Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Кіші ашық экономика. Ұлттық шоттар



Кіші ашық экономика. Ұлттық шоттар

 

1. Кіші ашық экономиканың ерекшеліктері;

2. Ұлттық шоттарға ішкі және сыртқы саясаттардың әсері;

3. Айырбас курстары және сатып алу қабілеттілігінің паритеті.

 

Кіші ашық экономика әлемдік экономикаға тәуелді, ал өзінің әлемдік экономикаға әсері өте шамалы. Мемлекеті ішіндегі пайыздық қойылым әлемдік пайыздық қойылымға тәуелді (r=r*). Кіші ашық экономиканың жабық экономикамен салыстырғанда тағы бір ерекшілігі таза экспорттың болуы.

Кіші ашық экономика шарттары:

1. Y=F( );

2. C=C(Y-T);

3. I=I(r*).

4. Ағымдағы шот сальдосы = капитал ағымының кері сальдосы NX=S-I, NX=(Y-C-G)-I

Пайыздық қойылым әлемдік пайыздық қойылымға тең болғанда:

NX=

Жинақ көлемі мемлекеттің бюджеттік-салықтық саясатына тәуелді;

Инвестиция көлемі әлемдік нақты пайыздық қойылымға байланысты;

Сәйкесінше, капитал айналым шоты және ағымдағы операциялар шоты бюджеттік-салықтық саясаттың және пайыздың әлемдік қойылымының әсерінен қалыптасады.

Капитал айналым шотының және ағымдағы төлем баланс шотының сальдосы әлемдік пайыз негізінде ішкі жинақтар мен инвестициялардың арасындағы айырмашылық ретінде анықталады.

Сурет 1 - Жинақтар мен инвестициялар нақты пайыздық қойылымның функциясы ретінде

 

Ұлттық жинақты азайтатын бюджеттік-салықтық саясат капитал қозғалысы шотының оң сальдосына және ағымдағы операциялар шотының дефицитына алып келеді (сурет 2).

 

Сурет 2 - Мемлекет ішіндегі бюджеттік-салықтық ынталандырушы саясат

 

Шетелдегі бюджеттік-салықтық экспансия әлемдік пайыздық қойылымды көтереді, ол кіші ашық экономикадағы капитал ағымы шотының дефицитына және ағымдағы операциялар шотының оң сальдосына алып келеді (сурет 3).

Сурет 3 - Шетелдегі бюджеттік-салықтық экспансия

 

Инвестиция қисығының оңға жоғары жылжуы капитал ағымы шотының оң сальдосына және ағымдағы төлем баланс шотының дефицитына алып келеді (сурет 4).

 

Сурет 4 - Инвестициялық сұранысты өзгерту

 

Айырбас курсы: номиналды айырбас курсы және нақты айырбас курсы деп екіге бөлінеді. Номиналды айырбас курсы валюталар арасындағы қатынасты білдіреді. Ал номиналды айырбас курсы отандық және шетелдік ұқсас тауарлардың қатынасының номиналды айырбас курсына көбейтіндісіне тең болады.

 

Егер нақты айырбас курсы жоғары, шетелдік тауар бағасы төмен болса, онда өз елімізде шығарылатын тауар бағасы сәйкесінше жоғары дегенді білдіреді.

Нақты айырбас курсы төмен болған сайын отандық тауар бағасы да импорттық тауармен салыстырғанда төмен болады (сурет 5).

 

Сурет 5 - Нақты айырбас курсы және таза экспорт

Сурет 6 - Нақты айырбас курсын анықтайтын факторлар

 

Сурет 6-дағы қиылысу нүктесі нақты айырбас курсындағы капитал қозғалысы шоты және ағымдағы операциялар шотының тепе-теңдік нүктесі болып табылады.

 

Сурет 7 - Бюджеттік-салықтық ынталандырушы саясаттың нақты айырбас курсына әсері

 

Сурет 8 - Шетелдік бюджеттік-салықтық ынталандырушы саясаттың нақты айырбас курсына әсері

Сурет 9 - Инвестицияны ынталандыру саясаты

 

Сурет 9-да мемлекет ішіндегі инвестицияны ынталандыру саясаты жүргізілсе, жинақ көлмеі азайып, түзуіне орын ауыстырады. Сәйкесінше, айырбас бағамы -ге жылжиды.

 

Сурет 10 - Нақты айырбас курсына протекционисттік саясаттың әсері

 

Егер мемлекет импортқа протекционистік саясат жүргізілетін болса, мемлекет ішінде тапшылық пайда болып, шетелдік тауарға сұраныс артады. Сәйкесінше, шетел валютасын қымбаттап, ұлттық валютаның құны төмендейді. Мұнда, нақты айырбас курсы жоғарылап, таза экспорт қисығы өз орнынан жоғары жылжиды.

 

Сурет 11 - Сатып алу қабілеттілігінің паритеті

 

Сатып алу қабілеттілігінің паритеті бір тауардың барлық жерде бірдей бағада болуын көздейді. Бір тауар бір қалада қымбат сатылса, салыстырмалы түрде екінші қалада арзан сатылса, онда екінші қаладан арзан тауарды сатып алып, бірінші қалаға қымбатқа сатады. Сұраныстың артуына байланысты екінші қала да бағасын жоғарылатуы мүмкін. Бұл жағдайды экономикалық тепе-теңдікті қалыптастырушы ретінде қарастырғанымен, нақты экономикада негізгі заңдылық ретінде қарастырылмайды.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.