Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Сарапшылар



 

 

1. Гүлзира Улешова –келінім бұзылған 2. Бақытжан Улешов –әйелім көзіме шөп салды 3. Диас Бақытжанұлы -Захиданыңбаласы 4. Гүлшат Халхожаева -келінім жеңіл жүрісті 5. Захида Тошхухаева– қыздарымды ешкімге бермеймін 6. Гүлзира Жұмабекқызы - Захиданың көршісі

 

 

Сарапшылар

 


Жанәділ Райымбеков - отбасылық коуч 8 707 601 40 00 Сейілхан Нұрпейіс - қоғам белсендісі
Жұпаргүл Бейсенова - Психолог 8 707 350 62 14 Сандуғаш Есенбек - журналист
Бағдат Амандосұлы - заңгер 8 701 277 28 76 3. Гүлім Кабдуллина - кәсіби медиатор 8 778 668 19 89

 

 

Шапка Келінімнің жезөкше екенін бүкіл ауыл біледі. Түркістан облысының тұрғыны Гүлзира Улешова келінде кеткен немерелерді қайтарып алуды қалайды. “Өзі жеңіл жүрісті әйел балаға не тәрбие береді”,-деп күмәнмен қарауда ашынған ене   Армысыздар! Сіздермен бірге Дина Төлепберген
    Арнамызда шағын жарнама. Жарнамадан соң әке мен әже немерелерімен қауышады. Астарлы Ақиқат қосулы болсын.
  Көпбалалы ана, көпкүйеулі әйел. Захида Улешованың Бақытжаннан бес баласы бар. Және Бақытжаннан бөлек екі күйеуі бола жаздаған. Құлаққа ерсі естілетін бұл жағдай Түркістанда орын алды. Сарығашқа тұрмысқа шыққан келіншек, төркінге кеттім деп, Қазығұрта жаңа отбасының шымылдығын аттайды. Неге деген сұрағымызға, “көзім қарауытып, не істеп қойғанымды білмеймін” деп қысқа қайырды. Алайда артынша көп жыл сарымайдай сақтаған өтірігін өзі әшкере етті. Мүгедек күйеуінен көңілі суып, енесінен зәбір көріп, басқа жақтан рахат іздедім дейді. Келіннің әуселесі белгілі болды. Ал балалардың болашағы не болмақ? Әкесі Бақытжан балаларға бас-көз бола ала ма? Дәл қазір білеміз.
СЮЖЕТ 1   Шум 0008 00.55 Ол өзі жаман жолда жүрген кезде анаған қалай тәрбие береді. Қыздарға. 01.00   ЗКТ: “Қарттық кеп, немерелерімді көз қуаныш етем бе деп жүргенде, келінім ұлымның көзіне шөп салды”,- дейді Гүлзира Улешова. Түркістан облысы тұрғынының айтуынша, келіні баласымен некеде бола тұра бірнеше рет өзге жас жігіттермен көңіл қосқан көрінеді. Зейнет жасындағы әжейдің бар уайымы бес бірдей немересінің болашағы. Төркінге кеттім деп төсек жанғыртып жүрген келінім онбады деп налиды әжей.   СНХ: ГҮЛЗИРА УЛЕШОВА - келінім жаман жолға түсіп кетті 01.38 Мен төркініме кеттім дейді. Бірақ кетпейді екенда. Ол төркінге. Осындай жаман жолдарда жүрген екен. Кейін біз 2019 дан бастап біле бастадық. Соның сондай жолда жүргенін. 01.50 СНХ: 03.26 Алып берулеріңізді өтінемін. Сол немерелерімді. Заңды онша біле білмегенннен кейін не істерімді білмей сасқалақтап қалдым мен. «жылап тұрады» 03.40 ЗКТ:Бес бірдей баланың анасы анайылыққа баруы мүмкін бе? Келінін жезөкшеге балаған ененің ендігі амалы не болмақ? Астарын ақтарамыз.
Жүргізуші Ендеше, Гүлзира Улешованы студияға шақырамыз!
  • Келініңіз басқа біреуге қалай тұрмысқа шығып жүр? Барлығын басынан бастасаңыз.
  • Қанша бала-шағаңыз бар?
  • Ұлыңызбен қашан отау құрды?
  • Ұлыңыздың денсаулығында кінәрат бар екен? Не жағдай болды? ( 3 топтағы мүгедек)
  • Мүмкін мүгедектігін көтере алмай кеткен болар?
  • Қандай келін болды?
СЮЖЕТ 2 LED- видео Немерелерінің әжесімен бірге түскен суреті
 
  • Қанша немереңіз бар??
  • Ұлыңызбен бірге тұрасыздар ма?
  • Ол үй кімнің атында?
  • Қазір келініңіз қайда?
Жүргізуші Біздің түсірілім топ Талас ауданы, Қаратау қаласындағы Захида келіңіздің құрбысымен сұқбаттасқан еді.Экранға назар аударайық
Сюжет 3 СНХ: ГҮЛЗИРА Жұмабекқызы - Захиданың көршісі 01.47Кез келген адамға жүгіріп көмектесесің ғой. Бірақ жаңағы неше түрлі адам кезігеді. Мен бұны басында сынадым. Мүмкін шын айтып жүр ма. Қандай жағдайда ажырасып келді. Бұның психологиясы қандай деп. Бір жылдың ішінде көзім жетті. Бұның артық еш нәрсесін байқаған жоқпын. Бұрынғы өміріне жауап бере алмаймын ғой. Білмеймін ғой. Қазір мен білгелі бері біреуге массаж жасасада қолынан келеді. Үйін жинап берсе де баня жуса да әйтеуір ақша тауып, өзінің жанын, балаларын асырап отыр.02.17
Гүлзира
  • Мына кісіні танисыз ба?
  • Массаж жасап күн көре ме келініңіз?
суфлер Бес бірдей баласы мен күйеуіне қарамай, өзгеге тұрмысқа шықпақшы болған келіннің ақиқаты қандай? Көп балалы ана қазір қайда? Жарнамадан кейін білеміз!
  РЕКЛАМА 1
Суфлер Келіннің кесір қылығына ашынып келген Түркістан облысының тұрғыны Гүлзира Улешова Астарлы Ақиқатқа жүгінді. Зейнет жасына шыққан әже немерелерінің болашағына алаңдаулы. Себебі келіні төрт баласын алып, өзгенің шаңырағына келін боп түскен деп айды аспанға шығарды. Ал келіннің құрбысы мұның барлығын жоққа шығаруда. Көпбалалы ананың бар ойы жүріс емес, тұрмыс дейді. Кімдікі ақиқат? Астарын ақтару үшін студияға Захиданың құрбы әпкесі Гүлзира Жұмабекқызын шақырамын.
   
Гүлзира көршісі
  •  Захиданы қайдан танисыз?
  • Сол кезде жалғыз өзі ма еді?
  • Оның ата енесі бар екенін білдіңіз ба?
  • Захидаға балаларын алып кетуге көмектестіңіз бе?
Сюжет 4 Захида балаларын алып кеткен видеосы
Гүлзира енесі
  • Келініңіздің қасындағы кім?
  • Балалар өз еркімен кетті ме?
Сарапшыларға
  • Заң аясында балаларды заңгермен алып кетуге құқығы бар ма?
  • Балалардың пікірі маңызды ма?
  • Бұл жағдай бала психолониясына қалай әсер етеді?
Жүргізуші Ұлыңыз Бақытжанның әйелі Захида жайлы пікірін білейікші . Экранға назар аударайық!
Сюжет 5 СНХ: БАҚЫТЖАН УЛЕШОВ – әйелім жезөкше 00.18 Баламның бәрін аударып берсін.Болды 00.20 00.28 Жаман жолға түскен. 00.30 00.37 Екі рет тұрмысқа шықты го ол. 00.39
Гүлзира енесі
  • Балаңыз ашылып ештеңе айтпады. Не себепті?
суфлер Бес баланың әкесі әйелін жаман жолға түсті деседі. Екі жастың арасындағы дау неден басталды? Захида күйеуінің көзіне шөп салғаны рас па? Жарнамадан соң білеміз.
  РЕКЛАМА 2
Суфлер . Түркістан облысының тұрғыны Гүлзира Улешова келінін жезөкше деп айыптайды. Ал Захиданың көршілері ол жайлы басқа пікірде. Келіншек күйеуінің шаңырағынан кеткен соң, Қаратау ауылына көшеді. Төрт баласымен тентіреп жүрген әйелге ауыл тұрғыны Гүлзира қолғабыс етіп, жәрдемдеседі. Ол Захиданы жеңіл жүріске емес, қайта балаларына бауырмал, қазақы тәрбиеде өскен келіндік мінезді байқайды. 15 жыл бір шаңырақта тұрған мүгедек күйеуі керісінше әйелінің көңілі көшедегі еркектерде деп сан соғып отыр. Қырық кісі бір жақ, қыңыр кісі бір жақ. Шын мәнісінде Захида қандай? Жеңіл жүрісті әйел ме, әлде расымен балаларын ойлап сүлесоқ болған ана ма? Дәл қазір білеміз.
Жүргізуші Ендеше, Захиданың экс күйеуі Бақытжанды ортаға шақырамыз!
Бақытжан
  • Әйеліңіз көзіңізге шөп салды ма?
  • Неше жыл некеде болдыңыз?
  • Мүгедексің деп жазғырмайтын ба еді сізді?
  • Әйеліңізге қол көтерген кезіңіз болды ма?
Жүргізуші Әйеліңіз Захида олай ойламайды. Әйеліңіздің сіз жайлы пікірін білейікші. Экранға назар аударайық.
Сюжет 6 Захида күйеуі жайлы С0008 ШУМ: 08.50Баламды көруге барған кезде күйеуім таспен қуалады таксиге. Қыздарымды әпкеме тастап бардым. Таспен қуалап. Ол жерде көре алмадым. Іш болмаса көріп, құшақтап сөйлесіп кетейінші деп. Балам кеп жатыр, қайным ұрып ұрып баламды алып кетті сол кезде. Мақұл дедімда кеттім09.09
Бақытжан
  • Әйеліңіздің айтып отырғаны рас па?
  • Балаларды көруіне неге қарсы болдыңыз?
  • Қыздарыңызды соңғы рет қашан көрдіңіз?
Гүлзира енесі
  • Келініңіз екі немереңізді қай уақытта алып кетіп еді?
  • Артынан іздеп бардыңыздар ма?
  • Немерелеріңізді сағындыңыз ба?
Жүргізуші Төрт бірдей немереңіздің қазіргі жағдайы қалай екен? Экранға назар аурайық
Сюжет 7 СНХ? Захида балаларымен ШУМ: 03.44Ертең дүйсенбі күні күреске барасын иа. Сымбат сенікі ше. Таэквандо иа. Жақсы ма? Иа.«сабақ оқып отырады» 4.25
Гүлзира енесі
  • Немерелеріңіздің жүзінде күлкі. Анасымен бірге жақсы тұрып жатқан секілді. Сіз неге алаңдайсыз?
  • Жақсы тәрбие бере алады ма?
  • Қыздар сабаққа барып жүр екен. Ауылдағы мектептен анасы шығарып алды ма?
Гүлзира көршісі
  • Захиданың қыздарын танисыз ба?
  • Кір-қожалақ емес пе?
  • Мектепке орналасқан ба?
Сарапшылар
  • Захиданың бойынан жаман қасиеттер байқалады ма?
Бақытжан · Бес балам бар дедіңіз. Тұңғышыңыз қайда?
Жүргізуші Тұла бойы тұңғышыңыз Диастың анасы жайлы пікірін білейікші. Экранға назар аударайық.
Сюжет 8 ДИАС БАҚЫТЖАНҰЛЫ - анамды жек көрем   ШУМ 00.20Ол жаман жолдарға түсіп, екі күйеуге тиіп кетіп. Әкемді алдап жүрді го. Өзі кеткен кезде әкем қараған00.34 00.36 Ол еще мені інім деп таныстырған гой.Осы ауылда ма? Жоқ басқа жақта00.47
Гүлзира енесі · Немереңіз анасы жайлы неге осындай ойда?
Суфлер Захиданың тұла бойы тұңғышы Диас туған анасынан не үшін теріс айналды? Ана мен бала қайта қауыша алады ма? Жарнамадан соң білеміз.
  РЕКЛАМА 3
Суфлер Келінім - жезөкше. Сарыағаш ауданы, Зортөбе ауылының тұрғыны Гүлзира Улешованың айтуынша келіні бес бірдей баласын тастап, безген. “Жас жігіттермен көңіл қосқан 36 жастағы келіншектің қылығы дүйім ауылға аян. Досқа күлкі, дұшпанға таба еткен келінім кетсін, немерелер бізде қалсын”,- дейді ашынған ене. Ал келіннің тұнғыш баласы анасының анайы жолға түскенің өз көзімен көріп, алыстан араласуды қалайды. Эфирде астарлы ақиқат. Жалғастырамыз.  
Жүргізуші Ендеше, ортаға Бақытжан мен Захиданың тұңғыш балалары Диасты шақырамын.
Диас
  • Диас, жасың қаншада?
  • Анаңды соңғы рет қашан көрдің?
  • Қазір кіммен тұрып жатырсың?
Сюжет 9 Диас бауырларымен бірге түскен фотолары
 Диас · Қарындастарыңды сағындың ба? (Диасқа рақмет айтып, шығарып салу керек)
Гүлзира көршісі
  • Захида Қаратауда кімнің үйінде тұрып жатыр?
Жүргізуші Захиданың тұрмыс тіршілігімен танысып қайтқан едік. Экранға назар аударайық.
Сюжет 10 Захиданың тұрмысы, үй іші   ШУМ: 00.40Мынаның ішінің барлығы жанып кеткен еді.Мыналардың бұрыштарының шеттерінің барлығы көрініп кеткен еді. Қолымнан өзі келер еді. Өзім әбден қыш құйып, стяшка құйып, фундамент құйып жүрген адаммын. Осының барлығын өзім сыладым. Жанып іші жаман болып кетіп еді. 01. 02 01.40 Мына полымды да өзім қақтым. Дспымды да алып кеп, екі дсп қосып, астына ағаш қылып өзім қақтым. 01.48
Суфлер 15 жыл бір әулетке келін боп, бес бала сүйген әйелді не түлен түртті? Отағасын тастап, от басып ойнас жасаған келіннің ақиқаты қандай? Төркінін төсек еткен Захидамен ертең қауышамыз. Сау болыңыздар!

 

2 серия

Шапка Немере - жаным! Түркістан облысының тұрғыны Гүлзира Улешова немере деп Астарлы ақиқатқа келді. Айтуынша, келіні жеңіл жүріске салынып, балаларды ойлаудан қалған. 15 жыл отасқан әйелін күйеуі де жезөкшеге балайды. Ең сорақысы, туған баласы анасынан теріс айналды. Бүтін бір әулетті зәрезап еткен келін қазір қайда? Захидамен тілдеспес бұрын, кешегі хабарды еске түсірсек.
Сюжет анонс  
Жүргізуші Ендеше, Захиданы студияға шақырамыз!
Захида
  • Енеңіз сізді жезөкше деп айыптап отыр? Бұл рас па?
  • Барлығын басынан бастасақ. Қай жылы келін болып түстіңіз?
  • Өзіңіздің отбасыңыз қайда? Ата анаңыз қай жерде тұрады?
  • Күйеуіңіз жұмыс жасайтын ба еді?
  • Гүлзира сізге қандай ене болды? деген сұраққа жауапты тілшілермізге берген едіңіз. Көрейік.
 СЮЖЕТ 11 Захида С0008 ШУМ: 01.45Кейін кетем деген кезде енем айтты. Кетсең кете бер ертең барып жексұрын болып отырасыңда. Мына бір жаман сөзбен айтты сол кезде01.50 03.15 Таможнияда екі қабат болсамда аяғымнан су өтіп самса саттым. Деклорация жаздым. Каропка каропка жүк тасыдым. Түнделеп келем. Өткізбей қояды. Жүгімізбен өткізбейді. Енеміздің қасынан өтеміз. Сен жаман сөзбен айтады. Сен сондайғып келіп жатсың ба. Қай жақтан келіп жатсың сен. Сен бай сұрап жүрсің ба деп. Жаман сөздер қылып айтар еді маған. Үндемей өтіп кетем. Қолымда бала шағамның жейтін тамағы. Нестим. Осылар аш қалмасын, носкиі бар балалар жақсы жесін жеп 03.48
Гүлзира енесі
  •  Сіздер о бастан алауыз, қырықпышақ болдыңыздар ма?
Захида
  • Қазір қайда тұрып жатырсыз?
  • Ол үйді сатып алдыңыз ба?
  • Қыздарыңыз жаныңызда ма?
 Диас
  • Анаңды сағынбадың ба?
  • Не үшін анаңның қасына отырғың келмейді?
суфлер Захида күйеуінің көзіне шөп салғаны рас па? Бізден не жасырғаны бар? Жарнамадан кейін білеміз!
  РЕКЛАМА 1
суфлер  Эфирде Астарлы Ақиқат! 15 жыл бір әулеттің отымен кіріп, күлімен шыққан Захида төрт баласын алып, төркінге кеттім деп тайып тұрады. Ененің айтуынша төркін деп жүргені басқа бір жігіттің төсегі. Журналистер көпбалалы ананы Жамбыл облысына қарасты Қаратау қаласынан тапты. Қасында әлгі көңілдесі жоқ, балалары бүтін. Бұл ене мен келіннің дауынан туған қауесет пе? Әлде Захида расымен күйеуін тасада қалдырып тұрмысқа шықты ма? 36 жасар келіншектің махаббат дастаны қалай басталып немен бітті. Өзінен сұрап білейік.
Жүргізуші: Захида
  • Күйеуіңнің туыстарымен қарым қатынасың қалай?
  • Араласып тұрасың ба?
  Енеңіздің абысыны сіз жайлы не дейді екен? Экранға назар аударсақ
Сюжет 12 Гүлшат Халходжаева – Захиданың жеңгесі Шум: 00.20Біз машинада кетіп бара жатқанда біздің телефонымызға біреу звандады. Өйтіс өйстіп қыздарыңды алып қашып кеттік деп. Кейіп мен айтам бізде әулетте қыз жоқ. Қандай алып қашу десем. Осындай осындай деп атын өзгертіп алыпты да ол. Сымбат деп. Оның өзің аты Захида еді. Сөйтіп кейін ондай қыз жоқ дедім. Бұл әулетте бес баласы бар. Байы бар. Отаны бар басында дедім. Со келіншек бар басқа ешкендай қыз тұрмайды десем. Сосын хабаршылар келгеннен соң қосылып барсақ отыр төбеде орамал жамылып алған. Сол жерде ұрыс жанжалмен қайтып алып келдік 00.52
Жургізуші Ендеше ортаға Гүлшат Халходжаневаны шақырамыз.
Гүлшат · Бұл оқиға қашан, қалай болып жүр · Захиданы алып кетуге жалғыз бардыңыз ба? · Ол кісілерді танисыз ба?
Захида
  •  Захида бұл әрекетіңді қалай түсіндіресің?
Захиданы аздаған уақытқа ғана келін еткен үйдің адамдарды сұқбат берген еді. Экранға назар аударсақ.
Сюжет 13 СНХ: Звук– Захиданы алып қашып келген үй 03.38Беташар болды. Қуғыншы келді. Қуғыншыны кит беріп шығарып салдық. Екі тамақ беріп. Оған ақша бердік 75 мың. Қыздың өлі тірісі деп. 95 пін деп танысқан. 04.02
Захида
  • Бұл кісі кім?
  • 95 жылғымын деп танысқаның рас па?
  • Ол жігітпен қайда таныстың?
  • Қуғыншы болып барған жігіт туысыңыз ба?
Сарапшылар
  • Жын кіріп кетуі мүмкін ба?
  • Әйел адам мұндай қадамға не үшін баруы мүмкін?
суфлер Захиданы алып қашып кеткен кімдер? Олар енді келіншектен не талап етіп отыр? Жарнамадан соң білеміз.
  РЕКЛАМА 2
Суфлер  “Туған келінімнің артынан хабаршы келді. Қуғыншы боп жеңгесі барды. Төркінге кеттім деген келін, өзінің тұрмыста екенін жасырып, бір жігітке тұрмысқа шығып алған. Орамал тағып сызылып отырған ол байы мен бес баласын ойлайтын адам емес, жезөкше”,- дейді ашынған ене. Ал Захиданың көршілері ол жайлы басқа пікірде. Бір шаңырақ астында тату тәтті өмір сүріп жатқан отбасының тыныштығын бұзуға не себеп болды? 15 жыл отасқан күйеуі Захиданы не үшін кешіре алмайды? Бес бірдей бала ендігіде кіммен күн кешпек. Эфирде астарлы ақиқат және біз жалғастырамыз.
Гүлшат
  • Захиданы кім әкеліп тастады?
Жүргізуші Сол сәтке оралайықшы. Қалай болды. Экранға назар аударайық.
Сюжет 14 Захида үйіне әкеп тастаған кез
Бақытжан
  • Осы оқиға болмай тұрып Захидадан ештеңе байқалмады ма?
  • Бірге отырып сөйлестіңіздер ме?
  • Бірнеше күн үйде болмаған соң артынан іздедіңіз бе?
Захида
  • Не үшін күйеуіңнен кеткіңіз келді?
  • Ол жігітпен қайда таныстыңыз?
Гүлзира көрші · Захида осындай әрекетке баруы мүмкін бе?
Сарапшылар
  •  Орта адамды өзгертуі мүмкін бе?
  • Бұндай жағдай әйел адамның психологиясына қалай әсер етеді?
Гүлзира енесі
  • Осы жағдайдан кейін келініңізге деген көзқарасыңыз қалай болды?
Суфлер Әкесі ұл-қызын, әжесі немерелерін көретін сын сағаты жақындады. Әзірге жарнамаға үзілуге мәжбүрміз.
  РЕКЛАМА 3
Суфлер Тұрмыста боп тұрмысқа шыққан келін Захида бұл әрекетінің салдарын “бойыма кірген жынның ісі”,- деп түсіндірді. Ал мүгедек күйеуі мен тұңғыш ұлы Захиданың тірліктерінен соң, ауылға қарабет болдық деп күйініп отыр. Төркінге кеткен келіншектің төрт баласы үйге қайта ма? Захида мен Бақытжан қайта қосылуы мүмкін бе? Дәл қазір білеміз.
Диас
  • Диас, саған сабақ оқуға кім көмектеседі?
  • Нешінші сыныпта оқисың?
  • Болашақта кім болғың келеді?
  • Қарындастарың мектепке барады ма?
Жүргізуші Балдардың мектептегі үлгерімі қалай екен экранға назар аударайық.
Сюжет 15 Раушан Серікбайқызы -№18 Абай атындағы жалпы орта мектептің тәрбие жөніндегі орынбасары 00.19 Бұрынғы кезде мамасы бар кезде балалардың сабаққа қатысуы нашар болған көп сабақтан қалатын еді.Мамам жоқ. Мамам жұмысқа кетті деп сондай сылтау айтатын. 00.32
Захида
  • Балаларыңыздың сабақ үлгерімі қалай?
  • Сабақтан жиі қалатын ба еді?
  • Балалардың сабақ оқуын қаншалықты қадағалайтын едіңіз?
Жүргізуші  Ендеше, ортаға Диастың қарындастарын шақырамын.
Қыздар
  • Алматыға қалай жеттіңдер? Алматы ұнады ма сендерге?
  • Нешінші сынып оқисыңдар?
  • Әкелеріңе барғыларың келеді ме?
  • Әжелерің жақсы ма?
Жүргізуші Балалар кіммен тұратынын өздері шешсін. Айта қойыңдаршы кіммен бірге тұрғыларың келеді? “Барлығынан сұрап шығу керек”.
Суфлер Ұлын ұяға қондырып, қызын ұзатар шақта өзі ұзатылуға шақ қалған Захиданы ақтай алмаймыз. Енесін елең құрлы көрмей, мүгедек күйеуіне мүсәпірлікпен қарап, нәпсінің жетегінде кеткен келіншектің кешегісі күңгірт болғанымен, болашағы бұлыңғыр болмасын деп тілейміз. Бүгінге осы, сау болыңыздар!

 

 




  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.