Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Медициналық қалдықтарды жинау тәртібі



 

                                                                                                 «БЕКІТЕМІН»

ШЖҚ «Созақ аудандық                                                                                                                                          

орталық ауруханасы» МКК бас дәрігері

______________ Т. Қалдыбеков

                                                                      «___»_____________ 2021 ж.                                                                                                                     

 

 «Медициналық ұйымның атауы» медициналық қалдықтармен жұмыс жасау жүйесін ұйымдастыру мақсатында және ҚР ДСМ 2020.11.08 «Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» № 96/2020 бұйрығына сәйкес

бұйырамын:

Медициналық қалдықтармен жұмыс жасау бағдарламасы әзірленсін және бекітілсін;

Медициналық қалдықтарды жинау, зарарсыздандыру, сақтау және шығаруды бақылау бойынша жауапты болып Тегі, Аты, Әкесінің аты тағайындалсын.

 

Медициналық қалдықтармен жұмыс жасау бағдарламасы

 

Медициналық қалдықтармен жұмыс жасау бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) «медициналық ұйымның атауы» медициналық қалдықтарды мыналарға сәйкес:

1) жиналатын қалдықтардың сыныптар бойынша құрамына;

2) медициналық қалдықтарды жинау тәртібіне;

3) қолданылатын зарарсыздандыру (залалсыздандыру) тәсілдері мен қалдықтарды жоюға;

4) қалдықтармен жұмыс жасау кестесіне қарай жинауды, зарарсыздандыруды, сақтау мен шығаруды көздейді.

Осы Бағдарлама персоналды қалдықтармен жұмыс жасаған кезде эпидемиялық қауіпсіздік қағидаларына гигиеналық үйретуді көздейді.

Негіздеме: ҚР ДСМ 2020.11.08 «Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» № 96/2020 бұйрығы.

1. Жиналатын қалдықтардың сыныптар бойынша құрамы

Медициналық қалдықтар – медициналық қызметтер көрсету және медициналық манипуляциялар жүргізу процесінде түзілетін қалдықтар

Эпидемиологиялық қауіпті қалдықтар – инфекцияланған және әлеуетті инфекцияланған қалдықтар (қанмен және басқа да биологиялық сұйықтықтармен ластанған материалдар және аспаптар, заттар; патологиялық-анатомиялық қалдықтар, органикалық операциялық қалдықтар (ағзалар, тіндер); инфекциялық бөлімшелердің тамақ қалдықтары; Патогендігі III-IV топтардың микроорганизмдерімен жұмыс істейтін микробиологиялық, клиникалық-диагностикалық зертханалардың, фармацевтикалық, иммундық-биологиялық өндірістердің қалдықтары; виварийлердің биологиялық қалдықтары; пайдалануға жарамсыз тірі вакциналар).

"А" сыныбы – коммуналдық-тұрмыстық қалдықтардан құрамы бойынша ерекшеленбейтін, қауіпті қасиеттері жоқ қалдықтар.

Класс Б – инфекцияланған және әлеуетті инфекцияланған қалдықтар (қанмен және басқа да биологиялық сұйықтықтармен ластанған материалдар және аспаптар, заттар, патологиялық-анатомиялық қалдықтар, органикалық операциялық қалдықтар: ағзалар, тіндер, инфекциялық бөлімшелердің тамақ қалдықтары, патогендігі 3-4-топтардың микроорганизмдерімен жұмыс істейтін микробиологиялық, клиникалық-диагностикалық зертханалардың, фармацевтикалық, иммундық-биологиялық өндірістердің қалдықтары, виварийлердің биологиялық қалдықтары, пайдалануға жарамсыз тірі вакциналар).

В сыныбы – төтенше эпидемиологиялық қауіпті медициналық қалдықтар – аса қауіпті және карантиндік инфекциялық аурулармен ауыратын науқастармен қатынаста болған, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында төтенше жағдайлардың пайда болуына алып келуі мүмкін және аумақты санитариялық қорғау бойынша іс-шараларды жүргізуді талап ететін материалдар, патогендігі I-II топтардың микроорганизмдермен жұмыс істейтін зертханалардың, фармацевтикалық және иммундық-биологиялық өндірістердің қалдықтары, анаэробты инфекциялы пациенттердің және туберкулезбен ауыратын науқастардың қалдықтары, туберкулез қоздырғыштарымен жұмысты жүзеге асыратын микробиологиялық зертханалардың қалдықтары.

Г сыныбы – токсикологиялық қауіпті медициналық қалдықтар (пайдалануға жатпайтын дәрілік, оның ішінде цитостатиктер, диагностикалық, дезинфекциялау құралдары), құрамында сынап бар заттар, аспаптар мен жабдықтар, фармацевтикалық өндірістердің шикізаттары мен өнімдерінің қалдықтары, жабдықты, көлікті, жарықтандыру жүйелерін пайдалану қалдықтары)

Д сыныбы – радиоактивті медициналық қалдықтар құрамында Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану саласындағы заңнамасымен белгіленген, радиоактивті заттар үшін регламенттелген мәннен асатын мөлшерде және шоғырлануда радиоактивті заттар бар.

2. Медициналық қалдықтарды жинау тәртібі

Медициналық қалдықтардың барлығы сапалық және сандық (Медициналық қалдықтарды күнделікті есепке алу журналы) есепке алынуы тиіс.

Қалдықтарды жинау үшін бір рет қолданылатын, су өткізбейтін қаптар, пакеттер, металл және пластик сыйымдылықтар, жинауға және қауіпсіз кәдеге жаратуға арналған контейнерлер (бұдан әрі – ЖҚКЖК) пайдаланылады. Қауіпті қалдықтарды жинауға арналған металл және пластик сыйымдылықтар, контейнерлер тығыз жабылады.

Медициналық қалдықтардың сыныптамасы Қауіпті қалдықтарды трансшегаралық тасымалдауды және оларды жоюды бақылау туралы Базель конвенциясына сәйкес айқындалады. Қалдықтардың әрбір сыныбын жинау үшін қаптардың, пакеттердің, сыйымдылықтардың түсі әртүрлі болады:

1) "А" сыныбы қалдықтары - қара;

2) "Б" сыныбы – сары;

3) "В" сыныбы – қызыл;

4) "Г" сыныбы – ақ.

1. А сыныбы қалдықтары көп рет қолданылатын ыдыстарға немесе бір рет қолданылатын пакеттерге жиналады;

2) бір рет қолданылатын пакеттер арнайы арбаларда немесе көп рет қолданылатын ыдыстардың ішінде орналасады. Қалдықтарды жинауға арналған ыдыстар мен арбалар «Медициналық қалдықтар. «А сыныбы» деген тиісті жазумен таңбаланады.

1. Б және В сыныбындағы қалдықтар түсі сары немесе сары түсті таңбалауы бар бір рет қолданылатын жұмсақ (пакеттерге) немесе қатты (тесілмейтін) контейнерлерге жиналады. Қаптаманы таңдау қалдықтардың морфологиялық құрамына байланысты;

2. Шанышпалы және үшкір заттар алдын ала бөлшектелмей және дезинфекцияланбай, тесілмейтін және суға төзімді ЖҚКЖК-ге жиналады

3) инелерді бөлуге арналған арнайы құрылғылар (ине шешкіш, ине бұзғыш, ине кескіш және басқалары) болған кезде пайдаланылған инесіз шприцтерді арнайы қондырғыларда зарарсыздандырылатын «Б» сыныбының басқа да медициналық қалдықтарымен бірге бір рет қолданылатын жұмсақ пакеттерге жиналады;

4) Б сыныбының органикалық, сұйық медициналық қалдықтарын жинау үшін олардың герметикалығын қамтамасыз ететін қақпағы бар суға төзімді контейнерлер пайдаланылады;

5) ЖҚКЖК көлемінің төрттен үш бөлігінен асырылмай толтырылады. ЖҚКЖК толтырылғаннан кейін қақпақпен тығыз жабылады және үш тәуліктен асырмай сақталатын медициналық қалдықтарды сақтауға арналған үй-жайға жіберіледі;

6) оларды бөлімшеден шығару үшін «Б» және «В» сыныбының медициналық қалдықтарын түпкілікті қаптамалау кезінде бір рет қолданылатын сыйымдылықтар (пакеттер, ЖҚКЖК) бөлімшенің атауы, күні және қалдықтарды жинауға жауапты адамның тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) (бұдан әрі – Т.А.Ә.) көрсетілген "Медициналық қалдықтар. «Б» немесе «В» сыныбы» деген тиісті жазулармен таңбаланады.

7. Инелерді шприцтерден ажыратуға (жарақаттардың алдын алу үшін) тыйым салынады (!).

Г сыныбы қалдықтары бөлімшенің атауы, күні және қалдықтарды жинауға жауапты адамның ТАӘ көрсетілген «Медициналық қалдықтар. «Г» сыныбы» деген тиісті жазуы бар таңбаланған ыдыстарға жиналады.

Д сыныбының радиоактивті медициналық қалдықтарымен жұмыс істеу нормалау құжаттарына сәйкес (тиімді дозаның рұқсат етілген әсерінің мәнін гигиеналық нормалау сәйкестендіріліп жасалатын Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыргүйектегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі» кодексінің 144 және 145-баптарының 6-тармағына сай халықтың санитариялық-эпидемиологиялық игілігі саласындағы мемлекеттік органмен бекітілетін санитарлық қағидалар, гигиеналық нормативтерге қойылатын талаптар (бұдан әрі – нормалау құжаттары) жүзеге асырылады.

1. Қалдықтарды зарарсыздандыру (заласыздандыру) және жоюға қолданылатын тәсілдер

1. Қалдықтарды залалсыздандыруды арнайы қондырғыларды пайдалана отырып ұйымдастырған кезде "Б" сыныбының медициналық қалдықтарын жинау және сақтау алдын ала залалсыздандырусыз пайда болған жерінде, эпидемиологиялық қауіпсіздік қамтамасыз етілген жағдайда жүргізіледі.

2. Б сыныбының патологиялық-анатомиялық және органикалық операциялық медициналық қалдықтары (ағзалар, тіндер және тағы басқалар) кремациялануға (өртелуге) немесе зиратта арнайы бөлінген учаскеде көмілуге жатады. Инфекциялық аурулармен ауырған науқастардың қалдықтарын қоспағанда, мұндай медициналық қалдықтарды алдын ала залалсыздандыру талап етілмейді.

3. В сыныбының медициналық қалдықтары денсаулық сақтау объектісінде физикалық немесе химиялық әдістермен міндетті залалсыздандыруға жатады. «В» сыныбының залалсыздандырылмаған медициналық қалдықтарын ұйымның аумағынан тыс жерлерге шығаруға жол берілмейді.

4. Сұйық биологиялық медициналық қалдықтар химиялық әдістермен залалсыздандырылғаннан (дезинфекциялаудан) кейін су бұру жүйесіне төгіледі.

5. Б және В сыныбының медициналық қалдықтарын денсаулық сақтау ұйымының аумағында мамандандырылған қондырғыдан тыс өртеуге тыйым салынады.

Маңызды! Медқалдықтарға байланыс инфекциялану қаупінің негізгі факторы қарапайым (тұрмыстық) қоқысқа немесе басқа бейімделмеген контейнерлерге тасталған инфекцияланған инелерді немесе басқа да үшкір құралдарды, кездейсоқ денеге сұғып алу болып табылады.

Қолғаптарды қолдану әмбебап сақтандыру шаралары жүйесінің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады, өйткені қолғаптар инфекцияланған пациентпен қатынас кезінде немесе олардан бөлінген заттардан; персоналдың қолдарының транзиторлық қоздырғыштардан инфекциялануынан және одан кейін оны пациенттерге берілуінен кәсіби жұқтыру қаупін азайтады.

2. Медициналық қалдықтармен жұмыс жасау кестесі

Медициналық қалдықтармен жұмыс жасау кестесі

ТҚҚ полигоны

А сыныбының қалдықтары (қаптар, ыдыстар)

Хирургиялық бөлімшелер, оның ішінде ота блогы, жан сақтау бөлімшесі, таңу кабинеті Соматикалық бөлімшелер, рәсім, манипуляциялар жасау кабинеттері Диагностикалық бөлімшелер, ФДБ, эндоскопия ОСБ, дәріхана СДБ, РГ, КТ, МРТ КДЗ, бактериологиялық, паразитологиялық, микологиялық Патоморфологиялық зертхана

Б және В сыныптарының қалдықтары (ҚЖЖК)

Құрамы бойынша өнеркәсіптікке жақын Г және Д сыныптарының қалдықтары (ыдыстар, тығыз ыдыс)

МҚ зарарсыздандыру – Б сыныбы   МҚ зарарсыздандыру – В сыныбы

Арнайы үй-жай

Уақытша сақтау бөлмесі

Сынаптан арылту

ТҚҚ полигоны Жағу Көму

Уытты заттарға арналған полигон

3.  Қалдықтармен жұмыс жасаған кездегі эпидемиялық қауіпсіздік ережелерін персоналға гигиеналық үйрету

Қалдықтармен жұмыс жасаған кездегі эпидемиялық қауіпсіздік ережелерін персоналға гигиеналық үйрету эпидемиолог-дәрігер, бас мейірбике, инфекциялық бақылау мейірбикесі, бөлімшенің аға мейірбикелерімен жүргізілген нұсқау, семинарлық оқудың тақырыптық жоспарына сай өткізіледі.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.