|
|||
Берілген анықтама кіріс сигналдың шығыс шамаға түрленуін бейнелейді. 8 страницаАйнымалы тоқтағы компенсациялық әдіспен өлшеу дәлдігі тұрақты тоқтағы компенсациялық әдіспен өлшеу дәлдігінен төмен, бұл дәлдігі бойынша нормальді элементпен өлшемдес болатын айнымалы кернеу өлшемінің жоқ болуымен түсіндіріледі. Аспаптардың дәлдік класы 0,2-ге жетеді. Ең қарапайым компенсатор- 10.2- суретте көрсетілген өдшеудің көпірлік сұлбасы. Көпірдің тепе- теңдік шарты
; .
Үшінші және төртінші иықтардың таза активті кедергілері болатынын ескерсек ( ), онда басқа екі түйіскен иықтардың реактивті кедергінің негізгі сипаты болуы керек (сиымдылықты және индуктивтілікті). Егер иықтардың біреуіне белгісіз параметрлі екіорайлықты қоссақ, онда көпірді теңестіргеннен кейін тепе- теңдік теңдеулері ізделініп отырған параметрлерді табуға мүмкіндік береді. 10.2- сур. – Қарапайым айнымалы тоқтың компенсаторы.
Белгілі және өлшенетін ЭҚК фазасына модулі бойынша теңестіру қалай жүргізілетініне және Ех есептеуін қандай координаталарда алатынына байланысты айнымалы тоқтың компенсаторларын полярлы-координатты және тікбұрышты-координатты деп бөлеміз. 10.3- суретте фазореттеуіші және кернеу бөлгіші бар және осылардың көмегімен компенсацияланатын кернеу фазасы және модулі бойынша реттелетін полярлы-координатты компенсатордыңсхемасы көрсетілген.
10.3 - Полярлы-координатты компенсатор.
Өлшенуші ЭҚК ЕХ қыспақтарына қосылады. Кернеу ПК1 және ПК2 түйіспелерінің а-b мөлшерлеуші сымының және b-с кедергілер магазинінің межелігінде орналасуына қарай анықталады. Жұмыс істеуші тізбектің бөліміндегі кернеу фазасы Фр фазореттеуішімен реттеледі, осыған байланысты НИ- да тоқтың толық жоқ болуына қол жеткізуге болады. Жұмыс істеуші тоқтың керекті мәні R реостатының көмегімен А амперметрі бойынша белгілі болады.
|
|||
|