|
|||
Жолдың жоспар-жобасы мен пішініЖолдың жоспар-жобасы мен пішіні Темір жол желісі қисықтардың радиустары, тұзулер мен қисықтардың жанасуы, еңістердің тіктігі жөнінде желінің бекітіліген жоспар-жобасы мен пішініне сәйкес болуы тиіс. Станциялар, бекеттер және озу пунктілері горизонтальді алаңшаларда орналасуы тиіс. Жекелеген жағдайларда олардың 0,0015-тен тік емес, ал қиын жағдайларда 0,0025-тен тік емес етіп орналастырылуына жол беріледі. Ерекше қиын жағдайларда барлық типтегі бекеттер мен озу пунктерінде, не болмаса өздерінде локомотивтің немесе вагондардың маневрі және құрамнан ағытылуы және құралған поездардың ажыратылуы қарастырылмаған бойлық немесе жартылай бойлық типтегі аралық станцияларда немесе «ҚТЖ» ҰК» АҚ рұқсатымен станциялық алаңшаның шегінде 0,0025-тен асатын еңістерге жол беріледі. Пайдаланудағы станцияларда қабылдау-жөнелту жолдарын ұзартқан жағдайда және вагондардың немесе құрамдардың (локомотивтің) өздігінен жылжып кетуінің алдын алу шараларының шарттары орындалған жағдайда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рұқсатымен 0,0025-тен асатын, алайда 0,010-нан тік емес еңістерге жол беріледі. Станцияларда, бекеттерде және озу пунктілерінде немесе құрылымдардың (локомотивсіз) өздігінен жылжып кетуіне жол бермеу үшін өздерінде локомотивтердің вагондардан ағытылуы және маневрлік операцияларының жүзеге асырылуы қарастырылатын жаңадан салынған және қайта құрылған қабылдау-жөнелту жолдарының шектегіш стрелкалардың жағына қарай бағытталған қарсы еңістері бар бойлық пішінге ие болуы және оның жобалау нормативтеріне сәйкес болуы тиіс. Вагондардың басқа жолдарға поездарды қабылдау және жөнелту маршруттарына өз бетімен шығып кетуінің алдын алу үшін сақтандырғыш тұйықтарын, қорғағыш стрелкаларын, лақтырғыш табаншалардың, лақтырғыш, лақтырғыш стрелкалардың ораналастырылуы, сондай-ақ вагондарды бекіту үшін тұрақты құрылғыларды қолдану қарастырылуы тиіс Станциялар, айырықтар және озу пунктілерінің еңістерде орналасқан барлық жағдайларында белгіленген салмақтық нормадағы поездардың орнынан қозғалуының шарттары және поездарды локомотивтердің қосымша тежегіштерімен ұстап тұру шарттары қамтамасыз етілуі тиіс. Станциялардың, айырықтардың және озу пунктілері, сондай-ақ жекелеген парктер және тартымдық жолдар тұзу телімдерде орналасуы тиіс. Қиын жағдайларда оларды радиусы кем дегенде 1500 м қисықтарда орналастыруға жол беріледі. Ерекше қиын жағдайларда қисықтың радиусын 600 м-ге дейін, ал таулы жағдайларда - 500 м-ге дейін азайтуға жол беріледі. Жолдардың жоспар-жобасын және пішінін құрал-саймандық тексеру, тиісті техникалық құжаттама әзірлеу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру, сондай-ақ. Станциялардың масштабтық және сұлбалық жоспарларын құрастыру бойынша жұмыстарды орындау үшін жобалау институттарын, жобалау-зерттеу және жобалау-сметалық топтарды тарта отырып «ҚТЖ» ҰК» АҚ жол департаментіне жүктеледі. Жол дистанцияларында мыналар болуы тиіс: - жол шаруашылығының дистанцияларындағы қолда бар барлық құрылыстары мен құрылғыларының сызбалары мен сипаттамалары, сондай-ақ тиісті стандарттар мен нормалар; - станциялардың масштабтық және сұлбалық жоспаралары, жолдың локомотивтері айналатын барлық басты және станциялық жолдардың, сұрыптау дөнестерінің, сондай-ақ темір жолдың кірме жолдарының бойлық пішіндері. Сұрыптау телімдік және жүктік станциялардағы сұрыптау дөнестерінің, дөнесасты және пішінделген тартымдық жолдардың бойлық пішіндері кем дегенде ұш жылда бір рет тексерілуі тиіс. Барлық станциялардың жолдарының қалған ұзындықтарында пішін кем дегенде 10 жылда бір рет тексеріледі. Станциялардағы басты жолдардың бойлық пішіні жолдардың кұрделі және орташа жөндеу мерзімінің кезінде тексеріледі. Тексерудің нәтижелері бойынша пішіндерді түзету жөніндегі нақты мерзімдер белгіленеді. Жоспар-жоба мен пішіннің өзгеруін әкелетін жолдың қайта құрылуы және басқа жұмыстар жұргізілетін жол телімдерін жұмыстарды жұргізушілер оларды аяқтап болғаннан соң, тексерге отырып жол дистанциясына, ал станцияларда сонымен қатар станцияның бастығына тиісті құжаттаманы өткізеді. Станцияның аумағында жаңа объектілерді тұрғызғанда, пайдаланудағыларын кеңейткенде немесе басқа орынға ауыстырғанда, осындай жұмыстарды жұргізуші кез келген ұйым станцияны пайдалану барысындағы дамуына объектінің таңылуын белгілейтін атқарушылық құжаттаманы кідіріссіз жол дистанциясының директорына және станцияның бастығына тапсыруы тиіс.
БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ: 1. Жер төсемесі дегеніміз не? 2. Жер төсемесіне қойылатын талаптар 3. Түзу жол телімдерінде жер төсемесінің ені қандай болады? 4. Жолдың жоспар-жобасы мен пішіні
|
|||
|