Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Тақырыбы: Төтенше жағдайлар кезіндегі ахуалға баға беру



 Дәріс

Тақырыбы: Төтенше жағдайлар кезіндегі ахуалға баға беру

Жоспар:

1. Радиациялық барлау аспаптары.

2. Дозиметрлік бақылау аспаптары.

3. Химиялық барлау аспаптары.

 

1. Радиациялық барлау аспаптары.

 

Осы заманғы дозиметрлік аспаптардың барлығы иондау әдісінің негізінде жұмыс істейді. Иондаушы сәулелердің әсерімен оқшауланған көлемде газдың электрлік бейтарап атомдары оң және теріс иондарға мбөлінеді. Егер осы көлемде тұрақты кернеу келтірілген екі электродты орналастырсақ,  онда иондалған газда электродтар арасында зарядталған бөлшектердің бағытталған қозғалысы пайда болады, яғни газ арқылы иондаушы ток деп аталатынэлектр тогы өтеді. Оның шамасын өлшеп, радиоактивтік сәулелердің интенсивтілігі туралы білуге болады. Иондық әдістің негезінде жұмыс істейтін аспаптар шамамен бірдей және мына қондырғыларды қамтиды:

- Доза қуатының өлшеуіші (рентгенометр) ДП-5В.

Аспап әртүрлі заттардың гамма-сәулелену бойынша гамма радиациясы мен радиоактивтік ластануының деңгейін өлшеуге арналған және бетта-сәулеленуді байқауға мұмкіндік береді. Гамма сәулеленудің экспозициялық дозасының қуатыф сағатына миллиренгенмен (мр/с) не сағатына рентгенмен (р/с) аңықталады. Аспап приборына мыналар кіреді: құндақтағы ДП-5В доза куатын өлшеуіш, ажыратылмалы екі белдік, ұзартқыш қарнақ, кернеуі 12 және 24 В сыртқы тұрақты топ көзіне аспапты қосуға арналған кернеу бөлгіш, бас телефондары, ЗИП комплекті, техникалық сипаттама және пайдалану жөніндегі тәсілнама, формула және салынатын жәшік. Радияция деңгейін өлшеу 1 м биіктікте, яғни адамның негізгі өмірлік орталықтарының деңгейінде жүргізіледі. Аспапта жұмысқа дайындау: ауыстырып – қосқыштың тұтқасын «РЕЖ» жағдайына қою керек, бұл орайда өлшеуіш аспаптың меңзерінің ауытққуы қорек негізінің бар екенін көрсетеді: бас телефондарын киіп, оларды өлшегіш пультке қосу керек; блоктың айналма экраны «К» жағдайына қою керек; поддиапозондардың ауыстырып – қосқышының тұтқасын х1000, х100,х10, х1, х0,1 жағдайына қойып телефонның шертпесін қадағалау керек. Телефон дұрыс жұмыс істегенде телефондағы шертпе біріншіден басқа барлық поддиапазондары естіледі. Ауыстырып - қосқыштың тұтқасы «РЕЖ» жағдайында, детектілеу блогының экранын «Г» жағдайына қойып, құнлақтың төменгі бөлігіне жайғастыру керек. Аспап жұмысқа дайын. Поддиапазондардың ауыстырып – қосқышы аспап меңзері шкала шегінде ауытқитын жағдайда қойылады. ДП-5В өлшеуі поддиапазонының сипаттамасы 1- кестеде келтірілген.

 

ДП-5В өлшеулері диапазонының сипаттамасы

 

Поддипазон Ауыстырыпқосқыш тұттқасының жағдайы Шкала өлшеу бірлігі өлшеу шектері
І 0-200 р/с 5-200
ІІ Х1000 0,5 Мр/с 500-5000
ІІІ Х-100 0-5 Мр/с 50-500
ІV Х10 0-5 Мр/с 5-50
V Х1 0-5 Мр/с 0,5-5
Х0,1 0-5 Мр/с 0,05-0,5

 

 

2. Дозиметрлік бақылау аспаптары.

 

ДП-22В жеке дозиметрлері толымы. Доза қуаты 0,5-тен 20100 р/с-қа өзгерген кезде 2 ден 50 р-ге дейінгі диапазонда гамма-сәулеленудің жеке дозаларын өлшеуге арналған. Аспаптар толымына тура көрсететін елу ДКП-50А дозиметрі және 3Д-5 зарядтау қондырғысы кіреді. Өлшенетін дозаларды есептеу дозиметрдің ішінде орналасқан шкала бойынша жүргізіледі. Дозиметрлердің жұмысы ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 98% болғанда температураның минус 40С-дан плюс 50С-ға дейінгі аралығында қамтамасыз етіледі. Әрбір дозиметр алюминий құймасынан автоқалам түрінде жасалған. ДКП-50А дозиметрін жұмысқа дайындағанда дозиметрдің шаңан қорғайтын қалпақшасын және зарядтау қондырғысындағы «заряд» ұясының қалпақшасын бұрап ашады. «Заряд» тұтқасын сағат тіліне қарсы шығарып, дозиметрді ұяғы қояды, бұл ретте ұяның төменгі жағында дозиметр шкаласын жарық қылатын шам жанады. Оператор окулярға қарай отырып және «заряд» тұтқасын сағат тілі бойымен айналдырып, қыл бейнесін дозиметр шкаласының нөлдік белгісіне келтіреді, дозиметр ұядан алып, қорғаныш қалпақшаны бұрап жабады.  Зарядтаудаң соң дозиметрлерді радиоактивтік зақымдану аймағында жұмыс істейтін құрылымдардың жеке құрамына береді. Ошақтан оралғаннан кейін дозиметрдің көрсетулері және құрамның сәулеленуін есептеу журналына жазылады. Дозиметрдің өлшеу уақыты 40 секундқа жуық, бұл ретте цифрлық таблода әрбір «цифрлар» разрядынан кейін нұктелер көрінеді. 1,2,3 разрядтарынан кейін ғайып болу процестердің аяқталғанын білдіреді.

 

3. Химиялық барлау аспаптары.

Ауада, жергілікті жерде, техника және басқа да объектілерді улағыш заттардың болуы химиялық барлау аспаптарының көмегімен немесе сынамалар алып кейін оларды химиялық лабораторияда талдау жолымен аңықталады. Аспаптардың барлығының дерлік жұмыс принципі индикацияның химиялық әдісіне негізделген; оның мәнісі улағыш заттар реактивпен әрекеттескенде реактивтің түсі өзгереді не реакция сұйық ортада жүрсе тұнба түзііледі. Химиялық барлау әскери аспабы. Ауада, жергілікті жерде және объект бетінде УЗ-ны тауып анықтауға арналған. Ол қақпағы, алып жүретін аспалары бар корпусқа орнатылған. Корпуста қол сорғы, сорғы саптамасы, индикаторлық түтікшелерімен үш қағаз кассет, түтінге қарсы сүзгілер  қорғаныш қалпақшалары, фонарь, жылытқы және оған арналған патрондар орналыстырылған. Корпустың сыртында сынама алатын күрекше бекітіледі.

Ауадағы УЗ-ны анықтау.

УЗ-ның топырақта және сусыма материалдарда болуын анықтау.

Жергілікті жерде, техника, киімде және әр түрлі заттарда УЗ болуын анықтау.

 

Әдебиет:

 

Шубин Е.Н. Гражданская оборона. М.,, 1996.

Начально-военная подготовка. Алматы, 2000г.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.