Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Ибрагимов Абылай. Law-kz, 1A



Ибрагимов Абылай

       ID:210401003

           Law-kz, 1A

Эссе

                            Отбасылық құқық қатынастар

Отбасы құқықтық қатынастары - бұл неке, туыстық, асырап алу немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған құрылғының басқа нысандарында туындаған отбасылық құқықтық қатынастар.

Неке – ерлі-зайыптылар арасындағы мүліктік және мүліктік емес қатынастарды туғызатын, отбасын құру мақсатымен заңдарда белгіленген тәртіппен тараптардың ерікті және толық келісімі жағдайында жасалған еркек пен әйелдің арасындағы тең құқықты одағы.

Неке қию тәртібі бойынша некеге отырғысы келген азаматтардың арыздары алдымен азаматтық хал актілерін жазатын мемлекет органдарының кітабына жазылады да, некені қию некеге тұруға тілек білдірушілер азаматтық хал актілерін жазу органына арыз берген күннен бастап бір ай мерзім өткен соң жүргізіледі. Дәлелді себептер болған жағдайда неке қиюды мемлекеттік тіркеу орны бойынша азаматтық хал актілерін жазу органы бір ай өткенге дейін некені қиюға, сондай-ақ осы мерзімді ұзартуға, бірақ бір айдан аспайтын мерзімге ұзартуға рұқсат етуі мүмкін.

Ерекше мән-жайлар болған кезде жүкті болу, бала тууы, бір тараптың өміріне тікелей қауіп төнуі және басқа ерекше мән-жайлар неке өтініш берілген күні қиылуы мүмкін.

Некені қию үшін некеге отыратын адамдардың өзара келісімі және олардың неке жасына жетуі қажет. Неке жасы Қазақстан Республикасының заңы бойынша 18 жас болып белгіленеді. Дәлелді себептер болған жағдайда мемлекеттік тіркеу орны бойынша азаматтық хал актілерін жазу органдары неке жасын екі жылдан аспайтын мерзімге төмендетуі мүмкін. Неке жасын төмендету туралы өтінішті некеге тұруға тілек білдірушілер немесе олардың ата-аналары, не қорғаншылары белгіленген неке жасын төмендету қажеттігін туғызатын себептерді көрсете отырып қозғай алады. Бірақ барлық жағдайларда неке жасын төмендетуге иек некеге тұрушылардың келісімімен ғана жол беріледі.

Некеге тұрған адамдардың қалауынша неке шарты жасалуы мүмкін. Неке шарты – нотариуспен расталған, некеге тұратындардың құқықтық жағдайын анықтайтын шарт болып табылады.

Төмендегідей жағдайларда: некеге отыратын адамдардың бірі болса да басқа адаммен некеде тұрса; бір атадан, бір анадан туған туыстардың, бір әке-шешеден туған, әкесі не шешесі бөлек бауырлардың, сол сияқты бала қылып алушылар мен бала болып алынғандардың бір-бірімен некеге отыруына; екі адамның біреуі болса да ақыл-есінің ауысуы немесе ақыл-есінің кемдігі салдарынан сот әрекет қабілеттілігі жоқ деп танылған адамдарға некеге тұруға жол берілмейді.

Неке ерлі-зайыптылардың өлгені немесе оны өлді деп немесе хабар-ошарсыз кеткенін жариялау салдарынан, сол сияқты, жұбайлардың көзі тірісінде олардың екеуінің немесе біреуінің өтініші болса тоқтатылады.

Бірақ әйелдің жүкті кезінде және бала туғаннан кейін бір жыл бойы, әйелінің рұқсатынсыз некені бұзу туралы ерінің іс қозғауға құқы жоқ.

Некені бұзу туралы істерді сот арқылы шешу. Сот жұбайларды татуластыруға шаралар қарастырады. Сот істі қарауды кейінге қалдырып, татуласу үшін жұбайларға үш ай көлемінде мерзім тағайындай отырып, істі қарауды кейінге қалдыруға құқылы. Егер жұбайлардың бұдан әрі бірлесіп өмір сүруі және отбасын сақтауға мүмкін емес екендігін сот анықтаса неке бұзылады. Некені сот тәртібімен бұзу ерлі-зайыптылар некені бұзу туралы арыз берген күннен бастап кемінде бір ай өткен соң жүргізіледі.

Төмендегідей істер жайында сот шешім қабылдауы қажет:

- ажырасқалы отырған ата-аналардың қайсысында қай баланы қалдыруды анықтайды. Сондай-ақ баланы асырау үшін ата-анасының қайсысынан және қандай мөлшерде алимент өндіріп алуды белгілейді;

- жұбайлардың немесе олардың біреуінің өтініші бойынша жалпы ортақ меншік болып табылатын мүлікті бөледі;

- жұбайынан күнелтуге қаржы алуға құқы бар, екіншісінің өтініші бойынша өндіріп алынуға тиісті қаржы мөлшерін белгілейді;

- ажырату туралы куәлік берілгенде жұбайының немесе екеуі көлеуге тиісті алым сомасын білгілейді.

оттан басқа, өзара келісім білдірген және т.б. жағдайларда

некені бұзу азаматтың хал актілерін жазатын органдарда төмендегі жағдайларда жүргізілуі мүмкін:

- кәмелетке толмаған, балалары жоқ жұбайлардың некесі;

- заңда белгіленген тәртіп бойынша хабар-ошарсыз кетті деп танылған адамдармен неке;

- әрекет қабілеттілігі жоқ деп танылған адамдармен неке;

- қылмыс жасағаны үшін кемінде үш жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына сотталған адамдармен неке.

Егер бұл жағдайда келіспеушілік туындаса, онда неке бұзу сот арқылы жүргізіледі.

Отбасы

Отбасы – некеден, туыстықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиеге алудың өзге де нысандарынан туындайтын мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге байланысты және отбасы қатынастарын нығайту мен дамытуға жәрдемдесуге тиісті адамдар тобы. Ата-аналар мен балалардың өзара құқықтары мен міндеттері баланың заңды белгіленген тәртіп бойынша куәландырылған тегіне негізделеді.

Ерлі - зайыптылардың жеке құқықтары мен міндеттері

Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттері азаматтық хал актілерін жазу оргндарында некеге тұру мемлекеттік тіркелген күнінен бастап туындайды. Ерлі-зайыптылар тең құқықтарды пайдаланады және тең міндеттер атқарады.

Олардың әр қайсысы қызмет, кәсіп түрін, тұрғылықты жерін таңдауға ерікті. Ана, әке болу балаларды тәрбиелеу, оларға білім беру мәселелері мен отбасы өмірінің басқа да мәселелерін ерлі-зайыптылар бірлесіп шешеді. Ерлі-зайыптылар отбасындағы өз қатынастарын өзара силастық және өзара көмек негізінде құруға отбасының игілігі мен нығаюына жәрдемдесуге, өз балаларының денсайлығына, өсіп жетілуіне және олардың әл ауқаты жағдайына қамқорлық жасауға міндетті.

 

Отбасылық құқық қатынастарының субьектілері:

1. ерлі-зайыптылар;

2. балалар;

3. басқа отбасы мүшелері мен жақын туыстары;

4. заңмен белгіленген басқа да адамдар.

 

Обьектілері:

1. отбасының мүшелері арасында туатын өзіндік және мүліктік қатынастар;

2. некені қиюдың тәртібі мен шарттары және оны жою;

3. ата-анасының қарауынсыз қалған балаларды басқа отбасыға орналастыру және т.б. болып табылады.

Ерлі – зайыптылардың мүліктік емес жеке құқықтары.

 

Некеге тұрку кезінде ерлі – зайыптылар өз тілектері бойынша ортақ тег ретінде өздерінің біреуінің тегін таңдап алады немесе ерлі – зайыптылардың әр қайсысы өздерінің некеге тұрғанға дейін тегін сақтап қалады. Немесе өз тегіне жұбайының тегін қосады. Егер ерлі – зайыптылардың біреуінің некеге тұрғанға дейінгі тегі қосарлас болса, тектерді қосуға жол берілмейді. Ерлі-зайыптылардың біреуінің тегін өзгертуі екінші жұбайдың тегін өзгертуге әкеп соқпайды. Неке бұзылған жағдайда ерлі – зайыптылар ортақ текті сақтауға немесе өздерінің некеге тұрғанға дейінгі тегін қалпына келтіруге құқылы.

Ерлі-зайыптылардың мүліктік емес қатынастарына: айналысатын ісін, кәсібін , мамандығын, тұратын жерін, аты- жөнін, тегін таңдау еркі жатады. Аналық, әкелік, баланы тәрбиелеу, білім беру, отбасының тағы да басқа мәселелерін ерлі – зайыптылар өзара ақылдасып, бірігіп шешеді. Ерлі-зайыптылар отбасындағы өздерінің қатынстарында бір бірін сыйлауға, өзара көмек көрсетіге, отбасының беріктігін нығайтуға, отбасы мүшелерінің балалардың денсаулығын сақтауға, олардың өсуіне дұрыс жағдайлар жасауға міндетті.

Ерлі-зайыптылардың мүліктік құқықтары мен міндеттері.

 

Ерлі-зайыптылар некеде тұрған кезде жинаған мүлік олардың бірлескен ортақ меншігі болып табылады. Ерлі-зайыптылардың некеде тұрған кезде жинаған мүлкіне ерлі-зайыптылардың әрқайсының еңбек қызметінен, кәсіпкерлік қызметтен және санаткерлік қызмет нәтижелерінен тапқан табыстары, ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкінен және ерлі-зайыптылардың әрқайсының бөлек мүлкінен түскен кірістер, олар алған зейнетақылар, жәрдемақылар, сондай – ақ арнаулы нысаналы мақсаты жоқ өзге да арнайы ақшалай төлемдер жатады. Сондай-ақ ерлі-зайыптылардың ортақ кірістерінің есебінен сатып алынған жылжымалы және жылжымайтын мүліктер, салымдар, бағалы қағаздар, жарналар, несие мекемелеріне немесе өзге де коммерциялық ұйымға салынған капиталдағы үлестер және ерлі – зайыптылар некеде тұрған кезінде тапқан басқа да кез келген мүлік, ол ерлі-зайыптылардың қайсысының атына сатып алынғанына, не ақша қаражаттарын ерлі-зайыптылардың қайсы салғанына қарамастан, ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкі болып табылады.

Мыналар ерлі-зайыптылардың әрқайсысының меншігі болып табылады:

- некеге тұрғанға дейін ерлі-зайыптылардың әр қайсысына тиісілі болған мүлік

- ерлі-зайыптылардың некеде тұрған кезеңінде сыйлыққа, мұрагерлік тәртәбәмен немесе өзге де мәміле бойынша тегін алынған мүлік

Әке мен шешенің, өз балалары жөніндегі құқықтары мен міндеттері бірдей болады. Сондықтан егер ата-аналардың ортақ тегі болса, онда балалар сол текпен жүруі тиіс, егер олар ортақ текпен жүрмесе, балалардың тегі ата-ананың келісуі бойынша белгіленеді. Неке жойылған немесе некені заңсыз деп таныған жағдайда, балалар туған кезде алған тегін сақтайды.

Баланың ұлты ата-ананың ұлтымен белгілейді. Егер ата-ананың ұлты түрліше болса, баланың ұлты оның қалауы бойынша оған төлқұжат берген кезде әкесінің немесе шешесінің ұлтымен жазылады.

Балалар жөніндегі ата-аналардың міндеттері:

балаларды тәрбиелеу; балалардың күш-қуатын дамыту; оларды міндетті түрде оқыту; баларды пайдалы еңбекке үйретіп өсіру; жасы толмаған балаларын және көмекке мұқтаж, еңбекке қабілеті жоқ балаларын асырау.

Ал көмек көрсетуден, алимент төлетуден бас тартқан жағдайда мәселе сот арқылы шешіледі.

Жасы толмаған балаларға мынадай мөлшерде алимент өндіріліп алынады: бір балаға төрттен бірі, екі балаға үштен бірі, үш және одан да көп балаға әкесінің немесе шешесінің табысының тең жартысы



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.