Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Тапсырма 2. Ақпараттыы пернетақта арқылы енгізу



Тапсырма 2. Ақпараттыы пернетақта арқылы енгізу

Сандарды пернетақта арқылы енгізу үшін Scannerкласы қолданылады. Аталмыш класс java.util. пакетіне тиісті. Демек, оны программада қолдану үшін алдымен (кластың сипаттамасына дейін, package дан соң) жазу қажет:

import java.util.Scanner;

Содан соң main әдісіне жазамыз:

Scanner S=new Scanner (System.in);

Пернетақтадан енгізілген нақты санды оқып оны х айнымалының ішіне сақтау үшін (х алдын ала сипатталады) жазамыз:

x=S.nextDouble();

Нақты сан емес, бүтін санмен жұмыс жасайтын жағдайда nextDouble орнына nextInt қолданамыз.

Scanner класының құрамына пайдаланушы енгізген мәндерді қабылдауға арналған әдістер кіреді:

- next(): енгізілген жолды бірінші пробелге дейін оқиды;

- nextLine(): енгізілген жолды толық оқиды;

- nextInt():енгізілген int санын оқиды;

- nextDouble(): енгізілген double санын оқиды;

- hasNext(): сөздің енгізілгенін тексереді;

- hasNextInt(): int санның енгізілгенін тексереді;

- hasNextDouble(): double санның енгізілгенін тексереді.

Бұдан басқа Scanner класына nextByte/nextShort/nextFloat/nextBoolean әдістері кіреді, олар nextInt сияқты белгілі деректер типтерін оқиды.

 Мысал 1. Пернетақтадан екі санды қабылдап олардың көбейтіндісінін шығаратын программа құрыңыз.

package prim1;

import java.util.Scanner;

public class Prim1 {

public static void main(String[] args) {

  System.out.println("x,y енгізіңіз");

   Scanner S=new Scanner(System.in);

  double x=S.nextDouble();

   double y=S.nextDouble();

    System.out.println("көбейтінді тең "+x*y);

       }

}

Тапсырма 3. Айнымалылармен жұмыс істеу

Деректерді шығару кезінде %dбелгісін қолдануға болады, бұл белгі орнына аргументтердің бірі қойылатын спецификаторды білдіреді. Спецификаторлар мен оларға сәйкес келетін аргумененттер саны көп болуы мүмкін.

%d спецификаторынан бөлек басқа спецификаторлар қатарын қолдансақ та болады:

- %x: оналтылық сандарды шығару үшін

- %f: қалқыма нүктелі бар сандарды шығару үшін

- %e: экспоненциалды формада берілген сандар үшін, мысалы 1.3e+01

- %c: жеке символды шығару үшін

- %s: жолдық мәндерді шығару үшін

String класының құрамына жолдарға қытысты көптеген пайдалы әдістер кіреді:

- int length() – жолдың узындығын қайтарады (символдарының санын);

- boolean isEmpty() – жолдың бос, бос емес екенін тексереді;

- String replace(a, b) – а символы (литерал немесе char типті айнымалы) b символына ауыстырылған жолды қайтарады;

- String toLowerCase() – бастапқы жолдың барлық символдары жолдыққа түрлендірілген жолды қайтарады;

- String toUpperCase() - бастапқы жолдың барлық символдарың бас символға аустырылған жолды қайтарады;

- boolean equals(s) – егер әдіс қолданған жол әдіс аргументінде көрсетілген s жолымен үйлесетін болса;

- int indexOf(ch) – жолдың ch символының индексін қайтарады (индекс деп символдың реттік нөмірін айтамыз, символдар нөмірі нолден басталады). Символ табылмаған жағдайда -1 қайтарылады. Символ жолда бір неше рет кездесетін болса бірінші кездесудің индексі қайтарылады.  

- int lastIndexOf(ch) алдынғы әдіске ұқсас, айырмашылығы символ жолда бір неше рет кездесетін болса соңғы кездесудің индексі қайтарылады.

- int indexOf(ch,n) – жолдың ch символының индексін қайтарады, тексеруді n индекстен бастайды (индекс символдың реттік нөмірі, символдар нольден бастап нөмірленеді).

- char charAt(n) – жолда n индекстпен белгіленген символдың кодын қайтарады (индекс символдың реттік нөмірі, символдар нольден бастап нөмірленеді).

Мысал 2. Бүтін типті айнымалылардың мәнін экранға шығаратын қарапайым программа құрыңыз:

package prim2;

public class Rrr {

 public static void main(String[] args) {

 int a=5;

 int b=12;

 System.out.printf("%d,%d",a,b);

 }

 }

Кодты орындау нәтижесі: 5, 12

Нәтижені шығару жолын өзгертіңіз:

1) System.out.printf("a=%d,b=%d\n",a,b);

2) System.out.println("a="+a);

 System.out.println("b="+b);

 

Мысал 3. Биттық операторлар және %: DemoOperators.java

package prim3;

 public class DemoOperators {

public static void main(String[] args) {

System.out.println("5%1=" + 5%1 + " 5%2=" + 5%2);

int b1 = 0xe;//14 немесе 1110

int b2 = 0x9;//9 немесе 1001

int i = 0;

System.out.println(b1 + "|" + b2 + " = " + (b1|b2));

System.out.println(b1 + "&" + b2 + " = " + (b1&b2));

System.out.println(b1 + "^" + b2 + " = " + (b1^b2));

System.out.println( "~" + b2 + " = " + ~b2);

System.out.println(b1 + ">>" + ++i + " = " + (b1>>i));

System.out.println(b1 + "<<" + i + " = " + (b1<<i++));

System.out.println(b1 + ">>>" + i +" = " + (b1>>>i));

}

}

Кодты орындау нәтижесі:

5%1=0 5%2=1

14|9 = 15

14&9 = 8

14^9 = 7

~9 = -10

14>>1 = 7

14<<1 = 28

14>>>2 = 3

Мысал 4.Жолдармен жұмыс істеу

public class Main { public static void main(String[] args) { String s1 = "firefox"; System.out.println(s1.toUpperCase()); // «FIREFOX» шығарады String s2 = s1.replace('o', 'a'); System.out.println(s2); // «firefax» шығарады System.out.println(s2.charAt(1)); // «i» шығарады int i; i = s1.length(); System.out.println(i); // 7 шығарады i = s1.indexOf('f'); System.out.println(i); // 0 шығарады i = s1.indexOf('r'); System.out.println(i); // 2 шығарады i = s1.lastIndexOf('f'); System.out.println(i); // 4 шығарады i = s1.indexOf('t'); System.out.println(i); // -1 шығарады i = s1.indexOf('r',3); System.out.println(i); // -1 шығарады }}


  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.