Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Шымкент қаласы мәслихатының кезекті VII шақырылымдағы депутаттарын сайлау қорытындысы туралы хабарлама



Шымкент қаласы мәслихатының кезекті VII шақырылымдағы депутаттарын сайлау қорытындысы туралы хабарлама

       2021 жылы 10 қаңтарда Шымкент қаласы мәслихаты депутаттарының кезекті сайлауы өтті.

       Қала бойынша сайлаушылар тізіміне 617 207 азамат енгізілді, оның                  348 644 адамы немесе 56,5 пайызы бюллетень алды.

       Дауыс беруге 340 181 адам қатысты, 831 сайлаушы үй-жайынан тыс жерде дауыс берді.

       Сайлауға 5 саяси партия қатысты.

       Саяси партияларға дауыс беру кезінде келесі дауыстар берілді:

       Қазақстан халық партиясы - 4 351 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 1,3%;       «Nur Otan» партиясы - 261,213 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан дауыстарының 78,63%;       «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы - 31 355 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 9,44%;       Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясы - 31 876 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 9,60%;       «АДАЛ» саяси партиясы - 3 411 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 1,03%.       Дауыс беруге қатысқандар санынан сайлаушылар дауысының жеті және одан көп пайызын алған саяси партиялар үшін депутаттық мандаттардың келесі бөлінуі белгіленді:       «Nur Otan» партиясы - 24 мандат;       «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы - 3 мандат;       Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясы - 3 мандат.                                         Шымкент қаласының аумақтық сайлау комиссиясы


  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.