрылғылары.

Әрекеттегі жоспар телефон байланыс, фиксирленген және жылжымалы желілер нөмірлену үшін қолданылады. Телеграф желісі тек ғана бір оператормен қамтамасыз етіледі, сондықтан нөмірленудің ауыстыру және таратуды қажет етпейді. Адрес тарату процессі ХБО-Т F сериясы кепілдемелеріне сәйкес іске асырылады.

Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы әлемдік нөмірленудің 7-ші зонасына кіреді. Зона елдің бірыңғай кодасымен біріктіріледі, ЖҚТЖ ұлттық нөмірлеу жоспары мен жүйесін құрылу принциптері ХБО стандарттау секторының Е.164 (Е.164 МСЭ-Т, 02/2005) ұсынысы бойынша іске асырылады.

Қазақстан Республикасы мен Ресе Федерация байланыс желілерінің нөмірлеу ресурсы жалпы болып табылады. Ресурстың таралуы Ресей Федерациясы Байланыс және ақпараттық технологиялар Министрілігі мен Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпараттандыру Агенствосы арасындағы  2006 жылы 17 маусымында бекітілген хаттамасы (әлемдік нөмірлеудің 7-ші нөмірлеу аймағын қолдану туралы) бойынша іске асырылады.

Қазақстан Республикасының нөмірлеу жүйесі телекоммуникациялар желісіндегі негізгі принциптерін орнатады:

- телекоммуникациялық желілерде нөмірлеудің негізгі принциптерін пайдалану;

- соңғы тұтынушы жабдық салыстыратын нөмірлердің цифрлық, әріптік, символдық белгілерінің форматы мен құрамына қойылатын талаптар;

- байланыс операторларынның немесе байланыс қызметтерінің әр түрлі форматтағы нөмірлерін таңдауды іске асыруға мүмкіндік беретін, индикаторларды (префикстерді) қолдануға қойылатын талаптар.

Қазақстан Республикасының нөмірлеу жоспары кодаларды тағайындауды, нөмірлеу ресурстарын аймақтарға, байланыс желілері мен байланыс қызметтеріне тағайындауды орнатады. Қазақстан Республикасының телекоммуникациялық желілеріндегі нөмірлеу жүйелері мен жоспарларын құру Ережелері (Байланыс және ақпараттандыру агенствоның Төрайымы 2008 жылы 8 қыркүйегі № 307 бұйрығымен бекітілген) анықтайды.

Қазақстан Республикасының телекоммуникациялық желілеріндегі нөмірлеу жүйелері мен жоспарларын құру Ережелері жүйелерге қойылатын талаптарды, желінің нөмірлеу жоспарына, телефонды байланыстың қызметтеріне, телефонды нөмірлеуді пайдалану арқылы қамтамасыз етілетін, көрсету түрлеріне қойылатын талаптарды анықтайды.

Ережелерде келесі негізгі түсініктер қолданылады:

- глобальді қызмет МСЭ-Т анықтайтын жалпы қолданыстағы коммутацияланатын желілерінің базасындағы қызмет; ол үшін МСЭ-Т нақты бір кода берді, ол кода екі немесе одан да көп елдер арасында немесе екі немесе одан да көп кездесетін нөмірлеу жоспарлары арасында халықаралық қызметтерді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді;

 - елдің кодасы – елдерді әлемдік нөмірлеу жоспарының шегінде салыстыратын бір, екі немесе үш ондық белгілердің жиынтығы; немесе Глобальді қызметті немесе Желіні анықтайтын үш ондық белгілер жиынтығы;

- халықаралық телефон нөмірі – бұл елдің географиялық кодасы кезінде қызмет көрсетіліп жатқан абонентті немесе нүктені бірден салыстыратын ондық цифрлардың тізбегі;

- тағайындалған ұлттық кода – халықаралық нөмірдің бір бөлігі, георафикалық аймақтағы елдің кодасынан кейін жүреді, ол абонент нөмірімен бірге ұлттық (мағыналы) телефон нөмірін құрайды;

- ұлттық (мағыналы) телефонды нөмір – Е164.МСЭ-Т халықаралық нөмірдің бір бөлігі, георафикалық аймақтағы елдің кодасынан кейін жүреді; ұлттық (мағыналы) телефонды нөмір тағайындалған ұлттық кодадан және одан кейін жүретін абонент нөмірінен тұрады;

- префикс бір немесе одан да көп белгілер санынан тұратын индикатор, ол әр түрлі форматтағы байланыс нөмірлерін, желілерін, қызметтерін, операторларын таңдауға мүмкіндік береді; префикс нөмір құрамына кірмейді;

- нөмір теру жоспары нөмірлеу жоспарын қолдану әдістерін анықтауға арналған цифрлардың, символдардың және қосымша ақпараттардың комбинациялары немесе тізбектері; нөмірді теру жоспары префиксті қолдану сипаттамасынан және қосымша ақпараттан тұрады; қосымша ақпарат нөмірлеу жоспарын толықтырады және шақыруды іске асыру үшін талап етіледі;

- желі – жалпы қолданыстағы телекоммуникациялық қызметтерді қамтамасыз ететін бір немесе одан да көп эксплуатациялық ұйымдармен басқарылатын, халықаралық деңгейде байланысқан физикалық түйіндер мен операциялық жүйелер.

2.2Қазіргі уақытта әрекеттегі нөмірлеу жоспары

 

1. Телекоммуникациялар желілерімен көрсетілетін қызметтерге қол жеткізу үшін телефондық нөмір қолданылады. Қазақстан Республикасының телекоммуникациялар желілеріндегі қолданылатын нөмірлеу жүйесі нөмірлердің йифрлы, әріптік, символдық белгіленулеріне, префикстерді қолдану ерекшеліктеріне қойылатын талаптарын анықтайды.

2. Қазақстан Республикасының телекоммуникациялық желілетіндегі нөмірлеу жүйелері аймақтық принцип бойынша құрылады. Осыған сәйкес ұлттық нөмірлеу ресурсы нөмірлеу аймақтарына бөлінеді. Нөмірлеу айммғын идентификациялау үшін, 3 ондық белгіден тұратын ұлттық тағайындалған пункт кодасы қолданылады.

3. Тағайындалған пунктердің ұлттық кодалары болып табылады:

1) АВС кодалары – географикалық түрде қызмет көрсететін территория шегінде ұйымдастырылатын, географикалық анықталатын нөмірлеу аймақтары;

2) DEF кодалары - географикалық белгіленген территорияға бекітілмеген, шегінде ұйымдастырылатын, географикалық емес анықталатын нөмірлеу аймақтары;

3) КДУ кодалары – республиканың барлық территориясында ұйымдастырылған байланыс қызметтеріне қол жеткізу.

 

Телефон желісіндегі ұлттық нөмірлеу жоспарының құрылымы 2.1 суретте көрсетілген.

Автоматтандырылған телефон желісін құру кезінде Қазақстан Республикасының территориясы нөмірлеу зоналарына бөлінді. Зоналар шегаралары елдің территориясын облыстарға әкімшілік бөлінуімен сәйкес болды, сондықтан нөмірлеу жоспары да зоналық принципі бойынша құрылды.

 

 


2.1 сурет – ҚР ЖҚТЖ ұлттық нөмірлеу жоспарының құылымы

 

4. Соңғы жабдықты идентификациялау үшін, ЖҚТфЖ-де ұлттық (мағыналы) телефонды нөмір (Nнац) қолданылады, ол 10 ондық белгіден тұрады және де оның құрамына мыналар кіреді:

а) тағайындалған ұлттық кода (АВС, DEF, КДУ), ол үш ондық белгіден тұрады;

б) жеті ондық белгіден тұратын абонент нөмірі (Х1Х2Х3Х4Х5Х6Х7)

5. Зоналық телефон нөмірі Қазақстан Республикасының географиялық анықталған нөмірлеу зонасындағы шеткі (қолданушылық) жабдықтауын анықтайтын абонент нөмірін атайды.

- абоненттің зоналық телефон нөмірі 7-мәнді жергілікті телефон нөмірі Х1Х2Х3Х4Х5Х6Х7 немесе миллиондық нөмірлер тобындағы «Х1» кодасынан (индекс) құрылады;

6. Географиялық анықталатын нөмірлеу зонасы әкімшілік бөлінуіне сәйкес келеді, кейбір жағдайда бір облыс территориясында екі және одан да көп нөмірлеу зоналары ұйымдастырылады.

7. Әлемдік желісінде шеткі (қолданушылық) жабдықтауын идентификациялау үшін халықаралық телефон нөмірі (Nмн) қолданылады.

Халықаралық телефон нөмірі (Nмн) елдің кодасы (Кс) мен абоненттің телефон нөмірінен (Nнац) – Кс Nнац құрылады;

Елдің кодасы (Кс) – әлемдік нөмірлеу жүйесінде елді идентификациялайтын бір, екі немесе үш ондық мәндер комбинациясынан құрылады. Елдерге кодалар МСЭ-Т ұйымымен бекітіледі;

ҚР мен РФ әлемдік нөмірлеудің жетінші зонасына кіреді. Кс=7;

ҚР абоненттің халықаралық телефон нөмірі 11 ондық белгіден құрылады.

Халықаралық телефон нөмірдің максималды ұзындығы 15 ондық белгіден аспайды.

8. ҚР телекоммуникациялық желілерінде нөмір форматын, желілерін, қызметтерін таңдау үшін префикстер қолданылады.

Қалааралық телефондық байланысты іске асыру үшін ұлттық префикс Пн=0 қолднылады.

9. Халықаралық телефондық байланысты іске асыру үшін халықаралық префикс Пмн=00 қолднылады.

Әлемдік нөмірлеудің бір зонаға кіретін елдер арасындағы байланысты ұйымдастыру үшін халықаралық префиксті терудің қажеті жоқ.

 

Географиялық анықталанатын нөмірлеу зонасының нөмірлеу ресурсы 8 миллион номірге тң.                                                                                                                         

ҚР ЖҚТЖ ашық нөмірлеу жоспары пайдаланылады:

а) қалааралық телефон байланысты іске асыру үшін префикс Пн қосылған ұзындығы 10 белгіге тең ұлттық нөмір қолданылады;

б) жергілікті желілер шегінде телефондық жалғануларды іске асыру үшін абоненттің 3, 5, 6, 7-белгілі нөмір қолданылады.  

Желі сыйымдылығына байланысты ҚТЖ нөмірлену бес-, алты- немесе жетібелгілі болу мүмкін.

Бесбелгілі нөмірлеу аудандалмаған ҚТЖ мен түйінсіз аудандалған ҚТЖ қолданылады, алтыбелгілі – кіріс хабарлар түйіндерімен ҚТЖ, жетібелгілі – кіріс және шығыс хабарлар түйіндерімен ҚТЖ.  

ҚР жалпы қолданыстағы телекоммуникациялар желісі географиялық облыстарына сәйкес нөмірлеу зоналарына бөлінген, Шығыс-Қазақстан және Қарағанды облыстарында екі нөмірлеу зона ұйымдастырылған, бөлек нөмірлеу зоналарға Астана және Алматы қалалары шығарылған. ЖҚТЖ нөмірлеудің максималды сыйымдылығы – 240 млн. номірге тең.

ҚР территориясындағы географиялық нөмірлеу зоналар таралуы 2.2 суретте көрсетілген.

 

2.2 сурет – ҚР территориясындағы географиялық нөмірлеу зоналар таралуы

 

13. ЖҚТЖ абонеттерін жедел - оперативті қызметтеріне қол жеткізу үшін үш мәнді нөмірлер «1UV» қолданылады, мұндағы «UV» – қызметтің нөмірін анықтайтын ондық белгіленулер («101», «102», «103», «104», «112»).

Арнайы қызметтері мен ақпараттық-анықтама жүйесіне қол жеткізу үшін  «1UV (Х12))» нөмірлері қолданылады, мұндағы «1UV» қызмет нөмірі болып табылады, «Х12)» – байланыс операторын анықтайтын ондық белгілер.

14. Қалааралық және халықаралық телефон байланысы операторларының тапсырыс берілетін және анықтама-ақпараттық қызметтеріне телефонист арқылы қол жеткізу үшін АВС кодалар ресурсынан қолданылады: «1ВС», мұндағы А=1, ал «ВС» кез келген мәндер.

15. ЖҚТЖ абоненттің IP-телефония (Интернет-телефония) қызметтеріне қол жеткізу үшін:

1) КДУ Х1 Х2 Х3Х4 Х5 Х6 Х7 , мұндағы КДУ – қызметке қол жеткізу кодасы, «Х1Х2Х3Х4» -қызметтің байланыс операторы/провайдер кодасы (индекс), «Х5Х6Х7» мәндері провайдермен анықталады.

Аналогия бойынша абоненттер мәліметтер беру жүйелер, Интеллектуалды желілеріне қол жеткізуі іске асырылады.

16. ЖҚТЖ абонеттерге тұтынушы жабдықтаудың желілік қол жеткізу нүктесін ауыстыруға мүмкіндік беру үшін географиялық анықталмаған нөмірлеу ресурсы қолданылады. Бұл процедураны нөмірдің «көшу» (nomadicity) деп аталады, тек ғана пакеттер коммутациясымен телефондық желісінде іске асырылады.

         

17. ҚР нөмірлеу жоспары кодалар тағайындалу мен нөмірлеу ресурстарын анықтайды:

1) географиялық анықталатын нөмірлеу зоналары;

2) географиялық анықталмайтын нөмірлеу зоналары;

3) байланыс желілері;

4) байланыс қызметтеріне қол жеткізу үшін.

2.1 кесте - ҚР мен РФ 7-ші нөмірлеу зонасының бекітілген кодалар кестесі

        

РФ байланыс әкімшілігі (кодалар диапазоны) ҚР байланыс әкімшілігі (кодалар диапазоны) ҚР мен РФ бірге қолданылатын кодалар диапазондары
    000-099
    100-199
    200-299
300-399    
400-499    
500-599    
  600-699  
  700-799  
810-818, 820-821, 831, 833-836, 840-848, 850-851, 855-857, 860-863, 865-867, 869, 871-873, 877-879, 881*   800-809 882-899
900-999    

* Нөмірлеу зоналардың таратылмаған кодалар ресурсы  (26 кода – 819, 822-829, 830, 832, 837-839, 849, 852-854, 858-859, 864, 868, 870, 874-876) жалпы резервте сақталады

 

18.ҚР АВС, DEF, КДУ кодалар ресурстарының таралуы 2.2 кестеде көрсетілген.

 

                2.2 кесте – ҚР кодалар ресурстарының таралуы

 

Нөмірлеу зоналары мен желілер аталуы АВС, DEF, КДУ кодалары Кодалар диапазоны Кодалар саны
ЖҚТЖ географиялық анықталатын зоналар АВС 710-719; 720-729; 730-739
Ұялы, транкинг және спутниктік байланыс желілерінің географиялық анықталмайтын нөмірлеу зоналары    DEF 700-709; 740-749; 770-779
Ведомстволық желілердің географиялық анықталмайтын нөмірлеу зоналары    DEF 780-784
Арнайы тағайындалуымен телекоммуникация желілерінің географиялық анықталмайтын нөмірлеу DEF 753-757
Корпоративті желілерінің географиялық анықталмайтын нөмірлеу зоналары    DEF 760-764
Кішігірім ведомстволық, корпоративті желілердің географиялық анықталмайтын нөмірлеу зоналары    DEF
Қызметтерге қол жеткізу кодалары КДУ 750, 751, 752, 758, 759
Абоненттерге нөмірдің «көшу» (nomadicity) функциясын қамтамасыз ететін географиялық анықталмайтын нөмірлеу зоналары    DEF
Кодалар резервы АВС, DEF, КДУ 790-794, 796-799
Кодалар резервы АВС, DEF, КДУ 600-699

2.3 кесте – Географиялық анықталанатын АВС кодалары

      

Зона аталуы Зона территориясы АВС зона кодасы
1 Акмола Кокшетау қ., Ақмола облысы
2 Актобе Ақтобе қ., Ақтобе облысы
3 Алматы Алматы қ., Алматы облысы территориясының бөлігі (Қапшағай қ., Балхаш, Еңбекшіқазақ, Жамбыл, Іле, Қараса, Райымбек, Талғар, Ұйгур аудандары)
4 Астана Астана қ.
5 Атырау Атырау қ., Атырау облысы
6 Шығыс -Қазақстан Өскемен қ., Шығыс –Қазақстан облысы территорисяының бөлігі (Риддер қ., Серебрянск, Тарбағатай, Катон-Карагай, Бородулиха, Жарма, Глубоков, Зайсан, Зырянов, Кокпекты, Курчум, Улан,  Шемонаиха аудандары)
7 Жамбыл Тараз қ., Жамбыл облысы
8 Жезказган Жезказган қ., Қарағанды облысы бөлігі (Балхаш қ., Каражал қ., Приозерск қ., Сатпаев қ., Шет, Актогай, Жана-Арқа, Улытау аудандары)
9 Батыс -Қазақстан Уральск қ., Батыс –Қазақстан облысы  
10 Қарағанды Қарағанды қ., Қарағанды облысы бөлігі (Сарань қ., Темиртау қ., Шахтинск қ., Абай, Бухар-Жырау, Каркаралы, Нура, Осакаров аудандары)
11 Костанай Костанай қ., Костанай облысы
12 Кызылорда Қызылорда, Қызылорда облысы
13 Маңғыстау Ақтау, Маңғыстау облысы
14 Павлодар г. Павлодар и Павлодарская область
15 Солтүстік Қазақстан Петропавловск,  Солтүстік Қазақстан облысы
16 Семей Семей, Шығыс-Қазақстан облысы (Курчатов қ., Аягоз, Бесқарагай, Урджар аудандары)
17 Талдықорған Талдықорған қ., Алматы облысы бөлігі (Текели, Аксу, Алаколь, Ескельды, Каратал, Кербулак, Коксу Панфилов, Сарканд аудандары)
18 Оңтүстік Қазақстан Шымкент қ., Оңтүстік Қазақстан облысы
Резерв 719,720,730-739  

                         

2.4 кесте – Нөмірлеудің географиялық анықталанатын ресурстың таралуы

 

Зоналық телефондық нөмірінің бірінші цифраның «Х1» мәні Желі аталуы  
2, 3, 4, 5, 6, 7, 8 Жалпы қолданыстағы телекоммуникациялар желісі  
Мобильдік телекоммуникациялар байланыс желісі (жылжымалы және транкинг байланыс желілері), ішкізоналық деңгейінде ЖҚТЖ қосылған спутниктік байланыс желілері  
Ұлттық желісіне шығу префиксі ретінде қолданылады, Пн=0  
Жергілікті телефон желілерінің арнайы оперативті және анықтама-ақпараттық қызметтеріне қол жеткізу үшін қолданылады

 

19. ҚР Интеллектуалды байланыс желісіндегі қызметтер операторлардың кодалары мен қызметтерге қол жеткізу кодалары 5, 6 кестелерде келтірілген.

 

2.5кесте – Интернет, мәліметтер беру желілері мен IP – телефония (Интернет-телефония) қызметтеріне қол жеткізу кодалары

 

Қызметтің аталуы Қол жеткізу кодасы Қызмет көрсету территориясы
Интернет желісінің коммутацияланатын қол жеткізу ҚР
IP-телефония (Интернет - телефония) қызметіне қол жеткізу ҚР
Электронды дауыс беру жүйесінің мемлекеттік мәліметтер беру жүйесіне қол жеткізу ҚР
Қалааралық арналарын тексеруге арналған қалааралық коммутация орталықтарының /транзитті түйіндерінің,  ҚААТС –ның бақылау-өлшеу аппаратурасына қол жеткізу 758,759 ҚР

2.6 кесте – Интеллектуалды байланыс желісінің қызметтеріне қол жеткізу кодалары    

                                                                                                                                 

Қызметтер аталуы Қызметтерге қол жеткізу кодалары
1. Тегін шақыру  
2. Автоматты төлем ақысымен қоңырау шалу
3. Крдиттік карта бойынша шақыру
4. Теледидар арқылы дауыс беру
5. Универсалды қол жеткізу нөмірі
6. Алдын ала төленген карта бойынша шақыру
7. Есептеу карта бойынша шақыру
8. Виртуалды жеке меншік желі
9. Универсалды дербес байланыс
10. Қосымша төленуімен қызмет
Резерв 880, 882-899

 

2.7 кесте - Қалааралық арналарын тексеруге арналған қалааралық коммутация орталықтарының /транзитті түйіндерінің,  ҚААТС –ның бақылау-өлшеу аппаратурасына қол жеткізу кодалары

                                                                                                                                        

ҚЖК Тағайындалуы
Республикалық жылжымалы байланыс желілерінің коммутация орталықтары мен ҚААТС-на дейінгі арналар тексеру
Қалааралық коммутация орталағы/Транзитті түйіндеріне дейінгі арналар тексеру
758 (759) 890 Арналар бойымен «Бос емес» сигнал берілісін бақылау   
758 (759) 891 Біржиіліктік сигналдау жүйесін қолдану кезіндегі жауап беру құрылғысына шығу
758 (759) 892 700 Гц тональді жиілікпен автожауап беру құрылғысына шығу
758 (759) 893 900 Гц тональді жиілікпен автожауап беру құрылғысына шығу

 

 

2.8 кесте – Анықтама-ақпараттық қызметеріне қол жеткізу нөмірлері «1UV» және «1UV (Х12))»

 

Қызметке қол жеткізу нөмірі Нөмірлер тағайындалу диапазонадры


  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.